"Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1441 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 264 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1441 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 106-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасында:
      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «42. ИКАО-ның басқа Уағдаласушы мемлекетінің ААҚ, авиакомпаниялар немесе аэронавигациялық карталарды дайындаумен, ұшуды орындаумен немесе қамтамасыз етумен байланысты басқа да ұйымдар сұратқан біріктірілген аэронавигациялық ақпарат топтамасының элементтері басып шығарылған түрінде немесе электрондық форматта немесе екі нысанда да өтеусіз негізде нақты (поштамен, курьер арқылы) немесе тікелей электрондық тарату әдістерімен ұсынылады.»;
      64-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      «11) ӘҚК (ИКАО) ең төмен абсолюттік биіктігін шолу картасы.»;
      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «65. 64-тармақта санамаланған аэронавигациялық карталар Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға «Аэронавигациялық карталар» деген 4-қосымшаның талаптарына сәйкес келетін, осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Аэронавигациялық ақпарат жинағына енгізуге жататын аэронавигациялық карталарды жасауға қойылатын талаптарға сәйкес дайындалады.»;
      86 және 87-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «86. Аэронавигациялық деректердің тұтастығын сақтау оларды түсіру (дайындау) сәтінен бастап келесі болжамды пайдаланушыға (аэронавигациялық ақпаратты жеткізушіден аэронавигациялық ақпаратты алатын органға) жібергенге дейінгі бүкіл ақпараттық процесс бойы қамтамасыз етіледі.
      87. Аэронавигациялық деректердің тұтастығын сақтау үшін деректер тұтастығының мынадай сыныптамасы қолданылады:
      1) критикалық деректер: бұрмаланған критикалық деректер пайдаланылған кезде әуе кемесінің ұшуын қауіпсіз жалғастырудың және оны қондырудың айтарлықтай тәуекелімен және апаттың болу мүмкіндігімен ұштасу ықтималдығы жоғары болады;
      2) маңызды деректер: бұрмаланған маңызды деректер пайдаланылған кезде әуе кемесінің ұшуын қауіпсіз жалғастырудың және оны қондырудың айтарлықтай тәуекелімен және апаттың болу мүмкіндігімен ұштасу ықтималдығы аз болады;
      3) әдеттегі деректер: бұрмаланған әдеттегі деректер пайдаланылған кезде әуе кемесінің ұшуын қауіпсіз жалғастырудың және оны қондырудың айтарлықтай тәуекелімен және апаттың болу мүмкіндігімен ұштасу ықтималдығы өте аз болады.»;
      1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                С.Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 264 қаулысына     
1-қосымша        

Әуе кемелерін пайдаланушыларды
аэронавигациялық ақпаратпен 
қамтамасыз ету қағидасына  
1-қосымша          

Аэронавигациялық деректердің сапасына қойылатын талаптар

1-кесте. Ені мен ұзындығы

Ені мен ұзындығы

Дәлдік/деректердің түрі

Жарияланатын деректердің дәлдігі

Картаның дәлдігі

Бүтіндігінің сыныптамасы

Ұшу ақпаратының ауданы шекараларының нүктелері

2 км (1 м. миль), жарияланған

1 мин

Салынғанға сәйкес

қалыпты

Р, R, D аудандары шекараларының нүктелері (CTA/CTR шекараларынан тыс)

2 км (1 м. миль), жарияланған

1 мин

Салынғанға сәйкес

қалыпты

Р, R, D аудандары шекараларының нүктелері (CTA/CTR шекаралары ішінде)

100 м, есептелген

1 с

Салынғанға сәйкес

маңызды

CTA/CTR шекараларының нүктелері

100 м, есептелген

1 с

Салынғанға сәйкес

маңызды

NAVAID бағыттары мен бақылау нүктелері, күту пункті, STAR/SID нүктелері

100 м, түсіру нәтижелері/ есептелген

1 с

1 с

маңызды

1-аудандағы кедергілері (мемлекеттің бүкіл аумағы)

50 м, түсірудің нәтижелері

1 с

Салынғанға сәйкес

қалыпты

Әуеайлақтың/тікұшақ айлағының бақылау нүктесі

30 м, түсірудің нәтижелері

1 с

1 с

қалыпты

Әеуайлақта/тікұшақ айлағында орналасқан NAVAID

3 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

Салынғанға сәйкес

маңызды

2-аудандағы кедергілері

5 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

1/10 с

маңызды

3-аудандағы кедергілері

0.5 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

1/10 с

маңызды

Қонуға соңғы кірудің бақылау нүктелері/пункттері және аспаптар бойынша қону сұлбасын жасайтын басқа да манызды бақылау нүктелері/пункттері

3 м, түсірудің нәтижелері/ есептелген

1/10 с

1 с

маңызды

ҰҚЖ-ның шегі

1 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1 с

критикалық

4-аудандағы кедергілері

0.5 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

1/10 с

маңызды

ҰҚЖ-ның соңы

1 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

критикалық

ҰҚЖ-ның білік сызығының нүктелері

1 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1/100 с

критикалық

РЖ білік сызығының нүктелері

0,5 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1/100 с

маңызды

Жердегі РЖ білік сызығының нүктелері; әуеде рульдеу үшін және транзиттік бағыттардың РЖ нүктелері

0,5 м, түсірудің нәтижелері/ есептелген

1/100 с

1/100 с

маңызды

Әуе кемелері/тікұшақ тұрақтарының нүктелері/ INS тексеру пункттері

0,5 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1/100 с

қалыпты

TLOF геометриялық орталығы немесе FATO шегі (тікұшақ айлақтары)

