Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 277 қаулысы

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес кәріздің сыртқы желілері республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының балансынан Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Астана қаласының әкімдігімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөнінде қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі                            С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 277 қаулысына  
қосымша      

Республикалық меншіктен Астана қаласының
коммуналдық меншігіне берілетін мүліктің тізбесі

Объект атауы

Мүлік атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Астана қаласында Есіл өзенінің сол жағалауында № 19 көшенің оңтүстігіндегі «Нұра» мемлекеттік резиденциясы. Кәріздің сыртқы желілері

Кәріздің сыртқы желілері

м.

4638,7

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады