"Қазақстан Республикасында минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1530 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1491 қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1530 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
      «1. Бағдарлама паспорты» деген бөлімде «Нысаналы индикаторлар» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Нысаналы
индикаторлар

1. 2014 жылы пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің қорын толтыру пайызы (өсу бойынша өндірілген қорлардың өтелген қорларға қатынасы) – 50 %.
2. 2015 жылға қарай ауылдарды жерасты суларының қорларымен қамтамасыз ету және iрi елдi мекендер үшiн кен орындарын қайта бағалау.
3. 2015 жылға қарай Геологиялық ақпарат дерекқорын 95 % дейiн көлемде толықтыру.

                                                                   »;

      «3. Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлімде:
      «3.4. Қазiргi нормативтiк құқықтық базаның сипаттамасын қоса алғанда, саланы дамытуды мемлекеттiк реттеудiң қолданыстағы саясатын, қолданыстағы практиканы және саланы дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды iске асыру нәтижелерiн талдау» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Минералдық-шикізат кешенін тиімді дамытуды жалғастыру үшін мынадай шаралар көзделеді:
      1) минералдық шикізаттың тапшы түрлерін барлау саласына инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау (салалық заңнамаға, пайдалы қазба қорларының жіктемесі мен санаттылығына, геологиялық барлау жұмыстарының кезеңділігіне өзгерістер енгізу және тағы басқа), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Геологиялық саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында көзделген геологиялық саланың инфрақұрылымын жетілдіру;
      2) тұжырымдаманың негізгі стратегиялық мақсаты Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасын ұдайы өндіру болып табылатын «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамын (бұдан әрі – «Қазгеология» ҰГК» АҚ) еліміздің минералдық-шикізат базасын дамыту міндетін шешуге белсенді тарту;
      3) мыналар негізгі стратегиялық даму бағыттары:
      Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру;
      құнының тұрақты өсуін қамтамасыз ету мақсатында тау-кен активтерін тиімді басқару;
      қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеруде мемлекеттің қатысуын өсіру;
      жер қойнауын пайдаланушылармен және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаты бойынша жұмыстарды орындау болып табылатын «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-мен тығыз әріптестікті орнату арқылы Қазақстан Республикасының минералдық-шикізатын пайдаланудың тиімділігін арттыру.»;
      «4. Бағдарламаны жүзеге асырудың мақсаттары, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткiштерi» деген бөлімде:
      4.2-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «4.2. Әрбiр мiндет бойынша жоспарланған мәнге қол жеткiзу болжанып отырған нақты (орта мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi) кезеңдi көрсете отырып, бағдарлама мiндеттерiнiң шешiлу дәрежесiн сипаттайтын, сандық және сапалық жағынан өлшенетiн мәндер ретiнде белгiленетiн нәтижелер көрсеткiштерi

Мақсаты: Өнеркәсiптiң барлық салаларын белсендi дамыту үшiн минералдық ресурстардың ұтымды және кешендi пайдаланылуы мен қайта өндірілуін қамтамасыз ету

Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірл.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 жылы пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің қорын толтыру пайызы (өсу бойынша өндірілген қорлардың өтелген қорларға қатынасы) – 50 %.».

%

23

25

25

30

0

50

1-мiндет. Пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің болжамдық ресурстарын бағалау

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Болжамды ресурстарды бағалау:








алтын

тонна

102,8

110

105

108

0

100,4

мыс

мың тонна

0,95

1

1

1

0

1

полиметаллдар

мың тонна

4,95

6,1

3,6

6,1

0

5,2

2-мiндет. Пайдалы қазбалардың негiзгi түрлерi бойынша қорлардың өсiмi

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Қорлардың өсуi:








алтын

тонна

10,161

10

1,0

13,5

0

15

мыс

мың тонна

561,7

150,0

100,0

105

0

110

полиметаллдар

мың тонна

0

0

0

115

0

120

Нысаналы индикаторлар

Өлш. бiрл.

2009
ж.

2010
ж.

2011
ж.

2012
ж.

2013
ж.

2014
ж.

Ауылдық елді мекендерді жер асты суларының қорларымен қамтамасыз ету

%

30,8

30,8

33,5

43,2

49,5

57,3

3-мiндет. Ауылдарды жерасты суларының көздерiнен шыққан сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Жерасты су қорларымен қамтамасыз етілетін ауылдардың саны

ауыл

-

-

52

0

341

216

Iрi елдi мекендердi және топтық су құбырларын жерасты сулары қорларымен қамтамасыз ету үшiн жерасты суларының қорларын қайта бағалау арқылы жете барлау

кен орны

2

4

12

0

35

30

Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірл.

2009
ж.

2010
ж.

2011
ж.

2012
ж.

2013
ж.

2014
ж.

Дерекқорды геологиялық ақпаратпен толықтыру

%

-

-

-

-

-

95

4-мiндет. Геологиялық ақпараттың және геоақпараттық жүйелердің дерекқорын қалыптастыру

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

Геологиялық ақпаратты санға айналдыру

Тб

-

-

-

-

-

20

                                                                   »;

      көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
      қысқаша ақпараттың 3-кестесінде:
      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

1.

Өнеркәсiптiң барлық салаларын белсендi дамыту үшiн минералдық ресурстардың ұтымды және кешендi пайдаланылуы мен қайта өндірілуін қамтамасыз ету.

2014 жылы пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің қорын толтыру пайызы (өсу бойынша өндірілген қорлардың өтелген қорларға қатынасы) – 50 %.
2015 жылға қарай ауылдарды жерасты суларының қорларымен қамтамасыз ету және iрi елдi мекендер үшiн кен орындарын қайта бағалау.
2015 жылға қарай Геологиялық ақпарат дерекқорын 95 % дейiн көлемде толықтыру.

                                                                   ».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады