"Мемлекеттiк театрларды, мұражайларды, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарын субсидиялау мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 қазандағы № 1211 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1467 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 322 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 322 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Мемлекеттiк театрларды, мұражайларды, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарын субсидиялау мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 қазандағы № 1211 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 58, 823-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрғындар үшiн театр, мәдени-демалыс және концерт iс-шараларына қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнердi насихаттауға байланысты залалды жабуға бюджеттiк субсидиялар бөлу қағидаларында:
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттен бюджеттiк субсидиялар бөлуді бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал көлемін шегере отырып, мемлекеттiк театрлардың, мәдени-демалыс және концерт ұйымдарының залалын өтеуге бағыттау арқылы жүзеге асырады.
      4. Республикалық бюджеттен бюджеттiк субсидиялар бөлу бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте республикалық театрлар мен концерттік ұйымдардың залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген мөлшерден аспауға тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен бюджеттік субсидиялар бөлу бюджеттердi атқару жөнiндегi облыстық, жергілікті уәкiлеттi орган бекiтетiн мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Субсидиялар меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал мөлшерін қоспағанда, ұйымдардың шығындарын өтеуге бөлінеді.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Мемлекеттiк театрлар, мәдени-демалыс және концерт ұйымдары жыл сайын, есептi кезеңнен кейiнгi үшiншi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне даму жоспарларының орындалуы бойынша бекітілген есептерді беруді қамтамасыз етедi.»;
      көрсетілген Қағидалар осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты залалды жабуға бюджеттiк субсидиялар бөлу қағидаларында:
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттен бюджеттiк субсидиялар бөлуді бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал көлемін шегере отырып, мемлекеттiк мұражайлар мен тарихи-мәдени қорықтардың залалын өтеуге бағыттау арқылы жүзеге асырады.
      4. Республикалық бюджеттен бюджеттiк субсидиялар бөлу бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте республикалық мұражайлар мен тарихи-мәдени қорықтардың залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген мөлшерден аспауға тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен бюджеттік субсидиялар бөлу бюджеттердi атқару жөнiндегi облыстық уәкiлеттi орган бекiтетiн мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Субсидиялар меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал мөлшерін қоспағанда, ұйымдардың залалын өтеуге бөлінеді.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Республикалық мұражайлар мен тарихи-мәдени қорықтардың жыл сайын, есептi кезеңнен кейiнгi үшiншi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне даму жоспарларының орындалуы бойынша бекітілген есептерді беруді қамтамасыз етедi.»;
      көрсетілген Қағидалар осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1467 қаулысына     
1-қосымша         

Тұрғындар үшiн театр, мәдени-  
демалыс және концерт iс-шараларына
қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету
жөнiндегi қызметтердi көрсетуге,
классикалық, халықтық, музыкалық
және хореографиялық өнердi  
насихаттауға байланысты залалды 
жабуға бюджеттiк субсидиялар бөлу
қағидаларына           
4-қосымша             

Республикалық театрлар мен концерттік ұйымдардың
тізбесі

Р/с

Ұйымдар атауы

Республикалық бюджеттен субсидия %

1

2

3

1

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» КАҚ

80 %

2

«Күләш Байсейiтова атындағы Ұлттық опера және балет театры» РМҚК

90 %

3

«Абай атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық опера және балет театры» РМҚК

85 %

4

«М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық драма театры» РМҚК

85 %

5

«М. Лермонтов атындағы Мемлекеттiк академиялық орыс драма театры» РМҚК

80 %

6

«Ғ. Мүсiрепов атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры» РМҚК

85 %

7

«Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттiк академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры» РМҚК

90 %

8

«Республикалық мемлекеттiк корей музыкалық комедия театры» РМҚК

95 %

9

«Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттiк ұйғыр музыкалық комедия театры» РМҚК

95 %

10

«Республикалық немiс драма театры» РМҚК

95 %

11

«Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттiк би ансамблi» РМҚК

90 %

12

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк академиялық би театры» РМҚК

95 %

13

«Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттiк филармониясы» РМҚК

90 %

14

«Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық халық аспаптар оркестрi» РМҚК

90 %

15

«Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблi» РМҚК

95 %

16

«Ақ жауын» мемлекеттiк камералық оркестрi» РМҚК

95 %

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      КАҚ – коммерциялық емес акционерлік қоғамы
      РМҚК – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1467 қаулысына     
2-қосымша         

Тарихи-мәдени құндылықтардың 
сақталуын, есепке алынуын,  
жинақталуын және        
реставрациялануын қамтамасыз етуге
байланысты залалды жабуға   
бюджеттiк субсидиялар     
бөлу қағидаларына       
4-қосымша           

Республикалық мұражайлар мен тарихи-мәдени қорық-мұражайлардың
тізбесі

Р/с

Ұйымдар атауы

Республикалық бюджеттен субсидия %

1

2

3

1

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орталық мұражайы» РМҚК

90 %

2

«Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өнер мұражайы» РМҚК

90 %

3

«Сирек кездесетiн қияқты саз аспаптарының мемлекеттiк коллекциясы» РМҚК

92 %

4

«Республикалық кiтап мұражайы» РМҚК

98 %

5

«Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» РМҚК

98 %

6

«Берел» мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК

98 %

7

«Есiк» мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК

98 %

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      РМҚК – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады