"Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1477 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      23 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мүдделі министрліктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Мүдделі министрліктер, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Бағдарламада көзделген іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламада көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Қазақстан Республикасының Статистика агенттiгi осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген жергілікті атқарушы органдар үшін индикаторларын есептік тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей тоқсан сайынғы негізде жариялау бойынша шаралар қабылдасын.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламада:
      «Бағдарлама паспорты» деген 1-бөлімде:
      «Нысаналы индикаторлар» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикаторлар
      2014 жылдың аяғына қарай:
      1. Global-2000-ға енгізілген компаниялар тізімінен тартылған нысаналы инвесторлар санын ұлғайту.
      2. Өңдеуші өнеркәсіпке тікелей шетелдік инвестицияларды (бұдан әрі – ТШИ) кем дегенде 10 %-ға ұлғайту.
      3. Экономиканың шикізаттық емес секторына (өңдеуші өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, көрсетілетін қызметтер) отандық және шетелдік инвестицияларды 2020 жылға қарай кем дегенде 2 есе ұлғайту.
      4. Тікелей шетелдік инвестициялар (бұдан әрі – ТШИ) көлемін жалпы ішкі өнімге (бұдан әрі – ЖІӨ) қатысты бес пайыздық тармаққа ұлғайту.
      5. Инвестициялар көздерін әртараптандыру (әр елдің үлесі 5 % және одан да көп 7 негізгі инвестор ел).
      6. Шет мемлекеттермен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдер жасасу.
      7. 2008 жылмен салыстырғанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдана отырып, инвестициялық жобаларды іске асыруды 2015 жылы кем дегенде 2 есе ұлғайту.
      8. 2011 жылдың аяғына дейін:
      9. Қарағанды қаласында Индустриялық парктің (металлургияны және металл өңдеуді дамыту үшін) және Батыс Еуропа – Батыс Қытай логистикалық қаңқасының (өңдеуші өндірістердің әртүрлі түрлері мен көлік-логистикалық қызметтерін дамыту үшін) негізгі бөлігі ретінде «Қорғас – Шығыс қақпасы» шекара маңындағы сауда-экономикалық аймағы» базасында екі АЭА құру.
      10. 2014 жылдың аяғына дейін Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында салалық бағытталуы әртүрлі үш Индустриялық аймақ (бұдан әрі – ИА) құру.
      11. 2015 жылға қарай ИА-да қатысушылар санын 42-ге дейін ұлғайту.
      12. Шикізаттық емес экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялық өндіріске кәсіпорындардың негізгі капиталына игерілген инвестициялар көлемінің орташа жылдық өсу қарқыны бар инвестициялардың ұлғаюы 2008 – 2014 жылдар кезеңінде АЭА аумақтарында кемінде 40 %-ды құрайды.
      13. Кәсіпорындардың негізгі капиталына игерілген инвестициялар көлемінің орташа жылдық өсу қарқыны бар өндіріске инвестициялардың ұлғаюы 2008 – 2014 жылдар кезеңінде ИА аумақтарында кемінде 20 %-ды құрайды.
      14. 2008 жылға қарағанда 2014 жылы АЭА аумақтарында тауарлар мен көрсетілген қызметтер (жұмыстар) өндірісі көлемдерінің өсуін 80 %-ға ұлғайту.
      15. 2008 жылға қарағанда 2014 жылы ИА аумақтарында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) өндірісі көлемдерінің жыл сайынғы ұлғаюы кемінде 20 %-ды құрайды.
      16. АЭА аумағындағы жұмыс орындары санының жыл сайынғы ұлғаюы кемінде 15 %-ды құрайды.
      17. 2015 жылға қарай шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемін 2008 жылдың деңгейіне қарағанда кем дегенде 30 %-ға ұлғайту жоспарланып отыр.»;
      «Ағымдағы жағдайды талдау» деген 3-бөлімде:
      мынадай мазмұндағы «Инвестициялар тартуды, арнайы экономикалық аймақтар мен экспортты инновациялық-технологиялық дамытуды талдау» деген 3.3.1-кіші бөліммен толықтырылсын:
      «3.3.1 Инвестициялар тартуды, арнайы экономикалық аймақтар мен экспортты инновациялық-технологиялық дамытуды талдау
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыруды бастау инновацияларды дамыту үшін жаңа серпін берді. Осының аясында инновациялық-техникалық даму көрсеткіштерінде елеулі өзгерістер орын алды. Маңызды фактор технологиялық инновацияларға салынған шетелдік инвестициялардың 20 есе - 2,1-ден 40 млрд. теңгеге дейін өсуі болып табылады, олардың үлесі қазіргі уақытта 20 %-ды құрайды. Шығарылатын инновациялық өнім көлемі шамамен үштен бір бөлікке - 142,1-ден 235,9 млрд. теңгеге өсті.
      Алдағы жылдары ТШИ тартудың қалыптасқан жүйесі шеңберінде тиісті өңірдің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының құрылымдық бөлімшелері және еншілес кәсіпорындары ретінде еліміздің барлық өңірлерінде құрылған Инвесторларға қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі - ИҚО) толыққанды қызметіне кедергі болатын бірқатар проблемалық мәселелер шешілетін болады. Инвесторларға операциялық қызмет көрсету үшін ИҚО фронт-офистер болып табылады және клиентпен тікелей қарым-қатынасты жүзеге асырады (бастапқы құжаттарды, қажетті байланыс деректерін және жобаны ілгерілетуді бастау үшін қажетті басқа ақпаратты алу), сондай-ақ шетелдік инвесторлардың өтінішіне жергілікті жерде жедел және дұрыс ден қоюды қамтамасыз етеді.
      Қызмет үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында ИҚО еліміздің өңірлерінде жұмыс істеп жатқан инвесторлармен тұрақты түрде талқылаулар өткізетін болады.
      ИҚО-ны күшейтумен қатар, ТШИ үшін өсіп келе жатқан жаһандық бәсекелестік шеңберінде инвестициялар тарту жөніндегі ұлттық оператордың өкілеттіктерін кеңейту жоспарланып отыр.
      Қазақстанның әл-ауқатын зерттеген АҚШ-тың Ұлттық ғылыми академиясы сарапшыларының бағалауы бойынша Қазақстанда экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және елдің инвестициялық ахуалын жақсарту үшін ғылым мен технологияны пайдалануға мүмкіндік беретін үлкен мүмкіндіктер бар.
      Бүгінгі таңда инвесторлар үшін Қазақстан елеулі дәрежеде бұрынғыдай шикізат секторына салым салуға тартымды. Әзірше шетелдік инвесторлар үшін шикізат секторы мол табысты және тартымды болып қалуда, оларды табысы төмен шикізат секторына, атап айтқанда өңдеуші өнеркәсіп саласына тартуға мемлекет тарапынан көп күш-жігер талап етіледі. Сондықтан мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті – өңірде өңдеуші өнеркәсіпке бағдарланған инвесторлар үшін ең жақсы жағдайлар қалыптастыру. Өңдеуші өнеркәсіп саласында тәуекел факторлары көп болғандықтан, инвесторлар үшін шикізаттық емес секторға заңнаманың тұрақтылығы сияқты маңызды норманы енгізген жөн деп саналады.
      Бұл ретте, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар аумағында өндіріс құруға көп көңіл бөлу қажет. Халықаралық өлшемдер бойынша Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытталуы оның құрылымының кемшілігі болып табылады.»;
      «Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
      «Бағдарламаның нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асырылу нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4.3-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «4.3. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асырылу нәтижелерінің көрсеткіштері

Атауы

Өлш. бірл.

Жауапты мемлекеттік орган

Есеп

Жоспар

2009

2010

2011

2012

2013

2014

Инвестицияларды тарту

Нысаналы индикаторлар:

1

Global – 2000-ға енгізілген компаниялар тізімінен тартылған нысаналы инвесторлар саны

дана

ИЖТМ

1

2

3

4

4

5

2

Өңдеуші өнеркәсіпке тікелей шетелдік инвестициялар кем дегенде 10 %-ға ұлғаяды

%

ИЖТМ

101

103

105

107

109

110

3

Экономиканың шикізаттық емес секторларына (өңдеуші өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, көрсетілетін қызметтер) отандық және шетелдік инвестициялар 2020 жылға қарай кем дегенде 30 %-ға ұлғаяды

%

ЭБЖМ, мүдделі мемлекеттік органдар

100

103

106

109

112

115

4

ТШИ көлемі ЖІӨ-ге қатысты бес пайыздық тармаққа ұлғаяды

%

ЭБЖМ

17,2

17,3

17,4

17,5

13,0

13,5

5

Инвестициялар көздерін әртараптандыру (әр елдің үлесі 5 % және одан да көп 7 негізгі инвестор ел)

бірл.

ЭБЖМ

5

5

6

6

7

7

6

Шет мемлекеттермен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдер жасасу

дана

ЭБЖМ

1

2

2

2

2

2

7

2008 жылмен салыстырғанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдана отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру
2015 жылы кем дегенде 2 есеге ұлғаяды

%

ЭБЖМ, «ҚМЖМӘО» АҚ

3

3

4

4

4

5

1-міндет: инвестицияларды тарту жағдайларын жетілдіру

Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері:


1. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестицияларды ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

саны

ИЖТМ

-

-

1

-

-

-

2. Шет мемлекеттермен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдер жасасу

дана

ЭБЖМ

1

2

2

2

2

2

3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік инвесторлар үшін визалық режимнің оңайлатылған жағдайларын көздеу (инвесторлық виза)


СІМ, ИЖТМ

-

-

1

-

-

-

2-міндет: Қазақстанның оң инвестициялық имиджін ілгерілету

Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері:


1. Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық жобалардың дерекқоры бар инвестициялық веб-портал

саны

ИЖТМ, «Kaznex Іnvest» АҚ

-

-

1

-

-

-

2. 2011 – 2014 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері туралы жарнамалық-ақпараттық мақалалар жарияланатын болады, оның ішінде:

қазақстандық мерзімдік басылымдарда

саны

ИЖТМ, «Kaznex Іnvest» АҚ

-

-

12

12

-

12

халықаралық мерзімдік басылымдарда

саны

ИЖТМ, «Kaznex Іnvest» АҚ

-

-

4

4

4

4

АЭА және ИА дамыту және құру

Нысаналы индикаторлар:

8

2011 жылдың соңына дейін Қарағанды қаласында Индустриялық парктің (металлургияны және метал өңдеуді дамыту үшін) және «Қорғас – Шығыс қақпасы» (өңдеуші өндірістердің әртүрлі түрлері мен көлік-логистика қызметтерін дамыту үшін) базасында
екі АЭА құру

саны

ИЖТМ

-

-

2

-

-

-

9

2014 жылдың аяғына дейін Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында салалық бағытталуы әртүрлі үш индустриялық аймақ (бұдан әрі – ИА) құру

саны

ӨДМ

-

-

-

-

-

3

10

2015 жылға қарай ИА-да қатысушылар санын 42-ге дейін ұлғайту

дана

ӨДМ

1

1

10

20

30

42

11

Шикізаттық емес экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялық өндіріске кәсіпорындардың негізгі капиталына игерілген инвестициялар көлемінің орташа жылдық өсу қарқыны бар инвестицияларды 2008 – 2014 жылдар кезеңінде АЭА аумақтарында ұлғайту кемінде 40 %-ды құрайды

%

ИЖТМ

100

-

-

-

-

140

12

Кәсіпорындардың негізгі капиталына игерілген инвестициялар көлемінің орташа жылдық өсу қарқыны бар инвестицияларды 2008 – 2014 жылдар кезеңінде ИА аумақтарында ұлғайту кемінде 20 %-ды құрайды

%

ӨДМ

100

-

-

-

-

120

13

2008 жылға қарағанда 2014 жылы АЭА аумақтарында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) өндірісі көлемінің ұлғаюы 80 %-ды құрайды

%

ИТЖМ

100

-

134

148

163

180

14

2008 жылға қарағанда 2014 жылы ИА аумақтарында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) өндірісі көлемінің жыл сайынғы ұлғаюы кемінде 20 %-ды құрайды

%

ӨДМ

100

-

-

-

-

120

15

АЭА аумағындағы жұмыс орындары санының жыл сайынғы өсуі кемінде 15 %-ды құрайды

%

ИТЖМ

100

-

-

-

-

115

3-міндет: жаңа АЭА және ИА құру

Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері:

2014 жылдың аяғына дейін мыналар құрылатын болады:


3 жаңа АЭА

саны

ИЖТМ

-

-

2

-

-

1