1 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1 с

критикалық

2-кесте. Асып кету, абсолютті биіктік, салыстырмалы биіктік 

Асып кету/абсолютті биіктік/салыстырмалы биіктік

Дәлдік/
деректердің түрі

Жарияланатын деректердің дәлдігі

Картаның дәлдігі

Бүтіндігінің сыныптамасы

Әуеайлақтан/тікұшақ айлағынан асу

0,5 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

Әуеайлақтан/тікұшақ айлағынан асу жеріндегі WGS-84 геоид толқыны

0,5 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

ҰҚЖ-ның шегі немесе FATO (қонуға нақты емес кіру)

0,5 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

ҰҚЖ-ның шегіндегі WGS-84 геоидтік толқыны немесе TLOF-тың геометриялық орталығындағы FATO (қонуға нақты емес кіру)

0,5 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

ҰҚЖ-ның шегі немесе FATO (қонуға нақты кіру)

0,25 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

0,5 м немесе 1 фут

0,5 м немесе 1 фут

критикалық

ҰҚЖ-ның шегіндегі WGS-84 геоидтік толқыны немесе TLOF-тың геометриялық орталығындағы FATO (қонуға нақты кіру)

0,25 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

0,5 м немесе 1 фут

0,5 м немесе 1 фут

критикалық

Кедергілерді ұшып өтудің абсолютті/салыстырмалы биіктігі (ОСА/Н)

PANS-OPS
(Doc 8168) құжатында көрсетілгендей

-

PANS-OPS
(Doc 8168) көрсетілгендей

маңызды

ҰҚЖ шегі қиылысуының салыстырмалы биіктігі (тірек нүктенің салыстырмалы биіктігі), қонуға дәл кіру

0,5 м немесе 1 фут, есептелген

0,5 м немесе 1 фут

0,5 м немесе 1 фут

критикалық

Қонуға кіру және ұшып көтерілу аймақтарындағы кедіргілер

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

Шеңбер бойынша және әуеайлақта/ тікұшақ айлағында ұшу аймақтарындағы кедергілер

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

Бағыттағы кедергілерден асып өтуі

3 м (10 фут), түсірудің нәтижелері

3 м (10 фут)

3 м (10 фут)

қалыпты

Қашықтық өлшегіш жабдығы/ дәлдігі (DME/P)

3 м (10 фут), түсірудің нәтижелері

3 м (10 фут)


маңызды

Қашықтық өлшегіш жабдықтың артуы (DME)

3 м (100 фут), түсірудің нәтижелері

30 м (100 фут)

30 м (100 фут)

маңызды

Аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының абсолюттік биіктігі

PANS-OPS
(Doc 8168) құжатында көрсетілгендей


PANS-OPS
(Doc 8168) көрсетілгендей

маңызды

Ең төменгі абсолютті биіктіктер

50 м немесе 100 фут, есептелген

50 м немесе 100 фут

50 м немесе 100 фут

қалыпты

3-кесте. Ауытқу және магниттік ауытқу 

Төмен түсү/магниттік төмен түсү

Дәлдік/деректердің түрі

Жарияланатын деректердің дәлдігі

Картаның дәлдігі

Бүтіндігінің сыныптамасы

Құралды техникалық күйге келтіру үшін қолданылатын NAVAID ӨЖЖ станциясының ауытқуы

10, түсірудің нәтижелері

10

маңызды

NDB NAVAID құралының магниттік ауытқуы

10, түсірудің нәтижелері

10

қалыпты

Әуеайлақтың/ тікұшақ айлағының магниттік ауытқуы

10, түсірудің нәтижелері

10

10

маңызды

ILS курстік радиомаяк антеннасының магниттік ауытқуы

10. түсірудің нәтижелері

10

маңызды

MLS-тің азимуталды антеннасының магниттік ауытқуы

10, түсірудің нәтижелері

10

маңызды

4-кесте. Пеленг

Пеленг

Дәлдік/деректердің түрі

Жарияланатын деректердің дәлдігі

Картаның дәлдігі

Бүтіндігінің сыныптамасы

Әуе трассаларының учаскелері

1/10, есептелген

10

10

қалыпты

Бағыттардағы және әуеайлақ ауданындағы бақылау нүктелерін белгілеу үшін қолданылатын пеленг

1/100, есептелген

1/100

1/100

қалыпты

Әуеайлақ ауданындағы келу/ұшып шығу бағыттарының учаскелері

1/100, есептелген

10

10

қалыпты

Аспаптар бойынша қонуға кіру схемаларының бақылау нүктелерін белгілеу үшін қолданылатын пеленг

1/1000, есептелген

1/1000

1/100

маңызды

ILS-тың курстық радиомаяктың шығаруы

1/1000, түсірудің нәтижелері

1/1000, шын

10

маңызды

MLS-тың нөлдік азимутын шығаруы

1/1000, түсірудің нәтижелері

1/1000, шын

10

маңызды

ҰҚЖ және FATO пеленгі

1/1000, түсірудің нәтижелері

1/1000, шын

10

қалыпты

5-кесте. Ұзындық, қашықтық, өлшем

Ұзындық/қашықтық/өлшем

Дәлдік/деректердің түрі

Жарияланатын деректердің дәлдігі

Картаның дәлдігі

Бүтіндігінің сыныптамасы

Әуе трассалары учаскелерінің ұзындығы

1/10 км немесе 1/10 м. миль, есептелген

1/10 км немесе 1/10 м. миль

1 км немесе 1 м. миль

қалыпты

Бағытта және әуеайлақ ауданындағы бақылау нүктелерін белгілеу үшін қолданылатын қашықтық

1/10 км немесе 1/10 м. миль, есептелген

1/10 км немесе 1/10 м. миль

2/10 км немесе 1/10 м. миль

қалыпты

Әуеайлақ ауданындағы келу/ұшып шығу бағыттары учаскелерінің ұзындығы

1/100 км немесе 1/100 м. миль, есептелген

1/100 км немесе 1/100 м. миль

1 км немесе 1 м. миль

маңызды

Аспаптар бойынша қонуға кіру схемаларының және әуеайлақ ауданындағы бақылау нүктелерін белгілеу үшін қолданылатын қашықтық

1/100 км немесе 1/100 м. миль, есептелген

1/100 км немесе 1/100 м. миль

2/10 км немесе 1/10 м. миль

маңызды

FATO немесе ҰҚЖ ұзындығы, TLOF өлшемдері

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1 фут

1 м (AD картасы) 0,5 м (АОС карта)

критикалық

Тежеудің шеткі жолағының ұзындығы

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1 фут

0,5 м (АОС картасы)

критикалық

Орналастыратын қону арақашықтығы

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1 фут

1 м (AD картасы) 0,5 м (АОС картасы)

критикалық

ILS-тың курстық радиомаяк антеннасы мен ҰҚЖ-тың немесе FATO-ның соңы аралығындағы қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

ILS глиссадалық радиомаягінің антеннасы мен ҰҚЖ табалдырықтың аралығында білікті сызық бойынша қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

ILS таңбалағыштары мен ҰҚЖ шегі арасындағы қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

2/10 км (1/10 м. миль)

маңызды

DME ILS антеннасы мен ҰҚЖ шегі аралығында білікті сызық бойынша қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

маңызды

MLS-тың азимуттық антеннасы мен ҰҚЖ мен FATO-ның соңы аралығындағы қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

MLS бұрыштық - өңірлік антеннасы мен ҰҚЖ табалдырығы арасындағы білікті сызық бойынша қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

DME/P MLS-тың антеннасы мен ҰҚЖ табалдырығының аралығында білікті сызық бойынша қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 264 қаулысына   
2-қосымша      

Әуе кемелерін      
пайдаланушыларды     
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидасына
7-қосымша        

Қазақстан Республикасының Аэронавигациялық ақпарат
жинағына енгізілуі тиіс аэронавигациялық карталарды жасауға
қойылатын талаптар

1. Әуеайлақ картасын жасауға қойылатын талаптар

      1. Осы ұшу экипаждарына арналған картада әуеайлақ аумағы арқылы әуе кемелері мен тікұшақтардың жерүсті қозғалысын жүзеге асыруға көмектесетін ақпарат қамтылған.
      2. Осы картада мынадай негізгі ақпарат берілуі тиіс:
      1) картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб картадағы барлық элементтердің анық көрсетілуін қамтамасыз етуі тиіс;
      2) белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның атауы және сол әуеайлақ/тікұшақ айлағының атауы көрсетілуі тиіс;
      3) магниттік ауытқу. Картада ақиқат және магниттік солтүстік стрелкалары, ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқуы, сондай-ақ магниттік ауытқудың жылдық өзгеруі көрсетілуі тиіс;
      4) әуеайлақ туралы мәліметтер. Бұл картада мыналар көрсетіледі: әуеайлақтың/тікұшақ айлағының бақылау нүктесінің географиялық координаталары;
      әуеайлақтың/тікұшақ айлағының және тиісті жағдайларда перронның (биіктікті өлшеу құралдарын тексеру пункттерінің) ең жақын метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен есептелген артып кетуі; ал қонуға дәл кірмеу үшін – ұшып көтерілу-қону жолағы (бұдан әрі – ҰҚЖ) шегі мен жерге қону және жер үстінен көтерілу аймағының геометриялық орталығы үшін есептелген артып кетуі мен геоид толқыны;
      қонуға дәл кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ шегінің, жерге қону және жер үстінен көтерілу аймағының геометриялық орталығының және қонуға дәл кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ-ға қону аймағының ең жоғары нүктесінің ең жақын метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен есептелген артып кетуі мен геоид толқыны;
      нөмірі, ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен ұзындығы және ені, көтергіштік қабілеті, ығысу шектері, соңғы тежеу жолақтары, кедергіден бос жолақтар, магниттік меридианға қатысты ең жақын градус мәніне дейінгі дәлдікпен ҰҚЖ бағыттары, ҰҚЖ бетінің түрі мен таңбалануы көрсетілген барлық ҰҚЖ, оның ішінде жаңадан салынып жатқаны;
      әуе кемелері/тікұшақ тұрақтарының орны бар барлық перрондар және тиісті жағдайларда, тұраққа көзбен шолып қою жүйелерінің орналасқан жері мен түрін, егер көтергіштік қабілеті тиісті ҰҚЖ-ның көтергіштік қабілетінен төмен болса, тікұшақ айлақтары үшін жер бетінің түрін және көтергіштік қабілеті немесе әуе кемелерінің түрлері бойынша шектеулерді қоса, жарық-сигналды құралдар, таңбалау және басқа да көзбен шолып бағыттау және басқару құралдары;
      ҰҚЖ шектері, жерге қону және жерден көтерілу аймағының геометриялық орталығы және/немесе қонуға кіру мен ұшып көтерілудің соңғы кезеңі аймағының шектері (қажеттілігіне қарай) үшін географиялық координаталар;
      жер бетінің түрі көрсетілген тікұшақтарға арналған барлық рулеждік жолдар, әуе және жерүсті РЖ, егер аралық күту орындары орнатылған болса, ҰҚЖ жанындағы күту орындарын қоса алғанда, белгілері, ені, жарық-сигналды құралдар, таңбалау көрсетілген тікұшақтардың әуеде қозғалу бағыттары және «тоқта» сызықтарының оты, басқа көзбен шолып бағыттау мен басқару құралдары, егер көтергіштік қабілеті тиісті ҰҚЖ-ның көтергіштік қабілетінен төмен болса, әуе кемелерінің түрлері бойынша көтергіштік қабілеті немесе шектеулері;
      егер мұндай учаскелер белгіленген болса, тиісті түрде қосымша ақпарат енгізілген қауіпті учаскелердің орналасқан жері;
      РЖ тиісті осьтік сызығы мен әуе кемелерінің тұрақ орындары нүктелерінің географиялық координаталары;
      егер мұндай бағыттар белгіленген болса, бұрылатын әуе кемелеріне арналған көрсеткіштері бар стандартты бағыттар;
      әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету шекаралары;
      ҰҚЖ-да көріну қашықтығын бақылау нүктелерінің орналасуы (RVR);
      жақындау оттары мен ҰҚЖ оттары жүйесі;
      глиссаданың көзбен шолу индикациясы жүйесінің орналасқан жері және түрі, олар үшін номиналды глиссада бұрыш(тар)ымен, ұшқыштың «глиссададағы» сигналды көретін ҰҚЖ шегі үстінен көру деңгейінің ең төменгі биіктігімен, ал егер жүйенің осі ҰҚЖ осьтік желісіне параллель болмаса, ығысу бұрышы және бағытымен, яғни сол жаққа немесе оң жаққа қарай;
      арналары және қажетті жағдайда, қосылу мекенжайлары көрсетілген тиісті байланыс құралдары;
      бұрып-жылжу кедергілері;
      әуе кемелеріне қызмет көрсету алаңдары және пайдалану мақсаттарына арналған құрылыстар;
      VОR тексеру пункті және осы құралдың радиожиілігі;
      бейнеленетін жұмыс алаңының әуе кемелерінің пайдалануына тұрақты түрде жарамсыз болатын кез келген бөлігі анық белгіленеді.
      5) Тікұшақ айлақтарына қатысты осы Қағиданың 4) тармақшасында көрсетілген элементтерден басқа картада мыналар көрсетіледі:
      тікұшақ айлағының түрі;
      ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен өлшемдері, еңкіштігі, жерүстінің түрі, тоннадағы көтергіштік қабілеті көрсетілген жерге қону және жерден ажырау аймағы;
      түрі, ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен нақты пеленгі, белгілейтін нөмірі (егер көзделген болса), ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен ұзындығы және ені, еңкіштігі және жер бетінің түрі көрсетілген қонуға кірудің және ұшып көтерілудің соңғы кезең аймағы;
      жер бетінің ұзындығы, ені және түрі көрсетілген қауіпсіздік аймағы;
      жер бетінің ұзындығы және пішіні көрсетілген тікұшақтарға арналған кедергілерден бос жолақ;
      түрі және метрге немесе футқа дейінгі дәлдікпен барынша артып кетуі (ең жақын жоғары мәнге дейінгі) көрсетілген кедергілер;
      қонуға кіру сұлбаларына арналған көзбен шолу құралдары, қонуға кіру және ұшып көтерілудің соңғы кезең аймағының, сондай-ақ жерге қону мен жер бетінен ажырау аймағының таңбалануы мен оттары;
      тікұшақ айлақтарына арналған жарияланған қашықтықтар (тиісті жағдайларда ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен), соның ішінде:
      орналастырылған ұшып-көтерілу арақашықтығы;
      орналастырылған үзілген ұшып-көтерілу арақашықтығы;
      орналастырылған қону арақашықтығы.

2. Әуе кемесі тұрағының (тұраққа қою) картасын жасауға
қойылатын талаптар

      1. Осы картада ұшу экипаждары үшін әуе кемелерінің рулеждік жолдарынан тұрақ орындарына және кері қарай жерүсті қозғалысын жүзеге асыруға және әуе кемелерін тұрақта орналастыруға/тұраққа қоюға көмектесетін ақпарат қамтылған.
      2. Осы картада мынадай негізгі ақпарат берілуі тиіс:
      1) картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб осы Қағиданың 3) тармақшасында санамаланған барлық элементтердің анық көрсетілуін қамтамасыз етуі тиіс;
      2) магниттік ауытқу. Картада ақиқат және магниттік солтүстік стрелкасы, ең жақын тұрған градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқуы, сондай-ақ магниттік ауытқудың жылдық өзгеруі көрсетілуі тиіс;
      3) әуеайлақ туралы мәліметтер. Осы картада бейнеленетін аймаққа қатысты әуеайлақ/тікұшақ айлағы картасында қамтылған барлық ақпарат соған ұқсас көрсетіледі, соның ішінде:
      ең жақын метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен перронның артып кету шамасы;
      әуе кемелерінің тұрақ орындары бар перрондар және тиісті жағдайларда, әуе кемелерінің түрлері бойынша көтергіштік қабілеті немесе шектеулері, тұраққа көзбен шолып қою жүйелерінің орналасуы мен түрін қоса алғанда, жарық-сигналды құралдар, таңбалау және басқа көзбен шолып бағыттау мен басқару құралдары;
      тұрақ орындарының географиялық координаталары;
      ҰҚЖ жанында күту орындарын қоса алғанда, белгілерді көрсетумен рулеждік жолдарына кіру және егер орнатылған болса, аралық күту орындары, сондай-ақ «тоқта» сызықтарының оттары;
      егер мұндай учаскелер белгіленген болса, тиісті түрде қосымша ақпарат енгізілген қауіпті учаскелердің орналасқан жері;
      РЖ тиісті осьтік сызығы нүктелерінің географиялық координаталары;
      әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету шекаралары;
      арналары және қажетті жағдайда, қосылу мекенжайлары көрсетілген тиісті байланыс құралдары;
      бұрып-жылжу кедергілері;
      әуе кемелеріне қызмет көрсету алаңдары және пайдалану мақсаттарына арналған құрылыстар;
      VОR тексеру пункті және осы құралдың радиожиілігі;
      бейнеленетін жұмыс алаңының әуе кемелерін пайдалану үшін тұрақты түрде жарамсыз болатын кез келген бөлігі анық белгіленеді.

3. Жерүсті әуеайлақ қозғалысының картасын жасауға қойылатын талаптар

      1. Осы картада ұшу экипаждары үшін әуе кемелерінің рулеждік жолдарынан тұрақ орындарына және кері қарай жерүсті қозғалысын жүзеге асыруға және әуе кемелерін тұрақта орналастыруға/тұраққа қоюға көмектесетін егжей-тегжейлі ақпарат қамтылған.
      2. Осы картада мынадай негізгі ақпарат берілуі тиіс:
      1) картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб осы Қағиданың 4) тармақшасында санамаланған барлық элементтердің анық көрсетілуін қамтамасыз етуі тиіс;
      2) белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың немесе елді мекеннің және сол әуеайлақтың атауы көрсетілуі тиіс;
      3) магниттік ауытқу. Картада ақиқат және магниттік солтүстік стрелкалары, ең жақын тұрған градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқуы, сондай-ақ магниттік ауытқудың жылдық өзгеруі көрсетілуі тиіс;
      4) әуеайлақ туралы мәліметтер. Бұл картада бейнеленетін аймаққа қатысты әуеайлақ/тікұшақ айлағы картасында қамтылған барлық ақпарат соған ұқсас көрсетіледі, соның ішінде:
      ең жақын метрге немесе футқа дейінгі дәлдікпен перроннан артып кету шамасы;
      әуе кемелерінің тұрақ орындары бар перрондар және тиісті жағдайларда, әуе кемелерінің түрлері бойынша көтергіштік қабілеті немесе шектеулері, тұраққа көзбен шолып қою жүйелерінің орналасуы мен түрін қоса алғанда, жарық-сигналды құралдар, таңбалау және басқа да көзбен шолып бағыттау мен басқару құралдары;
      тұрақ орындарының географиялық координаталары;
      белгілері ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен, ені, көтергіштік қабілеті немесе қажеттілігіне қарай әуе кемелерінің түрлері бойынша шектеулер, егер аралық күту орындары орнатылған болса, ҰҚЖ жанында күту орындары қоса алғанда, жарық-сигналды құралдар, таңбалау көрсетілген рулеждік жолақтары және «тоқта» сызықтарының оттары және басқа да көзбен шолып бағыттау мен басқару құралдары;
      егер мұндай учаскелер белгіленген болса, тиісті түрде қосымша ақпарат енгізілген қауіпті учаскелердің орналасқан жері;
      егер мұндай бағыттар белгіленген болса, бұрылатын әуе кемелері үшін көрсеткіштері бар стандартты бағыттар;
      РЖ тиісті осьтік сызығы нүктелерінің географиялық координаталары;
      әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету шекаралары;
      арналары және қажеттілігіне қарай қосылу мекенжайлары көрсетілген тиісті байланыс құралдары;
      жермен жүру кедергілері;
      әуе кемелеріне қызмет көрсету алаңдары және пайдалану мақсаттарына арналған құрылыстар;
      VОR тексеру пункті және осы құралдың радиожиілігі;
      бейнеленетін жұмыс алаңының әуе кемелерінің пайдалануына тұрақты түрде жарамсыз болатын кез келген бөлігі анық белгіленеді.

4. Әуеайлақ кедергілерінің картасын жасауға қойылатын талаптар, «А» түрі

      1. Осындай үлгідегі карта АІР-та жарияланған тиісті ақпаратпен бірге пайдаланушыны әуе кемесі әрбір ұшқан сайын ол әуе кемесінің ең төменгі техникалық ұшу сипаттамаларына жауап беретіндей етіп жүктелуін қамтамасыз етуге арналған пайдалану шектеулерін сақтау үшін қажетті мәліметтермен қамтамасыз етеді.
      2. Осы картада мынадай негізгі ақпарат берілуі тиіс:
      1) картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Әрбір картаның көлемі барлық маңызды кедергілерді енгізуге жеткілікті болуы тиіс;
      2) көлденең масштаб. Көлденең масштаб 1:10 000 мен 1:15 000 шегінде таңдалуы тиіс;
      3) тік масштаб. Тік масштаб көлденең масштабтан он есе ірі болуы тиіс;
      4) формат. Карталарға әрбір ҰҚЖ, оған шектес шекті тежеу жолағының немесе кедергіден бос жолақтың, ұшып көтерілу траекториясы мен маңызды кедергілер аймағының жоспары мен пішіні салынуы тиіс;
      5) магниттік ауытқу. Картада бір градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқуы және ақпарат күні көрсетілуі тиіс;
      6) белгілер. Картада әуеайлақ орналасқан мемлекеттің, осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның атауы, әуеайлақтың атауы мен ҰҚЖ белгісі (белгілері) көрсетілуі тиіс;
      7) аэронавигациялық деректер. Картада мыналар көрсетілуі тиіс:
      ұшып көтерілу аймағындағы барлық маңызды кедергілер;
      ұшып көтерілу траекториясының аймағы;
      жарияланған арақашықтықтар;
      жоспардағы көрінісі мен пішіні;
      8) дәлдік. Картада қол жеткізілетін дәлдік дәрежесі көрсетілуі тиіс.

5. Қонуға дәл кіруге арналған жердің картасын жасауға қойылатын талаптар

      1. Осы карта ұшуды пайдалану кәсіпорындарына биіктікті өлшеу радиоқұралдарын пайдалану кезінде шешім қабылдау үшін биіктікті айқындауға жергілікті жердің қаншалықты ықпал ететіндігін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында жергілікті жердің қонуға кірудің соңғы кезеңінің берілген учаскесі шегіндегі пішіні егжей-тегжейлі ақпаратты қамтиды.
      2. Осы картада мынадай негізгі ақпарат берілуі тиіс:
      1) белгілер. Картада әуеайлақ орналасқан мемлекеттің, осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның атауы, әуеайлақтың атауы мен ҰҚЖ белгісі (белгілері) көрсетілуі тиіс;
      2) жоспар мен пішін туралы ақпарат. Карта мыналарды қамтуы тиіс:
      ҰҚЖ осьтік сызығы жалғасынан екі жаққа қарай 60 м учаскеде 1 м (3 фут) аралығымен пішін шектерінде жасалған жергілікті жердің жоспары, бұл ретте көлденең бағыты ҰҚЖ шегінің деңгейіне қатысты белгіленеді;
      жергілікті жердің немесе жоспарда белгіленген кез келген объектінің биіктігі өлшеу радиоқұралының көрсеткіштерінде көрінуі мүмкін учаскелерді белгілеу;
      жергілікті жердің шектен ҰҚЖ осьтік желісінің жалғасы бойымен 900 м (3000 фут) шегіндегі пішіні;
      жақындау оттарын орнату, бірақ олар толығымен немесе ішінара осьтік сызық пішінінен ±3 м (10 футқа) ерекшеленетін болса ғана орнатылады.

6. Аудан картасын жасауға қойылатын талаптар

      1. Осы картада ұшу экипажына бағыт бойынша ұшу кезеңінен әуеайлаққа қонуға кіру кезеңіне ауысу, ұшып көтерілу/екінші айналымға кету кезеңінен бағыт бойынша ұшу кезеңіне ауысу кезінде аспаптар бойынша және ӘҚҚ күрделі бағыттары немесе әуе кеңістігінің күрделі құрылымы аудандарын ұшуды орындауға көмектесетін ақпарат қамтылады.
      2. Осы картада мынадай негізгі ақпарат берілуі тиіс:
      1) картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Әрбір картада бейнеленген аудан ұшып шығу және ұшып келу бағыттарын нақты белгілейтін нүктелерді қамтуы тиіс.
      Бұл картада желілік масштаб көрсетілуі тиіс;
      2) белгілер. Әрбір картада бейнеленетін әуе кеңістігінің атауы көрсетілуі тиіс;
      3) техногенді орта және топография. Егер картаның мәні үшін маңыздырақ басқа ақпаратты түсінуді қиындатпайтын болса, картаға барлық ашық су кеңістіктерінің, ірі көлдер мен өзендердің жағалау сызықтарының жалпы контурлары сызылуы тиіс;
      4) магниттік ауытқу. Картада ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқуы көрсетілуі тиіс;
      5) пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар. Картада магниттік пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар көрсетілуі тиіс;
      6) аэронавигациялық деректер. Картада мынадай аэронавигациялық деректер көрсетілуі тиіс:
      осы әуеайлақ ауданындағы бағыттар жүйесіне әсер ететін барлық әуеайлақтар;
      белгілері мен тік шекараларын көрсетумен тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар;
      радионавигациялық құралдарды, барлық белгіленген әуе кеңістігінің бүйірлік және тік бағытты шекараларын және әуе кеңістігінің тиісті класын қамтитын ӘҚҚ жүйесі;
      әуеайлақ ауданындағы бағыттарды және олардың арасындағы арақашықтықты белгілейтін барлық негізгі нүктелер;
      бағыттар бойынша ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктіктері;
      арналарын көрсетумен байланыс құралдары.

7. Аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу картасын (SID) жасауға қойылатын талаптар

      1. Осы карта ұшу экипажын аспаптар бойынша белгіленген ұшып шығудың стандартты бағыттарының ұшып көтерілу кезеңінен бастап бағыт бойынша ұшу кезеңіне дейінгі ережелерін орындау мүмкіндігін беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.
      2. Осы картада мынадай негізгі ақпарат берілуі тиіс:
      1) картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан ұшып шығу бағыты басталатын нүктені көрсету үшін жеткілікті және ӘҚҚ бағыты бойынша ұшу кезеңі басталуы мүмкін негізгі нүктемен ескертілген болуы тиіс.
      Егер карта масштабта орындалған болса, графикалық масштабы көрсетілуі тиіс;
      2) проекция. Картада ішкі шеңбер бойымен тиісті жерлерде тұрақты аралықтарымен бірге дәйектеу сызықшалары көрсетілуі тиіс;
      3) белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның атауы, әуеайлақтың атауы және «Әуе кемелерінің ұшуды орындауы» аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары ІІ томы І бөлігі 3-бөлімі 5-тарауының талаптарына (PANS-OPS, Doc. 8168) сәйкес аспаптар бойынша ұшып шығудың стандартты бағыт(тар)ының белгісі (белгілері) көрсетілуі тиіс;
      4) техногенді орта және топография. Егер картаның мәні үшін маңыздырақ басқа ақпаратты түсінуді қиындатпайтын болса, картаға барлық ашық су кеңістіктерінің, ірі көлдер мен өзендердің жағалау сызықтарының жалпы контурлары сызылуы тиіс;
      5) магниттік ауытқу. Картада магниттік пеленгтерді, жол сызықтары мен радиалдарды айқындау кезінде қолданылатын магниттік ауытқуы ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетілуі тиіс;
      6) пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар. Картада магниттік пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар көрсетілуі тиіс;
      7) аэронавигациялық деректер. Картада мынадай аэронавигациялық деректер көрсетілуі тиіс:
      аспаптар бойынша стандартты ұшып шығудың алдын ала белгіленген бағытына әсер ететін барлық әуеайлақтар;
      белгілері мен тік шекараларын көрсетумен тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар;
      координаталарды қоса алғанда, радионавигациялық құралдары ашып жазылған атауы, жиілік белгісі, DME арнасы және DME орналасу орнының 30 м (100 футқа) дейінгі дәлдікпен артып кету шамасы;
      бағыт (бағыттар) учаскесі әрқайсысының бойымен индексін, негізгі нүктелерін, жол сызығын немесе радиалын қоса алғанда, аспаптар бойынша әрбір ұшып шығу бағытының графикалық сипаттамасы, негізгі нүктелердің арасындағы қашықтығы, бағыттар бойынша ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі;
      радионавигациялық құралдармен таңбаланбаған негізгі нүктелердің атау-кодтары, олардың географиялық координаталары, пеленгі және арақашықтығы;
      күту аймағында қолданылатын ұшу схемалары;
      ауысудың абсолюттік/салыстырмалы биіктігі;
      аспаптар бойынша стандартты ұшу бағытының (бағыттарының) мәтіндік сипаттамасы.

8. Аспаптар бойынша стандартты ұшып келу картасын (STAR) жасауға қойылатын талаптар

      1. Осы карта ұшу экипажын аспаптар бойынша белгіленген ұшып келудің стандартты бағыттарының бағыт бойынша ұшу кезеңінен қонуға кіру кезеңіне дейінгі ережелерін орындау мүмкіндігін беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.
      2. Осы картада мынадай негізгі ақпарат берілуі тиіс:
      1) картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан ұшу кезеңі аяқталып, қонуға кіру кезеңі басталатын нүктелерді көрсету үшін жеткілікті болуы тиіс.
      Егер карта масштабта орындалған болса, графикалық масштабы көрсетіледі;
      2) проекция. Картада ішкі шеңбер бойымен тиісті жерлерде тұрақты аралықтарымен бірге дәйектеу сызықшалары көрсетілуі тиіс;
      3) белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның атауы, әуеайлақтың атауы көрсетілуі тиіс;
      4) техногенді орта және топография. Егер картаның мәні үшін маңыздырақ басқа ақпаратты түсінуді қиындайтын болса, картаға барлық ашық су кеңістіктерінің, ірі көлдер мен өзендердің жағалау сызықтарының жалпы контурлары сызылуы тиіс;
      5) магниттік ауытқу. Картада магниттік пеленгтерді, жол сызықтары мен радиалдарды айқындау кезінде қолданылатын магниттік ауытқуы ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетілуі тиіс;
      6) пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар. Картада магниттік пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар көрсетілуі тиіс;
      7) аэронавигациялық деректер. Картада мынадай аэронавигациялық деректер көрсетілуі тиіс:
      аспаптар бойынша стандартты ұшып келудің алдын ала белгіленген бағытына әсер ететін барлық әуеайлақтар;
      белгілері мен тік бағытты шекараларын көрсетумен тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар;
      координаталарды қоса алғанда, радионавигациялық құралдары, ашып жазылған атауы, жиілік белгісі, DME арнасы және DME орналасу орнының 30 м (100 футқа) дейінгі дәлдікпен теңіздің орташа деңгейінен асып түсу шамасы;
      әрқайсысының бағыт (бағыттар) учаскесі бойымен индексін, негізгі нүктелерін, жол сызығын немесе радиалын қоса алғанда, аспаптар бойынша әрбір стандартты ұшып келу бағытының графикалық сипаттамасы, негізгі нүктелердің арасындағы қашықтықтар, бағыттар бойынша ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі;
      радионавигациялық құралдармен таңбаланбаған негізгі нүктелердің атау-кодтары, олардың географиялық координаталары, пеленг және арақашықтығы;
      күту аймағында қолданылатын схемалар;
      ауысудың абсолюттік/салыстырма биіктігі;
      аспаптар бойынша стандартты ұшу бағытының (бағыттарының) мәтіндік сипаттамасы.

9. Аспаптар бойынша қонуға кіру картасын жасауға қойылатын талаптар

      1. Осы үлгідегі карта ұшу экипаждарын ұшуды межелі ҰҚЖ-ға аспаптар бойынша қонуға кірудің бекітілген схемасына сәйкес орындауға, соның ішінде екінші айналымға кету және тиісті жағдайларда, күту аймағындағы белгіленген ұшу схемасына сәйкес орындауға мүмкіндік беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.
      2. Осы картада мынадай негізгі ақпарат берілуі тиіс:
      1) картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының барлық учаскелерін және осындай қонуға кіру үлгісіне қажет болуы мүмкін осындай қосымша аймақтарды кіргізу үшін жеткілікті болуы тиіс.
      Картада жоспар түріндегі сандық та, сызықты да масштаб километрмен көрсетілуі тиіс.
      Ұзақтық масштабы тікелей аспаптар бойынша қону схемаларының пішіні түрінде көрсетілуі тиіс. Оның жоспарда көрсетілген масштабқа сәйкес болуы міндетті емес;
      2) белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның атауы, әуеайлақтың атауы және «Әуе кемелерінің ұшуды орындауы» аэронавигациялық қызмет көрсету қағидаларының ІІ томы І бөлігінің 4-бөлімі 9-тарауының талаптарына (PANS-OPS, Doc. 8168) сәйкес аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының белгісі көрсетілуі тиіс;
      3) техногенді орта және топография. Картаға екінші айналымға кетуді, тиісті күту схемасында және, егер белгіленген болса, көзбен шолып маневрлеу (айналып ұшу) схемасы бойынша ұшуды қоса алғанда, аспаптар бойынша қонуға кіру схемасын қауіпсіз орындау үшін қажетті жасанды құрылыстар мен топография туралы ақпарат жазылуы тиіс. Топографиялық ақпарат тек қажет болған жағдайда ғана түсіндірме жазбалармен сүйемелденеді және оны түсінуді оңайлату үшін, кем дегенде, жерүсті және ірі көлдер мен өзендердің учаске шекаралары суреттеледі;
      4) магниттік ауытқу. Картада магниттік пеленгтерді, жол сызықтарын және радиалдарды айқындау кезінде қолданылатын магниттік ауытқуы ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетілуі тиіс;
      5) пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар. Картада магниттік пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар көрсетілуі тиіс;
      6) аэронавигациялық деректер. Картада мыналар көрсетілуі тиіс:
      сипаттамалық белгілері әуеден жақсы ажыратылатын барлық әуеайлақтар; ҰҚЖ схемасы мыналар үшін келтірілуі тиіс (көрнекі болу үшін жеткілікті үлкейтіп көрсетілген):
      1) осы схема орындалатын әуежай;
      2) әуе қозғалысы схемасына әсер ететін немесе қолайсыз ауа райы жағдайында межелі әуеайлақ ретінде қабылдануы мүмкін болатындай етіп орналасқан әуеайлақтар;
      әуеайлақтан және ҰҚЖ шегінен артып кету немесе тиісті жағдайларда жерге қону аймағынан артып кетудің ең жоғары мәні;
      ұлғаю жағына қарай жинақтап метрге дейінгі дәлдікпен ұлғайтылған барлық маңызды кедергілер;
      өз белгілері мен тік бағытты шекаралары бар ұшу схемасын орындауға әсер етуі мүмкін тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар және қауіпті аймақтар;
      қонуға кіруді орындау үшін қажетті навигациялық құралдар;
      қонуға кіруді орындау үшін қажетті радиобайланыс жиіліктері және шақыру белгілері;
      картаға өзі кіретін секторды анық көрсететін ең төменгі абсолюттік биіктік енгізілуі тиіс;
      қонуға кіру және екінші айналымға кету сызықтары;
      пеленгтер, жол сызықтары, радиалдар және арақашықтық немесе схеманы орындауға қажетті уақыт;
      ең төменгі биіктік пен күту аймағындағы ұшу уақыты көрсетілген күту аймағының схемасы;
      пішін, әдетте, жоспардағы бейнесінен кіші болып бейнеленуі және мына мәліметтерді қамтуы тиіс: әуеайлақ, қонуға кіру схемасы жолының сызығы, төмендеу градиенті, пеленгтер, арақашықтықтар немесе уақыт, абсолюттік/салыстырмалы биіктіктер, бақылау нүктелері.

10. Қонуға көзбен шолып кіру картасын жасауға қойылатын талаптар

      1. Осы картада ұшу экипаждарына көзбен шолу бағдарымен бағыт бойынша ұшуға/қонуға кіруге төмендеу кезеңінен белгіленген ҰҚЖ-ға қонуға кіру кезеңіне ауысуды жүзеге асыруға көмектесетін ақпарат қамтылған.
      2. Осы картада мынадай негізгі ақпарат берілуі тиіс:
      1) картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Әуеайлақ бедері мен жоспарының барлық элементтерінің бейнеленуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ірі масштаб қолданылуы тиіс;
      2) белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың немесе елді мекеннің атауы және осы әуеайлақтың атауы көрсетілуі тиіс;
      3) техногенді орта және топография. Картада табиғи және жасанды жерүсті бағдарлары, бедер, жағалық сызықтар, көлдер, өзендер мен бұлақтар көрсетілуі тиіс;
      4) магниттік ауытқу. Картада ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқу көрсетілуі тиіс;
      5) пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар. Картада магниттік пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар көрсетілуі тиіс;
      6) аэронавигациялық деректер. Картада мыналар көрсетілуі тиіс:
      ҰҚЖ орналасуы бойынша барлық әуеайлақтар;
      көрінетін жерде белгіленген әуеайлақтан артып кету;
      барлық маңызды кедергілер, бір метрге дейінгі дәлдікпен олардың әуеайлақтан артып кетуі үстіндегі салыстырмалы биіктігі;
      өзінің белгілері және тік шекаралары бар тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар және қауіпті аймақтар.

11. ӘҚБ ең төменгі абсолюттік биіктігінің шолу картасын жасауға қойылатын талаптар

      1. Осы қосымша картада ұшу экипаждарына ӘҚҚ бақылау жүйелерін пайдалана отырып диспетчер белгілеген абсолюттік биіктіктерді бақылауды және оларды екі жақты тексеруді жүзеге асыру мүмкіндігін беретін ақпарат қамтылған.
      2. Осы картада мынадай негізгі ақпарат берілуі тиіс:
      1) картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан векторлау схемаларына қатысты ақпаратты көрнекі көрсету үшін жеткілікті болуы тиіс.
      Карта аудан картасы жасалған масштабта орындалуы тиіс;
      2) белгілер. Әрбір картада векторлау схемалары белгіленген әуеайлақтың атауы көрсетілуі тиіс;
      3) техногенді орта және топография. Егер картаның мәні үшін маңыздырақ басқа ақпаратты түсінуді қиындатпайтын болса, картаға барлық ашық су кеңістіктерінің, ірі көлдер мен өзендердің жағалау сызықтарының жалпы контурлары сызылуы тиіс;
      4) магниттік ауытқу. Картада ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқу көрсетілуі тиіс;
      5) пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар. Картада магниттік пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар көрсетілуі тиіс;
      6) аэронавигациялық деректер. Картада мыналар көрсетілуі тиіс:
      осы әуеайлақ ауданындағы бағыттар жүйесіне әсер ететін барлық әуеайлақтар;
      ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен әуеайлақтаң артып кетуі;
      олардың белгілері көрсетілген тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар;
      олардың белгілері көрсетілген радионавигациялық құралдар;
      тиісті белгіленген кеңістіктің бүйірлік шекаралары;
      аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу және ұшып келу схемаларындағы жол нүктелері;
      ең төменгі абсолюттік векторлау биіктіктері;
      20 км аралықтармен немесе ол қолданылатын болса 10 км аралықтармен бірдей қашықтық айналымдары;
      тиісті ӘҚБ органдарының радиобайланыс жиіліктері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады