Байланыс формасы

"Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1552 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 771 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.09.2015 № 771 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығын қараңыз.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1552 қаулысымен    
бекітілген       

«Аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта
ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – орталық) республикалық шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны арқылы;
      www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, «Е-лицензиялау» веб-порталы: www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
      1) орталық арқылы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:
      лицензия беру – он бес жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдеу – он жұмыс күні ішінде;
      лицензияның телнұсқасын беру – екі жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін ең жоғары рұқсат етілетін күту уақыты – 15 минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға ең жоғары рұқсат етілетін қызмет көрсету уақыты – 15 минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз тасығышта алуға өтініш білдірген жағдайда, лицензия электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және басшысының қолымен расталады.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюджетке «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төленеді:
      1) аудиторлық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензиялық алым лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бiрақ 4 АЕК-тен аспайды;
      3) лицензияның телнұсқасын бергенi үшiн лицензиялық алым лицензия беру кезiндегi мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес ақша нысандарында екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензия алуға немесе қайта ресімдеуге, веб-портал арқылы лицензияның телнұсқасын алуға электрондық сұрау салу берген жағдайда, төлем «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) орталықтарда құжаттарды қабылдау демалыс күндерін және мереке күндерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сай, орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн үзiлiссіз көрсетіледі.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады, кезекті портал арқылы брондау мүмкіндігі бар;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшiн мына құжаттарды ұсыну қажет:
      орталыққа:
      1) лицензия алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялық алым төленгенін растайтын (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда, нотариалды расталған) құжат (орталыққа ұсынылған кезде – сканерленеді және орталықтың қызметкері электрондық сұрау салуға қоса тіркейді);
      басшының және аудиторлардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк куәліктерін беру туралы мәліметтерінің нысаны;
      құжаттардың, жарғының мәліметін, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаларды, мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алым төленгені туралы ақпаратты көрсетілген қызмет беруші портал арқылы уәкілетті лауазымды адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Шетелдік ұйым (шетелдік ұйымдар) Қазақстан Республикасының резиденті-аудиторлық ұйым құрған кезде жоғарыда тізбеленген құжаттардан басқа, шетелдік аудиторлық ұйым өзiнiң мәртебесiн растау үшiн мыналарды:
      өзi резидентi болып табылатын елдiң кәсiби аудиторлық ұйымы немесе мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы хаттың түпнұсқасы, оның нотариалды расталған аудармасымен бiрге не лицензияның нотариалды расталған көшiрмесiн (орталыққа ұсынылған кезде – сканерленеді және орталықтың қызметкері құжаттың электронды көшірмесі нысанында жібереді);
      шетелдiк аудиторлық ұйымның мәртебесiн растайтын Халықаралық бухгалтерлер федерациясындағы кәсiби аудиторлық ұйымның мүшелiгі туралы құжатты (орталыққа ұсынылған кезде – сканерленеді және орталықтың қызметкері құжаттың электронды көшірмесі нысанында жібереді) ұсынады;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш (орталыққа ұсынылған кезде – өтініш сканерленеді және орталықтың қызметкері электрондық сұрау салуға қоса тіркейді);
      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялық алым төленгенін растайтын (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда, нотариалды расталған) құжат (орталыққа ұсынылған кезде – сканерленеді және орталықтың қызметкері электрондық сұрау салуға қоса тіркейді);
      қайта ресімдеу үшін негіздемелерді растайтын құжаттар (құрылтайшылар шешімі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама).
      Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алатын кезде бұрынғы берілген лицензияны (лицензия қағаз тасығышта болған жағдайда) көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады;
      3) лицензия жоғалған және (немесе) бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін орталыққа жүгінеді.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш (орталыққа ұсынылған кезде – өтініш сканерленеді және орталықтың қызметкері электрондық сұрау салуға қоса тіркейді);
      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялық алым төленгенін растайтын (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда, нотариалды расталған) құжат (орталыққа ұсынылған кезде – сканерленеді және орталықтың қызметкері электрондық сұрау салуға қоса тіркейді);
      нөмiрi мен берiлген күнiн көрсете отырып, лицензияны жарамсыз деп тану туралы мәлiметтердiң мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялануын растайтын құжат (орталыққа ұсынылған кезде – өтініш сканерленеді және орталықтың қызметкері электрондық сұрау салуға қоса тіркейді).
      Егер лицензия қағаз тасығышта берілген болса, көрсетілетін қызметті беруші телнұсқасын алмастан, өтініші бойынша оны электрондық форматқа аударуға құқылы.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті орталық арқылы алған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, халыққа қызмет көрсету орталығы ұсынған нысан бойынша ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактілері анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан уәжделген бас тартуын жазбаша береді.
      Орталықта көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын беруді, жеке басының куәлігі мен сенімхатты көрсеткен кезде, қолхат негізінде оның қызметкері жүзеге асырады.
      Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағында көрсетілген мерзімде жүгінбеген жағдайда, орталық олардың сақталуын бір ай бойы қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы дайын құжаттарды алу үшін орталыққа бір ай өткен соң жүгінген кезде, орталық бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды орталыққа жібереді, одан кейін орталық дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.
      Құжаттарды орталық арқылы қабылдаған кезде мыналарды:
      1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күнін;
      2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын;
      4) құжаттардың берілген күнін (уақытын) және орнын;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдап алған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің атын;
      6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің атын, көрсетілетін қызметті алушының өкілінің тегі, аты, әкесінің атын және олардың байланыс телефондарын көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдап алғаны туралы көрсетілетін қызмет алушыға қолхат беріледі.
      Электрондық сұрау салу және оған қоса тіркелген құжаттар орталық арқылы электрондық нысанда жіберіледі, оларды көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімі негізінде орталық қызметкері ЭЦҚ-сымен куәландырады.
      Порталда:
      1) лицензия алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;
      ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алым төленгені туралы ақпарат не төлеу туралы түбіртек қоса тіркеледі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк куәліктерін беру туралы басшының және аудиторлардың мәліметтерінің нысаны;
      құжаттардың, жарғының мәліметін, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаларды, мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алым төленгені туралы ақпаратты көрсетілген қызметті беруші портал арқылы уәкілетті лауазымды адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Шетелдік ұйым (шетелдік ұйымдар) Қазақстан Республикасының резиденті-аудиторлық ұйым құрған кезде жоғарыда тізбеленген құжаттардан басқа, шетелдік аудиторлық ұйым өзiнiң мәртебесiн растау үшiн мыналарды:
      өзi резидентi болып табылатын елдiң кәсiби аудиторлық ұйымы немесе мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы хаттың нотариалды куәландырылған аудармасымен түпнұсқасын не лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (сканерленген көшірмесі түрінде құжаттың электронды сұрауына тіркеледі);
      шетелдiк аудиторлық ұйымның мәртебесiн растайтын кәсiби аудиторлық ұйымның Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесi екендігі туралы құжатты (сканерленген көшірмесі түрінде құжаттың электронды сұрауына тіркеледі).
      2) лицензияны қайта ресiмдеу үшін:
      электрондық құжат түріндегі өтiнiш;
      ЭҮТШ арқылы лицензиялық алымның бюджетке төленгенi туралы ақпарат;
      көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар:
      құрылтайшылар шешімі – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде не сканерленген көшірмесі түрінде құжаттың электрондық сұрауына тіркеледі;
      құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі лицензия электрондық сұрауына тіркеледі (лицензия қағаз тасығышта болған жағдайда).
      Порталда электрондық сұрауды қабылдау көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталған электрондық құжаттар көшірмесі түрінде беріледі.
      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызмет алушының алған күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру үшін сұрауды қабылдау туралы хабарлама-есеп жіберіледі (өтінімді өңдеу мәртебесі).
      Ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажет құжаттар тізбесі мен оларға қойылатын талаптар бойынша жеңілдіктер көзделмеген.
      Электронды сұрау және оған тіркелген құжаттар электронды түрде портал арқылы жіберіледі, олар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар:
      1) қызмет түрімен айналысуға субъектiлердiң осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;
      2) қызмет түрімен айналысуға лицензия алу үшін өтініш берген кезде көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
      3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
      5) сот орындаушысының ұсынымы негiзiнде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы негіздеме болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілген
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының,
халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың
қызметкерлерінің шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, іс – әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жазбаша түрде жүргізіледі. Шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
      Шағымды қабылдаудың растамасы болып оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына түскен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
      Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда, орталық қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тікелей көрсетілетін қызметті беруші басшысына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
      Орталықта қолма-қол түскен, сол сияқты почта арқылы түскен шағымның қабылдау орталықтың кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанының растамасы болып табылады.
      Портал арқылы өтініш жасаған кезде шағымдану тәртібі туралы бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефондары бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеті» арқылы өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің қарауын өңдеу (жеткізу туралы белгі, тіркеу, орындау, қарау туралы жауап немесе қараудан бас тарту) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінуі мүмкін.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып,
оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
электрондық нысанда көрсетілетіндерге қойылатын өзге де
талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
      көрсетілетін қызметті беруші: www.minfin.gov.kz;
      орталық: www.con.gov.kz,
      портал: www.e.gov.kz, www.elicense.kz.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-76-56, 71-81-42, 71-81-53, 71-80-79. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға   
лицензия беру, қайта ресiмдеу,     
лицензияның телнұсқаларын беру»     
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                 

Аудиторлық қызметпен айналысуға лицензия
алу үшін заңды тұлғаның
өтініші

_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
(қызметтің түрі көрсетілсін)

жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны __________
қағаз тасығышта (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда
X белгісін қою керек) беруіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
_____________________________________________________________________
        (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
         көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
               (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) ______________________________
              (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
               көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі)
__________________________________________ парақта қоса беріліп отыр.
      Осы арқылы:
      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатыны және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту
мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;
      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатыны расталады.

      Басшы _________________________________________________________
              (қолы)    (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
      Мөр орны Толтыру мерзімі: 20__ жылғы «___» ____________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия
мәліметтерді пайдалануға келісемін
      _______________________________________ 20__ ж «___» __________
      (қолы)

«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға   
лицензия беру, қайта ресiмдеу,     
лицензияның телнұсқаларын беру»     
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                

Басшының
мәліметтер нысаны

      Аудитор ретінде аудиторлық ұйымдардағы басшының қызметі туралы мәліметтер
      Басшының аты-жөні _____________________________________________
      Басшының ЖСН __________________________________________________

Жұмыс орны

Лауазымы

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың күні

Жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі

Жұмыстан босату туралы бұйрықтың күні

1

2

3

4

5

6

7








      «аудитор» біліктілік куәлігі туралы басшының мәліметі

Куәліктің берілген күні

Куәлік нөмірі

«аудитор» біліктілігін берген ұйымның атауы

1

2

3

4





Аудитордың
мәліметтер нысаны

      Аудитор ретінде аудиторлық ұйымдардағы аудитордың қызметі туралы мәліметтер

ЖСН

Аудитордың аты-жөні

Жұмыс орны

Лауазымы

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың күні

Жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі

Жұмыстан босату туралы бұйрықтың күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      «аудитор» біліктілік куәліктері туралы аудиторлардың мәліметтері

Куәліктің берілген күні

Куәліктің нөмірі

«аудитор» біліктілігін берген ұйымның атауы

1

2

3

4





«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға   
лицензия беру, қайта ресiмдеу,     
лицензияның телнұсқаларын беру»     
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша                 

нысан

(Тегі, аты, болса, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
немесе көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы)
____________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)    

Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № ___ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет
көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын мемлекеттік
қызмет стандартына сәйкес көрсету) құжаттарды қабылдаудан Сіздің
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес
құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап
айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) ______________________________________________;
      2) ______________________________________________;
      3) ....
      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Аты-жөні (ХКО қызметкерінің)                             (қолы)
      Орындаушы: Т.А.Ә.
      Телефон _________________________________________
      Алды: Т.А.Ә./қызметті алушының қолы
      20__ ж. «___» ___________________________________

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1552 қаулысына     
қосымша         

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 57, 790-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы № 813 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 29 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 12, 214-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 маусымдағы № 574 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 12-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 36, 535-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады