"Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүргізілетін тұқымның, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің себуіне арналған тұқымның сорттық және егістік сапасын сараптау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 тамыздағы № 805 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 310 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2016 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзiлетiн тұқымның, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң себуiне арналған тұқымның, сорттық және егістік сапасын сараптау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 12 тамыздағы № 805 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 327-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұқымның, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң себуiне арналған тұқымның сорттық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзiлетiн тұқымның, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң себуiне арналған тұқымның сорттық және егу сапасын сараптау ережесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң     
2014 жылғы 2 сәуірдегі
№ 310 қаулысына  
қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2003 жылғы 12 тамыздағы
№ 805 қаулысымен   
бекітілген     

Тұқымның, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын
өндiрушiлердiң себуiне арналған тұқымның сорттық және егiстiк
сапасына сараптама жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тұқымның, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің себуіне арналған тұқымның сорттық және егістік сапасына сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Тұқымдық және отырғызу материалының сорттық және себу сапасын айқындау» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде тұқымның, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң себуiне арналған тұқымның сорттық және егістік сапасына сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Тұқымның сорттық және егістік сапасын сараптау жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      3. Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымының сорттық және егістік сапасын тұқымдық сараптау (бұдан әрі – сараптау) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, бірінші, екінші және үшінші репродукциялы бірегей және элиталық тұқым өндірушілер, мемлекеттік сортсынау учаскелері мен станциялары, сондай-ақ мемлекеттік тұқым ресурстары үшін міндетті түрде жүргізіледі.
      4. Тұқымдарды сараптауды тұқым сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертханалар жүзеге асырады.

2. Тұқымның сапасына сараптама жүргізу тәртібі

      5. Тұқымның сапасын сараптау қолданыстағы стандарттарға (бұдан әрі – стандарт) сәйкес өнгіштігі және (немесе) өміршеңдігі, ылғалдылығы, 1000 дәннің салмағы, тазалығы, ауруға шалдығуы, зиянкестермен залалдануы (толық талдау) көрсеткіштері не көрсетілген көрсеткіштердің біреуі немесе бірнешеуі (толық емес талдау) бойынша жүргізіледі. Мақта тұқымының сапасын сараптау мынадай көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: өнгіштігі, ылғалдылығы, жетілгендігі, механикалық зақымдануы, 1000 дәннің салмағы, арамшөп араласуы, қамбалық зиянкестермен залалдануы, қызып кетуі, талшық қалдығы, түктену қалдығы.
      6. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердің, мемлекеттiк сорт сынау учаскелерi мен станцияларының, сондай-ақ сақтауында мемлекеттiк тұқым ресурстарын сақтап отырған астық қабылдау кәсiпорындарының әрқайсысы бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң түрлерi бойынша тұқымның сапасына зерттеу жүргізу санын жергілікті атқарушы органдардың аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) басшысының бұйрығымен құрылған, кемінде бес адамнан тұратын комиссия айқындайды. Комиссияның құрамына бөлімнің, жер ресурстарын басқару жөніндегі органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi кіредi.
      7. Тұқымды сараптауды жүргiзу үшiн бөлім мен тұқым сапасын сараптау жөнiндегi аттестатталған зертхана арасында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) бекіткен үлгіде тұқымның сорттық және егістік сапасын айқындау бойынша көрсетiлетін қызметтер туралы екi данада шарт жасалады.
      8. Сапаның нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін тексеру үшін құюға, сақтауға және себуге дайындалған партиялардан тұқым сынамалары алынады.
      Тек себу үшін ғана арналған тұқым партияларынан сынамалар алуды тұқым өндірушілердің өтінімі бойынша тұқым сарапшылары және (немесе) тұқым сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертханаларда тиісті дайындықтан өткен тұқым өндірушілер (олардың өкілдері) жүргізеді.
      Сатуға жатқызылған тұқым партияларынан сынамалар алуды тұқым өндіруші өкілдің қатысуымен бөлімнің тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүргізеді.
      Тұқымның партиясы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттық егістерін сынаудан өткізу актісімен бірге жолданады.
      Сынамаларды іріктеу стандарттарға сәйкес жүргізіледі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1279 қаулысымен бекітілген Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларына(бұдан әрі – Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидалары) сәйкес айқындалған нысан бойынша сынамаларды іріктеу актісімен екі данада ресімделеді. Актінің бір данасы сынама алынған отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісіне қалдырылады, екінші данасы сынамамен бірге тұқым сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертханаға жіберіледі.
      9. Тұқым сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертхана сынамаларды зертханалық талдау нәтижелері негізінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген нысандар бойынша тұқымның сапалылығы туралы куәлік немесе тұқымды талдау нәтижесін береді.
      Тұқымның сапалылылығы туралы куәлік егістік сапасы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген барлық көрсеткіштер бойынша тексерілген (толық талдау) және стандарт талаптарына сай келетін тұқым партияларына беріледі.
      Тұқымның сапасы туралы куәлікті өнгіштігінің орнына тұқымның өміршеңдігі нормасын ескере отырып жиналған жылы себуге пайдаланылатын күздік дақылдардың тұқымына, егіске дейін он бес және одан аз күн бұрын ылғалдылығы мен зиянкестермен залалданғандығын айқындамай (сатуға арналған тұқымнан басқа) талдау жүргізілетін тұқымға беруге рұқсат етіледі. Тұқымды талдау нәтижесі осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген көрсеткіштердің бірі бойынша стандарттың талаптарына (толық талдау кезінде) сай келмейтін тұқымға, сондай-ақ сапалық көрсеткіштерінің барлығы бойынша тексерілмеген тұқымдарға да (толық емес талдау) беріледі.
      10. Тұқым сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертхана тұқымның сапасы туралы куәлікті немесе тұқымды талдау нәтижесін өнгіштігі айқындалған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде береді.
      Тұқымдарға жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша тұқымның сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертхана тұқымдардың сорттық және егістік сапасын анықтау үшін көрсетілген қызмет туралы актілерін Министрлік бекіткен нысан бойынша үш данада жасайды, бір данасы тұқым сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертханада қалады, екінші дана отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, үшінші дана бөлімге беріледі.
      11. Сынаманың талдаудан қалған бөлігі ауданда осы дақылдың егісі аяқталғаннан кейін (аудандық статесептілікке сәйкес) бір ай ішінде тұқым сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертханада сақталады.
      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін немесе тұқым сынамасын қайталап талдауға алған кезде сынаманың қалған бөлігі отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қайтарылып беріледі.
      12. Тұқымның сорттық және егістік сапасын айқындау жөніндегі қызметтер көрсету туралы акті негiзiнде бөлім Министрлік бекіткен нысанда аудан бойынша көрсетiлген қызметтерді бағалау актiсiн екi данада жасайды, екiншi данасы жергілікті атқарушы органның облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – басқарма) жiберiледi.
      Басқарма бөлім ұсынған көрсетілген қызметтерді бағалау актiлерiн тексереді, Министрлік бекіткен нысанда облыс бойынша көрсетiлген қызметтердiң жиынтық актiсiн жасайды және оны бекiтеді.
      Облыс бойынша көрсетiлген қызметтердің жиынтық актiсiнiң негiзiнде тұқымның сорттық және егістік сапасын айқындау жөніндегі көрсетiлген қызметтер үшiн белгiленген тәртiппен қаржыландыру жүргiзiледi.
      Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне (төртінші тоқсанда тиісті жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей) басқарма тікелей және соңғы нәтижелердің нақты жетістіктерін көрсете отырып, бюджеттік бағдарламаның орындалуы туралы есепті, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей Министрлікке ұсынады.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 августа 2003 года № 805 "Об утверждении Правил экспертизы семян на сортовые и посевные качества, проводимой за счет средств республиканского бюджета, в том числе семян, предназначенных для посева отечественными сельскохозяйственными товаропроизводителями"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 апреля 2014 года № 310. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 января 2016 года № 43

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 30.01.2016 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      Вводится в действие с 1 января 2014 года.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 августа 2003 года № 805 «Об утверждении Правил экспертизы семян на сортовые и посевные качества, проводимой за счет средств республиканского бюджета, в том числе семян, предназначенных для посева отечественными сельскохозяйственными товаропроизводителями» (САПП Республики Казахстан, 2003 г., № 33, ст. 327), следующие изменения:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      «Об утверждении Правил проведения экспертизы сортовых и посевных качеств семян, в том числе семян, предназначенных для посева отечественными сельскохозяйственными товаропроизводителями»;
      Правила экспертизы семян на сортовые и посевные качества, проводимой за счет средств республиканского бюджета, в том числе семян, предназначенных для посева отечественными сельскохозяйственными товаропроизводителями, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2014 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Приложение        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 2 апреля 2014 года № 310

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 12 августа 2003 года № 805

Правила
проведения экспертизы сортовых и посевных качеств семян,
в том числе семян, предназначенных для посева отечественными
сельскохозяйственными товаропроизводителями 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила (далее – Правила) проведения экспертизы сортовых и посевных качеств семян, в том числе семян, предназначенных для посева отечественными сельскохозяйственными товаропроизводителями разработаны в соответствии с подпунктом 10) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 8 февраля 2003 года № 385 «О семеноводстве» и определяют порядок проведения экспертизы сортовых и посевных качеств семян, в том числе семян, предназначенных для посева отечественными сельскохозяйственными товаропроизводителями, в рамках республиканской бюджетной программы «Определение сортовых и посевных качеств семенного и посадочного материала».
      2. Выбор поставщика услуг по экспертизе семян на сортовые и посевные качества проводится в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках товаров, работ и услуг.
      3. Экспертиза семян (далее – экспертиза) сельскохозяйственных культур на сортовые и посевные качества проводится в обязательном порядке для отечественных сельскохозяйственных товаропроизводителей, производителей оригинальных и элитных семян, первой, второй и третьей репродукций, государственных сортоиспытательных участков и станций, а также государственных ресурсов семян.
      4. Экспертизу семян осуществляют аттестованные лаборатории по экспертизе качеств семян.

2. Порядок проведения экспертизы качества семян

      5. Экспертиза качества семян проводится в соответствии с действующими стандартами (далее – стандарт) по показателям всхожести и (или) жизнеспособности, влажности, массы 1000 семян, чистоты, зараженности болезнями, заселенности вредителями (полный анализ), либо по одному или нескольким из указанных показателей (неполный анализ). Экспертиза качества семян хлопчатника проводится по следующим показателям: всхожесть, влажность, зрелость, механическая поврежденность, масса 1000 семян, засоренность, зараженность амбарными вредителями, горелость, остаточная волокнистость, остаточная опушенность.
      6. Количество исследований качества семян по видам сельскохозяйственных растений по каждому сельскохозяйственному товаропроизводителю, государственному сортоиспытательному участку и станции, а также по хлебоприемным предприятиям, имеющим на хранении государственные ресурсы семян, определяется комиссией с численным составом не менее пяти человек, созданной приказом руководителя отдела сельского хозяйства района (города) местного исполнительного органа (далее – отдел). В состав комиссии включаются представители отдела, органов по управлению земельными ресурсами, общественных организаций.
      7. Для проведения экспертизы качества семян между отделом и аттестованной лабораторией по экспертизе качества семян заключается договор об оказании услуг по определению сортовых и посевных качеств семян по форме, утвержденной Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан (далее – Министерство), в двух экземплярах.
      8. Для проверки соответствия качества требованиям нормативно-технической документации отбираются пробы семян от подготовленных к засыпке, хранению и посеву партий.
      Отбор проб от партий семян, предназначенных только для посева, производится семенными экспертами аттестованных лабораторий по экспертизе качества семян по заявке производителей семян и (или) производителями семян (их представителями), прошедшими соответствующую подготовку в аттестованных лабораториях по экспертизе качества семян.
      Отбор проб из партий семян, подлежащих реализации, производится государственными инспекторами по семеноводству отдела при участии представителя производителя семян.
      Партия семян сопровождается актом апробации сортовых посевов сельскохозяйственных растений.
      Отбор проб проводится в соответствии со стандартами и оформляется актом отбора проб по форме, установленной Правилами осуществления экспертизы качества семян, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 ноября 2011 года № 1279 (далее – Правила осуществления экспертизы качества семян) в двух экземплярах. Один экземпляр акта остается у отечественного сельскохозяйственного товаропроизводителя, где отобрана проба, другой экземпляр направляется с пробой в аттестованную лабораторию по экспертизе качества семян.
      9. Аттестованная лаборатория по экспертизе качества семян на основании результатов лабораторного анализа проб выдает отечественному сельскохозяйственному товаропроизводителю удостоверение о кондиционности семян или результат анализа семян по формам, установленным Правилами осуществления экспертизы качества семян.
      Удостоверение о кондиционности семян выдается на партии семян, посевные качества которых проверены по всем показателям, указанным в пункте 5 настоящих Правил (полный анализ), и соответствуют требованиям стандарта.
      Допускается выдача удостоверения о кондиционности семян на семена озимых культур, используемых для посева в год их уборки, с учетом нормы жизнеспособности семян вместо всхожести на семена, анализ которых проводят за пятнадцать и менее дней до посева (кроме семян, предназначенных для продажи) – без определения влажности и заселенности вредителями. Результат анализа семян выдается на семена, не отвечающие требованиям стандарта по одному из показателей качества, указанных в пункте 5 настоящих Правил (при полном анализе), а также на семена, проверенные не по всем показателям качества (неполный анализ).
      10. Аттестованная лаборатория по экспертизе качества семян выдает удостоверение о кондиционности семян и (или) результат анализа семян в течение семи календарных дней со дня определения всхожести.
      По итогам проведенных исследований семян аттестованной лабораторией по экспертизе качества семян составляется акт об оказании услуг по определению сортовых и посевных качеств семян по форме, утвержденной Министерством, в трех экземплярах, один из которых остается в аттестованной лаборатории по экспертизе качества семян, второй передается отечественным сельскохозяйственным товаропроизводителям, третий – в отдел.
      11. Оставшаяся от анализа часть пробы хранится в аттестованной лаборатории по экспертизе качества семян в течение одного месяца после окончания посева данной культуры в районе (согласно районной статистической отчетности).
      По истечении указанного срока или при получении пробы семян на повторный анализ, оставшуюся часть пробы возвращают отечественным сельскохозяйственным товаропроизводителям.
      12. На основании акта об оказании услуг по определению сортовых и посевных качеств семян отдел составляет акт оценки оказанных услуг по району по форме, утвержденной Министерством, в двух экземплярах, один экземпляр которого направляется в областное управление сельского хозяйства местного исполнительного органа (далее – управление).
      Управление проверяет представленные отделом акты оценки оказанных услуг, составляет и утверждает сводный акт оказанных услуг по области по форме, утвержденной Министерством.
      На основании сводного акта оказанных услуг по области в установленном порядке производится финансирование за оказанные услуги по определению сортовых и посевных качеств семян.
      Ежеквартально к 5 числу месяца, следующего за отчетным кварталом (в четвертом квартале – не позднее 25 декабря соответствующего года), управление представляет в Министерство отчет о реализации бюджетной программы с указанием фактических показателей прямых и конечных результатов, а итоговый отчет – не позднее 1 февраля следующего финансового года.