"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысы.

      "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкімі 4-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 181 қаулысымен
бекітілген

"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 26.10.2018 № 690 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

      Конкурс жылдың басында жарияланады және "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына сәйкес Отбасы күніне орай қорытындыланады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 26.10.2018 № 690 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Конкурсты өткізудің мақсаттары:

      1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;

      2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

      3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;

      4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

      2. Конкурсқа отбасылар (бұдан әрі – үміткерлер) қатысады. Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ашық нысанда өткізіледі.

      3. Конкурстың жеңімпаз отбасысы жалпыға ортақ интерактивті дауыс беру негізінде айқындалады.

      4. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.

      5. Мыналар:

      1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;

      2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.

2-тарау. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 26.10.2018 № 690 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың қолдауымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады.

      Конкурс Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың жәрдемдесуімен өткізіледі.

      Конкурсты ұйымдастырушылар "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмысты үйлестіру мақсатында конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін құрады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.06.2017 № 343 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 26.10.2018 № 690 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.02.2020 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      7. Конкурс өткізу туралы хабарландыру наурыздың 15-31 аралығында республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.

      8. Конкурс үш кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық), үшінші – ұлттық.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2018 № 690 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Жергілікті атқарушы органдар "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурстың (бұдан әрі – Комиссия) жеңімпаздарын анықтау бойынша облыстарда, қалаларда, аудандарда комиссия құрады, сондай-ақ ол туралы ережені және іріктеу критерийлерін бекітеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2018 № 690 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Конкурсқа қатысуға өтінім (осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша) аудандық (қалалық) комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде мынадай құжаттармен бірге беріледі:

      1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

      2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

      3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

      4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі — бар болса;

      5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;

      7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);

      8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

      Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін үміткерлер ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.

      11. Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      12. Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

      13. Ұйымдастырушылар:

      1) барлық үміткерлерге тең жағдайды;

      2) жеке құпия болып табылатын ақпараттың жасырын болуын;

      3) конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің ресми жарияланатын күнінен бұрын таралып кетпеуін қамтамасыз етеді.

      14. Аудандық (қалалық) комиссия конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталған сәттен бастап бір айдан аспайтын мерзімде аудандық (қалалық) конкурстың жеңімпазын анықтау бойынша алынған ақпаратты жан-жақты тексеруді жүзеге асырады, содан кейін екі жұмыс күні ішінде төрт қатысушының (жанұяның) құжаттарын, өздерінің аудандар (қалалар) әкімдерімен келісілген шешімдерін облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) комиссияға жолдайды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2018 № 690 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) комиссиялар аудандық (қалалық) комиссиялардан құжаттарды алған сәттен бастап бір айдан аспайтын мерзімде екі үздік жанұяны іріктейді, қажет болған жағдайда ұсынылған құжаттарды қосымша тексеруден өткізеді және облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада конкурс жеңімпаздары анықталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) әкімдерімен келісілген өздерінің шешімдерін ұсынылған құжаттармен бірге "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының лауреаты атағын беретін комиссияға (бұдан әрі – атақ беру жөніндегі комиссия) жолдайды.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2018 № 690 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Облыстарда, қалаларда, аудандарда комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алады:

      1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы визит карточкасы — таныстыру рәсімі);

      2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;

      3) отбасының рухани-адамгершілік кұндылықтары;

      4) балаларының жетістіктері;

      5) ата-аналарының үлгі тұтарлықтай жетістіктері;

      6) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.08.2015 № 640 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      7) отбасы құрамы (отбасы мүшелерін саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері);

      8) отбасының дарындары;

      9) отбасының өмір сүру салты (саламатты өмір салты, бос уақыты және т.б.);

      10) отбасының қоғамдағы беделі.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.08.2015 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.10.2018 № 690 қаулыларымен.

      17. Атақ беру жөніндегі комиссия облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялардың ұсыныстарын алқалы түрде қарағаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде іріктеу туралы бағдарламалар циклін әзірлеу үшін, сондай-ақ лауреат атағын беру бойынша үміткер-отбасылар туралы материалдарды ұлттық телеарнаға жолдайды.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.02.2020 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Жеңімпаздарды іріктеуге смс-хабарламалар және интернет-ресурс арқылы интерактивті дауыс беру жолымен елдің барлық тұрғындары белсенді түрде қатысады.

      Интерактивті дауыс беру мерзімдерін конкурс ұйымдастырушылары айқындайды.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.08.2015 № 640 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      19. Комиссия интерактиві дауыс берудің қорытындысы бойынша конкурс жеңімпазын айқындайды.

      20. Көрермендердің басым көпшілігі дауыс берген отбасыға "Мерейлі отбасы" лауреаты атағы, диплом мен ерекшелік белгісі (мүсінше) беріледі.

      21. Конкурс лауреатын марапаттау рәсімі жыл сайын салтанатты түрде өткізіледі.

      22. Конкурсқа қатысушылар туралы ақпарат өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушылардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

      23. Конкурс лауреаты атағын қайталап беруге жол берілмейді.

3-тарау. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері

      Ескерту. 13-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2018 № 690 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Ұйымдастыру комитеті ұйымдастырушылық, техникалық, қаржылық, шығармашылық мәселелерді, іс-қимылдарды немесе конкурсты дайындау және өткізу бойынша жұмыс бағыттарын келісу мәселелерін пысықтайды, сондай-ақ Ұйымдастыру комитеті мүшелерінің ұсыныстарын, қоғамдық бастамаларды қарайды.

      Ұйымдастыру комитетінің міндеттеріне мыналар жатады:

      1) конкурстың басталуы туралы көпшілікке жариялау;

      2) конкурстың іріктеу айналымына дайындық және оны өткізу бойынша ұйымдастыру жұмысын үйлестіру;

      3) конкурстың имидждін жарнамалық науқанын бекіту;

      4) конкурстың барлық кезеңдеріне дайындықты және өткізуді үйлестіру;

      5) БАҚ-пен жұмыс;

      6) конкурс бағдарламасына өзгерістер енгізу;

      7) өңірлердегі конкурстың іріктеу айналымдарын өткізу қорытындылары туралы жергілікті атқарушы органдардың есептерін тыңдау;

      8) конкурстың финалдық айналымына қатысуға өтінімдерді жинау, өтінімдерді рәсімдеу мен берілуінің конкурс талаптары мен шарттарына сәйкестігін тексеру;

      9) алдын ала қарау үшін өтінімдерді өңдеу;

      10) конкурстың қазылар алқасының құрамын құру және оның қызметін үйлестіру;

      11) конкурстың финалдық айналымын, конкурс номинанттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімін бақылау, ұйымдастыру және өткізу.

  "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын
өткізу қағидаларына
қосымша

"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсына қатысуға арналған
өтінім

      Отағасының (әкесінің немесе анасының) деректері:

      1. Т.А.Ә. ___________________________________________________________

      2. Жасы _____________________________________________________________

      3. Білім Жынысы _____________________________________________________

      4. Жұмысы ___________________________________________________________

      5. Тұрғылықты мекені ________________________________________________

      6. Отбасы құрамы туралы мәліметтер __________________________________

      7. Отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) немен жақсы атағы шыққан

      _____________________________________________________________________

      8. Наградаларының, марапаттарының болуы мен түрлері _________________

      9. Отбасының әрбір мүшесінің деректері:

      10. Т.А.Ә. __________________________________________________________

      11. Жасы ____________________________________________________________

      12. Білімі __________________________________________________________

      13. Жұмысы __________________________________________________________

      14. Тұрғылықты жері (мекенжайы және тел.) ___________________________

      15. Отбасы түрі (2-,3-,4-ұрпақ және т.с.с) __________________________

      16. Отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшелігі ______________________

      17. Ата-ананың қандай қасиеті тәрбиеге негіз болады _________________

      18. Отбасында қандай отбасылық дәстүрлер сақталған __________________

      _____________________________________________________________________

      19. Отбасылық қатынастар қандай қағидаттарға сүйенеді _______________

      _____________________________________________________________________

      20. Ұстаздардың, педагогтардың, тәрбиешілердің ықпалы _______________

      _____________________________________________________________________

      21. Отбасы өмірінен қызықты оқиғалар ________________________________

      _____________________________________________________________________

      22. Отбасылық фотосурет (электрондық нұсқасымен бірге)

      _____________________________________________________________________

      Қолы

      Күні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады