Жекелеген мемлекеттік мекемелерді республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 1259 қаулысы

      «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) Қарағанды қаласының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін мүліктік кешен ретінде республикалық меншіктен заңнамада белгіленген тәртіппен Қарағанды облысының коммуналдық меншігіне беру туралы Қарағанды облысы әкімінің;
      2) Ақтау қаласының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін мүліктік кешен ретінде республикалық меншіктен заңнамада белгіленген тәртіппен Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне беру туралы Маңғыстау облысы әкімінің;
      3) Шымкент қаласының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін және Оңтүстік Қазақстан облысы Ақсукент ауылының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін мүліктік кешендер ретінде республикалық меншіктен заңнамада белгіленген тәртіппен Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің ұсыныстары қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, Қарағанды, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүліктік кешендерді қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады