Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасында жеңiл өнеркәсiптi дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қыркүйектегi № 1003 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1285 қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында жеңiл өнеркәсiптi дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қыркүйектегi № 1003 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында жеңiл өнеркәсiптi дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
      «1. Бағдарламаның паспорты» деген бөлімдегі «Нысаналы индикаторлар» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Нысаналы индикаторлар

1. 2014 жылы жеңіл өнеркәсіптегі жалпы қосылған құнды 2008 жылғы деңгейге шаққанда нақты мәнде кемінде 9 %-ға ұлғайту.
2. Дайын өнімдер экспортын 2008 жылғы деңгейге шаққанда 2,5 есеге ұлғайту.
3. Жеңіл өнеркәсіптегі еңбек өнiмдiлiгiн 2008 жылғы деңгейге шаққанда нақты мәнде 1,5 есеге ұлғайту.



                                                                   »;

      «4. Бағдарламаның мақсаттары, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары және бағдарламаны iске асырудың көрсеткiштерi» деген бөлімде:
      «Негізгі міндеттері» деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын «4.2. Негізгі міндет»;
      «Нысаналы индикаторлар» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «4.3. Нысаналы индикаторлар
      Бағдарлама осы Бағдарламаға 2-қосымшада ұсынылған мынадай индикаторларды көздейдi:
      2014 жылы жеңіл өнеркәсіптегі жалпы қосылған құнды 2008 жылғы деңгейге шаққанда нақты мәнде кемінде 9 %-ға ұлғайту;
      дайын өнімдер экспортын 2008 жылғы деңгейге шаққанда 2,5 есеге ұлғайту;
      жеңіл өнеркәсіптегі еңбек өнiмдiлiгiн 2008 жылғы деңгейге шаққанда нақты мәнде 1,5 есеге ұлғайту.»;
      «Жауапты мемлекеттiк және өзге де органдар» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жауапты мемлекеттiк және өзге де органдар
      Бағдарламаны iске асыру үшiн мынадай мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың жәрдемдесуi қажет: Индустрия және жаңа технологиялар, Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Өңірлік даму, Ауыл шаруашылығы, Бiлiм және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрлiктерi, Республикалық ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Қазақстанның Даму банкi», «Қазақстандық индустрияны дамыту институты», «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiгi», «NadLoC» жергiлiктi қамтуды дамыту жөнiндегi ұлттық агенттiгі» акционерлік қоғамдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарының қауымдастығы, Қазақстанның былғары шикізаты мен үлбірді өңдеушілер қауымдастығы.»;
      «5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген бөлімде:
      «5.2. Тетiктер мен құралдар тiзбесi» деген кіші бөлімде:
      «4-бағыт. Бағдарламаны iске асырудың жобалық шараларында»:
      «тауаша» жобалардағы үшінші абзац алынып тасталсын;
      «7. Қазақстан Республикасында Жеңiл өнеркәсiптi дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары» деген бөлім жаңа редакцияда жазылсын:

«7. Қазақстан Республикасында Жеңiл өнеркәсiптi дамыту
жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру
жөнiндегi iс-шаралар жоспары

Р/с №

Iс-шара

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзiмi

Болжанатын шығыстар
(млн. теңге)

Қаржыландыру көздерi

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013
ж.

2014
ж.

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып өндiрiстердi жаңғырту

1

«Бизнестiң жол картасы - 2020»  бағдарламасының шеңберiнде жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарын қолдау

ИЖТМ-ге ақпарат

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келiсiм бойынша)

2010 - 2014 ж.ж.







013 «Бизнестiң жол картасы - 2020» шеңберiнде жеке кәсiпкерлiктi қолдауға арналған облыстарға, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша тиiстi жылдарға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген сомалар шеңберiнде

2

«Өнiмдiлiк 2020» бағыты шеңберiнде инновациялық технологияларды енгiзу арқылы өнiмдiлiктi арттыру

ИЖТМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, ҚИДИ (келiсiм бойынша), ҚДБ (келiсiм бойынша)

2010 - 2014 ж.ж.







011 «Өнiмдiлiк 2020» бағыты шеңберiнде жаңа өндiрiстерді құруды, жұмыс iстеп тұрғандарын жаңғырту мен сауықтыруды қолдау» бюджеттiк бағдарламасы бойынша тиiстi жылдарға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген сомалар шеңберiнде

2. Экономикалық саясаттың жүйелi шараларын iске асыру

3

Жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарына консультациялық қызметтер көрсету

Ақпаратты ИЖТМ сайтына орналастыру

ИЖТМ

2010 - 2014 ж.ж.







Болжанбайды

4

Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын жеңiл өнеркәсiпке арналған жинақтаушылар мен қосалқы бөлшектердiң жоғары технологиялы жабдықтарының бажсыз импорты бойынша ұсыныстар дайындау

ИЖТМ-ге ақпарат

ЭБЖМ (жинақтау), ИЖТМ, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша), БШҮӨҚ (келiсiм бойынша)

2014 ж.
IV тоқсан







Болжанбайды

5

Қазақстанда өндiрiлмейтiн жеңiл өнеркәсiп өнiмiн өндiруге арналған ресурстардың (фурнитуралар, химиялық өнiмдер) бажсыз импорты бойынша ұсыныстар дайындау

ИЖТМ-ге ақпарат

ЭБЖМ (жинақтау), ИЖТМ, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша), БШҮӨҚ (келiсiм бойынша)

2014 ж.
IV тоқсан







Болжанбайды

6

Жеңіл өнеркәсіп өнімін шетелде тіркеу

ИЖТМ-ге ақпарат

KAZNEX (келісім бойынша), ЖӨКҚ (келісім бойынша)

2010 - 2013 ж.ж.







022 «Экспорттаушы - 2020» бағыты шеңберінде қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарыққа жылжытуға жәрдемдесу бюджеттік бағдарламасы бойынша тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте бекітілген сома шеңберінде

7

Жеңіл өнеркәсіп өнімін шетелде серификаттау

ИЖТМ-ге ақпарат

KAZNEX (келісім бойынша), ЖӨКҚ (келісім бойынша)

2010 - 2013 ж.ж.







022 «Экспорттаушы - 2020» бағыты шеңберінде қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарыққа жылжытуға жәрдемдесу бюджеттік бағдарламасы бойынша тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте бекітілген сома шеңберінде

8

Отандық жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарының халықаралық мамандандырылған көрмелерге қатысуы (алаңды жалға алу, тiркеу жарнасы)

ИЖТМ-ге ақпарат

KAZNEX (келiсiм бойынша), ЖӨКҚ (келiсiм бойынша), БШҮӨҚ (келiсiм бойынша)

2010 - 2014 ж.ж.







022 «Қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарыққа жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттiк бағдарламасы бойынша тиiстi жылдарға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген сомалар шеңберiнде

9

Жеңiл өнеркәсiп тауарларын шетелде жылжыту (брендинг, тауардың жарнамасы)

ИЖТМ-ге ақпарат

KAZNEX (келiсiм бойынша), ЖӨКҚ (келiсiм бойынша), БШҮӨҚ (келiсiм бойынша)

2010 - 2014 ж.ж.







022 «Қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарыққа жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттiк бағдарламасы бойынша тиiстi жылдарға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген сомалар шеңберiнде

10

Техникалық регламент талаптарына жауап беретін және/немесе халықаралық стандарттарға сәйкес келетін стандарттарды әзiрлеу және қабылдау

ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң бұйрығы

ИЖТМ, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша), БШҮӨҚ (келiсiм бойынша)

2011 - 2014 ж.ж.







013 «Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша тиiстi жылдарға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген сомалар шеңберiнде

11

Мүдделі тараптардың Кеден одағы елдерінің ішкі сертификаттарды тануы туралы келіссөздерін жүргізу

ИЖТМ-ге ақпарат

ЭБЖМ, ИЖТМ, ЖӨКҚ (келісім бойынша)

2012 ж.

-

-

-

-

-

-

Болжанбайды

12

Жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындары, ұлттық компаниялар және жүйе құрушы кәсiпорындар арасында орта мерзiмдi сатып алу тетiгiн әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау

ИЖТМ-ге ақпарат

Самұрық- Қазына (келiсiм бойынша), ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2014 ж.
IV тоқсан







Болжанбайды

13

Отандық тауар өндірушілер тізілімдерін ықпалдастыру жөніндегі мәселені пысықтау («Электрондық мемлекеттiк сатып алу» автоматтандырылған ықпалдастырылған ақпараттық жүйесi, «Қазақстандық қамту» Интернетпорталы ақпараттық жүйесі, «Самұрық-Қазына» ҰАҚ» АҚ тобының отандық тауар өндірушілер тізілімі)

ИЖТМ-ге ұсыныстар

ИЖТМ, Қаржымині, Самұрық-Қазына (келiсiм бойынша), NadLoC (келiсiм бойынша)

2014 ж.
I тоқсан

-

-

-

-

-

-

Болжанбайды

14

Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшiлерi және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшiн әскери және арнайы киiм нысанын, айырым белгiлерiн және жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға шарттар жасасу

ИЖТМ-ге ақпарат

Қорғанысмині, ІІМ, ТЖМ, РҰ (келiсiм бойынша), ҰҚК, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2014 ж.
II тоқсан

-

-

-

-

-

-

Болжанбайды

15

Биязы жүн экспортына шектеу қою жөніндегі мәселені қарау

ИЖТМ-ге ұсыныстар

АШМ, ЭБЖМ, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2014 ж.
II тоқсан

-

-

-

-

-

-

Болжанбайды

16

Отандық қайта өндірушілердің қажеттіліктерін негізге ала отырып, мақта талшығының экспортын мемлекеттік реттеу тетіктерін жетілдіру мәселесін пысықтау

ИЖТМ-ге ұсыныстар

АШМ, ЭБЖМ, Қаржымині, ОҚО әкiмдiгі, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2014 ж.
II тоқсан

-

-

-

-

-

-

Болжанбайды

17

Шикізатты – отандық өндірістегі былғарыны, жуылған жүнді, мақта талшығын сатып алуда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының шығындарын субсидиялау мәселесін пысықтау

ИЖТМ-ге ұсыныстар

ЭБЖМ, АШМ, Қаржымині, ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2014 ж.
I тоқсан

-

-

-

-

-

-

Болжанбайды

3. Саланы бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

18

Облыстық жергiлiктi атқарушы органдардың техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм тапсырысын орналастыруы

ИЖТМ-ге ақпарат

ШҚО, ОҚО, Жамбыл, Алматы облыстарының әкiмдiктерi

2010 - 2014 ж.ж.

425,8

499,4

540,3

586,0

624,8

2 676,4

024 «Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына мамандарды даярлау» бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде ЖБ

19

Жеңiл өнеркәсiптiң басым мамандықтары бойынша кәсiби стандарттардың әзiрленуін ұйымдастыру

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ, Еңбекминi, БҒМ, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2012 - 2013 ж.ж.
2013 - 2014 ж.ж.



5,25

6,3
6,0

2,6


Дүниежүзілік Банк бөлетiн қаржыландыру шеңберiнде 146 «Кәсіби стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз ету» бюджеттiк бағдарламасы бойынша тиiстi жылдарға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген сомалар шеңберiнде

20

Жеңiл өнеркәсiп мамандығы бойынша техникалық және кәсiптiк бiлiм түлектерiнiң бiлiктiлiгiн сертификаттаудың тәуелсiз жүйесiн енгiзуге жәрдемдесу

ИЖТМ-ге ақпарат

БҒМ, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкiмдiктерi, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2011 - 2014 ж.ж.







Болжанбайды

21

Жеңіл өнеркәсіп саласындағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрларды даярлау жөніндегі салалық кеңесті құру.

БҒМ-ге ақпарат

ИЖТМ, БҒМ, Облыстардың Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ЖӨКҚ (келісім бойынша)

2012 ж.

-

-

-

-

-

-

Болжанбайды

22

Жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіптік және техникалық білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды жетілдіру

ИЖТМ-ге ақпарат

БҒМ, ЖӨКҚ (келісім бойынша)

2011 - 2012 ж.ж.

-

-

-

-

-

-

025 «Білім беру жүйелерін методологиялық қамтамасыз ету және білім беру қызметтерінің сапасын талдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте бекітілген сома шеңберінде

4. Салалық бағдарламаны iске асырудың жобалық шаралары

23

«Терi өндiрiсiн реконструкциялау және жаңғырту» инвестициялық жобасын iске асыру

ИЖТМ-ге ақпарат

ШҚО әкiмдiгі, «Семей былғары- үлбір комбинаты» ЖШС (келiсiм бойынша)

2011 ж.






3 757

Қарыз қаражаты – қарыз алушы ҚДБ

24

«Қазiргi заманғы тоқыма өндiрiсiн ұйымдастыру» инвестициялық жобасын iске асыру

ИЖТМ-ге ақпарат

ОҚО әкiмдiгі, «Ютекс-KZ» АҚ (келiсiм бойынша)

2014 ж.






11 172,4

Қарыз қаражаты – қарыз алушы ҚДБ

25

«Гигроскопиялық мақта және целлюлоза шығару» инвестициялық жобасын iске асыру

ИЖТМ-ге ақпарат

ОҚО әкiмдiгі, «Мақта өнеркәсiбi Целлюлоза» ЖШС (келiсiм бойынша)

2010 ж.






2 190,0

Қарыз қаражаты – қарыз алушы ҚДБ-Лизинг

26

Тарақтық және кардтық мақта-мата жiптерiн шығаратын қазiргi заманғы өндiрiстi ұйымдастыру» инвестициялық жобасын iске асыру

ИЖТМ-ге ақпарат

ОҚО әкiмдiгі, «Оху Textile» ЖШС (келiсiм бойынша)

2010 ж.






3 731,1

Қарыз қаражаты – қарыз алушы ҚДБ-Лизинг

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ИЖТМ

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi

ЭБЖМ

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi

ӨДМ

Қазақстан Республикасы Өңiрлiк даму министрлiгi

Қаржыминi

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi

АШМ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi

Еңбекминi

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi

БҒМ

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi

Қорғанысминi

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi

ІІМ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi

ТЖМ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi

РҰ

Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы

ҰҚК

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ШҚО

Шығыс Қазақстан облысы

ОҚО

Оңтүстік Қазақстан облысы

Самұрық-Қазына

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

ҚДБ

«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы

ҚДБ-Лизинг

«ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамы

ҚИДИ

«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы

KAZNEX

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы

NadLoC

«NadLoC» жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы

ҚЖӨКҚ

Қазақстанның жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындары қауымдастығы

ҚБШҮӨҚ

Қазақстанның былғары шикізаты мен үлбірді өңдеушілер қауымдастығы

АҚ

акционерлік қоғам

ЖШС

жауапкершілігі шектеулі серіктестік

                                                                   »;

      көрсетілген Бағдарламаға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 29 қарашадағы
№ 1285 қаулысына    
қосымша       

Қазақстан Республикасында жеңiл  
өнеркәсiптi            
дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға
арналған бағдарламаға        
2-қосымша              

Нысаналы индикаторлар

Нысаналы индикатор

Өлшем
бірлігі

2008 ж.
(нақты)

2009 ж.
(нақты)

2010 ж.
(нақты)

2011 ж.
(нақты)

2012 ж.
(нақты)

2013 ж.
(болжам)

2014 ж.
(болжам)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

2014 жылы жеңіл өнеркәсіптегі жалпы қосылған құнды 2008 жылғы деңгейге шаққанда нақты мәнде кемінде 9 %-ға ұлғайту

2008 ж.
%

100,0

92,5

95,8

95,2

105,1

106,0

109,0

Дайын өнімдер экспортын 2008 жылғы деңгейге шаққанда 2,5 есеге ұлғайту

2008 ж.
%

100,0

80,8

71,8

223,5

232,5

241,7

250

Жеңіл өнеркәсіптегі еңбек өнiмдiлiгiн 2008 жылғы деңгейге шаққанда нақты мәнде 1,5 есеге ұлғайту

2008 ж.
%

100,0

159,8

130,7

118,4

150,4

150,4

150,5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады