Байланыс формасы

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 1414 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1414 қаулысына     
қосымша          

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 52 қаулысымен    
бекітілген      

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының
2011 – 2020 жылдарға арналған
даму стратегиясы

1. Ағымдағы жағдайды талдау

Сыртқы ортаны талдау

      Қазіргі уақытта Қазақстанның аграрлық секторы ауыл шаруашылығы дақылдары шығымдылығының және ауыл шаруашылығы малдары өнімділігінің төмендігіне, ескірген технологияларды пайдалануға, қосылған құны төмен өнім шығаруға, сала субъектілерінің инновациялық белсенділігінің әлсіздігіне негізделген төмен еңбек өнімділігімен сипатталады. Сала тозығының деңгейі 80 пайызға (бұдан әрі – %) жететін ауыл шаруашылығы техникасын (бұдан әрі – ауылшартехникасы) жаңартуды қажет етеді. Ауылшартехникасының басым бөлігі 1991 жылға дейін шығарылған.
      Республикада негізгі егістік алаңдары дәнді дақылдарға арналады, оның шамамен 85 %-ы немесе 13 миллион (бұдан әрі – млн.) гектарға (бұдан әрі – га) бидай егіледі. Бидай өндірісінің көлемі ұлттық тұтыну деңгейінен асады, ал артылып қалғаны қалыптасқан дүниежүзілік орташа бағамен экспортталады. Негізгі экспорттық өткізу нарықтары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері (бұдан әрі – ТМД), Еуропа Одағы, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдері болып табылады. Сала Ресей мен Украина тарапынан бәсекелестіктің өсуі жағдайында дамуда. Экспорттың перспективалық бағыты Қытай Халық Республикасының нарығы болып табылады.
      Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің (бұдан әрі – АШТӨ) көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру, күзгі кезеңде астықты кепілдендірілген өткізуді қамтамасыз ету, бірыңғай экспорттық саясатты әзірлеу және астықты сақтаудың және экспорттық аударып тасымалдаудың инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ) қатысуымен Бірыңғай астық холдингі құрылды.
      Көкөніс, картоп, бақша дақылдарының отандық өндірісі халықтың қажеттілігін қанағаттандырады. Алайда жеміс, жүзім бойынша импортқа тәуелділіктің жоғары болуы байқалады.
      Мал шаруашылығында ауыл шаруашылығы құралымдарында (бұдан әрі – ауылшарқұралымдары) мал басы барлық түрлерінің тұрақты өсімі байқалады. Алайда малдың әртүрлі түрлері бойынша асыл тұқымды мал басының үлес салмағының төмендігі, мал басының негізгі санының тұрғындардың шаруашылықтарында шоғырлануы, жоғары өнімді мал мен құстың тез өсуі үшін репродуктивтік базаның әлсіздігі саладағы өндірістің өсімін тежейді.
      Генетикалық әлеуетті дамыту, малды бағу мен өсірудің қазіргі заманғы технологияларын енгізуді ынталандыру, жайылым жерлерді игеру әлемдік нарықта сұранысқа ие болатын экологиялық таза мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді.
      Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі Кеден Одағы елдерінің өндірушілерімен бәсекелестіктің өсуімен сипатталады. Тамақ өнімдерінің отандық өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігіне өнеркәсіптік өңдеуге жарамсыз шикізаттың төмен сапасы, шикізатты дайындау және жеткізудің, шикізатты тасымалдау, сақтау және өткізу инфрақұрылымының дамымауы, ескірген жабдықтар, сауда желілерінің монополиялылығы, шикізатты маусымдық сатып алуға айналым қаражатының жетіспеушілігі, ішкі нарықта арзан сапасы нашар импорттық өнімдердің болуы кері әсерін тигізеді. Республикада нарықтарда ет-сүт, май өнімдерінің және жеміс-көкөніс консервілерінің импорттық өнімдері үлесінің жоғары болуы байқалады.
      Жалпы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені (бұдан әрі – АӨК) соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісінің және негізгі өндірістік көрсеткіштердің өсімімен сипатталады.
      Еңбек өнімділігінің, өсімдік шаруашылығындағы шығымдылықтың, мал шаруашылығындағы өнімділіктің әлемдік көрсеткіштермен салыстырғандағы төмен деңгейі, ұлан-байтақ ауыл шаруашылығы жерлерінің болуы АӨК қарқынды дамыту үшін әлеует құрады.
      Азық-түлікке әлемдік сұраныстың өсуі жағдайларында Қазақстанның АӨК іске асырылмаған әлеуеті ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу саласына инвестициялардың өсімі үшін аса маңызды ынталандырушы фактор болып табылады, ол Қазақстанға әлемдік жетекші азық-түлік өндірушілердің қатарына кіруге мүмкіндік береді.

Агроөнеркәсіптік кешеннің инновациялық дамуын талдау

      Ауыл шаруашылығын табысты жүргізудің әлемдік тәжірибесін талдау ауыл шаруашылығы өндірісінің нәтижелерін жақсартуға инновацияларды енгізу есебінен қол жеткізілетінін көрсетеді. Бұл ретте инновациялық даму міндеттері инновацияларды меншікті зерттеу базасына шоғырландыру есебінен (АҚШ, Франция, Германия), шетелдік технологиялардың трансферті және бейімдеу есебінен (Аргентина, Австралия, Қытай) не алдыңғы екі тәсілді құрамдастыру, яғни меншікті ғылыми базаны (Бразилия, Канада, Оңтүстік Корея, Жапония) бір мезгілде дамыта отырып, технологиялардың трансферті жолымен шешіледі.
      Әлемдік тәжірибені, айналадағы жағдайларды және қолда бар ресурстарды ескере отырып, Қазақстанда ауыл шаруашылығында инновацияларды дамытудың оңтайлы тәсілі ретінде шетелдік технологиялардың трансфертін меншікті ғылыми зерттеулермен үйлестіру айқындалған.
      Ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық саясатты іске асыруға «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – холдинг) қатысуы инновациялық сипаттағы инвестициялық жобаларды басымдықпен қаржыландыру, сондай-ақ холдингтің және оның еншілес акционерлік қоғамдарының (бұдан әрі – ЕАҚ) қызметінде инновацияларды енгізу және дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады.

Холдинг қызметін тұтынушыларды талдау

      Қаржы ресурстарына қолжетімділік АӨК дамуы орнықтылығының аса маңызды құрауышы болып табылады. Қазіргі уақытта түрлі нысандардағы жеңілдікті қаржыландыруға іс жүзінде барлық аграрлық өндіріс субъектілері мұқтаж болып отыр. Ауыл шаруашылығында 2009 жылы 175636 ауылшарқұралымдары жұмыс істеді, олардың ішінде: мемлекеттік кәсіпорындар – 35 бірлік (бұдан әрі – бірл.), мемлекеттік емес кәсіпорындар – 5408 бірл., шаруа (фермерлік) қожалықтар – 170193 бірл. 2009 жылдың аяғында тұрғындар шаруашылықтарының саны 2248000 бірл. құрады.
      2009 жылдың басында ауыл тұрғындарының өз бетінше жұмыспен қамтылған 1792,9 мыңы және 236,1 мың адам жұмыссыз бөлігі ауылдағы шағын кредит беру бағдарламасын іске асыру кезінде табыс деңгейі және шаруашылықтағы тәжірибесі бойынша басым нысаналы әлеуметтік топтар ретінде қаралады.
      Қазіргі уақытта холдингтің ЕАҚ қызметін тұтынушылардың маңызды бөлігінің олардың толыққанды қаржыландырылуына кедергі болатын негізгі проблемалары ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыру тиімділігінің төмендігімен, ұсынылатын кепілдік мүлкі сапасының жеткіліксіз деңгейімен, активтерінің мөлшері мен өндіріс көлеміне әсерін тигізетін ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығына байланысты жоғары тәуекелдер болып табылады.

Холдингтің бәсекелес ортасын талдау

      АӨК субъектілеріне қызмет көрсетудегі холдингтің ЕАҚ бәсекелестері екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ), лизингтік компаниялар, микроқаржы ұйымдары (бұдан әрі – МҚҰ), даму институттары және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар болады.
      Холдингтің ЕАҚ нарықтың басқа қатысушыларымен салыстырғандағы түйінді бәсекелес артықшылықтары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге кредит беру және лизингтік қаржыландыру құнының неғұрлым төмен болуы және АӨК қолдауға мемлекеттік қаражатты және капиталдың ішкі және сыртқы нарықтарынан салыстырмалы «арзан» қарыздарды тарту мүмкіндігіне қаржыландырудың неғұрлым ұзақ мерзімі болып табылады.
      Холдингтің ЕАҚ-ның ЕДБ-дан маңызды айырмашылығы кредиттік ресурстарды АӨК-де шоғырландыру болып табылады, ол салалық тәуекелдердің холдингтің ЕАҚ кредиттік қызметіне әсерінің жоғары болуын негіздейді.

Кредит беру нарығын талдау

      2009 жылы ЕДБ екінші деңгейлі банктердің кредиттік қоржынының 7644 миллиард бұдан әрі – млрд.) теңгесінен ауыл шаруашылығына 281,8 млрд. теңге сомасында кредит берді.
      Соңғы жылдары ауыл шаруашылығына кредит беру үлесінің ЕДБ жиынтық несие қоржынына қатысты өзгеру серпіні кері үдерісті байқатады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2003 жылдан бастап 2006 жыл аралығында бұл көрсеткіш 12 %-дан 4,4 %-ға дейін қысқарды; 2009 жылы экономикаға берілген кредиттердің жалпы сомасынан 3,69 %-ға дейін қысқарды.
      Кредиттердің 95 %-дан астамы ірі және орташа АШТӨ заңды тұлғаларға беріледі, кредиттердің тек 4 %-ы ғана шаруа (фермерлік) қожалықтарына беріледі.
      ЕДБ кредит беруінің орташа мөлшерлемесі 15 – 22 %-ды құрайды, кепіл базасына қойылатын қатаң талаптар көптеген АӨК субъектілері үшін орындалуы мүмкін емес жағдай болып табылады.
      ЕДБ кредиттік қоржынының құрылымында қысқа мерзімді кредиттер басым, бұл банк секторы тарапынан салаға сенімділік деңгейінің төмен болуын куәландырады.
      Аграрлық саладағы несие қоржынының жиынтық көлемінде холдингтің ЕАҚ үлесіне барлық берілген қарыздың жартысы тиесілі болады. Жыл сайын 22 – 25 мың қарыз алушы холдингтің ЕАҚ клиенттері болып табылады. Бұл ретте қарыз алушылардың негізгі санатын (98 %-дан астамын) шағын және орта бизнес өкілдері құрайды.
      «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ) АШТӨ кредиттік серіктестіктер (бұдан әрі – КС) арқылы соңғы қарыз алушылар үшін жылына орташа 8 – 9 %-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен кредит беруді жүзеге асырады (4 % – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ маржасы, 4 – 5 % – КС). АШТӨ бірлестіктеріне жылдық 5 %-ға дейінгі пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен кредит беріледі. Кепілдік базасына қойылатын талаптар ЕДБ қарағанда жеңілдеу және АШТӨ-де қолда бар мүлкінің өтімділік ерекшеліктерін есепке алады. 2009 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ барлығы 11192,7 млн.теңге сомасына 153 КС кредит берді.
      Ауылдық жерлерде барлығы 161 КС құрылды, олардың құрамына 6,7 мың АШТӨ кірген. Ұсақ ауыл шаруашылығы тауарларды өндірушілердің бірлестіктерін (бұдан әрі – бірлестік) бірлескен өндірісті жүргізуге ынталандыру бойынша жұмыс жалғасуда. 2009 жылы 737,6 млн. теңге сомасына 27 бірлестікке кредит берілді. Бірлестіктің құрамына 471 қатысушы, оның ішінде 169 АШТӨ және 302 жеке үй шаруашылығы кірді.
      Кредиттік ресурстардың қолжетімділігін кеңейтуді ынталандыру және АӨК-ге инвестицияның құйылуын ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасында АӨК дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес – 2020» бағдарламасында АӨК субъектілерін қолдаудың жаңа құралдары көзделген: кредиттер және ауылшартехникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, АӨК басым секторларында жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салымдар кезіндегі шығындарды ішінара өтеуді субсидиялау, қаржы институттарының алдындағы АӨК субъектілерінің қарыздарын сақтандыру және кепілдендіру кезінде субсидиялау. Сондай-ақ АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру бойынша біржолғы шараларды өткізу, сондай-ақ Холдингтің компаниясы тобының кейіннен АӨК субъектілерін қаржыландыру үшін ЕДБ, МҚҰ және КС қорландыруы көзделген.
      АӨК субъектілерін қолдаудың жаңа құралдары Холдингке бюджеттен тыс қаражат есебінен АӨК қаржыландыруды ұлғайту үшін мүмкіндік береді.

Көрсетілетін лизинг қызметтерінің нарығын талдау

      2009 жылдың соңындағы жағдай бойынша республикада шамамен 46 лизингтік компания жұмыс істеді, 2008 жылы олардың саны 48-ді құрады, олардың 12-сі ЕДБ еншілес құрылымдары болды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2009 жылдың бірінші жартысында лизингтік компаниялар үшін өзінің қызметін ұсынудағы негізгі салалар көлік және байланыс – шарттардың жалпы құнынан 40 %-ы, ауыл шаруашылығы – 36 %, құрылыс – 12 %, өнеркәсіп – 9 % болды. 2008 жылы ауыл шаруашылығына шарттардың жалпы құнының 64 %-ы, өнеркәсіпке – 9 %-ы, құрылысқа – 8 %-ы, көлік және байланысқа – 6 %-ы тиесілі болды.
      Банктермен (БТА Лизинг, Центр Лизинг, АТФ Лизинг, Темір Лизинг сияқты) аффилиирленген лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі орташа жылдық 14 – 24 %-ды құрады, лизинг мерзімі 5 жылға дейін, лизинг нысанасын лизинг алушыларға бергенге дейін аванстық жарна көлемі лизинг нысанасы құнының 15 – 40 %-ын құрайды.
      «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚазАгроҚаржы» АҚ) бюджеттік қаржыландыру көздерінен жылына 4 %-дан бастап сыйақы мөлшерлемесі бойынша және бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен 12,5 %-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесі бойынша лизингтік қызметтер көрсетеді, лизингтің мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін, аванстық төлем жарнасының көлемі лизинг нысанасы құнының 15 – 20 %-ын құрайды.

Шағын кредит беру нарығын талдау

      2009 жылы елімізде 1317 бірл. МҚҰ тіркелді, олардың жұмыс істейтіндері 1088 бірл. (тіркелгендердің жалпы санының 83 %-ы), оның белсенділері 549 МҚҰ құрайды. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдық жерлерде 465 МҚҰ орналасқан (тіркелгендердің жалпы санының 35 %-ы), оның жұмыс істейтіні - 404 (87 %) МҚҰ, белсенділері – 147 (32 %).
      2009 жылдың қорытындысы бойынша МҚҰ берілген шағын кредиттердің жалпы саны 40,8 млрд. теңге сомасында 197 мыңнан астам қарызды құрады, оның ішінде сомасы 4,2 млрд. теңгеге 7 мың қарыз ауылдық жерлерге берілген.
      Берілген шағын кредиттер бойынша МҚҰ орташа сараланған сыйақы мөлшерлемелері 2009 жылы қысқа мерзімді шағын кредит бойынша жылдық 31,5 %-ды және ұзақ мерзімді шағын кредит бойынша жылдық 22,3 %-ды құрады; ауылдық жерлерде сыйақы мөлшерлемелері: қысқа мерзімді шағын кредит бойынша жылдық 17,9 %-ды және ұзақ мерзімді шағын кредит бойынша жылдық 13,9 %-ды құрады.
      МҚҰ қаржыландыру мемлекеттік даму институттары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ) және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ) арқылы жүзеге асырылады.
      2005 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ шағын кредит беру жүйесін дамытуға 17 млрд. теңге қаражат бөлді.
      2005 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ауылдағы шағын кредит беру жүйесін дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыру шеңберінде 8,5 млрд. теңге бөлді, оның ішінде 2009 жылы бюджеттік қаражат есебінен жалпы сомасы 1000 млн. теңгеге 44 МҚҰ қарыз берді. Қарыздар тендерлік негізде жылдық 7,5 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша берілді.
      «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 2009 жылы бұрын берілген шағын кредиттер бойынша өтелген қаражат есебінен жалпы сомасы 1789,9 млн. теңгеге 5083 шағын кредит берді. Шағын кредиттер 400 мың теңгеге дейінгі көлемде жылдық 9,5 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша берілді.
      Ауыл тұрғындарына шағын кредит беру бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 2009 жылы шамамен 5 мың адам жұмыспен қамтылды.

Астық қолхаттарына кепілдік беру нарығын талдау

      Астық қолхатын астық қабылдау кәсіпорындары астық иесінен астықты сақтауға қабылдағанын растау үшін береді және ол ордерлік эмиссиялық емес бағалы қағаз бола отырып, астық саласына қаржыландыруды тарту үшін өтімді кепілдік құралы түрінде қолданыла алады.
      «ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚазАгроКепіл» АҚ) АӨК субъектілерінің міндеттемелерін орындауға кепілдік беру жүйесін дамыту арқылы аграрлық секторға инвестициялар тартуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.
      Қазіргі уақытта «ҚазАгроКепіл» АҚ астық және мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жөніндегі республикадағы жалғыз ұйым болып табылады. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесінің қатысушылары – астық сақтау сыйымдылығы шамамен 4,4 млн. тоннаны құрайтын 53 астық қабылдау кәсіпорны (бұдан әрі – АҚК) болды, мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесінің қатысушылары – жалпы мақта өңдеу қуаты 180 мың тоннаны құрайтын мақтаны қайта өңдеуші 4 ұйым болып табылды.
      «ҚазАгроКепіл» АҚ бәсекелестері сақтандыру ұйымдары болып табылады. АҚК сақтандыру шарттарын талдау, азаматтық құқықтық жауапкершілік (бұдан әрі – АҚЖ) сақтандыру шарты бойынша франшиза жекелеген жағдайларда сақтандыру сомасының 95 %-на жететінін көрсетеді, бұл ретте сақтандыру шарты әрбір астық қолхаты бойынша жасалуы тиіс. Сақтандыру жағдайы басталған кезде астық қолхатын ұстаушы астық иесі сақтандыру сомасының 5 %-на ғана тең өтемақы алады, яғни астық қолхаттарын ұстаушылары алдында АҚЖ сақтандырудың барлық мәнісі жойылады, тиісінше АҚК ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдаудың – олардың құқықтары мен заңды мүдделерін толық көлемде қорғаудың басты мақсатына қол жеткізілмейді.

Агроөнеркәсіптік кешендегі көрсетілетін ақпараттық-маркетингтік
қызметтер нарығын талдау

      Бүгінгі күні республикада ақпараттық-маркетингтік және консалтингтік қызметтер көрсету нарығында қызмет атқаратын 100-ге жуық фирмалар мен компаниялар бар. Дегенмен олардың бәрі санаулы бағыттарда ғана жұмыс істейді, ақпаратпен толық қамтамасыз етілмеген және тарамдалған өңірлік желілері жоқ.
      Қазіргі уақытта АШТӨ төлем қабілеттілігінің төмендігі және осы саладағы білікті мамандардың аз болуына байланысты нарықтың тартымсыздығы салдарынан аграрлық сектор саласында осы қызмет түрі іс жүзінде дамымаған.
      Бүгінгі күні «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қазагромаркетинг» АҚ) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында аграрлық нарықтың қатысушыларына аграрлық сектордың түрлі бағыттары бойынша ақпараттық-маркетингтік және консультациялық қызмет көрсету бойынша қызмет кешенін жүзеге асыратын, оның ішінде өтеусіз негізде көрсетілетін ақпараттық қызметтердің кепілдендірілген көлемін ұсынатын мамандандырылған жалғыз компания болып табылады.
      13 облыстық филиалдан, 2 өкілдік пен 160 ауылдық ақпараттық-консультациялық орталықтан (бұдан әрі – ААКО) тұратын «Қазагромаркетинг» АҚ аграрлық нарық субъектілерін ақпараттық-консультациялық және маркетингтік қамтамасыз етуді дамытуды жүзеге асырады.
      «Қазагромаркетинг» АҚ филиалдары, өкілдіктері мен ААКО арқылы тізбесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітілетін 50 мыңнан астам АӨК субъектілеріне өтеусіз негізде ақпараттық көрсетілетін қызметтер топтамасын ұсынады.
      «Қазагромаркетинг» АҚ АШТӨ мен мемлекеттік органдардың тапсырысы бойынша ай сайын бюллетень басып шығарады, нарыққа маркетингтік зерттеулер жүргізеді, консультациялық қызметтер көрсетеді, оқыту семинарларын өткізеді, бизнес-жоспарлар әзірлейді, ауыл шаруашылығы көрмелік-жәрмеңкелік іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді.

Квазимемлекеттік сектор компанияларымен өзара іс-қимыл жасау

      Холдинг АӨК дамыту міндеттерін іске асыру шеңберінде даму институттарымен, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен өзара іс-қимыл жасайды.
      Холдинг инвестициялық жобаларды қаржыландыру, АӨК субъектілеріне кредит беру кезінде квазимемлекеттік сектор компанияларымен ынтымақтастық әлеуетін тиімді пайдалануға ұмтылады.
      Осындай табысты ынтымақтастықтың үлгісі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдігімен көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін АШТӨ кредиттеу болып табылады. Бұл банк кепілдігін ұсыну мүмкіндіктері жоқ субъектілер үшін кредиттік ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
      Бірқатар өңірлік жобалар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар ұсынатын мүлік кепілдігімен холдингті қаржыландыру кезінде табысты іске асырылуда.

Сыртқы ортаның жаһандық факторларының әсері

Құқықтық факторлар

      Холдинг өзінің қызметінде 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің құқықтық нормаларын, «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын басшылыққа алады.

Саяси факторлар

      Холдингтің қызметі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің АӨК саласындағы мемлекеттік саясаттың бағыттары мен басымдықтарын айқындайтын құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.
      Холдинг өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының АӨК дамыту жөніндегі мемлекет қойған міндеттерді басшылыққа алады.
      Мемлекеттің аграрлық саясатына тұрақты түрде түзетулер енгізіледі, сондай-ақ оларды холдинг ескеруі тиіс. Бұл ретте осы салада қысқа мерзімді, сол сияқты ұзақ мерзімді құбылыстарды дамыту бағдарламалық іс-шараларды және Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары қабылдайтын шараларды тұрақты талдаумен, мониторингілеумен сүйемелденеді.

Шаруашылық факторлар

      Холдинг холдинг компаниясының клиенттері ұшырайтын ықтималды шаруашылық тәуекелдерді ескеру қажет. Шикізатқа, материалдарға, жиынтықтаушыларға, энергия ресурстарына сыртқы және ішкі бағаларының тұрақты өзгеруі холдинг компанияларының қарыз алушылары қызметінің табыстылығына маңызды ықпал ете алады.
      Экономиканың нақты секторына инвестицияланған мемлекеттік қаражатты қайтару мерзімдерінің ұзақтығын ескере отырып, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің шаруашылық қызметінің өндірістің және өнімді өткізу көлемінің, материалдық шығындар мен үстеме шығыстар құнының, өнім бағасының маңызды өзгеруін, шикізат пен материалдардың қолжетімділігін, жалпы нарық конъюнктурасының өзгеруі сияқты түйінді факторларының әлеуетті өзгерістерін аса мұқият өлшеу және бағалау қажет.
      Отандық АӨК тиімді қызмет етуіне ықпал ете алатын маңызды факторы алдағы уақыттағы Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі нәтижесінде азық-түлік нарығындағы бәсекелестіктің өсуі және аграрлық саясаттың түрлі шараларын қолдану бойынша, оның ішінде ауыл шаруашылығын ішкі қолдау, тарифтік квоталау және кеден баждары деңгейі бойынша шектеулерді күшейту болуы мүмкін.

Демографиялық факторлар

      Әлемдегі халық санының өсуіне байланысты ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері неғұрлым жоғары мәнге ие болады. Зерттеушілер халықтың демографиялық өсімінің әлемдік азық-түлік өндірісінің өсуіне қатысты жоғарылауын атай отырып, 21 ғасырдың басында пайда болған ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін әрі қарай ұлғайту мүмкіндігін тарылтудың кері үрдісін, тамақ өнімдерін шығарудың бәсеңдеуін, ауыл шаруашылығымен байланысты экологиялық жүктеменің өсімін көрсетеді.
      Сонымен катар, дамушы елдерде әл-ауқаттың жоғарылауымен қатар мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдеріне, ауыл шаруашылығында қайта өңделген өнімге сұранысты арттыру жоспарланады.
      Осылайша, ғаламшардағы халықтың демографиялық өсімі және азық-түлікке жаһандық қажеттіліктің артуы холдингке елдің АӨК өнімінің экспорттық әлеуетін дамытуға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды ұзақ мерзімді негізде табысты іске асыруға мүмкіндік береді.
      Қазақстан халқының саны баяу қарқынмен өсіп келеді, осылайша көз жеткізерлік келешекте елдің ауыл шаруашылығы өндірісі көлемінің өсімі импорттық өнімді ығыстыру және экспортқа жіберілетін өнімнің көлемін ұлғайту есебінен қамтамасыз етілетін болады.
      Сонымен қатар, халықтың қалаға шоғырлануы қала тұрғындарының ерте шыққан жеміс-көкөніс өніміне қажеттілігін, жаңа көкөніс қоймалары мен жылыжай кешендерін салу қажеттілігінің артуына алып келеді. Бұдан басқа, қалалану және халықтың әл-ауқаты деңгейінің өсу факторы тұтыну құрылымының сапалық өзгеруіне алып келеді: тұтыну қоржынында жартылай дайындалған өнімнің және дайын азық-түлік өнімінің үлесі ұлғаятын болады.

Технологиялық факторлар

      АӨК технологиялық дамуына ықпал ететін басты факторлар өндірістің тиімділігі және техникалық қайта жарақтану, өнімнің жаңа түрлерін өндіруде игерудің жылдамдығы және жаңа агротехнологияларды тарту болып табылады. АӨК технологиялық дамуына осы факторлардың ерекше әсері қазақстандық экономиканың құрылымына, ағымдағы ахуалға және өсу үрдісіне, елдің ғылыми-техникалық саласындағы қалыптасқан жағдайларға байланысты.
      АӨК жаңа технологияларды енгізумен ағымдағы ахуал қажетті деңгейге сәйкес келмейді және АӨК өнімінің тұрақты өсімін, жаңа тауарларды әзірлеуді және енгізуді, оларды бәсекеге қабілеттіліктің неғұрлым жоғары деңгейіне шығаруды қамтамасыз етпейді.
      Осылайша, АӨК кәсіпорындары өнімділігі төмен және еңбекті көп қажет ететін жабдықты қазіргі заманғы және аса тиімді жабдықпен алмастыруға мүмкіндік беретін толық көлемді технологиялық жаңартуды жүргізуді қажет етеді.
      Қазіргі уақыттағы АӨК-те саланы технологиялық жеделдетіп дамытуды қамтамасыз ету үшін жеткілікті дамыған ғылыми-зерттеу базасының болмауы және қазіргі заманғы, әлемдік стандарттарға жауап беретін жабдықтардың өндірісі бойынша отандық қуаттың болмауы Қазақстанның АӨК техникалық және технологиялық жаңғырту процесін импорттық технологияларды тартуға тәуелді етеді.
      Осыған байланысты, отандық ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиялық деңгейін арттыру Қазақстан Республикасының АШТӨ жоғары технологиялық және жоғары өнімді жабдықтар мен техниканы сатып алуы бойынша холдинг құрылымдарының көрсетілетін қызметтеріне сұраныстың артуына бұлжытпай алып келеді.

Климаттың өзгеруінің әсері

      Әлемдегі климаттың өзгеруі нақты ауыл шаруашылығында қатты сезілетін болады. Қазақстанды қоса алғандағы көптеген өңірлер жылдық және маусымдық жауын-шашын мөлшерінің кенеттен төмендеуінен болашақта зардап шегуі мүмкін. Құрғақшылық, су тасқыны, дауылдар - осының бәрі ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігіне әсерін тигізеді және сөзсіз егін алқаптары құрылымына өз түзетулерін енгізеді. Соңғы жылдары Қазақстанның батыс аймақтарында ыстыққа және құрғақшылыққа байланысты 40 %-дан 50 %-ға дейінгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігі есептен шығарылады.
      Маңызды проблемалар су ресурстарының жай-күйіне климаттың әсер етуімен де байланысты. Ірі және ұсақ су қоймалары таязданып жатыр, егіс алқаптарында суару мүмкіндігі төмендеуде, астық өндіретін аудандарда жер асты суын тартып шығару өсуде.
      Егін шаруашылығы жағдайларының нашарлауына әкелетін ықтималды климаттық өзгерістер, өсімдік шаруашылығы өнімдеріне әлемдік қажеттіліктің артуына, сол сияқты суландыру жүйесі мен басқа да суаратын жабдықтарға сұранысты да жоғарылатуға алып келуге қабілетті. Бұл холдингке өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен экспортын ұлғайтуға және АӨК қажетті жабдықтар мен өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге өзінің ықпалын күшейтуге мүмкіндік береді.
      Холдинг үшін табиғи-климаттық жағдайлардың өзгеру тәуекелдері, ауыл шаруашылығы елеулі деңгейде табиғи-климаттық жағдайларға тәуелді салаға жататын болғандықтан, сондай-ақ ауа-райы жағдайының ауытқуы ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығына, оларды өндіру көлеміне және холдинг компаниясы тобы қаржыландыратын инвестициялық жобалардың көрсеткішіне қол жеткізу дәрежесіне маңызды ықпалын тигізуі мүмкін мал шаруашылығының жемшөп қорымен қамтамасыз етілуімен маңызды болады.

Ішкі ортаны талдау

      Холдингтің акционермен және ЕАҚ-пен өзара қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен, холдинг Жарғысымен және Корпоративтік басқару кодексімен реттеледі. Холдингтің Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес холдинг пен ЕАҚ арасындағы өзара қатынастар холдинг пен ЕАҚ тиісті органдары арқылы бекітілген корпоративтік рәсімдердің шеңберінде жүзеге асырылады.
      Корпоративтік басқарудың жалпыға бірдей қағидаттарына сүйене отырып, холдинг пен ЕАҚ-та тәуелсіз директорлардың, корпоративтік хатшының, ішкі аудит қызметінің институттары енгізілді, холдинг пен ЕАҚ Директорлар кеңестерінің жанынан комитеттер құрылды. ЕАҚ корпоративтік құнын жоғарылату, сондай-ақ синергия әсерін күшейту мақсатында холдинг олардың қызметіне, оларды кеңейту немесе біріктіру мүмкіндігіне тұрақты негізде талдау жүргізеді.
      Операциялық қызмет. Холдинг АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын ЕАҚ инвестициялық активтерін тиімді басқаруды және корпоративтік мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының АӨК дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.
      ЕАҚ Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған қызметтің бағыттары бойынша АӨК қолдау жөніндегі іс-шараларды іске асырады. ЕАҚ қызметінің күшті жақтары қызметінің нақты бағыттары шеңберінде АӨК қолдаудың жинақталған тәжірибесінің болуы, сондай-ақ АӨК субъектілеріне қаржылық және өзге де қызметтерді көрсету бойынша өңірлік желілері мен қалыптасқан инфрақұрылымының болуы болып табылады.
      Холдинг компанияларының тобында қаржылық, өндірістік және инфрақұрылымдық ресурстарды шоғырландыру АӨК дамуына бірлескен және келісілген қолдау көрсетуден синергетикалық әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
      Бұл ретте, холдингтің ЕАҚ өзінің операциялық қызметінде едәуір өзгешеленетінін, олардың қызметінің бейіні біртекті еместігін, холдингтің жекелеген қаржы институттарында қосарланушылық элементтері бар екенін атап өту қажет.
      Осыған байланысты, ЕАҚ функцияларын қайта құрылымдау жөнінде жұмыс жүргізілетін болады, қолдаудың ұқсас құралдарын алып тастау бойынша шаралар қабылданады. Холдингтің еншілес және тәуелді компанияларының саны олардың қызметі бағыттарының қосарланушылығын болдырмау мақсатында оңтайландырылатын болады. Бейінді емес компаниялар бәсекелес ортаға берілетін болады.
      Сондай-ақ, холдинг пен ЕАҚ арасында бірыңғай ақпараттық кеңістік жоқ, бұл олардың өзара іс-қимылының тиімділігін төмендетеді.
      Жоғары кредит рейтингілерінің болуы холдингке ішкі және сыртқы капитал нарықтарынан салыстырмалы «арзан» қаржы ресурстарын тартуға мүмкіндік береді.
      ЕАҚ одан әрі сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін олардың қызметін елдің АӨК қолдаудың нақты нәтижелеріне қол жеткізуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық даму құжаттарында айқындалған қызметке шоғырландыру қажет.
      Қазіргі уақытта холдинг пен ЕАҚ қызметінде нақты құрылымдалған бизнес-процестердің болмауына байланысты холдинг пен ЕАҚ бизнес-процестердің бірыңғай корпоративтік стандарттарын енгізуді жүзеге асыру талап етіледі, ол АӨК дамуын қолдау бойынша холдинг компаниялар тобының қызметінің операциялық нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.
      Холдингтің күшті жағы АӨК қаржылық, сол сияқты ұйымдық-әкімшілік мемлекеттік қолдау болып табылады. Холдингтің АӨК қажеттіліктерін қаржыландыру үшін бюджеттік ресурстарды тартуға мүмкіндігі бар, ол холдинг компаниялары тобының қызметінде басты рөл атқарады.
      Қаржылық жағдайы. Холдингтің компаниялар тобының қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау активтерінің кірістілігін және капиталдың орташа нарықтық деңгейден төмен рентабельділігін көрсетеді, бұл Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінде ескерілген мөлшерлемелер бойынша «арзан» кредиттік ресурстарды беру арқылы АӨК субъектілерін қаржыландырудың жеңілдікті сипатымен байланысты.
      Қазіргі уақытта ұлттық банк жүйесі институционалдық қиындықты бастан кешіріп отырғанын және елдің АӨК дамыту үшін толыққанды ресурстың көзі бола алмайтынын, ал отандық инвесторлардың инвестициялық капиталы өз көлемі бойынша аса шектеулі екенін есепке ала отырып, холдингтің компаниялар тобы орта мерзімді перспективада АӨК субъектілерінің қажеттілігін қаржыландыру нарығына өзінің қатысуын кеңейтуге және осы арқылы АӨК қолдаудың нәтижелілігін арттыруға мүмкіндігі бар.
      Корпоративтік басқару. Қазіргі уақытта холдинг компанияларының тобында корпоративтік басқарудың жалпы деңгейін жоғарылатуға, оның ішінде директорлар кеңесінің тиімділігін арттыруға және тәуелсіз директорлардың рөлін күшейтуге қажеттілік бар.
      Корпоративтік басқару жүйесін дамыту шеңберінде холдинг компаниялары тобында корпоративтік басқарудың қолданыстағы жүйесіне диагностика жүргізу және диагностика қорытындысы бойынша корпоративтік басқаруды әрі қарай жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қалыптастыру жоспарланады.
      Холдинг компаниялары тобында ұлттық заңнаманың міндетті талаптарын және ЕАҚ-тың корпоративтік басқарудың озық тәжірибелерін енгізуге бейімділігін сақтау есебінен корпоративтік басқару деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз етеді.
      Бұл ретте, холдингте және ЕАҚ-да корпоративтік басқару рейтингі жоқ екенін атап өту қажет, ол холдингтің компаниялары тобы шеңберінде корпоративтік басқарудың озық тәжірибесін қолданудың тиімділігін төмендетеді.
      Холдинг компаниялары тобында сапа менеджменті жүйесін дамыту шеңберінде холдинг компаниялары тобында сапа менеджменті жүйелерін енгізудің ағымдағы жай-күйіне тәуелсіз диагностика жүргізуге ниетті.
      Диагностика қорытындысы бойынша холдингтің компаниялары тобының сапа менеджменті жүйесінің стандарттарына сәйкестігінің халықаралық сертификаттарын алу және растау бойынша жұмысты жүргізуді холдинг қамтамасыз ететін болады.
      АӨК жай-күйінің жалпы төмен деңгейі холдинг компаниялары тобының АӨК субъектілерін нәтижелі қолдауды жүзеге асыруына қатер болуы мүмкін:
      1) жеткілікті кепілдікті қамтамасыз етуді тартуға мүмкіндік бермейтін АӨК субъектілерінің материалдық-техникалық базасының әбден тозуы;
      2) ЕАҚ қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шығындарын жоғарылататын көліктік-логистикалық инфрақұрылымның дамуының төменгі деңгейі;
      3) мал шаруашылығы саласында жобаларды іске асыру тәуекелдерін жоғарылататын мал шаруашылығындағы эпизоотикалық қолайсыз жағдайдың сақталуы;
      4) қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру тиімділігін төмендететін АӨК субъектілерінің жер, су және қаржы ресурстарының тиімсіз пайдаланылуы;
      5) ЕАҚ-тың ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен қайта өңдеудің перспективалық салаларын қаржыландыру мүмкіндігін төмендететін Қазақстанның аграрлық секторының тауар номенклатурасы бойынша әлемдік саудаға тартылуының төмен деңгейі.

Холдингтің қызметін SWOT талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

мемлекеттік қолдау;
АӨК индустриялық дамытудың басым бағыттарына ресурстарды шоғырландыру;
АӨК дамыту үшін Холдингте қаржы және инфрақұрылымдық ресурстарды шоғырландыру;
ЕАҚ аграрлық сектордағы қаржы қызметтерін көрсетуге ұзақ мерзімді мамандануы;
ЕАҚ филиалдары мен өкілдіктерінің кеңейтілген өңірлік желісінің болуы;
АӨК субъектілеріне қызмет көрсету бойынша қалыптасқан инфрақұрылым (КС, МҚҰ, ААКО);
біліктілігі жоғары персонал, АӨК қаржылай және қаржылай емес қолдау бойынша ЕАҚ жинақталған жұмыс тәжірибесі;
аграрлық салаға кредит беру нарығындағы едәуір үлесі (АӨК-дегі барлық қарыздардың жартысына жуығы холдингтің еншілес компанияларымен берілген);
АШТӨ кең клиенттік базасы;
капиталдың сыртқы нарықтарына қарағанда қымбат емес ресурстарды тартуға мүмкіндік беретін жоғары кредиттік рейтингілердің болуы;
АӨК субъектілеріне нарықтағыдан төмен мөлшерлеме бойынша кредит беру;
ішкі астық нарығындағы ахуалға елеулі ықпал ету.

«арзан» ресурстарды тарту нарықтарының шектеулі болуы;
кредиттік қоржынның тәуекелі жоғары салаға шоғырлануы;
холдинг қызметінің кірістілігін жоғарылату үшін және қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелерді көтеру есебінен салалық тәуекелдерді хеджирлеу үшін мүмкіндіктердің шектеулі болуы;
кепілдікті қамтамасыз етуде ауылдық жерлерде басымдықты орналасқан өтімділігі төмен мүліктің болуы.

Мүмкіндіктері

Қатерлері

АӨК дамыту үшін түрлі көздерден, оның ішінде сыртқы көздерден қарыздар мен инвестицияларды тарту;
инвестициялық жобаларды қаржыландыру арқылы АӨК-де еңбек өнімділігінің өсімін ынталандыру;
шағын және орта бизнес өкілдері үшін кредиттерге қолжетімділікті қамтамасыз ету;
АӨК субъектілеріне қызмет көрсету жөніндегі инфрақұрылымды дамыту және кеңейту (КС, МҚҰ, ААКО);
бизнес-процестерді оңтайландыру, АӨК субъектілерін қолдаудың жаңа құралдарын енгізу;
холдинг компаниялары тобының оң қаржы нәтижелерін және орнықты дамуын қамтамасыз ету;
холдинг компаниялары тобын корпоративтік басқаруды жетілдіру және синергетикалық әсерді күшейту.

«арзан» ресурстарды тарту нарықтарына қолжетімділіктің төмендеуі;
қолайсыз табиғи-климаттық өзгерістердің салдарынан қарыз алушылардың кредитті өтеуге қабілеттілігінің нашарлауы;
ішкі және сыртқы азық-түлік нарықтарындағы баға конъюнктурасының қолайсыз өзгеруі;
сыртқы қарыз алу құнының қымбаттауы.

      Ұсынылған талдау холдинг өзінің күшті жақтарының есебінен, анықталған әлсіз жақтарын күшейту және қазіргі қатерлерді бейтараптандыру арқылы қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану кезінде қол жеткізе алатын стратегиялық даму бағыттары мен мақсаттарын айқындау мақсатында жүргізілді.
      Холдинг қызметінің стратегиялық бағыттары Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында айқындалған АӨК дамытудың негізгі міндеттеріне сәйкес келеді (холдингтің 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясының 2-қосымшасы).

2. Миссиясы мен пайымдауы

Холдингтің миссиясы

      Холдингтің миссиясы нәтижелілік, ашықтық және холдингтің құрылымдарын тиімді корпоративтік басқару қағидаттарында АӨК индустриялық дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Холдингтің пайымдауы

      Холдинг 2020 жылға қарай Қазақстан Республикасының АӨК салаларының тиімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласында жетекші басқарушы компания болады.
      Ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды стратегиялық жобаларының қаржылық операторы бола отырып, холдинг АӨК өндірістік, ақпараттық және сервистік инфрақұрылымын әрі қарай дамытуды жүзеге асыру арқылы мемлекеттік және тартылған қаражатты қолжетімді, мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін болады.
      2020 жылға қарай холдинг және оның барлық еншілес құрылымдары корпоративтік басқару рейтингісіне ие болады, ол қызметінің ашықтығы мен адам әлеуетін дамытудың жоғары критерийлері негізінде холдинг компаниялары тобының корпоративтік дамуының жоғары мәдениетін растайтын болады.

3. Қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері,
қызметінің түйінді көрсеткіштері, күтілетін нәтижелер

      1-стратегиялық бағыт. Индустрияландыру және әртараптандыру арқылы АӨК еңбек өнімділігінің өсуін ынталандыру.
      1-мақсат. Қазіргі заманғы агротехнологияларды қолдану арқылы жоғары технологиялық (инновациялық) жобаларды қаржыландыру есебінен еңбек өнімділігінің өсімі.
      Міндеттері:
      1) салалық басымдықтарға сәйкес АӨК-де холдингтің компаниялар тобының инвестициялық саясатын қалыптастыру;
      2) АӨК субъектілерін, инвестициялық, оның ішінде инновациялық жобаларды қаржыландыру үшін қаражаттар тарту;
      3) инвестициялық (benchmark) жобаларды іске асыруға, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында тікелей қатысу процестерін басқару;
      4) лизинг құралдары арқылы АӨК техникалық және технологиялық жаңартуға жәрдемдесу;
      5) АӨК кластерлік дамытуға жәрдемдесу;
      6) «жасыл технологияларды» енгізуге жәрдемдесу.
      Қызметінің түйінді көрсеткіштері:
      1) холдинг қаржыландырған жобалар шеңберінде кәсіпорындардағы еңбек өнімділігі, 1 жұмыскерге мың теңге;
      2) жобаларды қаржыландырудың жалпы көлеміндегі инновациялық жобаларды қаржыландыру үлесі, %;
      3) ауылшартехникасын субсидияланған сатып алудың жалпы көлеміндегі ауылшартехникасын сатып алуды қаржыландыру үлесі, %-бен.
      Күтілетін нәтижелер.
      1-стратегиялық бағыттың мақсаттарына қол жеткізу нәтижесінде қазіргі заманғы технологияларды енгізуді көздейтін және еңбек өнімділігінің артуына ықпал ететін инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы агроөнеркәсіптік секторды индустрияландыру және әртараптандыру деңгейі көтеріледі.
      Он жыл ішіндегі ауылшартехникасын субсидияланған сатып алудың жалпы көлеміндегі ауылшартехникасын сатып алуды қаржыландыру үлесі орташа 31 %-ды құрайды.
      Инвестициялық (benchmark) жобаларды іске асыруға тікелей қатысу процестерін басқару жеке бизнес пен шетелдік инвесторларды агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жаңа жобаларды енгізуге тартуға мүмкіндік береді.
      «Жасыл технологияларды» енгізудің арқасында ауыл шаруашылығы өндірісінде экологиялық таза өнім өндірісі бойынша мүмкіндіктер кеңейеді.
      2-стратегиялық бағыт. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу.
      1-мақсат. Ішкі азық-түлік нарықтарын отандық ауыл шаруашылығы өнімдерімен және оның қайта өңделген өнімдерімен молықтыру.
      Міндеттері:
      1) Астана мен Алматы қалаларының айналасындағы азық-түлік белдеуі шеңберінде АӨК субъектілерін ЕАҚ қаржыландыру процестерін үйлестіру;
      2) маркетингтік және сауда инфрақұрылымын және логистиканы дамыту;
      3) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, сатып алу және өткізуді қаржыландыруды жоспарлау және мониторингі.
      Қызметінің түйінді көрсеткіші:
      холдинг компаниялары тобының ресурстары есебінен қаржыландырылған жобалар бойынша еттің, сүттің және олардың қайта өңделген өнімдері өндірісінің көлемі, тонна;
      Күтілетін нәтижелер.
      2-стратегиялық бағыттың мақсаттарына қол жеткізу нәтижесінде жобаларды, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және өткізуді қаржыландыруды кеңейту есебінен отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі және қайта өңдеу көлемі өсетін болады.
      Холдингтің Астана мен Алматы қалаларының айналасындағы азық-түлік белдеуі шеңберінде АӨК субъектілерінің іске асырылатын жобаларын ЕАҚ қаржыландыру процестерін үйлестіруі оларды ЕАҚ қарастыруының және қаржыландыруының басымдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
      Маркетингтік және сауда инфрақұрылымын және логистиканы дамытудың арқасында АӨК субъектілері нарықтарда және қалалардың сауда желілерінде өнімдерін өткізу көлемін, оның ішінде өнімдерді соңғы тұтынушыға дейін жеткізу кезіндегі делдалдық буындардың санын азайту есебінен ұлғайту мүмкіндігін алады.
      3-стратегиялық бағыт. АӨК экспорттық әлеуетін дамытуға және іске асыруға жәрдемдесу.
      1-мақсат. АӨК экспорттық әлеуетін дамыту.
      Міндеттері:
      1) экспортқа бағдарланған жобаларды ЕАҚ жоспарлауы және мониторингі;
      2) қарқынды және шалғайдағы мал шаруашылығын, жемшөп өндірісін дамыту жөніндегі инвестициялық саясатты қалыптастыру;
      3) ЕАҚ астықты сақтау және экспорттау үшін инфрақұрылымды кеңейту жөніндегі жұмысын үйлестіру;
      4) ЕАҚ ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын, оның ішінде оның географиясын ұлғайту жөніндегі жұмысын ұйымдастыру;
      5) еліміздің аумағында және шетелдерде көрмелік-жәрмеңкелік іс-шараларды, бизнес-форумдарды, конференцияларды өткізуге қатысу.
      Қызметінің түйінді көрсеткіштері:
      1) аграрлық сала экспортының жалпы көлеміндегі холдинг компаниялары тобының ресурстары есебінен өндірілген экспортталған өнімнің үлесі, %;
      2) холдинг компаниялары тобының ресурстары есебінен құрылған астық сақтау қуаттарын іске қосу, оның ішінде «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы экспорттық бағыттағы астық терминалдары мен астық қоймаларының құрылысы, жылына/мың тонна.
      Күтілетін нәтижелер.
      3-стратегиялық бағыттың мақсаттарына қол жеткізу нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімінің және оның қайта өңделген өнімдерінің географиясы кеңейтілетін болады.
      Бірыңғай астық холдингін құру бірыңғай экспорттық саясатты жүргізуге және астықты кепілдікті өткізуге, астық экспортының инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді.
      Астықты сақтау инфрақұрылымын дамыту мақсатында елдің негізгі астық егумен айналысатын өңірлерінде астық сақтау үшін жаңа қуаттарды салу және жұмыс істеп тұрғандарын жаңарту жүзеге асырылды.
      Астық экспортының батыс және оңтүстік бағыттарын дамыту және Қытай Халық Республикасына экспортты кеңейту мақсатында елдің оңтүстік және батыс өңірлерінде астықты аудару үшін жаңа қуаттардың құрылысы жүзеге асырылатын болады.
      4-стратегиялық бағыт. АӨК субъектілерін қолдау жөніндегі қызметтің қолжетімділігін арттыру.
      1-мақсат. АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру.
      Міндеттері:
      1) АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру шараларын жүргізу үшін капиталдың ұйымдасқан нарықтарынан қаражат тарту;
      2) АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыруды жүргізу үшін ЕДБ қорландыру;
      3) холдинг ЕАҚ-ның АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру процесін үйлестіру.
      Қызметінің түйінді көрсеткіштері:
      1) қаржылай сауықтыру үшін тартылған қаражат көлемі, млрд. теңге;
      2) холдингтің ЕАҚ қарыз алушыларын қаржылай сауықтыруды жүргізу үшін орналастырылған қаражаттың көлемі, млрд. теңге;
      3) холдингтің ЕАҚ қаржылай сауықтырудан өткен қарыз алушыларының кредиттік және лизингтік шарттарының саны, бірл.
      2-мақсат. АӨК-тің қолжетімді қаржылық, өндірістік және сервистік инфрақұрылымын дамыту.
      Міндеттері:
      1) «бір терезе» қағидаты бойынша ЕАҚ қызметін ұсынуды ұйымдастыру;
      2) ауылдық тұтынушылар кооперациясын дамытуға жәрдемдесу;
      3) астық және мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындауға кепілдік беру жүйесінің орнықтылығын арттыру;
      4) агробизнесті дамыту үшін көрсетілетін ақпараттық-маркетингтік қызметті ұсыну жүйелерін жетілдіру;
      5) ауылдық жерлерде шағын кредит беруді дамыту;
      6) холдингтің ЕАҚ клиенттері базасын ұлғайту процесін үйлестіру;
      7) кейіннен АӨК субъектілеріне кредит беру үшін ЕАҚ, ЕДБ қорландыру;
      8) кейіннен АӨК субъектілеріне кредит беру үшін КС қорландыру;
      9) кейіннен АӨК субъектілеріне кредит беру үшін МҚҰ қорландыру;
      10) ауылдық жерлерде кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлерін қолдауды ұйымдастыру.
      Қызметінің түйінді көрсеткіштері:
      1) ЕДБ, МҚҰ және КС қорландыру көлемі, млрд. теңге;
      2) холдингтің және қорландырылған қаржы ұйымдарының қызметін пайдаланушылардың өсімі, %.
      Күтілетін нәтижелер.
      4-стратегиялық бағыттың мақсаттарына қол жеткізу нәтижесінде АӨК-те бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы саласына инвестицияларды ұлғайту үшін қолайлы жағдайлар жасалатын болады.
      ЕАҚ, ЕДБ, КС, МҚҰ қорландыру нәтижесінде филиалдарының дамыған желілері бар қолдағы банк инфрақұрылымы, кредиттік және микрокредиттік мекемелерінің желісі есебінен АӨК субъектілері мен ауыл тұрғындарының жеңілдікті қаржыландыруға қолжетімділігі кеңейеді.
      Қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру, сондай-ақ АӨК субъектілерінің берешек қарыздарын өтеу үшін қаржыландыру арқылы қаржылай сауықтыру шараларын өткізу төлем қабілеттілігін жақсартуға, кредиттік жүктемені төмендетуге және АӨК субъектілерінің банкроттық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
      5-стратегиялық бағыт. Корпоративтік басқару сапасын және холдинг қызметінің ашықтығын арттыру.
      1-мақсат. Холдингтің активтерін басқарудың тиімділігін арттыру.
      Міндеттері:
      1) меншікті капиталы мен активтерінің тиімділігін арттыру;
      2) қаржыландырылған жобалардың мониторингі жүйесін жетілдіру;
      3) несие қоржынының сапасын басқару;
      4) холдинг компаниялары тобының қызметінде тәуекел-менеджменттің рөлін арттыру;
      5) борыш жүктемесінің коэффициенттерін белгілеу және мониторингілеу арқылы холдинг компаниялары тобының борыштық міндеттемелерін басқару;
      6) холдинг компаниялары тобына инновацияларды енгізу және дамыту;
      7) холдингтің кредиттік рейтингілерін ұстау.
      Қызметінің түйінді көрсеткіштері:
      1) ROA, ROE;
      2) холдингтің ЕАҚ кредиттік қоржыны бойынша қалыптасқан резервтердің (провизиялардың) оңтайлы деңгейін ұстау, 18 %-дан артық емес;
      3) холдинг компаниялары тобының қызметіне инновациялар енгізу дәрежесі, %.
      2-мақсат. Корпоративтік басқару жүйесі тиімділігінің өсуі.
      Міндеттері:
      1) ұйымдық құрылымдарды оңтайландыру, холдингтің ЕАҚ қызметінің қосарланушылығын болдырмау және бейінді емес активтерін шығару;
      2) АӨК субъектілеріне қызмет көрсету бойынша бизнес-процестерді оңтайландыру;
      3) адам әлеуетін дамыту және холдингте еңбекақы төлеу жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру.
      Қызметінің түйінді көрсеткіштері:
      1) холдинг компаниялары тобының корпоративтік басқару рейтингісін алу;
      2) қызметкерлердің моральдық-психологиялық климатқа және еңбекақы төлеу жүйесіне қанағаттанушылығының %-ы (қызметкерлердің кемінде 80 %-ы);
      3-мақсат. Холдинг компаниялары тобы қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.
      Міндеттері:
      1) холдинг пен ЕАҚ-тың бірыңғай брендін әзірлеу және алға жылжыту;
      2) холдинг компаниялары тобын басқару органына қоғамдық ұйымдардың өкілдерін кіргізу;
      3) БАҚ-та холдинг пен ЕАҚ ақпараттық-имидждік қызметін жандандыру.
      Қызметінің түйінді көрсеткіштері:
      1) 2014 – 2015 жылдары холдинг пен ЕАҚ үшін бірыңғай бренд жасау;
      2) холдинг пен ЕАҚ қызметі туралы БАҚ-та ескерілуінің жыл сайынғы санының 5 %-ға өсуі.
      Күтілетін нәтижелер.
      Холдингте және ЕАҚ-та корпоративтік басқаруды дамыту ұйымдар қызметінің тиімділігін едәуір жоғарылатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ АӨК қызмет ететін жеке компанияларда қолдану үшін дайын басқару жүйесінің ашық үлгісі болады.
      Холдинг пен ЕАҚ-та тәуекел-менеджментін дамыту олардың қызметінің ашықтығына қол жеткізуге, сондай-ақ ресурстарды тиімді және ашық басқаруға ықпал етеді, ол сыртқы кредиторлар үшін тартымдылықты жоғарылатады.
      Агробизнеске қызмет көрсету бойынша бизнес-процестерді оңтайландыру нәтижесінде АӨК субъектілері үшін қолжетімділік артатын болады, ашықтық қамтамасыз етіледі және қаржыландыруға өтінімдерді қарастыру мерзімдері қысқарады, қаржыландырылған жобалардың дерекқоры қалыптасады.
      Инновацияларды дамыту және енгізу бизнес-процестерді автоматтандыру және қазіргі заманғы технологиялар мен басқару стандарттарын енгізу арқылы АӨК дамуын қолдау туралы шешім қабылдаудың жылдамдығы мен сапасын айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік береді.
      Баяндалған қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері және түйінді көрсеткіштері 3-қосымшадағы иерархиялық схемада көрсетілген.

Холдингтің даму стратегиясын іске асыру кезеңдері

      Холдингтің 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясы екі кезеңмен іске асырылады.
      Бірінші кезең 2011 – 2015 жылдарды қамтиды. Бірінші кезең шеңберінде:
      1) Бірыңғай астық холдингін құру;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 877 қаулысымен бекітілген «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2011 – 2015 жылдарға арналған кешенді жоспарында холдингке бекітілген іс-шараларды іске асыру;
      3) АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыруды жүргізуге қаражат тарту;
      4) холдингтің ЕАҚ қарыз алушыларын қаржылай сауықтыру бойынша қажетті рәсімдер жүргізу;
      5) «Агробизнес – 2020» салалық бағдарламасына сәйкес АӨК субъектілерін қолдаудың қолданыстағы құралдарын жетілдіру және жаңа құралдарын жасау;
      6) холдинг пен ЕАҚ үшін бірыңғай бренд қалыптастыру;
      7) корпоративтік басқару жүйесінің және сапа менеджменті жүйесінің диагностикасын жүргізу жоспарлануда.
      Екінші кезең 2016 – 2020 жылдары іске асырылады, оның шеңберінде:
      1) холдингтің АӨК кластерлік дамуына қатысу тетігін қалыптастыру және іске асыру;
      2) холдинг қаржыландырған жобалар бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің экспорты көлемінің өсімі;
      3) экспорттық бағыттардағы астық терминалдары мен астық қоймаларының құрылысы;
      4) АӨК дамытудың басым бағыттары бойынша инвестициялық (benchmark) жобаларды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында іске асыру;
      5) холдингтің компаниялар тобында ұлттық заңнаманың міндетті талаптарын және компанияның корпоративтік басқарудың озық тәжірибелерін енгізуге бейімділігін сақтау есебінен корпоративтік басқару деңгейін жоғарылату жоспарланады.
      Екі кезең бойы холдинг АӨК субъектілерін қаржыландыруды кеңейту, қолдау құралдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету, ЕАҚ қызметінің тиімділігін жоғарылату, холдинг компаниялары тобының ұйымдық құрылымын оңтайландыру, қойылған стратегиялық міндеттерді іске асыру бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы  
холдингі» акционерлік қоғамының
2011 – 2020 жылдарға арналған
даму стратегиясына      
1-қосымша           

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011
– 2020 жылдарға арналған қызметінің стратегиялық бағыттары
бойынша қызметінің түйінді көрсеткіштерінің (бұдан әрі – ҚТК)
мағынасын ашу

      1-стратегиялық бағыт. «Индустрияландыру және әртараптандыру арқылы АӨК еңбек өнімділігінің өсуін ынталандыру».
      1-мақсат. Қазіргі заманғы агротехнологияларды қолдану арқылы жоғары технологиялық (инновациялық) жобаларды қаржыландыру есебінен еңбек өнімділігінің өсімі.

ҚТК-нің атауы

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1 ҚTК.
Холдинг қаржыландырған жобалар шеңберіндегі кәсіпорындардағы еңбек өнімділігі, 1 жұмыскерге мың теңге

221,3

427,3

1554

1834

1875

2250

2850

3150

3600

4200

4950

5550

2 ҚTК.
Жобаларды қаржыландырудың жалпы көлеміндегі инновациялық жобаларды қаржыландыру үлесі, %



25

26

27

28

29

30

31

32

33

35

3 ҚТК.
Ауылшартехникасын субсидияланған сатып алудың жалпы көлеміндегі ауыл шартехникасын сатып алуды қаржыландыру үлесі, %-бен.





38,4

27,6

30,8

30,8

30,4

29,9

29,5

29,4

      2-стратегиялық бағыт. «Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу».
      1-мақсат. Ішкі азық-түлік нарықтарын отандық ауыл шаруашылығы өнімдерімен және оның қайта өңделген өнімдерімен молықтыру

ҚТК-нің атауы

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1 ҚТК.
Холдинг компаниялары тобының ресурстары есебінен қаржыландырылған жобалар бойынша еттің, сүттің және олардың қайта өңделген өнімдері өндірісінің көлемі, мың тонна:


ет және ет өнімдерін өндіруі:

19,8

26,1

33,4

57,4

69,4

77,2

82,6

88,3

94,5

101,1

108,2

115,8

оның ішінде Астана қаласының нарығына жеткізілгені

0,5

0,5

1,2

2,2

2,3

2,3

2,4

2,5

2,6

2,7

2,8

2,9

оның ішінде Алматы қаласының нарығына жеткізілгені

1,0

0,9

0,7

16,4

20,4

21,0

22,0

23,1

24,3

25,5

26,8

28,1

сүт және сүт өнімдерін өндіруі:

52,5

61,8

98,8

105,0

123,3

137,9

147,5

157,8

168,9

180,7

193,4

206,9

оның ішінде Астана қаласының нарығына жеткізілгені

5,0

5,9

4,5

8,9

9,3

9,5

9,9

10,4

10,9

11,4

11,9

12,5

оның ішінде Алматы қаласының нарығына жеткізілгені

2,1

19,3

1,7

2,3

4,1

4,3

4,5

4,7

4,9

5,2

5,4

5,7

      3-стратегиялық бағыт. «АӨК экспорттық әлеуетін дамытуға және іске асыруға жәрдемдесу».
      1-мақсат. АӨК экспорттық әлеуетін дамыту.

ҚТК-нің атауы

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1 ҚТК.
Аграрлық сала экспортының жалпы көлеміндегі холдинг компаниялары тобының ресурстары есебінен өндірілген экспортталған өнімнің үлесі, %

2,8

2,2

0,14

0,86

1,3

1,7

1,9

2,2

2,5

2,8

3,1

3,4

2 ҚTК.
Холдинг компаниялары тобының ресурстары есебінен құрылған астық сақтау бойынша қуаттарды іске қосу, жылына/мың тонна


170

84

14

77,5

222

300

336,5

100

100



оның ішінде «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы экспорттық бағыттағы астық терминалдары мен астық қоймаларының құрылысы, жылына/мың тонна







100

50

100

100



      4-стратегиялық бағыт. «АӨК субъектілерін қолдау жөніндегі қызметтің қолжетімділігін арттыру».
      1-мақсат. АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру.

ҚТК-нің атауы

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1 ҚТК.
Қаржылай сауықтыру үшін тартылған қаражат көлемі, млрд. теңге





150

150







2 ҚТК.
Холдингтің ЕАҚ қарыз алушыларын қаржылай сауықтыруды жүргізу үшін орналастырылған қаражаттың көлемі, млрд. теңге





1,07

20,5







3 ҚТК.
Холдингтің ЕАҚ қаржылай сауықтырудан өткен қарыз алушыларының кредиттік және лизингтік шарттарының саны, бірл.





23

485







      2-мақсат. АӨК-тің қолжетімді қаржылық, өндірістік және сервистік инфрақұрылымын дамыту.

ҚТК-нің атауы

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1 ҚТК.
ЕДБ, МҚҰ және КС қорландыру көлемі, млрд. теңге





3

5

8

12

14

16

18

20

2 ҚТК.
Холдингтің және қорландырылған қаржы ұйымдарының қызметін пайдаланушылардың өсімі, %

100

100

111,9

112

101,3

101,5

101,7

101,9

102

102,3

102,4

103

      5-стратегиялық бағыт. «Корпоративтік басқару сапасын және холдинг қызметінің ашықтығын арттыру».
      1-мақсат. Холдингтің активтерін басқарудың тиімділігін арттыру.

ҚТК-нің атауы

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1 ҚТК.
ROA, %

0,74

0,81

0,83

0,37

0,33

0,24

0,25

0,26

0,29

0,32

0,36

0,41

ROE, %

0,86

1,03

1,05

0,46

0,48

0,43

0,47

0,50

0,57

0,64

0,73

0,84

2 ҚТК.
Холдингтің ЕАҚ несие қоржыны бойынша қалыптасқан резервтердің (провизиялардың) оңтайлы деңгейін ұстау, 18 %-дан артық емес

9

17,9

9,58

12,6

18

18

18

18

18

18

18

18

3 ҚТК.
Холдинг компаниялары тобының қызметіне инновациялар енгізу дәрежесі, %




4,24

4,38

9,06

2,81

1,56

1,25




      2-мақсат. Корпоративтік басқару жүйесі тиімділігінің өсуі.
      1-ҚТК. Холдинг компаниялары тобының корпоративтік басқару рейтингісін алуы

Компаниялардың атауы

Жоспарлы күні

1

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ

2015

2

«ҚазАгроҚаржы» АҚ

2015

3

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ

2015

4

«Қазагромаркетинг» АҚ

2015

5

«ҚазАгроКепіл» АҚ

2015

6

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ

2015

7

«ҚазАгроӨнім» АҚ

2015

8

холдинг

2016

      2-ҚТК. Қызметкерлердің моральдық-психологиялық климатқа және еңбекақы төлеу жүйесіне қанағаттанушылығының %-ы (қызметкерлердің кемінде 80 %-ы);

ҚТК-нің атауы

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Қызметкерлердің моральдық-психологиялық климатқа және еңбек ақы төлеу жүйесіне қанағаттанушылығының %-ы (қызметкерлердің кемінде 80 %-ы);

80

80

80

82,5

84

86

88

90

92

94

96

98

      3-мақсат. Холдинг компаниясы тобы қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.
      1-ҚТК. 2014 – 2015 жылдары холдинг пен ЕАҚ үшін бірыңғай бренд жасау

Компаниялардың атауы

Жоспарлы күні

1

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ

2015

2

«ҚазАгроҚаржы» АҚ

2015

3

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ҰК» АҚ

2015

4

«Қазагромаркетинг» АҚ

2015

5

«ҚазАгроКепіл» АҚ

2015

6

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ

2015

7

«ҚазАгроӨнім» АҚ

2015

8

холдинг

2015

      2-ҚТК. Холдинг пен ЕАҚ қызметі туралы БАҚ-та ескерілуінің жыл сайынғы санының 5 %-ға өсуі.

ҚТК-нің атауы

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Холдинг пен оның еншілес акционерлік қоғамдарының қызметі туралы БАҚ-та ескерілуінің жыл сайынғы санының 5 %-ға өсуі.

100

50

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы  
холдингі» акционерлік қоғамының
2011 – 2020 жылдарға арналған
даму стратегиясына      
2-қосымша           

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
қызметінің 2011 – 2020 жылдарға арналған стратегиялық
бағыттарының негіздемесі

      Ескертпе:

2010 – 2014 жылдарға арналған ҮИИДМБ

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы;

«Қазақстан – 2050» стратегиясы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы;

«Агробизнес – 2020» бағдарламасы

«Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес - 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысы

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы  
холдингі» акционерлік қоғамының
2011 – 2020 жылдарға арналған
даму стратегиясына      
3-қосымша          

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
қызметінің 2011 – 2020 жылдарға арналған стратегиялық
бағыттарының шежіресі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады