"Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 303 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 528-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      16-тармақта:
      орталық аппараттың функцияларында:
      мынадай мазмұндағы 149-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «149-1) тауар биржасында халықаралық биржалық сауда-саттықты дамыту үшін жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;»;
      ведомствоның функцияларында:
      мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметін мониторингілеу;
      2-2) сауда қатынастарын жетілдіру мақсатында жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын талдау және зерделеу;»;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу;»;
      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-1) өз өкілін тауар биржасының жұмысына, оның ішінде биржалық сауда-саттыққа қатысуға ресми түрде жіберу;»;
      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      реттік нөмірі 4-жол алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады