"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 1395 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1086 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.12.2015 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі:
      мынадай мазмұндағы 254-1-тармақпен толықтырылсын:
      «254-1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде жабық рәсімдер қолданылатын конкурсқа қатысу үшін шақыруды отандық тауар өндірушілерге және/немесе отандық кәсіпкерлерге жібереді.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жабық рәсімдер қолданылатын конкурсқа қатысу үшін жазбаша шақыруды отандық кәсіпкерлерге жібереді.
      Отандық тауар өндірушілерге және/немесе отандық кәсіпкерлерге жабық рәсімдер қолданылатын конкурсқа қатысу үшін жазбаша шақыруды жіберген кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы олардың отандық өндірістің азық-түлік тауарларын жеткізу шартын көрсетеді.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады