"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 269 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен

      «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 269 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген алқа мәжілісінде берген тапсырмасын орындау мақсатында қабылданды.
      Мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына 10 % мөлшерінде ай сайынғы үстемақы белгілеу мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерін бұдан әрі ынталандыруға ықпал етеді.
      Қаулыны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз