Байланыс формасы

Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 140 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 654 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 654 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығын қараңыз.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) «Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресiмдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) «Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектілерді Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы қолдаухаттарын қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      5) «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 140 қаулысымен 
бекітілген    

«Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мәдениет комитеті (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 7 (жетi) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық нысан (ішінара автоматтандырылған).
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – фильмге берілетін прокаттау куәлiгiн беру (бұдан әрі – прокаттау куәлігі) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: электрондық нысан.
      Прокаттау куәлiгiн қағаз жеткізгіште алуға өтiнiш бiлдiрілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресiмделiп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен куәландырылады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетiледi.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      көрсетілетін қызметті алушының фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттар (авторлық шарттардың және (немесе) лицензиялық келiсiмдердiң көшiрмелерi) шет тiлiндегi құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тiлдерiнде нотариат куәландырған көшiрмесi қоса берiледi;
      фильмге көрермендердiң жас шегiн анықтау үшiн, қолда бар барлық көрiнiстердi суреттей отырып, фильм туралы ақпаратты қамтитын фильмнiң аннотациясы;
      отандық немесе бiрлесiп түсiрiлген фильмдерде пайдаланылатын әдебиет және өнер туындылары туралы мәлiметтер.
      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсiпкер ретінде мемлекеттiк тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетілетін қызметті беруші уәкiлеттi органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады;
      2) порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      көрсетілетін қызметті алушының фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (авторлық шарттардың және (немесе) лицензиялық келiсiмдердiң көшiрмелерi) шет тіліндегі құжаттарға сұрау салуға қоса тіркелетін қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариат куәландырған көшірмесі қоса берiледi;
      сұрау салуға қоса тіркелетін, фильмге көрермендердiң жас шегiн анықтау үшiн, қолда бар барлық көрiнiстердi суреттей отырып, фильм туралы ақпаратты қамтитын фильм аннотациясының электрондық көшірмесі;
      сұрау салуға қоса тіркелетін, отандық немесе бiрлесiп түсiрiлген фильмдерде пайдаланылатын әдебиет және өнер туындылары туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.
      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсiпкер ретінде мемлекеттiк тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетілетін қызметті беруші уәкiлеттi органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге – өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау болып табылады;
      2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының дәйексіз немесе бұрмаланған ақпарат беруі;
      2) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының талаптарына сай келмейтiн құжаттарды табыс етуі;
      3) фильмнiң мазмұны республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, ұлттық араздықты тудыруды насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталуы негiз болып табылады.

3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс, 263-кабинет.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңселері арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орынның мекенжайы Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mki.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Фильмге прокаттау  
куәлігін беру»    
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына  
қосымша      
_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші басшысының Т.А.Ә.)

Өтініш

      Сiзден фильмге прокаттау куәлiгiн берудi сұраймын:
Фильмнiң атауы: _____________________________________________________
Фильм қоюға негiз болған әдеби туындының атауы және авторы:
_____________________________________________________________________
Фильмдi шығарған ел: ________________________________________________
Фильмдi шығарушы-студия:_____________________________________________
Фильмнiң шыққан жылы: _______________________________________________
Фильмнiң форматы: ___________________________________________________
Фильмнiң хронометражы: ______________________________________________
Сценарий авторлары: _________________________________________________
Қоюшы-режиссер: _____________________________________________________
Қоюшы-оператор: _____________________________________________________
Қоюшы-суретшi: ______________________________________________________
Музыкалық шығарманың авторы: ________________________________________
Фильм серияларының саны: ____________________________________________
Фильмнiң жанры: _____________________________________________________
Фильмнiң тiлi, фильмдi дубляждау тiлдерi (олар бар болса):
_____________________________________________________________________
Шығарушы ел берген көрермендердiң жас шегi бойынша ақпарат: _________
_____________________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының деректемелерi (заңды мекенжайы, пошта
индексi, электрондық пошта, телефондар, факс, заңды тұлға үшiн –
бизнес сәйкестендіру нөмiрi, жеке тұлға үшiн – жеке сәйкестендіру
нөмiрi): ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтiнiш берiлген күн:_________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.________________________________
                                               (қолы) М.О.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 140 қаулысымен  
бекітілген     

«Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және
(немесе) ғылыми-рестраврациялау жұмыстарын жүзеге асыру
жөнiндегi қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресiмдеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресiмдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мәдениет комитеті (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледi.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші, кеңсе не www.elicense.kz
«Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрi – портал);
      2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      3) www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      лицензия беру – 15 (он бес) жұмыс күні;
      қайта ресiмделген лицензияны беру – 10 (он) жұмыс күні.
      ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық нысан (ішінара автоматтандырылған).
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру, лицензияны қайта рәсімдеу (бұдан әрі – лицензия) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық нысан.
      7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін лицензиялық алым мөлшерлемесі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес:
      1) тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызмет түрімен айналысу құқығы үшін – 10 (он) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%-ын құрайды, бірақ 4 (төрт) АЕК-тен жоғары емес.
      Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысу түрінде жүргізіледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтініш портал арқылы берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) ХҚО-ның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы «броньдау» мүмкіндігі бар;
      3) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензияны алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) ХҚО-ға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      бюджетке лицензияны алу үшін лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
      нотариат куәландырған сенiмхат (құжаттарды өкiлi берген жағдайда).
      Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны алуға көрсетілетін қызметтi алушылар үшiн қосымша:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша тарих пен мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны;
      көрсетілетін қызметтi алушының тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына археология саласындағы ғылыми ұйымның ұсынымхаты.
      Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны алуға көрсетілетін қызметтi алушылар үшiн қосымша:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны.
      ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдау кезінде түпнұсқалардың дұрыстығын құжаттардың көшiрмелерiмен және мемлекеттік ақпараттық жүйелерден берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсiпкер ретінде мемлекеттiк тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) ХҚО қызметкерi мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін ХҚО ұсынған нысан бойынша алады.
      Көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін ақпаратты талап етуге жол берілмейді.
      Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензияны алу үшін порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке лицензияны алу үшін лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi.
      Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны алуға көрсетілетін қызметтi алушылар үшiн қосымша:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны;
      сұрау салуға қоса тіркелетін, көрсетілетін қызметтi алушының тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына археология саласындағы ғылыми ұйымның ұсынымхатының электрондық көшiрмесі.
      Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі лицензияны алуға көрсетілетін қызметтi алушылар үшiн қосымша:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны.
      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсiпкер ретінде мемлекеттiк тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      2) тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия мынадай:
      жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген;
      дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген;
      заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылған;
      заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресімделу қажет.
      Көрсетілетін қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) лицензияны қайта ресімдеуге негіз болып табылатын тиісті құжаттарды алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға өтiнiштi не порталға электрондық құжат нысанында сұрау салуды береді.
      Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензияны қайта ресімдеуге өтініш берілген кезде алдында берілген лицензия көрсетілетін қызметті берушіге тапсырылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) ХҚО-ға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша өтiнiш;
      жеке басын куәландыратын құжат (қызметті алушыны сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
      нотариат куәландырған сенiмхат (құжаттарды өкiлi берген жағдайда) ұсынады.
      Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны қайта ресімдеуге көрсетілетін қызметтi алушылар үшiн қосымша:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тарих пен мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны;
      көрсетілетін қызметтi алушының тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына археология саласындағы ғылыми ұйымның ұсынымхаты.
      Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны қайта ресімдеуге көрсетілетін қызметтi алушылар үшiн қосымша:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны.
      ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдау кезінде түпнұсқалардың дұрыстығын құжаттардың көшiрмелерiмен және мемлекеттік ақпараттық жүйелерден берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, одан кейін түпнұсқаларды қызметті алушыға қайтарады.
      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсiпкер ретінде мемлекеттiк тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) ХҚО қызметкерi мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін ХҚО ұсынған нысан бойынша алады.
      Көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін ақпаратты талап етуге жол берілмейді.
      Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензияны қайта ресімдеу үшін порталға:
      көрсетілетін қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
      лицензияны қайта ресімдеу қажеттігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
      Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны қайта ресімдеуге көрсетілетін қызметтi алушылар үшiн қосымша:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны;
      сұрау салуға қоса тіркелетін, қызметтi алушының тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына археология саласындағы ғылыми ұйымның ұсынымхатының электрондық көшiрмесі.
      Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі лицензияны қайта ресімдеуге көрсетілетін қызметтi алушылар үшiн қосымша:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны.
      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсiпкер ретінде мемлекеттiк тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетілетін қызмет беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге – өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
      ХҚО-ға – мыналар:
      сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күні мен орны (уақыты);
      құжаттарды рәсімдеуге қабылдап алған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының (өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат өтінішті қабылдауды растау болып табылады;
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға:
      1) осы субъектілердің санаттары үшiн қызмет түрiмен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынуы;
      2) тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгiзiлмеуі;
      3) көрсетілетін қызметтi алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) көрсетілетін қызметтi алушыға қатысты оған тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметпен айналысуға тыйым салатын соттың заңды күшiне енген үкiмiнің болуы;
      5) көрсетілетін қызметтi алушыға лицензия берудің келісуші мемлекеттік органмен келісілмеуі;
      6) сот орындаушысының ұсынуы негiзiнде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы негіз болады.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін стандартында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады, осы мемлекеттік көрсетілетін стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының,
халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың
қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану
тәртiбi

      11. Қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚО-лардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс, 263-кабинет.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңселері арқылы қолма-қол тапсырылады.
      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
      ХҚО қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар орталық басшысына www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жолданады.
      Шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның ХҚО-ның кеңсесінде қабылдануын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым ХҚО басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге
талаптар

      13. Денсаулық жағдайына байланысты, ХҚО-ға өзі келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдауды ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шығып жүргізеді.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда:
      Министрліктің www.mki.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
      ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mki.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде 
археологиялық және (немесе)     
ғылыми-реставрациялау жұмыстарын   
жүзеге асыру жөнiндегi қызметке   
лицензия беру, лицензияны қайта ресiмдеу»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша             

_____________________________________________________________________
                    (лицензиардың толық атауы)
кiмнен_______________________________________________________________
        (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендiру нөмiрi/жеке
            тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке
                           сәйкестендiру нөмiрi)

Өтiнiш

_____________________________________________________________________
                     (қызметтiң түрiн көрсету)

_____________________________________жүзеге асыруға лицензияны берудi
сұраймын.

Заңды тұлғаның мекенжайы_____________________________________________
                           (пошталық индекс, облыс, қала, аудан,
_____________________________________________________________________
    елдi мекен, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмiрi)
Электрондық поштасы__________________________________________________
Телефондары/Факс_____________________________________________________
Банктің есеп-шоты____________________________________________________
                  (шот нөмiрi, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметтi жүзеге асыру мекенжайы(лары)________________________________
      (пошталық индекс, облыс, қала, аудан, елдi мекен, көше атауы,
_____________________________________________________________________
                үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмiрi)

      Қосымша__________парақта
      Мыналары:
      көрсетiлген барлық деректердiң ресми деректер болып табылатыны
және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелерi бойынша кез келген ақпаратты жiберуге
болатыны;
      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтiң лицензияланатын түрiмен
және (немесе) кiшi түрiмен айналысуға сот тыйым салмағаны;
      қоса берiлiп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес
келетiнi және жарамды болып табылатындығы расталады.
      Басшы/Жеке тұлға_______________________________________________
      _______________________________________________________________
          (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      М.О. (болған жағдайда)  Толтырылған күнi: 20__ жылғы «___»_____
      Ақпараттық жүйелердегі мемлекет қорғайтын құпия болып табылатын
ақпараттарды пайдалануға келісім беремін.
      20___ж «___»________ __________
                             (қолы)

«Тарих және мәдениет       
ескерткiштерiнде археологиялық және
(немесе) ғылыми-реставрациялау  
жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi
қызметке лицензия беру, лицензияны
қайта ресiмдеу» мемлекеттiк   
көрсетілетін қызмет стандартына 
2-қосымша           

Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және
(немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру үшiн
қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер
нысаны

1. Ғылыми жетекшi:
      1) мамандығының және бiлiктiлiгiнiң атауы______________________
      Дипломының нөмiрi______________________________________________
      Дипломының берiлген күнi_______________________________________
      Дипломды берген оқу орнының атауы______________________________
      2) археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау
саласындағы жұмыс өтiлi
_____________________________________________________________________
      Жұмыс орны_____________________________________________________
      Атқаратын қызметі______________________________________________
      Жұмысқа қабылдануы туралы бұйрықтың немесе жеке еңбек шартының
нөмiрi және күнi_____________________________________________________
      Жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмiрi және күнi______________
      2. Мамандандырылған жабдықтар:
      1) мамандандырылған жабдықтардың тiзбесi_______________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      2) мамандандырылған жабдықтарды сатып алу/сату/жалдау шартының
нөмiрi_______________________________________________________________
      Жасалу күнi____________________________________________________
      Шарт жасалған тұлға (заңды және (немесе) жеке тұлғаның
атауы)_______________________________________________________________

«Тарих және мәдениет     
ескерткiштерiнде археологиялық және
(немесе) ғылыми-реставрациялау  
жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi
қызметке лицензия беру, лицензияны
қайта ресiмдеу» мемлекеттiк  
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша          

Нысан

(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. 
не қызмет алушы ұйымның атауы)     
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2) тармақшасын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) «Тарих және мәдениет
ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау
жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметі» мемлекеттік көрсетілетін
қызметіне құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын
толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) ___________________________________________________________;
      2) ___________________________________________________________;
      3) ....
      Осы қолхат екі данада әр тарапқа бір данадан жасалды.
      Т.А.Ә. (ХҚО қызметкерінің)                               (қолы)

      Телефоны_______________
      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ ж. «___» __________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 140 қаулысымен  
бекітілген    

«Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектілерді Ұлттық
мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу
туралы қолдаухаттарын қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1 «Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектілерді Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы қолдаухаттарын қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мәдениет комитеті (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледi.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап – 10 (он) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – объектіге айрықша режимді уақытша беру туралы шешім.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетiледi.
      8. көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолдаухат;
      2) объектінің беткі жағы мен кері жағы суреттелген А-5 форматындағы екі фотосуреті.
      Көрсетілетін қызметтi алушы берушіге қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде – өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылданған уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,
әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      10. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс, 263-кабинет.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңселері арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге
талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайлары Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mki.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың  
объектілерді Ұлттық мәдени игілік   
объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу
туралы қолдаухаттарын қарау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына    
қосымша               

________________________________________________
(көрсетілетін қызмет берушінің толық атауы)
________________________________________________
(көрсетілетін қызмет беруші басшысының Т. А. Ә.)

Қолдаухат

      Объектіні Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік
тізіліміне енгізуді сұраймын
Объектінің атауы: ___________________________________________________
Объектінің орналасқан жері:__________________________________________
Объектінің құрылған жылы:____________________________________________
Объектінің қысқаша тарихы ___________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Объектінің техникалық жағдайы________________________________________
Материалы____________________________________________________________
Салмағы______________________________________________________________
Өлшемі_______________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының деректемелері:________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлға үшін – заңды мекенжайы, мемлекеттік тіркеу (қайта
тіркеу) туралы куәлігінің (анықтаманың) нөмірі мен күні; жеке тұлға
үшін – заңды мекенжайы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу) туралы куәлігінің нөмірі мен уақыты)
Қолдаухаттың берілген уақыты:________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.________________________________
                                         (қолы)              МО

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 140 қаулысымен  
бекітілген    

«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының мәдениет басқармалары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық нысан (ішінара автоматтандырылған).
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік (бұдан әрі – куәлік).
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: электрондық нысан.
      Куәлікті қағаз жеткізгіште алуға өтiнiш бiлдiрілген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресiмделiп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен куәландырылады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетiледi.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен, көрсетіледі.
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      мәдени құндылықтарға меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
      қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың мақсаттары мен болу талаптары туралы шарттың көшірмесі;
      мәдени құндылықтардың беткі жағы мен кері жақтары суреттелген А-5 форматындағы екі фотосуреті;
      заңды тұлғалар үшін – уақытша әкету кезеңіне мәдени құндылықтардың сақталуы үшін белгілі бір адамға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы;
      сараптауға жататын мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттар.
      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсiпкер ретінде мемлекеттiк тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      2) порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      сұрау салуға қоса тіркелетін, мәдени құндылықтарға меншік құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
      сұрау салуға қоса тіркелетін, қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың мақсаттары мен болу талаптары туралы шартының электрондық көшірмесі;
      сұрау салуға қоса тіркелетін, мәдени құндылықтардың беткі және кері жақтары суреттелген А-5 форматындағы электрондық фотосуреті;
      заңды тұлғалар үшін – сұрау салуға қоса тіркелетін, уақытша әкету кезеңіне мәдени құндылықтардың сақталуы үшін белгілі бір адамға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы;
      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсiпкер ретінде мемлекеттiк тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетілетін қызмет беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы сараптамаға жататын мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттарды көрсетілетін қызметті берушіге қолма-қол ұсынады.
      Сараптамаға ұсынылған затты (заттарды) қабылдау және өткізу журналына белгі қоюмен көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттарды сараптама комиссиясының қарауына жібереді. Сараптама қорытындылары бойынша сараптамаға ұсынылған затты мәдени құндылық ретінде тану не сараптамаға ұсынылған заттың мәдени құндылығының жоқтығы туралы қорытынды ресімделеді.
      Сараптамаға ұсынылған затты (заттарды) қабылдау және өткізу журналына белгі қоюмен көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге – өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдаудың күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау болып табылады;
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарының кеңселері арқылы қолма-қол тапсырылады.
      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарының кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен инициалдары, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің немесе немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органының басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарының мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарының кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге
талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсететін орындардың мекенжайлары Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті ЭЦҚ болған жағдайда, электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mki.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілген 
қызмет стандартына   
1-қосымша      

_____________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органы)

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына
КУӘЛІК

_________ қаласы                               «___» _______ 20___ ж.

1. Көрсетілетін қызметті алушы_______________________________________
_____________________________________________________________________
               (Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
2. Көрсетілетін қызметті алушының деректері:_________________________
                                      (азаматтығы, паспортының немесе
_____________________________________________________________________
   жеке куәлігінің нөмірі, оның берілген күні немесе заңды тұлғаның
                       деректемелері)
3. Көрсетілетін қызметті алушының қызметі____________________________
4. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама
комиссиясының қорытындысы негізінде__________________________________
_____________________________________________________________________
(облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті
                       атқарушы органдарының)
_________________________________№ 20____ ж.____ «___» ______________
1)___________________________________________________________________
                  (мәдени құндылықтың атауы)
2)___________________________________________________________________
3)___________________________________________________________________
4)___________________________________________________________________
___________________________________________________________мақсатында
_____________________________________________________________________
            (елдің атауы және ұйымның орналасқан жері)
20__ж. «____»____________ 20___ж. «______»____________дейінгі
мерзімге Қазақстан Республикасынан тыс уақытша әкетуге рұқсат
беріледі.
Уәкілетті тұлға ________________________(Т.А.Ә. және лауазымы)

М.О.                                          Қазақстан Республикасы
                                           кеден органдарының белгісі

«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына   
2-қосымша      

Нысан

____________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
____________________________________________
астананың жергілікті атқарушы органы)   
____________________________________________
____________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы)

ӨТІНІШ

      Мәдениет құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беруді
сұраймын
1) ________________________________________________________________
2) ________________________________________________________________
3) ________________________________________________________________
4) ________________________________________________________________
5) ________________________________________________________________
_________________________________________________________мақсатында
___________________________________________________________________
           (елдің атауы және орналасқан жері)
___________________________________________________________________
Өтініш берушінің деректемелері:____________________________________
                  (Т.А.Ә. ЖСН/БСН, мекенжайы, байланыс телефондары)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Қолы__________________ Күні__________________

М.О.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 140 қаулысымен  
бекітілген    

«Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне
ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының мәдениет басқармалары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші), www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз нысанында.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: электрондық немесе қағаз нысан.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетiледi.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын (ұйымдық-құқықтық нысаны, ЖСН/БСН, басшысының Т.А.Ә.) еркiн нысандағы өтiнiш;
      тарих және мәдениет ескерткіші туралы мәтіндік және бейнелік ақпаратты қамтитын жобалау құжаттамасы.
      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсiпкер ретінде мемлекеттiк тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетілетін қызмет беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      2) порталға:
      тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын (ұйымдық-құқықтық нысаны, ЖСН/БСН, басшысының Т.А.Ә.), қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу:
      сұрау салуға қоса тіркелетін, тарих және мәдениет ескерткіші туралы мәтіндік және бейнелік ақпаратты қамтитын жобалау құжаттамасының электрондық көшірмесі;
      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсiпкер ретінде мемлекеттiк тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетілетін қызмет беруші мемлекеттік органдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге – өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдаудың күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау болып табылады;
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңселері арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарының кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен инициалдары, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің немесе немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органының басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарының мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарының кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге
талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайлары Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті ЭЦҚ болған жағдайда электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mki.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 140 қаулысына  
қосымша      

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр
шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. «Мәдениет саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 83 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 343-құжат).
      2. «Мәдениет саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 83 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 8 қазандағы № 1268 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 72-73, 1061-құжат).
      3. «Мәдениет саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 83 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1614 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 71-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 23 сәуiрдегi № 387 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 27, 421-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерістердің 6-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады