"2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1437 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» деген 8-функционалдық топта:
      696 «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі» әкімшісі бойынша:
      011 «Спорт саласындағы бюджеттік инвестициялар» деген бағдарламада:
      100 «Спорт объектілерін салу және реконструкциялау» деген кіші бағдарламада:
      «2013 жыл» деген бағанда:
      «Ақмола облысы» деген жолдағы «1 150 000» деген сандар «1 240 000» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ақмола облысы Щучинск қаласындағы шаңғы спортының республикалық базасын салу (I және II кезек)» деген жолдағы «1 150 000» деген сандар «1 240 000» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Астана қаласы» деген жолдағы «3 350 000» деген сандар «3 260 000» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Астана қаласында көп функционалды «Олимпиадалық даярлау орталығы» спорттық кешенін салу (сыртқы инженерлік желісіз)» деген жолдағы «3 350 000» деген сандар «3 260 000» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады