"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарды қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 9 нормативтік қаулысына (30.12.2011 жылғы өзгерістер мен толықтыруларымен) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 15 шілдедегі № 2 нормативтік қаулысы.

      Қазақстан Республикасында электрондық сот өндірісін жүргізуді дамыту мақсатында жалпы отырыс

      қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Төлем тапсырмалары, чектер, түбіртектер және "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы № 237-І Заңының талаптарын сақтай отырып, соның ішінде "электрондық үкімет" төлем шлюзі, электрондық терминалдар, банкоматтар арқылы, өзге де электрондық құрылғылардың көмегімен төлемдерді жүзеге асыру кезінде берілетін басқа да қағаз және электрондық құжаттар бюджетке мемлекеттік бажды төлеу фактісін растайды.

      Сот жоғарыда көрсетілген құжаттардың растайтын көшірмелерін қабылдамауға тиіс. Заңнамалық актілерде белгіленген жағдайлардан басқа, төлемқұжаттың түпнұсқасын төлеушінің өтініші бойынша азаматтық істен алып беруге болмайды".

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ. Мәми

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Қ. Шаухаров


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады