"Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1314 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 622 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 1, 17-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларында:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде (бұдан әрі – Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi), Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде (бұдан әрі – халықаралық кеме тізілімі), бербоут-чартер тізілімінде және жасалып жатқан кемелер тізілімінде кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеуді Порттың теңіз әкімшілігі жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiн, халықаралық кеме тізілімін, бербоут-чартер тiзiлiмiн және жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiн жүргiзудi Порттың теңiз әкiмшiлiгi қағаз және электрондық жеткізгіштерде жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiн, халықаралық кеме тізілімін, бербоут-чартер тiзiлiмiн және жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Теңіз әкімшілігі (бұдан әрi – уәкілетті орган) белгілейді.»;
      7-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы Қағидаларға сәйкес кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды қабылдау. Ұсынылатын құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген кезде үш жұмыс күнi iшiнде оған құжаттарды қабылдаудан дәлелдi жазбаша бас тартуды бере отырып, өтiнiш берушiге құжаттар қабылдаудан бас тартылады;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) көрсетiлген қайшылықтар мен мемлекеттiк тiркеуден бас тарту үшiн басқа негiздер болмаған кезде Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне, халықаралық кеме тізіліміне, бербоут-чартер тiзiлiмiне, жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiне жазулар енгiзу;»;
      19-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген құжаттарды алған кезде Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемесінің консулдық лауазымды тұлғасы құжаттарды есепке алу кітабына тиісті жазба енгізеді. Уақытша куәлік берілгені туралы әрбір жазба тіркеу нөмірімен сәйкестендіріледі. Мұндай нөмір құжаттарды қабылдаған кезде беріледі және қабылдаған құжаттардың кіріс нөміріне сәйкес келеді. Ұсынылған құжаттарды тексергеннен кейін Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемесі уақытша куәлік береді. Берілген уақытша куәлік туралы Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемесі он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға уақытша куәліктің көшірмесін қоса бере отырып, хабарлама жібереді.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-бөліммен толықтырылсын:
      «2-1. Кемелер мен оларға құқықтарды Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу
      21-1. Кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар (бербоут-чартер бойынша жалдап алынған кемеге осы құқықтарды қоспағанда), осы құқықтарды шектеулер (ауыртпалықтар), олардың туындауы, ауысуы және тоқтатылуы Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелуге жатады.
      Меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға қатысты шектеулер (ауыртпалықтар) белгіленген кемені Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркеу және мұндай кемені аталған тізілімнен шығару пайдасына тиісті шектеу (ауыртпалық) белгіленген адамның жазбаша нысандағы келісімімен жүзеге асырылады.
      21-2. Кемелер шет мемлекеттердің кеме тізілімдерінде тіркелген және халықаралық кеме тізілімінде тіркеу туралы өтініш берілген күні олардың шығарылған жылдары жиырма жылдан асқан болса, олар халықаралық кеме тізілімінде тіркеуге жатпайды.
      21-3. Кемені Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркеу кезінде кеме иесі (кеме иеленушісі) немесе олар уәкілеттік берген адамдар мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) еркiн нысанда өтiнiш;
      2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кеме тiзiлiмiнiң сауалнамасы;
      3) өлшеу куәлiгi;
      4) сыныптау куәлiгi;
      5) теңіз кемесiн мемлекеттiк тiркегені үшiн алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат.
      Сондай-ақ меншік құқығындағы кемені тіркеу үшін:
      1) кемеге меншік құқығын растайтын құжат;
      2) жүзуге жарамдылығы туралы куәлік (қолданылатын болса);
      3) жолаушылар куәлігі (жолаушылар кемесі үшін);
      4) осы мемлекеттің туын ауыстырғанға дейін тікелей тіркелген тізілімнен шет мемлекеттің кемесінің алынып тасталғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын құжат;
      5) меншік иесінің аты мен мекенжайын куәландыратын құжаттар ұсынылады.
      Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кеменің тіркелуі әлі жарамды болған жағдайда, осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы және кемеге меншік құқығы туралы куәліктерінің тек көшірмелері ғана ұсынылады.
      Сондай-ақ бербоут-чартер бойынша пайдалануға ұсынылған кемені тіркеу үшін:
      1) кеме жалдаушының аты мен мекенжайын растайтын құжаттар;
      2) бербоут-чартер шарты;
      3) шет мемлекеттiң құзыреттi билiк орындары берген, онда кеме тiкелей ту ауыстырылғанға дейiн тiркелген, осындай мемлекеттiң туын көтерiп жүзу құқығы тоқтатыла тұрғанын немесе бұл құқық Қазақстан Республикасының бербоут-чартерлiк тiзiлiмiнде кеме мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап тоқтатыла тұрған кеменi Қазақстан Республикасының туын көтерiп жүзуге уақытша ауыстыруға келiсу туралы, сондай-ақ кемеге ипотека ауыртпалығы салынғаны туралы мәлiметтердi қамтитын құжаттар;
      4) кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге ауыстыруға меншiк иесi және кеменiң тiркелген ауыртпалығына кепiл ұстаушының жазбаша рұқсаты;
      5) кеме Солтүстiк Каспий жобасын iске асыру үшiн жалға алынғанын растайтын Солтүстiк Каспий жобасы жөнiндегі оператордан хат (осы Қағидалардың 22-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар жалға алған кемелер үшiн) ұсынылады.
      Бербоут-чартер тізілімінде кеменің тіркелуі жарамды болған жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдiк теңiз кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiктің көшірмесі ғана ұсынылады.
      21-4. Бербоут-чартер бойынша жалға алынған кемені халықаралық кеме тізілімінде тіркеу мерзімі осындай кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру мерзімінен аспайтын болады.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімді уәкілетті орган осы Қағидалардың 24 және 25-тармақтарында көзделген тәртіппен қабылдайды.
      21-5. Кемені Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізіліміне енгізу:
      1) меншік құқығындағы кемеге – осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы және кемеге меншік құқығы туралы куәліктер;
      2) бербоут-чартер бойынша пайдалануға ұсынылған кемеге – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдiк теңiз кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiк беру арқылы куәландырылады.»;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Уәкілетті орган теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығына уақытша рұқсат беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мұндай кеме бербоут-чартер тізіліміне тіркеуге жатады.»;
      24-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешім қабылдау үшін кеме иесі уәкілетті органға мынадай құжаттарды береді:»;
      25-тармақтың бірінші абзацы және 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Уәкілетті органның құжаттарды қарауы он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, қарау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы рұқсат беріледі немесе мынадай жағдайларда:»;
      «3) бербоут-чартер тізілімінде тіркеу мерзімін ұзартуға жататын кемелерді, қазақстандық флоттың құрамында болмайтын мамандандырылған кемелердi, сондай-ақ реновация, жаңғырту және қайта жабдықтау рәсімінен өткен кемелерді қоспағанда, кеменің шығарылған уақыты 20 жылдан жоғары болған кезде бас тартылады.»;
      27-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бербоут-чартер тiзiлiмiнде тiркелген шетел кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге құқығын уақытша беру мерзiмi өткен кезде, қазақстандық кеме жалдаушы немесе осы Қағидалардың 22-тармағының 2) тармақшасында көзделген адам жүзуге уақытша құқық беру мерзiмi өткеннен кейiн жетi жұмыс күнi iшiнде Порттың теңiз әкiмшiлiгiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге уақытша құқық беру туралы тиiстi куәлiктi қайтарады.»;
      6-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Кеменi Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен, халықаралық кеме тізілімінен, жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнен немесе бербоут-чартер тiзiлiмiнен шығару»;
      мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын:
      «38-1. Мына:
      1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;
      2) конструкциялық жағынан күйреген;
      3) қайта құру немесе кез келген басқа өзгерiстер нәтижесiнде кеме сапасын жоғалтқан;
      4) Заңның 11-бабының 3-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған;
      5) оған қатысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзiп жүруге құқығын уақытша беру туралы шешiмдi уәкілетті орган жоққа шығарған;
      6) оған қатысты Қазақстан Республикасының аумақтық сулары шегiнде қызметтi жүзеге асыру фактісі айқындалған жағдайларда кеме Халықаралық кеме тізілімінен шығарылады.»;
      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «40. Кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен, халықаралық кеме тізілімінен және бербоут-чартер тізілімінен шығаруды Порттың теңiз әкiмшiлiгi кеме иесiнiң (кеме иеленушінің) немесе олар уәкілеттік берген адамдардың кемені мемлекеттік тіркеу кезінде берілген куәліктерді қоса бере отырып, еркін нысандағы өтініші негізінде жүргізеді.
      Осы Қағидалардың 38-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында, 38-1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында, 44-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда өтiнiшке онда жазылған фактiлердi растайтын құжаттар да қоса берiледi.
      Осы Қағидалардың 38-1-тармағының 5), 6) тармақшаларында және 44-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, кемені Халықаралық кеме тізілімінен және бербоут-чартер тізілімінен шығаруды кеме иесінің (кеме иеленушінің) мекенжайына жолданған уәкілетті органның тиісті хабарламасы негізінде Порттың теңіз әкімшілігі жүргізеді.»;
      42-тармақ алынып тасталсын;
      4344 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «43. Порттың теңiз әкiмшiлiгi тиiстi тiзiлiмге шығару туралы жазу енгiзедi және осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес кеменің Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен, Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінен немесе Қазақстан Республикасындағы жасалып жатқан кеме тiзiлiмiнен шығарылғаны туралы куәлiкті кеме иесіне (кеме иеленушіге) немесе олар уәкілеттік берген адамдарға бередi.
      Кемені халықаралық кеме тізілімінен шығару туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне және Кедендік бақылау комитетіне жолданады.
      44. Бербоут-чартер тізілімінен:
      1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;
      2) конструкциялық жағынан күйреген;
      3) қайта жасау немесе кез келген басқа да өзгерiстер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан;
      4) осы Заңның 11-бабының 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған;
      5) осы Қағидаларға сәйкес оған қатысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімнің күшін жойған кеме шығарылуға жатады.
      45. Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркелген кемені бербоут-чартер бойынша шетелдік кеме жалдаушыға пайдалануға және иелік етуге ұсынған кезде осындай кеме уәкілетті органның шешімі негізінде шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстырылуы мүмкін.»;
      46-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «46. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстыру туралы шешімді уәкілетті орган кеменің меншік иесінің немесе ол уәкілеттік берген адамның мынадай құжаттар қоса берілген өтініші негізінде қабылдайды:»;
      51 және 52-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «51. Бербоут-чартер қолданысы тоқтатылған кезде немесе уәкілетті органның шешімінде көрсетілген мерзім өткен кезде Мемлекеттік кеме тізіліміне кеменің меншік иесінің өтініші негізінде тиісті жазу енгізіледі және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы жаңа кеме куәлігі беріледі.
      52. Шағын көлемді кемелерді тіркеуді ішкі су жолдары бойынша жүзетін шағын көлемді кемелер үшін айқындалған тәртіппен ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі кеме кітапшасында жүргізеді.»;
      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Алдыңғы тiркелген порты (орны) және оны жою күнi (Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi/Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімі үшiн)/тоқтатып қою күнi (бербоут-чартер тiзiлiмi/Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімі үшін) (егер мұндай жағдай орын алса)»;
      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
      бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «20__ жылғы «___» _____________ № ________ Қазақстан Республикасының Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне/Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізіліміне енгiзiлген деректердiң негiзiнде
______________________________________________________________ кемеге
               (кеменiң атауы) (name of ship)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуге рұқсат берiлетiнi куәландырылады.
      This is to certify that according to the data entered into the State Ship Register of the Republic of Kazakhstan/ the international ship register of the Republic of Kazakhstan, the ship has been authorized to sail under the state flag of the Republic of Kazakhstan.»;
      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
      бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «20__ жылғы «___» _____________ № ________ Қазақстан Республикасының Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне/Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізіліміне енгiзiлген деректердiң негiзiнде
_________________________________________________ кеме куәландырылады
         (кеменiң атауы) (name of ship)
      This is to certify that according to the data entered into the State Ship Register of the Republic of Kazakhstan/the international ship register of the Republic of Kazakhstan, the ship»;
      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:
      бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «20__ жылғы «___» _____________ № ________ Қазақстан Республикасының бербоут-чартер тiзiлiмiне/Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізіліміне енгiзiлген деректердiң негiзiнде кемеге
__________________________________ оны бербоут-чартер шартында жалдау
  (кеменiң атауы) (name of ship)
кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзуге рұқсат берiлгенi куәландырылады: (from) 20__ жылдан «___» ___________ (till) 20__ жылға «___» _________ дейiн
      This is to certify that according to the data entered into the Berbout-chartering Register of the Republic of Kazakhstan/ the international ship register of the Republic of Kazakhstan, the ship has been authorized to sail under the state flag of the Republic of Kazakhstan for the period of Chartering it on the Berbout basis.»;
      көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшада:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кемені Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінен, Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тiзiлiмiнен немесе Қазақстан Республикасының жасалып жатқан кемелер тізілімінен шығару туралы куәлік
      Свидетельство об исключении судна из Государственного судового реестра морских судов, международного судового реестра Республики Казахстан или реестра строящихся судов Республики Казахстан»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Меншiк иесi/кеме иеленуші және оның мекенжайы ____________
      Собственник/судовладелец и его адрес __________________________
      барлық тiркелген құқықтар мен ауыртпалықтар тоқтатыла отырып, Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен, халықаралық кеме тiзiлiмiнен немесе жасалып жатқан кемелер тiзiлiмiнен (керегiнiң астын сызу) шығарылғаны расталады.
      исключено из Государственного судового реестра морских судов, международного судового реестра Республики Казахстан или реестра строящихся судов (нужное подчеркнуть) с прекращением всех зарегистрированных прав и обременений.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады