"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1264 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат;  2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 9, 9-құжат, № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат, № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат, № 14, 72, 74, 76-құжаттар):
      1) 289-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) интернет-казиноны, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы істер жатады.»;
      2) мазмұнында 36-3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «36-3-тарау. Интернет-казиноны, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы арыздар бойынша іс жүргізу»;
      3) 36-3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «36-3-тарау. Интернет-казиноны, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы арыздар бойынша іс жүргізу.
      317-9-бап. Арыз беру
      Интернет-казиноны, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келетiн ақпараты бар шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн заңсыз деп тану туралы арызды шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнімінде заңды мүдделері қозғалған азаматтар және заңды тұлғалар, өтініш берушiнiң орналасқан жерi бойынша прокурор немесе уәкiлеттi орган бередi.
      317-10-бап. Арыздың мазмұны
      Интернет-казиноны, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы арызда интернет-казиноның заңсыз қызметі туралы не қандай ақпарат заңсыз деп танылуға жататыны туралы куәландыратын фактілер көрсетілуге және құжаттар қоса берілуге, сондай-ақ ақпараттық өнімнің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес еместігі туралы куәландыратын дәлелдемелер келтірілуге, өтініште жазылған ақпараттың таратылғанын растайтын фактілер жазылуға тиіс.
      317-11-бап. Арыз бойынша сот шешімі
      Сот интернет-казиноны, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп танып, интернет-казиноның қызметін, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтата тұру не тоқтату туралы шешім шығарады. Сот шешімі тиісті мемлекеттік органға жіберіледі.».
      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 63-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 82, 83-құжаттар):
      1) 338-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «338-1-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзу
      1. Ойын мекемелерін, тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассаларын тұрғын ғимараттардың (үйлердің) тұрғын емес үй-жайларында орналастыру туралы талапты және оларды өнеркәсіптік кәсіпорындардың және олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілер мен қойма объектілерінде, ғибадат үйлерінде (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңындағы қатынастағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станцияларында және аялдамаларында орналастыруға тыйым салуды сақтамау –
      лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрып, жеке тұлғаларға – жүз, лауазымды адамдарға – екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде құмар ойындарды ұйымдастыру және өткізу, не ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын бизнесі саласындағы заңнамада көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы, не ақшадан басқа, өзге мүлік түрінде ставкалар қабылдауды көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыру –
      тиесілілігіне қарамастан, ойын жабдығын, заңдастырылған белгілерді, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған ақша мен өзге де табыстарды тәркілей отырып, жеке тұлғаларға – жүз, лауазымды адамдарға – екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Ойын автоматына технологиялық түрде салынған ұтыс пайызы бойынша талаптарды сақтамау –
      әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстарды тәркілей отырып және лицензиясының қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға – жүз, лауазымды адамдарға – екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Ойын бизнесін ұйымдастырушының міндетті резервтерді қалыптастыру, орналастыруды қамтамасыз ету және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен және шарттарда пайдалану жөніндегі талаптарды орындамауы –
      лицензиясының қолданысын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Ойын автоматтарын немесе олардың бөлшектерін қабырғаларға, терезе мен есіктің ойықтарына монтаждау –
      лицензиясының қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – жүз, лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын бейнежазба жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптарды сақтамауы, не жазылған ақпаратты сақтау мерзімдерін немесе тіркеу шарттарын, не бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдықты орнату міндетін орындамауы –
      лицензиясының қолданысын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Бір казинода кемінде отыз ойын үстелін, ойын автоматтары залында кемінде елу ойын автоматын орнату жөніндегі талаптарды сақтамау –
      лицензиясының қолданысын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын автоматтарын Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдалануы –
      лицензиясының қолданысын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Аппараттық-бағдарламалық кешен серверін фискалдық режиммен қамтамасыз ету, бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына ұтыс коэффициенттерін дербес есептеу, жасалған ставкаларды қабылдауды (есепке алуды), бәс тігу нәтижелері бойынша ұтыстарды есептеуді, ұтыс ставкаларын есепке алуды және олар бойынша төлемдерді аппараттық-бағдарламалық кешен мен ойын жабдығы арқылы жүзеге асыру және қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындамау –
      лицензиясының қолданысын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Ойын мекемелерінен (тотализатордың немесе букмекер кеңселерінің кассаларынан) тыс жерде бәс тігу, ставкаларды қабылдау (есепке алу), ұтыстарды төлеу не тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар болып табылмайтын тұлғалардың бәс тігуі, ставкаларды қабылдауы (есепке алуы), ұтыстарды төлеуі –
      лицензиясының қолданысын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Аппараттық-бағдарламалық кешенмен есептелген коэффициенттер негізінде ғана және алда болатын нақты спорт оқиғаларына ғана ставка қабылдау, не букмекер кеңселерін аппараттық-бағдарламалық кешенмен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін техникалық құралдармен жабдықтау жөніндегі, не экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыстар, ауыр қылмыстар, аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығы бар адамның ойын мекемесінде қызмет атқаруына қойылатын талаптарды сақтамау –
      лицензиясының қолданысын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Ойын жабдығын сақтаудың басталуы туралы хабарламай, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ойын жабдығын сақтау туралы талаптарды бұзу не уәкілетті органға ойын жабдығын сақтаудың басталуы туралы хабарламаны уақтылы жібермеу –
      ойын жабдығын тәркілей отырып, жеке тұлғаларға – жүз, лауазымды адамдарға – екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      13. Осы баптың бірінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау –
      лицензиясынан айыра отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға – үш жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      14. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау –
      ойын жабдығын, заңдастырылған белгілерді, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған ақша мен өзге де табыстарды тәркілей отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға – үш жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      15. Осы баптың үшінші және сегізінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау –
      әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстарды тәркілей отырып және лицензиясынан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға – үш жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      16. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау –
      ойын жабдығын тәркілей отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға – үш жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      2) 541-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80 – 84, 85 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 85-1 (екiншi бөлiгiнде), 85-2 (екiншi бөлiгiнде), 85-3, 86, 86-1, 86-2, 87 (2-1 және 2-2-бөліктерінде), 87 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 87-2, 87-3, 87-4, 87-5, 95 – 110-1, 122, 124 (бiрiншi бөлiгiнде), 127, 129, 130, 135-1, 136 – 36-2, 140 (екiншi бөлiгiнде), 141-1, 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 147, 147-1 (екiншi бөлiгiнде), 147-6 (2-1-бөлігінде), 147-10 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші бөліктерінде), 147-11 (жетiншi және тоғызыншы бөліктерінде), 147-12, 147-13, 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-1 (төртiншi бөлiгiнде), 155-2, 156, 157, 157-1, 158, 158-3, 158-4, 158-5, 159, 161 (бiрiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 162, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6, 167-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 168-1, 168-3, 168-5, 168-8, 175 (екiншi бөлiгiнде) (жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 176 (бiрiншi және үшінші бөлiктерiнде), 177-3, 177-4, 177-5, 179 (бірінші және екінші бөліктерінде), 179-1, 183, 184, 184-1, 185, 187, 188 (екiншi бөлiгiнде), 190, 192, 200, 202, 203, 206-2, 208-1, 209, 213 (төртінші – алтыншы бөліктерінде), 214, 219-6, 219-8 (екінші және үшінші бөліктерінде), 222 – 226, 228 – 229, 230-1, 230-2, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 234-1, 235 (екiншi бөлiгiнде), 235-1 (төртінші бөлігінде), 237, 237-1, 240-2, 246 (екiншi бөлiгiнде), 275-1, 278 (бiрiншi бөлiгiнде), 283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 306-1 (үшiншi бөлiгiнде), 306-2, 306-3 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 308, 309-1 (жетiншi, сегiзiншi бөлiктерiнде), 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде), 309-5, 310-1 (1-1 және екінші бөліктерінде), 311-1 (жетiншi бөлiгiнде), 312-1, 314, 315, 316, 317 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 317-1, 317-2, 317-4 (екінші және үшінші бөліктерінде), 318, 319, 319-1, 320 (бiрiншi және 1-1-бөлiктерiнде), 321, 322 (үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 323 (екiншi бөлiгiнде), 324 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 324-1, 324-2, 326, 327 (бiрiншi бөлiгiнде), 328, 328-2 (екінші бөлігінде), 330, 330-1 (екiншi бөлiгiнде), 332 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 335, 336 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде), 336-2 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бiрiншi бөлiгiнде), 338-1, 339, 340, 341-1, 342 – 344, 346 – 357, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгiнде), 357-3, 357-4, 357-5, 357-6, 357-7 (екiншi бөлiгiнде), 359, 361, 362, 362-1, 363, 365, 366, 367, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372 – 376, 380 (екiншi бөлiгiнде), 380-2, 381-1, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 388-1, 389-1, 390 (екiншi бөлiгiнде), 391 (екiншi бөлiгiнде), 391-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 393, 394 (екiншi, үшінші және төртінші бөлiктерiнде), 394-1, 396 (төртiншi бөлiгiнде), 400-1, 400-2, 405 (бiрiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426 – 430, 433, 442, 443 (бесiншi бөлiгiнде), 445, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi – үшiншi бөлiктерiнде), 461 (3-1-бөлiгiнде), 463-3 (бесiншi бөлiгiнде), 464-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 465 (екiншi бөлiгiнде), 466 (екiншi бөлiгiнде), 467, 468 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-1, 1-2 және екiншi бөлiктерiнде), 473 (үшiншi бөлiгiнде), 474-1, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 492 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екiншi бөлiгiнде), 494-1 (үшiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 501, 512-1 – 512-5, 513 – 518, 520 – 537-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
      4) 636-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «iшкi iстер органдарының (79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 83-1, 85-3, 86, 86-1, 87-3, 87-4, 87-5, 96, 111 – 117, 135-1, 136, 136-1, 136-2, 141-1, 143, 143-1, 147-1 (екінші бөлігі), 159, 162, 163 (үшінші және төртінші бөліктері), 163-2, 163-3, 163-4, 165, 203, 234-1, 283 (бірінші және үшінші бөліктері), 298 (екiншi және 2-1-бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 306-2, 314, 317-1 (азаматтық және қызметтік қаруға және оның патрондарына, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 318 – 321, 324-1, 324-2, 330, 330-1 (екінші бөлігі), 331, 332, 334 (үшінші бөлігі), 335, 336, 336-1 (үшiншi бөлiгi), 336-2 (үшiншi бөлiгi), 336-3 (екiншi бөлiгi), 336-4 (екiншi бөлiгi), 338 (бiрiншi бөлiгi), 338-1 (екінші және он үшінші бөліктері), 339, 340, 341 (екінші бөлігі), 344, 354-1, 355-357, 357-1, 357-7 (екінші бөлігі), 362, 362-1, 363, 365, 366, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгi), 370 (екiншi бөлiгi), 371 (екiншi бөлiгi), 372, 373, 374 (бiрiншi – төртiншi бөлiктерi), 374-1, 380 (екінші бөлігі), 380-2, 388, 390 (екінші бөлігі), 391-1 (екінші және үшінші бөліктері), 394 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 394-1, 396 (төртінші бөлігі), 446 (екінші бөлігі), 461 (3-1-бөлігі), 463 (екінші, үшінші бөліктері), 463-3 (бесінші бөлігі), 464-1 (бірінші және екінші бөліктері), 465 (екінші бөлігі), 466 (екінші бөлігі), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктері), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-2 және екінші бөліктері), 473 (үшінші бөлігі), 474, 474-1, 475, 477 (үшінші бөлігі), 484, 500 (екінші бөлігі), 501, 514 (461 – 471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 518, 521, 524 (461 – 471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 531-баптар);»;
      қырық бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы органдар мен олардың аумақтық органдарының (161 (төртінші бөлігі), 317 (екінші, үшінші және он бірінші бөліктері), 317-1, 317-2, 317-4 (екінші және үшінші бөліктері), 338-1 (үшінші, сегізінші және он үшінші бөліктері), 356, 357-1, 496 (екінші бөлігі), 501-баптар);»
      3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат, № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж, № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж, № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 25 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 411-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «411-бап. Төлеушілер
      Мынадай:
      1) казино;
      2) ойын автоматтары залы;
      3) тотализатор;
      4) букмекер кеңсесі қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.»;
      2) 413-баптың 1-тармағының 3), 4), 5), 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тотализатор кассасына – айына айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерін;
      4) тотализатордың электронды кассасына – айына айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерін;
      5) букмекер кеңсесінің кассасына – айына айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерін;
      6) букмекер кеңсесінің электронды кассасына – айына айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерін құрайды.».
      4. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
      1) 1-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) аппараттық-бағдарламалық кешен – ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық – бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған және сол үшін пайдаланылатын, бәс тігуге қатысушыларға нәтижесіне өздері ставка жасаған оқиғаның дамуы мен аяқталуын бақылауға мүмкіндік беретін құрылғылар немесе құралдар;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) интернет-казино – нақты уақыт режимінде интернет желісі және электрондық ақша арқылы құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндігін іске асыратын және ұтыстар алуды көздейтін интернет-ресурс;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) ойын автоматы – ұтысы ойын бизнесін ұйымдастырушының немесе оның қызметкерлерінің қатысуынсыз, осындай ойын жабдығы корпусының ішінде орналасқан құрылғымен кездейсоқ тәсілмен айқындалатын, құмар ойындарды өткізу үшін пайдаланылатын ойын жабдығы (механикалық, электрлік, электрондық немесе өзге де техникалық жабдық);»;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) ойын жабдығы – құмар ойындарды өткізуге арналған және пайдаланылатын құрылғылар немесе құралдар;»;
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) электрондық казино – аппараттық-бағдарламалық кешенді және (немесе) интернет ресурсты пайдаланатын, нақты уақыт режимінде интернет желісі және (немесе) электрондық ақша арқылы құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу және ұтыстарды алу мүмкіндігін іске асыратын мекеме;»;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассасы – ұтыс төлей отырып немесе төлемей, бәс тігу бойынша ставкаларды қабылдау жүзеге асырылатын орын (пункт);»;
      2) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының аумағында:
      1) осы баптың 1-тармағында көзделмеген ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруға;
      2) электрондық казино және интернет-казино қызметіне;
      3) ақшадан басқа, өзге де мүлік түрінде ставкалар қабылдауды және (немесе) ұтыстар беруді көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға;
      4) осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген орындарды қоспағанда, ойын жабдығын кәсіпкерлік мақсатта орнатуға және пайдалануға;
      5) ойын мекемелерінен (тотализаторлардың немесе букмекер кеңселерінің кассаларынан) тыс жерлерде бәс тігуге, ставкаларды қабылдауға (есепке алуға), ұтыс төлеуге;
      6) тотализатор немесе букмекер кеңсесі қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы болып табылмайтын өзге тұлғалардың бәс тігуіне, ставкаларды қабылдауына (есепке алуына), ұтыс төлеуіне тыйым салынады.»;
      3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
      2) ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекітеді;
      3) ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, есептілікті жинақтауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
      4) ойын мекемелері жұмысының үлгілік қағидаларын бекітеді;
      5) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
      4) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2), 7-3), 7-4), 7-5), 7-6), 7-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-1) Интернет-казино қызметін анықтау мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      7-2) Ойын мекемелері жұмысының үлгілік қағидаларын әзірлейді;
      7-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинақтауды және талдауды жүзеге асырады;
      7-4) ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, есептілікті жинақтау және талдау қағидаларын әзірлейді;
      7-5) ақпаратты жүйелі жинақтауды және интернет-ресурстардың қамтылымын интернет-казино қызметі белгілерінің болу нысанасына талдауды білдіретін интернет-казино қызметінің мониторингін жүзеге асырады;
      7-6) ойын жабдығының тізілімін жүргізеді;
      7-7) қызметінің басталғаны туралы тиісті хабарламалар берілген тотализаторлар мен букмекер кеңселері кассаларының тізілімін жүргізеді.»;
      5) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ойын мекемелері, тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассалары тұрғын үй қорына жатпайтын ғимараттарда ғана орналастырылуға тиіс. Оларды тұрғын ғимараттардың (үйлердің) тұрғын емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат үйлерінде (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңы қатынастарындағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыруға тыйым салынады.»;
      6) 12-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бір казинода кемінде отыз ойын үстелі орнатылуға тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 13, 14, 15, 16, 17-тармақтармен толықтырылсын:
      «13. Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы аппараттық-бағдарламалық кешен есептеген коэффициенттер негізінде ғана және алда болатын нақты спорт оқиғаларына ғана ставкалар қабылдауға құқылы.
      14. Тотализаторлар немесе букмекер кеңселері күзет дабылы құралдарымен жабдықталуға тиіс.
      15. Букмекер кеңселері аппараттық-бағдарламалық кешенмен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін техникалық құралдармен жабдықталуға тиіс.
      16. Мыналар:
      1) экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін, не ауырлығы орташа қасақана қылмыстар, ауыр қылмыстар, аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығы бар адам құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлға;
      2) салықтық берешегі бар немесе банкрот деп танылған заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылған адам құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлға ойын бизнесін ұйымдастырушы бола (заңды тұлғаның акцияларын (үлестерін) тікелей және (немесе) жанама түрде иелене, пайдалана, оларға билік ете және (немесе) оларды басқара) алмайды.
      17. Осы баптың 16-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ойын мекемелерінде қызмет атқара алмайды.»;
      7) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
      «12-1-бап. Букмекер кеңсесінің аппараттық-бағдарламалық кешені
      1. Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының сервері 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 90-тарауына сәйкес бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасының фискалдық режимімен қамтамасыз етілуге тиіс аппараттық-бағдарламалық кешені болуға тиіс. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің сервері Қазақстан Республикасының аумағында болуға тиіс.
      2. Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына ұтыстар коэффициенттерін есептеуді, қабылданған ставкаларды есепке алуды, бәс тігу нәтижелері бойынша ұтыстарды есептеуді, ұтыс алынған ставкаларды және олар бойынша төлемдерді есепке алуды аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы жүзеге асыруға тиіс.
      3. Аппараттық-бағдарламалық кешен букмекер кеңселерінің кассаларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге және уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпаратты жинақтауды және ұсынуды жүзеге асыруға тиіс.»;
      8) 13-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы ғимараттың (ғимарат, құрылыс, үй-жай бөлiгiнiң) болуы;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) казино қызметін жүзеге асыру үшiн үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақ үй кешенінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ғимараттың (ғимарат, құрылыс, үй-жай бөлiгiнiң) болуы;
      1-2) ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ғимараттың (ғимарат, құрылыс, үй-жай бөлiгiнiң) болуы;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу үшін жабдықтың болуы;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) өтiнiм берушiде осы Заңда айқындалатын әрбiр ойын мекемесi үшiн мiндеттi резервтер түрiнде (тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiшпен) ойын бизнесi саласында мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыру үшiн:
      казино және ойын автоматтары залдарын – 60 000 мөлшерiнде;
      букмекер кеңселерiн – 40 000 мөлшерiнде;
      тотализаторларды – 10 000 мөлшерiнде қамтамасыз етудiң болуы.»;
      9) 14-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ойын бизнесін ұйымдастырушы міндетті резервтерді осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда орналастыруды тұрақты негізде қамтамасыз етуге міндетті.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Ойын бизнесін ұйымдастырушы банк салымы шартын жасасу кезінде ашылған банктік шоттар бойынша ақшасының болуы және қозғалысы туралы анықтаманы уәкілетті органға айына кемінде бір рет ұсынады.»;
      10) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
      «15-1-бап. Ойын жабдығын сақтау
      1. Ойын жабдығын сақтауды заңды және жеке тұлғалар «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-3-бабына сәйкес берілген ойын жабдығын сақтаудың басталғаны туралы хабарламаның негізінде жүзеге асырады.
      2. Хабарламаны уәкілетті органға сақтауды жүзеге асыру басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жіберу қажет.
      3. Хабарламаға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін нысан бойынша ойын жабдығын сақтаудың басталғаны туралы мәліметтер қоса беріледі.
      4. Ойын жабдығын сақтау кез келген үлгідегі тұрақты жабық үй-жайларда жүзеге асырылады.
      5. Жаңа ойын жабдығы тұтас зауыттық қаптамада, осы жабдықты дайындаушы зауыттың паспорты болған жағдайда, осындай паспортпен бірге сақталады.
      6. Бұрын қолданыста болған ойын жабдығын пломбаланған, мөрленген (мөр болған жағдайда), меншік иесінің не осы ойын жабдығының меншік иесінің уәкілетті өкілінің қолымен расталып, қапталған түрде сақтауға жол беріледі.».
      5. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат):
      6-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Интернет-казиноны жарнамалауға тыйым салынады.».
      2-бап. Өтпелі және қорытынды ережелер
      Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар:
      1) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде өз қызметін осы Заңның 1-бабы 4-тармағының 8) тармақшасы тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтарының талаптарына сәйкес келтіруге;
      2) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 5), 6), 7) тармақшаларының, 8) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтарының талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
      3-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
      Мыналарды:
      1) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 5), 6), 7) тармақшаларын, 8) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтарын;
      2) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін бір ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 8) тармақшасының тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтарын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады