Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 сәуірдегі № 325 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К.Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы):
      1) 10-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттардан басқа кәсіпкерлік қызметті кімнің болса да рұқсатын алмай-ақ жүзеге асыру мүмкіндігі арқылы;»;
      2) 19-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Егер дара кәсіпкер лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асырса, оның осындай қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы болуы міндетті.
      Лицензия рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен беріледі.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі дара кәсіпкерлерге лицензия берудің оңайлатылған тәртібін белгілеуге құқылы.»;
      3) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшін рұқсат алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі осындай рұқсатты алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзімі өткен немесе заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.»;
      4) 159-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қажетті рұқсатты алмай не рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін жасалған мәміле жарамсыз болады.».
      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат;  № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж, № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж. № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжат, 2014 жылғы 22 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы.):
      1) 45-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) рұқсаттан айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру, оның ішінде мемлекеттік электрондық рұқсаттар мен хабарламалар тізілімінен алып тастау;»;
      2) 46-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Арнаулы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, кәсіпкерлік қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік жолмен кетіру негізгі, сол сияқты қосымша әкімшілік жазалар ретінде қолданылуы мүмкін.»;
      3) 52-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «52-бап. Рұқсаттан айыру не белгілі бір қызмет түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру, оның ішінде мемлекеттік электрондық рұқсаттар мен хабарламалар тізілімінен алып тастау»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жеке тұлғаларды, дара кәсіпкерлерді, жеке нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттарды және заңды тұлғаларды белгілі бір қызмет түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға рұқсаттан айыруды судья аталған адамдардың қызметті жүзеге асыруы не рұқсатта көзделген белгілі бір іс-әрекеттерді жасауы кезіндегі әкімшілік құқық бұзушылығы үшін қолдануы мүмкін.»;
      4) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «65-бап. Әкімшілік жаза мерзімдерін есептеу
      Әкімшілік қамауға алу мерзімі тәуліктермен, ал жеке адамға немесе заңды тұлғаға берілген арнаулы құқықтан айыру, сондай-ақ рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын қызметтің белгілі бір түріне не белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға тоқтата тұру мерзімі - жылдармен, айлармен немесе күнтізбелік күндермен есептеледі.»;
      5) 143-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «143-бап. Заңсыз кәсіпкерлік
      Кәсіпкерлік қызметті тіркелусіз не егер мұндай рұқсаттың міндетті түрде болуы тиіс жағдайларда арнайы рұқсатсыз немесе рұқсат беру немесе хабарлама тәртіптерін бұза отырып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде табыс алумен немесе акцизделетін тауарларды едәуір мөлшерде өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен ұштасқан болса, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -
      жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - келтірілген залал сомасының, алынған табыс сомасының және заңсыз кәсіпкерлік нәтижесінде алынған акцизделетін тауарлар құнының отыз пайызы мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертулер.
      1. Осы Кодекстің 143 және 143-2-баптарында азаматқа бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке он мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада келтірілген залал ірі залал деп танылады.
      2. Осы Кодекстің 143 және 143-2-баптарында сомасы он мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын табыс ірі мөлшердегі табыс деп танылады.
      3. Осы бапта құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тауарлар саны едәуір мөлшер деп танылады.»;
      6) 222-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «222-бап. Ядролық, радиациялық және техникалық қауіпсіздіктің  белгіленген нормалары мен қағидаларын бұзу
      1. Ядролық материалдармен, радиоактивті заттармен, иондаушы сәулелену көздерімен айналысу кезінде ядролық, радиациялық және техникалық қауіпсіздіктің белгіленген нормалары мен қағидаларын бұзу; атом энергиясын пайдалану объектілерін орналастыру, осы объект жобасында көзделген барлық құрылыстарды іске қоспай тұрып атом энергиясын пайдалану объектісін пайдалануға қабылдаудың талаптарын сақтамау; атом энергиясын пайдалану жабдықтары мен объектілерін жеткізудің, монтаждаудың, сынақтан өткізудің, пайдалануға енгізудің, сондай-ақ пайдаланудан алудың белгіленген талаптарын бұзу, егер бұл әрекеттер адам өліміне немесе қоршаған ортаны радиоактивтік зақымдауға әкеп соқтырмаса, -
      атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің белгілі бір түріне берілген рұқсаттан айыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Рұқсатсыз атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыстар жүргізу, сондай-ақ ядролық материалдармен, радиоактивті заттармен және иондаушы сәулелену көздерімен айналысу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, —
      атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің белгілі бір түріне берілген рұқсаттан айыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;     
      7) 719-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «719-бап. Рұқсаттан айыру не оның белгілі бір қызмет түріне қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны орындау
      Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны рұқсаттан айыру не белгілі бір қызмет түріне оның қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулы осы Кодексте және рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен орындалады.».
      3. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97 құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж. № 5, 23-құжат; 2011 ж. № 1, 2, 3-құжат, № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 г. № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат):
      1) 13-баптың 1-тармағының 18-2) тармақшасы алып тасталсын.
      4. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су  кодексіне(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж. № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат):
      36-бап мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «20-1) арнайы су пайдалануға рұқсат беруге өтініштің нысанын және арнайы су пайдалануға рұқсаттың нысанын бекітеді;»;
      2) 37-баптың 1-тармағы:
      мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-2) су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келіседі;»;
      5-1) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
      6-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-1) арнайы су пайдалануға рұқсат беруге өтініштің нысанын және арнайы су пайдалануға рұқсаттың нысанын әзірлейді;»;
      3) 40-бапта:
      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) осы Кодексте белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсат беру, оның қолданылуын тоқтата тұру, ұзарту және қайта ресімдеу, сондай-ақ арнайы су пайдалануға құқықты тоқтату;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) салық органына бергенге дейін жер үсті көздерінің су ресурстар пайдаланғаны үшін төлем бойынша салық есептілігін куәландыру;»;
      4) 51-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру және арнайы су пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстарды енгізуге;»;
      5) 66-бапта:
      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғытылған және басқа  да қалдық суларды жер үсті су объектілеріне, су шаруашылығы құрылыстарына немесе жергілікті жер бедеріне ағызу;»;
      8-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) қалдық суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдерімен қосалқы су пайдаланушылардың тізбесі бар жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беріледі.»;
      9-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) суларды беруге өтінімдерімен қосалқы су пайдаланушылардың тізбесі;»;
      мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5) жер асты суларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін алғанда оның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар;
      6) осы су пайдаланудың шарттарын жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдарымен келісімі бар жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беріледі.»;
      10-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішті;»;
      мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6) су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есеп айырысуларды;
      7) жер үсті және/немесе жер асты суларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін алғанда оның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны ұсынады.;
      8) қалдық суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдерімен қосалқы су пайдаланушылардың тізбесі;»;
      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      «10-1. Уәкілетті органның өңірлік органдары тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейін алу лимитімен жер қойнауы бөлігінен шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалану үшін арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне осы су пайдалану шарттарын келісу үшін сұрау салу жібереді.
      Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері уәкілетті органның өңірлік органына бес жұмыс күні ішінде оң не теріс қорытынды беруге міндетті.»;
      14-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Арнайы су пайдалануға рұқсатты уәкілетті органның өңірлік органы өтінім беруші осы Кодекске сәйкес ұсынған барлық қажетті құжаттармен өтініш берген күннен бастап жиырма төрт жұмыс күннен кешіктірмей береді.»;
      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      «14-1. Арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданылу мерзімі осы Кодекстің 70-бабына сәйкес айқындалады.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Заңды тұлғаның атауының өзгеруі және (немесе) оның заңды мекенжайының өзгеруі, жеке тұлға тегінің, атының, әкесінің атының (болған жағдайда) өзгеруі, дара кәсіпкерді қайта тіркеу жеке немесе заңды тұлғаның жазба өтініші негізінде арнайы су пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеуді талап етеді.
      Өтініш уәкілетті органның өңірлік органына өзгерістер болған сәттен бастап заңды тұлғаның атауының өзгеруі және (немесе) оның заңды мекенжайының өзгеруі, жеке тұлғаның тегінің, атының, әкесінің атының (болған жағдайда) өзгеруі, дара кәсіпкерді қайта тіркеу туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, күнтізбелік отыз күннің ішінде жіберіледі.
      Арнайы су пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеу кезінде оның нөмірі, шарттары және қолданылу мерзімі өзгеріссіз қалдырылады. Рұқсат беру құжатының жоғарғы оң жақ бұрышына «Қайта ресімделді» деген белгі қойылады.
      Арнайы су пайдалану шарттарының өзгеруі арнайы су пайдалануға жаңа рұқсатты алуды талап етеді.»;
      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
      «15-1. Егер су пайдалану шарттары өзгеріссіз қалған жағдайда, арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданылу мерзімі жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша өтініші негізінде ұзартылуы мүмкін.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Арнайы су пайдалануға рұқсат берген уәкілетті органның өңірлік органы:
      1) арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін ұсынылған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) Қазақстан Республикасының су және экологиялық заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған;
      3) осы Кодекстің 74-бабында көзделген су пайдалану құқығы шектелген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның қолданылуын тоқтата тұрады.
      Тексеру барысында осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген фактілер анықталған кезде уәкілетті органның өңірлік органы мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою туралы нұсқама береді. Белгіленген мерзім аяқталған соң уәкілетті органның өңірлік органы бұзушылықты жою фактісін анықтау тұрғысынан қайталап тексеруді жүргізеді.
      Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда уәкілетті органның өңірлік органы қайталап тексеруді жүргізген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде тоқтата тұрудың себебі мен мерзімін көрсете отырып, арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.
      Осы тармақтың 3) тармақшасының негізінде арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрған жағдайда, уәкілетті органның өңірлік органы рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрудың себебін көрсете отырып, жеке немесе заңды тұлғаны хабардар етумен ғана шектеледі.
      Осы тармақтың 3) тармақшасының негізінде уақытша тоқтатылған арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданылуын қайта бастау берілген мәліметтердің дәйексіздігі жойылғаннан кейін немесе осы тармақтың 3) тармақшасында негізделген мән-жайлар тоқтатылғаннан кейін жүзеге асырылады.»;
      6) 75-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «75-бап. Арнайы су пайдалану құқығын тоқтату.
      1. Арнайы су пайдалану құқығы:
      1) су пайдаланушы су пайдалану құқығынан бас тартқан;
      2) су пайдалану мерзімі өтіп кеткен;
      3) су пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған;
      4) су пайдаланушы заңды тұлға таратылған;
      5) су объектілері табиғи немесе жасанды түрде жойылып кеткен;
      6) су объектілерін пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен басқа жеке және заңды тұлғаларға ауысқан жағдайларда тоқтатуға жатады.
      Осы баптың 1-тармағының 1) - 6) тармақшаларында көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда, уәкілетті органның өңірлік органы жеке немесе заңды тұлғаға арнайы су пайдалануға рұқсаттың тоқтатылуы туралы хабарлама жібереді.
      2. Арнайы су пайдалану құқығы:
      1) ауыз сумен жабдықтауға арналған су ресурстары бір жыл бойы пайдаланылмаған;
      2) су ресурстары үш жыл бойы пайдаланылмаған;
      3) су ресурстарын мемлекеттік мұқтаждықтар үшін пайдалану қажеттігі туындаған;
      4) арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтар жойылмаған жағдайларда арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру арқылы тоқтатуға жатады.
      3. Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру үшін негіздер су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау барысында анықталады.
      Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда уәкілетті органның өңірлік органы анықталған бұзушылықтарды жою қажет болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жеке немесе заңды тұлғаға арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру туралы хабарламаны жібереді.
      4. Арнайы су пайдалану құқығы уәкілетті органның өңірлік органы арнайы су пайдалану құқығының тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап тоқтатылған болып есептеледі.
      Арнайы су пайдалану құқығын тоқтату туралы шешім су пайдалану шартын бұзу үшін негіз болып табылады.».
      5. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж. № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат):
      21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге арналған лицензияларды беруді Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.».
      6. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-II, 112-құжат, 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж. № 1, 9-құжат):
      1) 13-баптың 1-тармағында:
      8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) салықтық өтініш бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама алуға;»;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) сұрау салу бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы мәліметтерді алуға;»;
      2) 20-баптың 1-тармағында:
      12) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салықтық өтініші бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беруге;»;
      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы мәліметтерді беруге;»;
      3) 73-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық органы уәкілетті орган әзірлеген және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
      4) 74-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Салық органының салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешімі салықтық өтініш берілген күнге уәкілетті орган әзірлеген және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша шығарылады.»;
      5) 250-баптың 2-тармағында:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалардың көрсететін қызметтері;»;
      8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) ерікті зейнетақы жарналарын (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) тарту құқығымен инвестициялық портфельді, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін басқару жөніндегі қызмет;»;
      6) 426-баптың 3-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер тапсыратын, уәкілетті орган әзірлеген және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша, қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламада (осы тарауды қолдану мақсатында бұдан әрі - қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама) - бір салық салу режімінен өзге салық салу режіміне ауысу кезіндегі салық төлеушілер, сондай-ақ жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар жүзеге асырады.»;
      7) 557-баптың 3-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) салық берешегінің, салық құпиясын құрайтын міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер бөлігінде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға және (немесе) мүдделі тұлғаларға береді;»;
      8) 569-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік бере отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қояды немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім шығарады.»;
      9) 574-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініш салық органына мынадай мерзімдерде:
      1) осы баптың 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей;
      2) осы баптың 1-тармағы 3), 4), 5) (темекі өнімдерін көтерме саудада өткізуді қоспағанда), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде лицензия берген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей табыс етіледі.
      Осы баптың 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініш осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде салық органына мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісін, мұнай өнімдері базасын (резервуарды), автомобильге май құю станциясын, алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу кезінде қойма үй-жайларды жалдау шартының көшірмесін осындай шартты 1 жыл кезеңге дейін не мұнай өнімдерін өндірушімен мұнайды қайта өңдеу шартын жасасқан кезде қоса беріле отырып, ұсынылады.
      Салыстыру үшін шарттың төлнұсқасы ұсынылмаған жағдайда шарттардың көшірмелері нотариалды куәландырылуы тиіс.»;
      10) 598-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «598-бап. Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді беру тәртібі
      1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы; салық органдарының ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы; халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар (осы бапты қолдану мақсатында - берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер) бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер алу үшін сұрау салуға құқылы.
      2. Салық органы электронды түрде берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді:
      1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;
      2) уәкілетті мемлекеттік органдарға және (немесе) мүдделі тұлғаларға - мұндай органның және (немесе) тұлғаның сұрау салуы бойынша;
      3) салық төлеушіге (салық агентіне) - салық төлеушінің (салық агентінің) сұрау салуы бойынша береді.
      3. Берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу есебіне алынған орны бойынша салық органдарында ашылған дербес шоттар деректері ескеріле отырып жасалады.
      4. Берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
      5. Берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер:
      1) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде - мәліметтер келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей;
      2) уәкілетті мемлекеттік органның және (немесе) мүдделі тұлғаның сұрау салуы бойынша - сұрау салу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.
      6. Заңды тұлға таратылған немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) қызметін тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлғаның және (немесе) филиалдың (өкілдіктің) берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер осы Кодекстің 37 және 37-1-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде беріледі.
      7. Жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебіне қойылған жеке тұлға Қазақстан Республикасынан тұрғылықты жерге кеткен кезде мұндай тұлғаның берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер осы Кодекстің 41 - 43-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде беріледі.»;
      11) 627-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, лицензияның, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер кезінде - нұсқамада көрсетілген аумақтың учаскесінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші;»;
      5-тармақтың 2) тармақшасы бірінші бөлігінің жиырмасыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, лицензияның, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;»;
      5-тармақтың 2) тармақшасы екінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, лицензияның, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдері осындай бірлестіктермен келісім бойынша тартылуы мүмкін.»;
      9-тармақтың 2) тармақшасы бірінші бөлігінің жиырма алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, лицензияның, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша;»;
      12) 632-бапта:
      2-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, лицензияның, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;»;
      3-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, лицензияның, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;»;
      6-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, лицензияның, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, бір нұсқама негізінде бір ғана салықтық тексеру жүргізілуі мүмкін.»;
      13) 633-баптың 3 және 4 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Салық қызметі органының салықтық тексеру жүргізетін лауазымды адамы мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-кассалық машиналардың болуы; төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, лицензияның, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқаманың түпнұсқасын табыс етеді. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы қолы, нұсқаманы алған күні мен уақыты қойылады.;
      4. Мынадай: салық органдарында тіркеу есебіне қою; бақылау-кассалық машиналардың болуы; төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, лицензияның, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер жүргізілген кезде салық төлеушіге немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін қызметкеріне танысу үшін нұсқаманың түпнұсқасы көрсетіледі және оның көшірмесі табыс етіледі. Түпнұсқаға салық төлеушінің немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін қызметкерінің нұсқамамен танысқаны және оның көшірмесін алғаны туралы қолы, нұсқаманың көшірмесін алған күні мен уақыты қойылады.»;
      14) 660-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.
      7. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж. № 1, 4-құжат):
      1) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 29-7) тармақшамен толықтырылсын:
      «29-7) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыруды бастау немесе тоқтату туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда хабарламалар тізілімінен алып тастау;»;
      2) 9-баптың 2-тармағында:
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес медициналық және фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;»;
      18-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-2) медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлері бойынша Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;»;
      3) 13-1-бап мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы бапта көрсетілген қызметті жүзеге асыруды бастау немесе тоқтату туралы хабарлама «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.»;
      4) 18-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Көрсетілетін қызметтердің, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасын тарату және орналастыру тек қана мамандандырылған медициналық басылымдарда және денсаулық сақтау ұйымдарында жүзеге асырылады.
      Рецепт бойынша босатылатын, оның ішінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды қамтитын дәрілік заттардың жарнамасы тек медицина және фармацевтика қызметкерлеріне арналған мамандандырылған баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылуы мүмкін.»;
      3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы болмаған кезде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға;»;
      4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
      5) 62-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама - физикалық факторлардың ағзалық-лептикалық, санитариялық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, биохимиялық, токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметриялық өлшеулерінің және басқа да зерттеулер мен сынаулардың кешені, сондай-ақ жобалардың, өнімдердің, кәсіпкерлік және (немесе) өзге қызмет объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін бағалау мақсатында жобаларды сараптау.»;
      8-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) шикізатты, тамақ өнімдерін, ауыз суды, құрылыс материалдарын, кең тұтынылатын тауарларды, уытты, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, қолдану және өткізу жағдайларына;»;
      6) 174-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Кодекстің 172-бабының 3-тармағында және 173-бабының 4-тармағында көрсетілген денсаулық сақтау ұйымдарының адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуі және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуі Қазақстан Республикасы ратификациялаған тауарлардың сыртқы саудасын лицензиялау саласындағы халықаралық шарттарда және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.».
      8. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 35-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы):
      1) 41-баптың 2-тармағында:
      1) тармақшасы алып тасталсын;
      3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) құрылтай құжаттарының көшірмелері;»;
      2) 48-баптың 2-тармағында:
      1) тармақшасы алып тасталсын;
      3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) құрылтай құжаттарының көшірмелері;»;
      3) 55-баптың 2-тармағында:
      1) тармақшасы алып тасталсын;
      3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) құрылтай құжаттарының көшірмелері;».
      9. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 15, 363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж, № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2009 ж, № 18, 84-құжат; 2010 ж, № 5, 23-құжат; 2011 ж, № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж, № 15, 97-құжат; 2013 ж, № 14, 75-құжат; 2014 ж. № 1, 4-құжат):
      19-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялар береді;».
      10. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж, № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 75-құжат; № 16, 83-құжат):
      1) 11-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      - «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тасымалдау құқығын қамтамасыз ететін рұқсат алуға;»;
      2) 25-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) көліктік қызметтер көрсету саласында Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;».
      11. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж, № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж. № 10-11, 56-құжат):
      1) 15-бапта:
      бірінші бөлім мынадай мазмұндағы 55-4) және 55-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «55-4) қаржы ұйымдарының көрсетілетін қаржы қызметтерін тұтынушыларға ұсынуы үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімін талап ететін қаржы өнімдерінің тізбесін (түрлерін);
      55-5) қаржы ұйымдарының көрсетілетін қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсынуы, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының тұтынушыларына микрокредиттер ұсынуы үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімін беру ережесін»;
      2) 56-баптың 5), 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялау тәртібін белгілейді және лицензия және (немесе) лицензияға қосымша береді;
      6) айырбастау пункттерін ашу тәртібін белгілейді және уәкілетті банктердің айырбастау пункттеріне куәліктер береді;
      7) қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;»;
      3) 62-5-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің біліктілік
талаптарына сәйкестігін қарап тексеру;».
      12. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 г. № 1, 9-құжат):
      1) 5-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар көрсетілетін қаржылық қызметтерді тұтынушыларға көрсетілетін қаржылық қызметтерді ұсыну үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен уәкілетті органның алдын ала келісімін алуға міндетті.»;
      2) 26-баптың 2-тармағында:
      3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) өтініш беруші жарғысының нотариат куәландырған көшірмесін;»;
      4) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 29-бапта:
      2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
      8-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      11-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
      4) 30-бапта:
      2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыруды қоса алғанда, шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;»;
      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру бөлігінде банк операцияларына лицензия осы қызмет айрықша болып табылатын заңды тұлғаларға беріледі.»;
      5) 31-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Банктер көрсетілетін қаржылық қызметтерді тұтынушыларға көрсетілетін қаржылық қызметтерді ұсыну үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен уәкілетті органның алдын ала келісімін алуға міндетті.»;
      6) мынадай мазмұндағы 31-2-баппен толықтырылсын:
      «31-2-бап. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы өнімдерін келісу
      1. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және қаржы өнімдерінің тізбесіне (түрлеріне) сәйкес қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсыну үшін уәкілетті органның келісімін алуға міндетті.
      2. Уәкілетті орган қабылданған шешім туралы банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жазбаша хабарлайды.
      3. Уәкілетті орган банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға құжаттар пакеті толық ұсынбаған не ұсынған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсынуға келісім беруден бас тартады.
      4. Уәкілетті орган банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсынуға берілген келісімдердің есебін жүргізеді.»;
      7) 48-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «48-бап. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату не олардан айыру үшін негіздер»;
      1-тармақта:
      бірінші абзац және к-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру не одан айыру мынадай кез келген негіздер бойынша жүргізіледі:»;
      «к-1) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өзіне берілген лицензияға және (немесе) оған қосымшаға сәйкес қызметті лицензия берілген күннен бастап қатарынан он екі күнтізбелік ай ішінде жүзеге асырмауы;»;
      мынадай мазмұндағы к-2) тармақшасымен толықтырылсын:
      «к-2) қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру қызметінің айрықша түрі болып табылатын заңды тұлғаның өзіне берілген лицензияға және (немесе) оған қосымшаға сәйкес қызметті лицензия берілген күннен бастап қатарынан он екі күнтізбелік ай ішінде жүзеге асырмауы;»;
      8) 48-баптың 1-4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-4. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияның қолданылуын тоқтату «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша және лицензиатты барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге құқылы және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға жататын тұлғалар тізбесінен алып тастаған кезде де жүзеге асырылады.».
      13. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 8-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы):
      1) 5-1-баптың 1-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
      2) 5-1-баптың 2-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
      3) 5-1-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;».
      14. «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 г., № 1, 4-құжат):
      1) 15-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Адамдарды көлік құралдарын жүргізу құқығына емтихандарға жіберу, оларды тапсыру, көлік құралдарын жүргізу құқығына куәліктерді беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      2) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Адамдардың көлік құралдарын жүргізуіне тыйым салуға негіз болатын медициналық кінәраттардың тізбесін, медициналық куәландыру, қарап тексеру тәртібін және олардың мерзімділігін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      15. «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 83-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 8-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру және лицензиялардың қолданылуы шарттарының Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес орындалуын тексеру;»;
      2) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-бап. Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті түрде лицензиялануға жатады.
      Уәкілетті органның атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет түрлеріне лицензиялардың қолданылуын мынадай:
      1) радиациялық авариялар және/немесе авариялық ахуалдар;
      2) тексерулер нәтижесінде анықталған ядролық материалдармен,
радиоактивті қалдықтармен, иондандырушы сәуле көздерімен айналысу,
оларды сақтау, тасымалдау, есепке алу және бақылау кезінде ядролық
және/немесе радиациялық қауіпсіздік талаптары бұзылған;
      3) дәйексіз мәліметтер анықталған;
      4) уәкілетті органның ұйғарымдары белгіленген мерзімдерде
орындалмаған жағдайларда алты айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқығы бар.
      Лицензияны тоқтата тұрған кезде уәкілетті орган лицензиатқа лицензияны тоқтата тұру туралы бұйрықтың көшірмесін және тоқтата тұрудың себептері мен бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, хабарлама жібереді.».
      16. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат, № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж, № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж, № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж, № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж, № 1, 4-құжат):
      1) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Нотариус лицензиясын беруден бас тарту негіздері рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамада белгіленеді.».
      17. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж, № 22, 328-құжат; 2001 ж, № 15-16, 236-құжат; 2003 ж, № 11, 65-құжат; 2004 ж, № 23, 142-құжат; 2007 ж, № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж, № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж, № 5, 23-құжат; 2011 ж, № 23, 179-құжат; 2012 ж, № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; 2013 ж., № 14, 74-құжат):
      1) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-бап. Лицензия беруден бас тарту
      Лицензия беруден «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша бас тартылады.»;
      2) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияның қолданылуын тоқтату Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.».
      18. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж, № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат, № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат):
      1) 13-баптың 13-1)тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;»;
      2) 16-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы хабарламаларды қабылдауға құқылы.»;
      3) 16-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағанға дейін ол туралы уәкілетті органға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабарлама жасауға міндетті.».
      19. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы»
1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар, 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар, № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-9) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-9) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды береді;»;
      2) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13-4) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-4) рұқсат беру бақылауын жүзеге асыруға;»;
      3) 18-1-баптың 1-тармағында:
      бірінші абзац және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруді не тиісті тауар нарығының табиғи монополия жағдайынан бәсекелестік нарық жағдайына экономикалық жағынан ақтауға болатын ауысуын тежеуді болдырмау мынадай іс-әрекеттерді жасауға:
      1) егер табиғи монополия субъектісінің иелігінен айыратын мүлкінің немесе ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста ескерілген, оған қатысты өзге де мәмілелер жасалатын мүлкінің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, олар табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің өсуіне, тұтынушылармен жасасқан шарттардың бұзылуына, берік байланыстағы технологиялық жүйенің бұзылуына, ұсынылатын реттеліп керсетілетін қызметтердің (өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемінің едәуір кемуіне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) өндірісіне және ұсынылуына арналған мүлкімен мәмілелер жасасуға»;
      қазақ тіліндегі мәтіннің 4) және 5) тармақшаларындағы «немесе келісімін алу» деген сөздер алып тасталсын;
      2) тармақша алып тасталсын.
      20. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 3-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы тармақта көзделген өз қызметінің бейіні бойынша жекелеген қызмет түрлерін көрсету рұқсат алуды немесе хабарламаларды жүзеге асыруды талап етсе, аудиторлық ұйымдар рұқсаттарсыз немесе хабарламаларды жүзеге асырмай бұл қызметтерді көрсетуге құқылы емес.»;
      2) 6-бапта:
      мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
      4-2) кәсіби ұйымдарды аккредиттеу тәртібін бекітеді.»;
      3) 7-бапта:
      1-2), 2) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-2) міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын, ал қаржы ұйымдарының міндетті аудитіне қатысты - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі - Ұлттық Банк) келісім бойынша біліктілік талаптарын әзірлейді;
      2) кәсіби ұйымдарды аккредиттеу тәртібін әзірлейді;»;
      «17) аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметіне Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын сақтауы бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
      4) 10-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кәсіби ұйымның аккредиттелуі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандағы аккредиттеу туралы куәлікпен расталады. Аккредиттеу туралы куәлік Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды.»;
      «3. Кәсіби ұйымдардың құрылымы мен жұмыс органдары кәсіби ұйымдарды аккредиттеу тәртібіне сәйкес олардың жарғыларымен айқындалады.»;
      5) 16-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Аудиторлық қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялануға жатады.
      2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жағдайларда ғана лицензия өзінің қолданылуын тоқтатады.».
      21. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат):
      1) 7-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ойық ұңғылы спорттық атыс қаруын не үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан жоғары және калибрі 4,5 миллиметрден астам спорттық пневматикалық қаруды, сондай-ақ спорттық сұқпа суық қаруды спорт объектілерінен басқа жерде сақтауға немесе пайдалануға; жануарлар дүниесі объектілерін жинап, дәрі егуге байланысты ғылыми-зерттеу және алдын алу жұмыстарын жүргізуге арналған садақтар мен арбалеттерді сақтауды және пайдалануды қоспағанда, садақ кермесінің тартылу күші 14 килограмнан астам лақтырылатын қаруды сақтау және алып жүру рұқсатынсыз спорт объектілерінен басқа жерде сақтауға немесе пайдалануға;»;
      2) 10-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Лицензия рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамада тізбесі айқындалған құжаттар негізінде беріледі.»;
      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген басқа да негіздер болып табылады.»;
      14-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Иемденіп алынған қару оны иемденіп алған күннен бастап бір апта мерзімде тиісті ішкі істер органында тіркелуге тиіс. Қару тіркелген кезде қаруды иемденіп алудың заңдылығын растайтын құжаттардың негізінде осы қаруды сақтауға және алып жүруге бес жыл мерзімге рұқсат беріледі.»;
      4) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-бап. Рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру және тоқтату, сондай-ақ оларды беруден бас тарту
      Ішкі істер органдары, егер тұлғаның:
      1) тұрғылықты жері болмаған;
      2) қаруды сақтау үшін тиісті жағдайы болмаған жағдайларда, қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаттарды тоқтата тұрады.
      Адам қылмыстық жауапқа тартылған жағдайда рұқсаттың қолданылуы сот шешімі қабылданғанға дейін тоқтатыла тұрады.
      Осы Заңда көзделген негіздер бойынша рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылданар алдында, рұқсатты берген ішкі істер органы рұқсат иесіне алдын ала жазбаша ескертуге тиіс. Ескертуде нақты қандай құқықтық нормалар және қағидалар бұзылғаны немесе орындалмағаны көрсетіледі және жол берілген бұзушылықтарды жою үшін күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзім тағайындалады.
      2. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтар жойылған кезде рұқсат иесі рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін ішкі істер органына растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш беруге құқылы.
      Рұқсаттың қолданылуын қалпына келтіру және тоқтатылуына бастамашылық жасау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.
      3. Рұқсат иесі рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру негіз болған бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтінішті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін ұсынбаған жағдайда, ішкі істер органы рұқсаттың қолданылуын тоқтату рәсіміне бастамашылық жасайды.
      Рұқсаттың қолданылуын тоқтату туралы мәселені қарау процесінде рұқсат иесі бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдеуге құқылы. Мұндай жағдайда, рұқсатты беруші орган осы баптың 2-тармағын басшылыққа алуға тиіс.
      4. Ішкі істер органдары алдын ала тоқтата тұрусыз қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсатардың қолданылуын мынадай жағдайларда:
      1) рұқсаттан ерікті түрде бас тартылғанда не қару иесі қайтыс болғанда;
      2) қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болғанда;
      3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігіндегі баптың тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегіндегі мерзім өткенге дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылғанда;
      4) бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 111, 111-1, 112, 298, 330, 330-1, 332, 333, 334, 335, 336, 336-1, 336-2, 336-3, 336-4, 338, 340, 341, 341-1, 344, 355, 356, 356-2, 357, 362, 362-1, 363, 365, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 374, 374-1, 375, 377, 378, 387, 388-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар қайталап жасалғанда;
      5) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 79-1, 79-5 және 355-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғанда;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін жоққа шығаратын мән-жайлар туындағанда;
      7) азаматтық немесе қызметтік қару иесі аталған қарудың конструкциясын қайта жасап, бұл оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соққан;
      8) азаматтық және қызметтік қару азаматтық және қызметтік қарудың және оларға патрондардың айналымы саласындағы техникалық регламенттерге, сондай-ақ криминалистік талаптарға сәйкес келмегенде тоқтатады.
      Қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданылуын тоқтату туралы ішкі істер органының шешіміне сотқа шағымдануға болады.
      Рұқсаттың қолданылуы тоқтатылған жағдайда оны алу үшін, олардың қолданылуы тоқтатылған күннен бастап үш жыл өткен соң өтініш жасауға болады. Рұқсаттан өз еркімен бас тартқан жағдайда оны алуға қайталап өтініш жасау мерзімі белгіленбейді.
      5. Осы баптың 1 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда, ішкі істер органдары қаруды сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсатты беруден бас тартады.»;
      5) 20-баптың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «аталған лицензиялар мен рұқсаттардың қолданылуы белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрғанда немесе айырылғанда;»;
      6) 21-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қаруды, оның негізгі бөліктерін өндіру, қарудың жойылған зақымдаушы қасиеттерін қалпына келтіру мақсатымен оны құрастыру, қайта жасау немесе жөндеу, сондай-ақ оның патрондарын жасау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс.».
      22. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 9-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;».
      23. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат):
      1) 4-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 6-бап алып тасталсын;
      3) 10-бапта 1 және 1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының аумағына этил спирті немесе шарап материалы импорты этил спирті немесе шарап материалы жасап шығаруға пайдаланылатын алкоголь өнімін өндіруге лицензиясы және сыртқы сауда шарты (келісімшарты), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімі (шарап материалынан басқа) импорты алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензиясы және сыртқы сауда шарты (келісімшарты), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады.
      1-1. Алкоголь өнімін әкелуге осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көрсетілген түрлер және сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес олардың атаулары бойынша жол беріледі.
      Қазақстан Республикасына әкелінетін этил спирті мен алкоголь өнімінің сапасы этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және оның айналымы саласындағы мемлекеттік стандарттарда, техникалық шарттарда көзделген этил спирті мен алкоголь өнімі сапасынан төмен болмауы тиіс.»;
      4) 15-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуге уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелері беретін лицензиялардың негізінде жүзеге асырылады.»;
      1-1-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Лицензия әрбір қызмет объектісіне нақты мекенжайы бойынша беріледі.
      Лицензия тиісті құжаттармен бірге өтініш ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруге және олардың айналымына байланысты жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.»;
      5) 19-баптың 1-тармағы алып тасталсын.
      24. «Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы» 1999 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының № 450-І Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 770-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Селолық тұтыну кооперативі тізбесі заңнамалық актілерде айқындалатын қызметтің жекелеген түрлерімен тек қана рұқсат негізінде айналыса алады.».
      25. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 5-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат):
      11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою кезінде өзге рұқсат беру талаптарды алға тартуға тыйым салынады.».
      26. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 7, 165-құжат; 2004 ж., № 11-12, 62-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) өлшем құралдарын салыстырып тексеруші - өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен аттестатталған мемлекеттік метрологиялық қызметтің немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің маманы;»;
      2) 5-баптың 2-тармағында:
      11-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларға аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-2) өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлейді;»;
      3) 11-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, тіркеу және қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      4) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу, тіркеу және метрологиялық аттестаттау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      5) 19-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызметтің немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің салыстырып тексерушілері өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкес жүзеге асырады. Салыстырып тексерушілерді аттестаттау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.».
      27. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
      1) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Күзет қызметі рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамада айқындалған тәртіппен, осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып лицензиялануға жатады. Күзет қызметін жүзеге асыруға лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға күзет қызметін көрсетуге тыйым салынады.»;
      2) 15-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Хабарлама жасау тәртібі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      3) 18-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сатып алынған қару тиісті ішкі істер органында оның сатып алынған күнінен бастап бір апта мерзімде тіркелуге тиіс. Қаруды тіркеу кезінде қарудың сатып алынғандығы заңды екендігін растайтын құжаттар негізінде бұл қаруды бес жыл мерзімге сақтауға, алып жүруге және пайдалануға рұқсат беріледі.
      Рұқсаттың нысанын және оның қолданылу мерзімін ұзарту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      4) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жеке күзет ұйымдары күзетшілерінің қару мен арнаулы құралдарды заңнамада белгіленген шекте:
      1) күзетілетін объектіге немесе оның қызметкерлеріне шабуылды тойтару үшін:
      2) күзетілетін адамға шабуылды тойтару үшін;
      3) құқық бұзушыларды ұстау үшін, соның ішінде егер олар қарсылық көрсетсе, оларды ішкі істер органдарына апару үшін, егер олар қашып кетуі немесе айналасына немесе өзіне зиян келтіруі мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса;
      4) жануарлардың шабуылынан қорғану үшін;
      5) қауіп-қатер дабылын беру немесе көмекке шақыру үшін;
      6) қажетті қорғану және аса қажеттілік жағдайларында қолдануға құқығы бар.
      Арнаулы құралдар мен қаруды осы Заңда және өзге де заңнамалық актілерде көзделмеген мақсаттарда қолдануға тыйым салынады.
      Арнаулы құралдарды немесе қаруды өзге мақсаттарда, сондай-ақ өз өкілеттігінен, қажетті қорғану шегінен асыра пайдалануға жол берген адам Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауапкершілікте болады.
      Арнаулы құралдарды немесе қаруды өз өкілеттігінен, қажетті қорғану шегінен асыра қолдану жеке күзет ұйымы күзетшісі құжаттарының күшін жоюға әкеп соғады. Бұдан басқа, уәкілетті орган рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамада көзделген санкцияларды қолдануы мүмкін.».
      28. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат):
      1) 1-бапта:
      4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
      2) 9-2-баптың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындауға, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік қызметтер көрсетуге, оның ішінде рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беруге, ұзартуға, қайта ресімдеуге, қалпына келтіруге және оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да іс-қимылдарды жүзеге асыруға бағытталған функциялар іске асыру функциялары болып табылады;»;
      3) 15-3-бап алып тасталсын;
      4) 21-бапта:
      1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мемлекеттік орган рұқсаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда олардың автоматты түрде берілетіндігін қамтуға тиіс.»;
      2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) рұқсаттар беруге;».
      29. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 23, 97-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 4-баптың 2 және 3 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бағалаушы жеке тұлғалар осы Заңға сәйкес бағалау қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғамен еңбек шартының негізінде не Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензияның негізінде дара кәсіпкер ретінде дербес бағалау қызметімен айналысуға құқылы.;
      3. Бағалаушы заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензияның негізінде бағалау қызметімен айналысуға құқылы.»;
      2) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бағалау қызметін лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
      30. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы):
      1) 11-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржы қызметтерін ұсыну үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен уәкілетті органның алдын ала келісімін алуға міндетті.»;
      2) мынадай мазмұндағы 31-2-баппен толықтырылсын:
      «31-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы өнімдерін келісу
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және қаржы өнімдерінің тізбесіне (түрлеріне) сәйкес қаржылық көрсетілетін қызметтердің тұтынушыларына қаржы өнімдерін ұсыну үшін уәкілетті органның келісімін алуға міндетті.
      2. Уәкілетті орган қабылданған шешім туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына жазбаша хабарлайды.
      3. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына құжаттар пакетін толық емес ұсынған не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген талаптарға ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда қаржылық көрсетілетін қызметтердің тұтынушыларына қаржы өнімдерін ұсынуға келісім беруден бас тартады.
      4. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қаржылық көрсетілетін қызметтердің тұтынушыларына қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға берілген келісімдердің есебін жүргізеді.»;
      3) 32-баптың 4-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын;
      4) 33-бапта:
      2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
      7-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      10-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
      5) 37-бапта:
      1-тармақтың 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
      8-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
      31. «Ауылшаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 413-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат):
      1) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ауылшаруашылық серіктестігінің айналысу үшін рұқсат алу қажет болатын қызмет саласындағы құқық қабілеттілігі осындай рұқсат алған кезінен бастап пайда болады.».
      32. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22. 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 13-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заңды тұлға Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бір немесе бірнеше астық қоймаларында (элеваторларда, астық қабылдау пункттерінде) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алуға құқылы.».
      33. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж. № 2, 10-құжат, 2014 жылғы 22 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы):
      1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын салу қағидаларын, жасыл көшеттерді күтіп ұстау және қорғау қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту;»;
      2) 27-бапта:
      1-тармақтың 22-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «22-3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдерін, хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:
      «1-3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгілік қағидалар негізінде қалалар мен елді мекендердің аумақтарын салу қағидаларын, жасыл көшеттерді күтіп ұстау және қорғау қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын әзірлейді.»;
      3) 31-баптың 1-тармағының 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген жағдайлар мен тәртіппен лицензиялауды жүзеге асырады;».
      34. «Тұтыну кооперативі туралы» 2001 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 10, 138-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы):
      6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тізбесі заңнамалық актілерде айқындалатын қызметтің жекелеген түрлерімен тұтыну кооперативі рұқсат негізінде ғана айналыса алады.».
      35. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002  ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      15-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызмет лицензияланатын қызмет түрі болып табылады.».
      36. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 12-құжат):
      1) 17-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға хабарлама жасамай құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу;»;
      2) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.»;
      3) 68-баптың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Тапсырыс беруші құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша қызметін жүзеге асыру басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға хабарлама жасауға міндетті.».
      37. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат):
      16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жол қызметін лицензиялау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.».
      38. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 4-бапта:
      2-тармақтың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «25) Кеме экипажының ең аз құрамына талаптарды белгілеу және кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру тәртібін айқындау;»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 55-9) және 55-10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «55-9) кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды және кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру тәртібін әзірлеу;
      55-10) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәліктің нысанын әзірлеу және бекіту;»;
      2) 8-3-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүзетін кемелердің кеме жүргізушілері кеме жүргізушілерді даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өтуге және оларда өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігі болуға тиіс.
      Өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына арналған куәлік беруді, кеме жүргізушілерді даярлау бағдарламасын келісуді және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алуды уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
      Ұйымдар шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашу кезінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне:
      1) оқытушылар құрамының су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша жоғары немесе орта техникалық білімі туралы дипломдарының көшірмелерін;
      2) кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына
аттестаттау қағидаларына сәйкес шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгі бағдарламасы негізінде әзірленген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бойынша оқу бағдарламасын;
      3) оқу процесін ұйымдастыру үшін меншік құқығындағы немесе жалға алынған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама жібереді.
      Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.
      Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар аумақтық бөлімшеге шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқуды сәтті өткен адамдардың тізімін жіберуге міндетті. Оқудан еткен адамдар туралы ақпаратты беру тәртібі шағын көлемді кемені басқару құқығына кемені жүргізушілерді аттестаттау қағидаларында айқындалады.»;
      3) 177-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кеменің бортында жауапкершіліктің сақтандырылуын немесе қаржымен қамтамасыз етілуін растайтын куәліктің болуы міндетті. Куәлікті Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және нысан бойынша кемені мемлекеттік тіркеу органы береді.».
      39. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16. 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):
      1) 17-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) сот-сараптама қызметін ұйымдастыру және сот сарапшыларына Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялар беру;»;
      2) 19-баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттік нотариат кадрларын іріктеу, аттестаттау және орналастыру, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен адвокаттар мен нотариустарға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және тоқтату (олардан айыруды қоспағанда);»;
      «3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау;».
      40. «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 9, 44-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 11-1-бапта:
      8-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Декларацияның тіркеу шифрын беру не беруден бас тарту туралы дәлелді жауап құжаттар толық көлемде берілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.»;
      10-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «10. Құжаттарды қарау құжаттар толық көлемде берілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.»;
      2) 11-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-3-бап. Қауіпті өндірістік объектілерді салу, реконструкциялау, жаңарту, жою жобаларын, сондай-ақ жергілікті жобаларды келісу
      1. Қауіпті өндірістік объектінің иесі жобаны, сондай-ақ жергілікті жобаны келісу үшін Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бас инспекторға:
      1) жобаны келісуге жіберу туралы өтінішті;
      2) жобаның көшірмесін ұсынады.»
      3) 14-10-бап алып тасталсын;
      4) 14-12-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар жатады, бұл ретте сараптамалық ұйымның қорытындысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.»;
      5) мынадай мазмұндағы 14-14-баппен толықтырылсын:
      «14-14-бап. Қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын  технологияларға, техникалық құрылғыларға, материалдарға сараптамалық қорытындыны келісу
      1. Сараптамалық ұйым технологияларға, техникалық құрылғыларға, материалдарға сарапшылық қорытындыны келісу үшін:
      1) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың және қолданылу салаларының мақсаты туралы қысқаша ақпараты бар электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
      2) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесін ұсынады.
      2. Технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган қолдануға келісім-хат береді.
      Келісім Қазақстан Республикасының аумағында барлық құқық субъектілері үшін қолданылады.
      3. Пайдалану процесінде технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған жағдайда оларды қолдануға берілген келісім кері қайтарып алынады.
      4. Технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға берілген, кері қайтарып алынған келісілулердің есебін уәкілетті орган жүзеге асырады.
      5. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жіберілген және кері қайтарып алынған технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар туралы ақпаратты уәкілетті орган мерзімді басылымда жариялайды немесе уәкілетті органның сайтына орналастырады.
      6. Техникалық құрылғылардың құрамына кіретін ілмектерді, бөлшектерді, аспаптарды, жинақтаушы бұйымдарды, қосалқы бөлшектерді қолдануға келісім беру талап етілмейді.».
      41. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «14-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау
      Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      2) 14-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «14-1-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру
      1. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер (улы
химикаттар) мен пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстары залалсыздандырылуға жатады. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін уәкілетті орган қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша айқындайды.
      2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру үшін арнаулы сақтау орындары (көмінділер) пайдаланылады.
      3. Арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) салуға, сондай-ақ пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруға рұқсатты қоршаған орта және су ресурстары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган береді.
      4. Өңірлерде арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) орналастырудың орындылығын және олардың санын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша айқындайды.»;
      3) 17-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын бақылаудан тұрады.»;
      4) 19-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тіркеу және өндіру сынақтарын жүргізу тәртібін қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
      5) 19-3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жағдайда ұстау шарттарын қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша уәкілетті орган айқындайды.».
      42. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 7-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-бап. Геодезия және (немесе) картография саласындағы хабарлама»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Геодезиялық және картографиялық қызметтің мынадай түрлері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен берілетін қызметтің жүзеге асырылуының басталуы немесе аяқталуы туралы хабарлама бойынша жүзеге асырылады:
      1) геодезиялық жұмыстарды жүргізу;
      2) картографиялық жұмыстарды жүргізу.»;
      2) 7-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-1-бап. Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын талаптар»
      43. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат):
      1) 8-бапта:
      46) тармақша алып тасталсын;
      46-9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «46-9) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндірісін лицензиялау;»;
      2) 10-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жасауды лицензиялау;»;
      1-1-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жасауды лицензиялау;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталуы немесе аяқталуы туралы жеке және заңды тұлғалардан хабарламалар қабылдау, сондай-ақ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 20-6) тармақшамен толықтырылсын:
      «20-6) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталуы немесе аяқталуы туралы жеке және заңды тұлғалардан хабарламалар қабылдау, сондай-ақ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;»;
      3) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар қызметтің лицензияланатын түрлерін Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген лицензия негізінде жүзеге асырады.»;
      4) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-бап. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау
      «Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      5) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ветеринария мамандығы бойынша жоғары, орта оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіби білімі бар адамдардың ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар.
      Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар осы Заңның 13-1-бабында көзделген тәртіппен өз қызметінің жүзеге асыру басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жасайды.»;
      6) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
      «13-1-бап. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама жасау
      1. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметтің мынадай түрлері хабарлама жасауға жатады:
      1) ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметі;
      2) ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткізу;
      3) дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу.
      2. Жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыруды бастағанға немесе тоқтатқанға дейін бұл туралы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.
      3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың(облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметті бастағаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалар:
      1) қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жабдықтар жиынтығына иелік етуге;
      2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлер болуға (заңды тұлғалар);
      3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломы болуы (жеке тұлғалар) міндетті.
      4. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметті бастағаны туралы хабарлаған жеке және заңды тұлғалар хабарламаға қоса:
      1) бірінші басшы қол қойған және ұйымның мөрімен бекітілген тегін, атын, әкесінің атын, білімін, дипломның нөмірі мен берілген күнін қамтитын жиынтық кестені (заңды тұлғалар);
      2) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы диплом көшірмесін (жеке тұлғалар);
      3) біліктілікті арттырудың мамандандыру немесе жетілдіру және басқа да түрлерін өткені туралы сертификатты;
      4) ветеринариялық-санитариялық қорытынды көшірмесін береді.
      5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:
      1) қызметті жүзеге асыру үшін қажетті үй-жайларға және жабдықтар жиынтығына меншік құқығы немесе өзге де заңды негізде иелік етуі;
      2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);
      3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломы болуы (жеке тұлғалар) міндетті.
      Хабарламаға осы баптың 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ:
      1) объектіге реттік нөмір берілгені туралы растамалар;
      2) меншік құқығы немесе өзге де заңды негіздерде тиісті үй-жайлардың бар болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттар көшірмелері қоса беріледі.
      6. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:
      1) қызметті жүзеге асыру үшін қажетті үй-жайларға, жабдықтар жиынтығына және техникаға меншік құқығы немесе өзге де заңды негізде иелік етуі;
      2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);
      3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломы болуы (жеке тұлғалар) міндетті.
      Хабарламаға осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ тиісті үй-жайлардың меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі қоса беріледі.
      7. Осы бапта көзделген құжаттарды ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған кезде талап етілмейді.
      Құжаттар «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы берілген кезде құжаттар электрондық нысанда ұсынылады.».
      44. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):
      1) 1-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) аттестаттау туралы куәлік - мемлекеттің тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектілердің қызметін тануын растайтын, өз құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы берген құжат;»;
      2) 4-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) аттестатталған тұқым өндірушілер қызметінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген біліктілік талаптарына сай келуін бақылау;»;
      3) 6-баптың 1-тармағының 30) тармақшасы алып тасталсын;
      4) 6-1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметінің басталғаны туралы хабарлаған байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алуды жүзеге асырады;».
      5) 9-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілерінің қызметін олардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бақылау;».
      45. «Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі туралы» 2003 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 6, 35-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат):
      6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тізбесі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында айқындалатын, жарғылық мақсаттарға сай келетін кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен су пайдаланушылар кооперативі рұқсаттың негізінде ғана айналыса алады.».
      46. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 15, 81-құжат; 2014 ж., 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы):
      1) 79-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) қызметтің қандай да түрін жүзеге асыруға қоғамның рұқсаттар алуы, қызметтің қандай да бір түрін жүзеге асыруға қоғамның бұрын алған рұқсаттары қолданылуының тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы;»;
      2) 80-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) қоғамның белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға және (немесе) белгілі бір әрекеттер жасауға алған рұқсаттары;».
      47. «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 5-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес темекі өнімдерін өндіруге лицензиялар береді;»;
      2) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау
      Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.»;
      3) 10-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы Заңның 6, 7 және 8-баптарында белгіленген нормалар және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасы бұзылған;».
      48. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
      18-1-бапта:
      1-тармақта:
      2), 3), 5) тармақшалары алып тасталсын;
      4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) құрылтай құжаттарының көшірмелері;»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлік беру туралы шешім немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімі өтініш табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.».
      49. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат):
      1) 11-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 12-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;
      3) мынадай мазмұндағы 31-2-баппен толықтырылсын:
      «31-2-бап. Лицензиаттардың қаржы өнімдерін келісу
      1. Лицензиат қаржы өнімдерін қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген қаржы өнімдерінің тәртібінде және тізбесіне (түрлеріне) сәйкес ұсыну үшін уәкілетті органның келісімін алуға міндетті.
      2. Уәкілетті орган лицензиатқа қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды.
      3. Уәкілетті орган құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған не ұсынылған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда лицензиатқа қаржы өнімдерін қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсыну үшін келісім беруден бас тартады.
      4. Уәкілетті орган қаржылық қызмет көрсетуді қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсыну үшін лицензиаттарға берілген келісімдерді есепке алуды жүргізеді.»;
      4) 32-6-бапта:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату ислам арнайы қаржы компаниясы шығарған ислам бағалы қағаздары шығарылымын өтеудің қорытындылары туралы есеп бекітілгеннен кейін жүзеге асырылуы мүмкін.»;
      8-тармақ алып тасталсын;
      5) 45-баптың 4-1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Лицензиат қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен уәкілетті органның алдын ала келісімін алуға міндетті.»;
      6) 51-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Лицензияның қолданылуы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген негіздемелер бойынша тоқтатылады.»;
      7) 81-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Орталық депозитарийдің қағидалар жинағы орталық депозитарийдің бағалы қағаздар рыногының субъектілерімен қарым-қатынасын айқындайды.
      Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын сақтау орталық депозитарий көрсететін қызметтерді пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады. Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекітеді.»;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Орталық депозитарий қағидалар жинағы қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.»;
      8) 85-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын оның атқарушы органы әзірлейді, сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар кеңесі бекітеді.»;
      2-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Сауда-саттықты ұйымдастырушы қағидалар жинағы қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.».
      50. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат, № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшасымен толықтырылсын:
      «7) қаржы өнімі - бұл қаржы нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде қаржылық көрсетуді тұтынушыларға ұсыну үшін (ұсынылатын) қаржы ұйымдары әзірлеген қызмет көрсету.»;
      2) 9-баптың 1-тармағында:
      3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жағдайларда қаржы рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, қолданылуын тоқтату және олардан айыру тәртібін белгілейді, аталған лицензияларды береді, қолданылуын тоқтатады және олардан айырады;»;
      мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12-1) қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушыларға қаржы ұйымдарының ұсынуы үшін уәкілетті органның келісімін талап ететін қаржы өнімдерінің тізбесін (түрлерін) белгілейді;
      12-2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушыларға қаржы өнімдерінің атауын ұсыну үшін қаржы ұйымдарына келісімін береді, сондай-ақ көрсетілген келісімді беру тәртібін белгілейді.».
      51. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 9-баптың 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жеке немесе заңды тұлғалар тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруды бастау алдында «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдарға белгіленген нысандағы хабарламаны жіберуге міндетті.
      6. Жеке немесе заңды тұлғалар электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру бойынша қызметті жүзеге асыруды бастау алдында «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға белгіленген нысандағы хабарламаны жіберуге міндетті.»;
      2) 12-бап мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      «17) Халықаралық автомобиль жүк тасымалдарын жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;»;
      3) 13-бабының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) Халықаралық автомобиль жүк тасымалдарын жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді;»;
      4) 14-баптың 2-тармағының 10-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-1) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;»;
      5) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-бап. Автомобиль көлігі саласындағы лицензиялау
      Автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.»;
      6) 19-6-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған (Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға уәкілетті орган берген арнайы рұқсатпен, қауіпті жүкті тасымалдау маршрутының бланкісімен, қауіпті жүкті автокөлік құралымен тасымалдайтын жүргізушінің рұқсаты туралы куәлігімен, халықаралық қатынаста қауіпті жүкті көлік құралымен тасымалдауға рұқсаты туралы куәлігімен);
      7) 19-7-бапта:
      бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) автомобиль көлігі саласында Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуын бақылау;»;
      мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
      «24) халықаралық қатынаста қауіпті жүкті көлік құралымен тасымалдауға рұқсат куәлігін беру.»;
      екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 8), 9), 11), 15), 20), 21), 22), 23) және 24) тармақшаларында көзделгендерді қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобильдік өткізу пункттерінде бақылау функцияларын Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.»;
      8) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар таксимен тасымалдаушы болып қызметті жүзеге асыруды бастау алдында қызметін бастағаны туралы хабарламаны жергілікті атқарушы органға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жіберуге міндетті.»;
      9) 32-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тасымалдаушыға тауар-көлік жүкқұжатын, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті жағдайларда, жүк тасымалы үшін қажетті өзге де құжаттарды (сертификат, тиісті рұқсат, ветеринариялық құжаттар, кеден декларациясы) көрсетуге міндетті.»;
      10) 37-бапта:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастау алдында «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.».
      7-тармақ мынадай редакциядағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) халықаралық қатынаста қауіпті жүкті көлік құралымен тасымалдауға куәлігін беру тәртібі.»;
      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      «8. Белгіленген мерзімділігіне сәйкес келесі міндетті түрде техникалық байқаудың өту мерзімі көрсетілген техникалық байқаудың днагностикалық картасы негізінде уәкілетті органмен халықаралық қатынаста қауіпті жүкті көлік құралымен тасымалдауға куәлігі беріледі.
      Халықаралық қатынаста қауіпті жүкті көлік құралымен тасымалдауға куәлігі техникалық байқаудың диагностикалық картасы мерзіміне беріледі.».
      52. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж, № 15, 71-құжат; 2011 ж, № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж, № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж, № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат, 2014 ж, № 1, 4-құжат):
      1) 16-1-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Лицензияларды беру тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында айқындалады.»;
      2) 18-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеулер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізіледі және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиялау жолымен жүзеге асырылады.».
      53. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат, № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-бап. Байланыс саласындағы қызметті лицензиялау
      Байланыс саласындағы қызметті лицензиялауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.»;
      2) 17-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шектеулі, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу Қазақстан Республикасы ратификациялаған тауарлардың сыртқы саудасын лицензиялау саласындағы халықаралық шарттар мен «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады.»;
      3) 26-бапта:
      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиісті лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінің өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.»;
      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиісті лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінің өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.»;
      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиісті лицензияларды алған жағдайда байланыс қызметінің өзге де түрлерін көрсетуге құқылы.».
      54. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012   ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      9-баптың 1-тармағының 2) және 2-1) тармақшалары алып тасталсын.
      55. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің
Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат):
      1) 15-4-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүзетін кемелердің кеме жүргізушілері кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өтуге және олардың өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына арналған куәлігі болуға тиіс.
      Шағын көлемді кемені басқару құқығына арналған куәлікті беруді, кеме жүргізушілерді даярлау бағдарламасын келісуді және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алуды уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
      Ұйымдар шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашу кезінде аумақтық бөлімшеге:
      1) оқытушылар құрамы үшін су көлігі мамандығы бойынша жоғары немесе орта техникалық білімі туралы дипломдарының көшірмелерін;
      2) кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламасы негізінде әзірленген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу бағдарламасын;
      3) оқу процесін ұйымдастыру үшін меншік құқығындағы немесе жалға алған үй-жайдың бар екендігін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағандығы туралы хабарлама жібереді.
      Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағандығы немесе тоқтатқандығы туралы хабарлама «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жіберіледі.
      Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар аумақтық бөлімшеге шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқудан сәтті еткен адамдардың тізімін жіберуге міндетті. Оқуды өткен адамдар туралы ақпарат беру тәртібі кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларында айқындалады.»;
      2) 34-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын.
      56. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат):
      1) 8-бапта:
      24-2) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 24-14), 24-15), 24-16), 24-17) және 24-18) тармақшалармен толықтырылсын:
      «24-14) ішкі және сыртқы рынокта сату үшін бекіре тұқымдас балықтар түрлерінің уылдырығы таңбасының тәртібін бекітеді;
      24-15) балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын бекітеді;
      24-16) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін бекітеді;
      24-17) су тарту құрылыстарында балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды бекітеді;
      24-18) жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасын бекітеді.»;
      2) 9-баптың 1-тармағында:
      12), 15), 16), 17), 21) және 29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтар түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібін әзірлейді;»;
      «15) жануарлар дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерін әкетуге келісу береді;
      16) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындаудың тәртібін әзірлейді;
      17) балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын белгілейді және әзірлейді;»;
      «21) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін әзірлейді;»;
      «29) су тарту құрылыстарындағы балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды әзірлейді және оларды орнатуды келіседі;»;
      48) тармақша алып тасталсын;
      51-10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «51-10) жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасын әзірлейді.»;
      3) 20-1-бап алып тасталсын;
      4) 52-бапта:
      1-тармақтың 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-1) су тарту құрылыстарын оларды тиісті балық қорғау құрылғыларымен жабдықтау нысанына тексеруді жүзеге асыруға;»;
      2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүзеге асыру тәртібінің сақталуына;».
      57. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат):
      1) 4-бап мынадай мазмұндағы 38-8) және 38-9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «38-8) энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекітеді;
      38-9) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттау қағидаларын бекітеді;»;
      2) 5-баптың 23) және 24) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «23) энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді;
      24) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттау қағидаларын әзірлейді;»;
      3) 7-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы лицензиялау
      Электр энергетикасы саласындағы қызметтің жекелеген түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.»;
      4) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау және салу уәкілетті органмен, табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және жүйелік оператормен алдын ала келісе отырып жүзеге асырылады.»;
      5) 22-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Электр энергетикасының объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін меншік нысанына қарамастан сатып алу-сату, жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру уәкілетті орган мен табиғи монополия салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органды алдын ала хабардар ете отырып жүзеге асырылады.».
      58. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат):
      1) 6-бап мынадай мазмұндағы 14-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «14-2) сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау тәртібін бекіту, сондай-ақ оларға қойылатын рұқсат беру талаптарын белгілеу;»;
      2) 7-бапта:
      екінші бөліктің 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және оларды ұйымдастырады, сондай-ақ оларға қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлейді;»;
      төртінші бөлігінде:
      3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) сәйкестік сертификатының, сәйкестік туралы декларацияның, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысандарын белгілейді және оларды шығаруды ұйымдастырады;»;
      3-1) тармақшасы алып тасталсын;
      8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік үлгінің сәйкестігін растау саласындағы құжаттарды беру жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуының басталғандығы немесе тоқтатылғандығы туралы хабарлаған шетелдік және халықаралық ұйымдардың тізілімін жүргізеді.»;
      3) 12-бапта:
      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) сәйкестік туралы декларацияларды тіркейді;»;
      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыруға;»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сарапшы-аудиторлар сәйкестікті міндетті растау қағидаларын бұзғаны және сәйкестік сертификатын заңсыз бергені, сәйкестік туралы декларацияларды заңсыз тіркегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
      4) 16-1-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.»;
      5) 26-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Шетелдік үлгінің сәйкестігін растау саласындағы құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметінің басталғандығы туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыруға құқылы.».
      59. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 13, 91-құжат):
      1) 1-баптың 1) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) айырбастау пункттері - қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары жүргізілетін арнайы жабдықталған орындар;»;
      «13) уәкілетті ұйымдар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің ерекше түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар;»;
      2) 5-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін және оған қойылатын талаптарды;»;
      3) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-бап. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар
      1. Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды өздеріне берілген лицензияға немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен берілген құқығына сәйкес шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар уәкілетті банктер және уәкілетті ұйымдар жүзеге асырады.
      2. Уәкілетті ұйым қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның және оған уәкілетті ұйымның айырбастау пункті (пункттері) көрсетілетін қосымшаның (қосымшалардың) негізінде өздерінің айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырады.
      Лицензия алу үшін уәкілетті ұйымда айырбастау пунктінің болуы міндетті.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті ұйымдарды лицензиялау тәртібі мен талаптарын, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды, сондай-ақ уәкілетті банктің айырбастау пункттерін ашу, қызметін тоқтата тұру, қайта бастау, оны жабу туралы хабарлама жасау тәртібін қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын белгілейді.
      4. Уәкілетті ұйымдарға арналған біліктілік талаптары құрылтайшылардың құрамына, ұйымдық-құқықтық нысанына, жарғылық капиталының мөлшеріне және қалыптастыру тәртібіне, айырбастау пункттерінің үй-жайына, жабдығына және қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ бөлімшелерді құру және басқа да заңды тұлғаларға қатысу жөніндегі шектеулерді қамтиды.
      5. Уәкілетті ұйымдар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құжаттардан басқа Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне осы Заңның 10-бабы бірінші бөлігінің 8), 9) тармақшаларында көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген шарттарда және тәртіппен ұсынады.
      6. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны (оған қосымшаны қоса алғанда) беру немесе лицензия беруден бас тарту уәкілетті ұйым толық құжаттар топтамасын ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Қолданылудағы лицензияға қосымша беру немесе лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта ресімдеу немесе мұндай құжаттарды беруден бас тарту уәкілетті ұйым толық құжаттар топтамасын ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Лицензияны және (немесе) оған қосымшаны беруден бас тартқан, қайта ресімдеген кезде өтініш берушіге жазбаша нысанда дәлелді жауап беріледі.
      7. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
      1) осы Заңға сәйкес көзделген құжаттарды не мәліметтерді ұсынбау;
      2) өтініш берушінің осы Заңға сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
      8. Уәкілетті банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне айырбастау пункттерін ашу, қызметін тоқтата тұру, қайта бастау, жабу туралы хабарлайды.
      Айырбастау пунктін ашу туралы хабарламаны уәкілетті банк айырбастау пункті операциялар жүргізуді бастаған күннен кешіктірмей жүзеге асырады. Хабарламаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі хабарлама жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті банктің белгіленген үлгідегі құжаты - айырбастау пунктінің куәлігін бере отырып растайды.
      Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызмет бойынша ақпаратты ұсыну нысандары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
      4) 8-баптың б-тармағы алып тасталсын;
      5) 10-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Резиденттер қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Заңда белгіленген валюталық реттеу режимдерінің талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мынадай құжаттарды ұсынады:»;
      6) 30-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзғаны анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шараларын және санкцияларды қолдануға құқылы.»;
      2-тармақ алып тасталсын.
      7) 32-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Арнайы валюталық режим Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлескен консультациялар негізінде дайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен енгізіледі.
      Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы валюталық режим енгізу туралы актісімен белгіленген рұқсаттар мен хабарламаларға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданылмайды».
      60. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 6-бапта:
      2 және 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері мынадай санаттарға жатқызылады:
      1) шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері;
      2) орта кәсіпкерлік субъектілері;
      3) ірі кәсіпкерлік субъектілері.»;
      «5. Заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Жұмыскерлерінің жылдық орташа саны он бес адамнан аспайтын немесе жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің отыз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылады.»;
      6-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микро кәсіпкерлік субъектілері болып танылуы мүмкін емес.»;
      2) 8-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат беру тәртібі енгізілген жеке кәсіпкерліктің түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар және рұқсаттар алуға;»;
      3) 19-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) екінші деңгейдегі банктер және шағын несиелендіру арқылы кредит беруді ұйымдастыру;»;
      4) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «34-бап. Жеке кәсіпкерлік саласында лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру
      Жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін лицензиялау және оларға рұқсат беру рәсімдері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
      61. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 101-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 17, 79-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      6-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
      62. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, ст. 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      28-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Фильмге прокаттау куәлігін беруді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады.».
      63. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар):
      1) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      2) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Өтініш беруші Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған әрбір лицензияны алу үшін уәкілетті органға (лицензиарға) өзінің осы Заңда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды береді.».
      64. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 1-баптың 1), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) аккредиттеу - уәкілетті органның осы Заңда көзделген, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша куәлікпен расталған бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың құқықтылығын тануы;»;
      «3) бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым (бұдан әрі - сертификаттау жөніндегі ұйым) - кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
      4) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымы (бұдан әрі - кәсіби ұйым) - бухгалтерлердің және (немесе) бухгалтерлік ұйымдардың бірлестігі болып табылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен аккредиттелген коммерциялық емес ұйым;»;
      2) 7-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Нысандары немесе оларға қойылатын талаптар осы баптың 2-тармағына сәйкес бекітілмеген қағаз және электрондық жеткізгіштегі бастапқы құжаттарды дара кәсіпкерлер мен ұйымдар дербес әзірлейді не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген нысандарды немесе талаптарды қолданады, олар мынадай міндетті деректемелерді қамтуға тиіс:
      1) құжаттың (нысанның) атауы;
      2) жасалған күні;
      3) құжат өз атынан жасалған ұйымның атауы немесе дара кәсіпкердің тегі және аты-жөні;
      4) операцияның немесе оқиғаның мазмұны;
      5) операцияның немесе оқиғаның өлшем бірлігі (сандық және құндық көрінісінде);
      6) операцияның жасалуына (оқиғаны растауға) және оның дұрыс рәсімделуіне жауапты адамдар лауазымының атауы, тегі, аты-жөні және қолы;
      7) сәйкестендіру нөмірі.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1. Операцияның немесе оқиғаның сипатына, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына және есепке алу ақпаратын өңдеу тәсіліне қарай, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, бастапқы құжаттарға қосымша деректемелер енгізілуі мүмкін.»;
      3) 19-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жария мүдде ұйымдары үшін депозитарий құрылады, бұл ұйымдар осы депозитарийге Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қаржылық есептілікті тапсыруға міндетті.»;
      4) 20-бапта:
      1-1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1), және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3-1) ұлттық стандарттарды және оларға әдістемелік ұсынымдарды бекітеді;
      3-2) кәсіби ұйымдардың, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың есептілікті ұсынуының тізбесін, нысандарын және мерзімділігін бекітеді;»;
      5-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 11-1) және 12-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11-1) кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттаудан өткізу ережесін бекітеді;»;
      «12-1) кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру ережесін бекітеді;»;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) кәсіби ұйымдардың, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың есептілікті ұсынуының тізбесін, нысандарын және мерзімділігін әзірлейді;»;
      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «18-1) жария мүдде ұйымдарының (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесін және нысандарын әзірлейді;»;
      20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында және кәсіби ұйымдардың, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
      5) 21-бапта:
      5-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Кәсіби ұйым мынадай рұқсат беру талаптарына сай келуге тиіс:»;
      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      «10. Сертификаттау жөніндегі ұйым:
      1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын сақтауға;
      2) белгілеген тәртіппен уәкілетті органға өз қызметі туралы есептілікті ұсынуға;
      3) бұзушылықтар мен кемшіліктерді толығымен жою жөніндегі қабылдаған шаралар туралы ақпарат ұсынуға міндетті.»;
      6) 22-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сертификаттау жөніндегі ұйым мынадай рұқсат беру талаптарына сай келуге тиіс:».
      65. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      2) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Заңның 8-бабының қолданылу аясына жатпайтын өніммен, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелерді жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясын:
      1) оларды Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің уәкілетті органы немесе өзге де мемлекеттік органы аталған өнім мен зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері осы баптың бірінші тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы хабардар еткен;
      2) олардың аталған өнім мен зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері осы баптың бірінші тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін деп пайымдауына негіз болған жағдайларда алуға міндетті.».
      66. «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 134-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж, № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж, № 15, 97-құжат; 2013 ж, № 14, 75-құжат; 2014 ж, № 1, 4-құжат):
      1) 7-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) химиялық өнімді есепке алудың тәртібін бекіту;»;
      2) 8-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) химиялық өнімнің жекелеген түрлерін есепке алудың тәртібін бекітуді;»;
      3) 14-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын.
      67. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6, 9-құжаттар):
      8-баптың 6-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін береді.».
      68. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; 2014 жылғы 22 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы):
      1) 5-бапты мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2) және 8-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8-1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асыруды бастау немесе тоқтату туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
      8-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтату туралы хабарлама берген білім беру ұйымдарының тізбесін жүргізеді;
      8-3) білім беру ұйымын Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген жағдайладарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асыруды бастау немесе тоқтату туралы хабарламалардың тізілімінен алып тастайды.»;
      2) 40-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан бір немесе бірнеше білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді бағып-күтуді және тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер білім беру ұйымдары болып табылады.
      Білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар (құрылтайшылар) құрады.
      Білім беру ұйымдарының қызметі тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларымен және солардың негізінде әзірленген жарғылармен реттеледі.
      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлердің қызметі тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларымен реттеледі.»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен хабарлама тізбесінен білім беру ұйымы алынып тасталған кезден бастап тоқтатылып, хабарлама тәртібі көзделген білім беру қызметінің кіші түрлеріне хабарлама ұсынған кезден бастап туындайды.»;
      3) 57-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «57-бап. Білім беру қызметін лицензиялау
      1. Заңды тұлғалардың (бұдан әрі - лицензиат) білім беру қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.
      2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының сыныптауышына сәйкес біліктіліктері бойынша жүргізіледі.
      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының сыныптауышына сәйкес мамандықтары бойынша жүргізіледі.
      Бұл ретте лицензияға қосымшаларда мамандық немесе біліктілік бойынша шифр, атауы, оқу мерзімі көрсетіледі.
      3. Лицензиар лицензияны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультациялық-кеңесші орган құрады.
      4. Білім беру қызметіне лицензияның қолданылуы лицензиаттың тіркелген орны (заңды мекенжайына сәйкес) бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің шектерімен шектеледі.
      5. Білім беру қызметіне арналған лицензияның қолданылуы лицензиаттың тіркелген орны (заңды мекенжайына сәйкес) бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің шектерімен шектеледі.
      6. Лицензиардың білім беру қызметімен айналысуға құқық беретін лицензияның қолданылуын алты ай мерзімге дейін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтата тұруға құқығы бар.
      7. Білім беру ұйымы оның түрін өзгерту жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған білім беру ұйымының білім беру қызметінің тиісті түрін және (немесе) кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда, оның қолда бар лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы қайта ресімдеуге жатады.
      Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын білім беру ұйымдары қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензиар қайта ұйымдастыруды жүргізгенге дейін қайта құрылатын білім беру ұйымының біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді. Қайта ұйымдастыру жүргізілгеннен кейін лицензиат лицензияны қайта ресімдеуге өтініш береді, лицензиар өзі бұрын жүргізген біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру негізінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді.
      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін лицензиат мынадай құжаттарды:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін нысан бойынша өтінішті, бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
      1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелерін;
      2) біліктілік талаптарына өзінің сәйкестігі туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
      Лицензиар осы тармақта қарастырылған мынадай:
      1) осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісті түрде ресімделмеген;
      2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес болмаған жағдайда осы тармақта көзделген негіз бойынша бастама жасалған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тартады.
      Лицензия және оған қосымша тиісті құжаттармен бірге өтініш ұсынылған күннен бастап отыз күнтізбелік күннің ішінде қайта ресімделеді.
      Лицензияны қайта ресімдеуге дейін лицензиат қызметті қайта ресімдеуге жататын лицензияның негізінде жүзеге асырады.»;
      4) мынадай мазмұндағы 57-1-баппен толықтырылсын:
      «57-1-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асыруды бастау немесе тоқтату туралы хабарлама жасау
      1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес хабарлама тәртібімен жүзеге асырылады.
      2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асыруды бастау немесе тоқтату туралы хабарламаларды қабылдауды білім беру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырылады.»;
      5) 59-бапта:
      1 және 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау мемлекеттің білім алуға құқықты қамтамасыз етуіне және білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлердің өздері жүзеге асыратын білім беру қызметінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сақтауға бағытталған және оны білім беру саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.»;
      «8. Білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының білім туралы және рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуын бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2, 8-3 және 8-4-тармақтармен толықтырылсын:
      «8-1. Лицензиясының қолданысы уақытша тоқтатылған кезде лицензиат білім туралы құжатты бере отырып оқу жылын аяқтауға құқығы бар.
      8-2. Лицензияның қолданылуы уақытша тоқтатылған кезде лицензиаттың мынадай:
      1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;
      2) лицензиямен және оған қосымшалармен іс-қимылдар жасауға (тоқтатуға, қайта ресімдеуге, лицензияға жаңа қосымшалар алуға) құқығы жоқ.
      8-3. Қызметін хабарлама тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметі уақытша тоқтатылған кезде:
      1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;
      2) бұзушылықтарды жойғанға және білім саласындағы уәкілетті орган жаңартқанға дейін қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      8-4. «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін хабарлама тәртібінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу білім беру оқыту бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары тексерілуге жатады.
      Білім саласындағы уәкілетті органның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы қарастырған тәртіппен, хабарлама тәртібінде қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметін алты айға дейінгі мерзімге уақытша тоқтата тұру құқығы бар.
      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында қызметтер көрсететін субъектілер тексеру және/немесе аттестаттау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бойынша қызметін бастау туралы хабарлама тізбесінен білім беру ұйымын алып тастайды.».
      69. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 26-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «26-бап. Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу, оның қолданылуын тоқтату, тоқтата тұру, одан айыру»;
      2) 26-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Өтініш берушінің аккредиттеу аттестатын алу кезінде жалған ақпаратты ұсынғаны анықталған жағдайда аккредиттеу жөніндегі органның өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сот аккредиттеу аттестатынан айырады.».
      70. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат, № 1, 4, 9-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 1-баптың 1-1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1) биржалық брокер (бұдан әрі - брокер) - сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және клиенттің тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүддесі үшін биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;
      2) биржалық дилер (бұдан әрі - дилер) - сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және өзінің мүддесі үшін және өзінің есебінен, сондай-ақ клиенттің тапсырмасы бойынша биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;»;
      2) 3-баптың 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекітеді;»;
      3) 4-бапта 3-5) және 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-5) тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін әзірлейді;»;
      «10) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;»;
      4) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау
      Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.».
      5) 19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Тауар биржасындағы брокерлік және дилерлік қызмет «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады.».
      71. «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 1-2, 3-құжат; 2013 ж., № 13, 64-құжат):
      1) 13-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Біліктілік комиссиясы қызметінің қағидаларын және олардың құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      2) 14-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Аттестаттау комиссиясы қызметінің қағидаларын және олардың құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Сот сарапшысын аттестаттаудан, оның ішінде кезектен тыс аттестаттаудан өткізудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      3) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны берудің, беруден бас тартудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленеді.»;
      4) 16-баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың, қалпына келтірудің, тоқтатудың және одан айырудың тәртібі, негіздері мен шарттары Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленеді.
      2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы
заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуына арналған лицензияның қолданылуы:
      1) оның мемлекеттік қызметте болуы;
      2) ол Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, өз қызметін бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін тұрақты немесе босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқарған;
      3) сот сараптамасы органдарында сарапшы лауазымында жұмыс істеген;
      4) мерзімді әскери қызметті өткерген кезеңде тоқтатыла тұрады.
      3. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуына арналған лицензияның қолданылуын тоқтатуды:
      1) адам соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болған не хабарсыз кеткен деп танылған;
      2) адам Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
      3) адам қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
      4) соттың адамға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуына арналған лицензиядан айыру:
      1) адам сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел не бірнеше рет бұзуы;
      2) адамды аттестаттау нәтижелерімен расталған кәсіптік даярлығының жеткіліксіз деңгейі салдарынан оның сот сарапшысы міндеттерін атқару мүмкіндігінің болмауы;
      3) адам аттестаттаудан өтуден жалтарған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қуынымы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.
      Көрсетілген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жанындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айыру туралы қуыным арызды дайындау жөніндегі ұсыныспен лицензиялаушы органның басшысына жүгінеді.
      Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айыру оның қолданылуы тоқтатуға әкеп соғады.».
      72. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат):
      1) 142-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Біліктілік емтиханын тапсыруға жіберу үшін қажетті құжаттардың тізбесі уәкілетті орган бекітетін біліктілік емтихандары туралы ережеде белгіленеді. Жеке сот орындаушысының лицензиясын берудің мерзімі мен тәртібі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.»;
      2) 144-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «144-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату»
      1-тармақта:
      бірінші абзац және 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату уәкілетті органның талап-арызы бойынша мынадай жағдайларда:»;
      «3) жеке сот орындаушысының лицензиясын беру үшін негіз болып табылған құжаттарда анық емес немесе қасақана бұрмаланған ақпарат ұсыну фактісі анықталған;»;
      4) тармақша алып тасталсын;
      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуы уәкілетті органның шешімі бойынша:».
      73. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат):
      1) 16-бап мынадай мазмұндағы 61-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «61-1) ілеспе газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын орындау туралы есептілік мерзімдерін және нысандарын бекітеді;»
      2) 18-бапта:
      15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасын орындау туралы есептіліктің нысандары мен мерзімдерін әзірлеу;»
      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «16-1) мұнай және газ саласында лицензиялауды жүзеге асыру;»
      3) 62-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жобасын конкурстың жеңімпазы не онымен келісімшарт тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға әзірлейді.»;
      3-тармақта:
      бірінші бөлігі алып тасталсын;
      екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жобасына міндетті құқықтық, экологиялық, экономикалық сараптамалар жасалуға тиіс.»;
      4, 5-тармақтар алып тасталсын;
      4) 63-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «63-бап. Жұмыс бағдарламасы
      1. Жұмыс бағдарламасы келісімшарттың міндетті бөлігі (қосымшасы) болып табылады, белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалау құжаттарының негізінде жасалады.
      2. Жобалау құжаттарының көрсеткіштері өзгерген кезде, соның нәтижесінде жұмыс бағдарламасының көрсеткіштері өзгерсе, жұмыс бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізілуге тиіс. Жұмыс бағдарламасына өзгерістер жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы арасындағы келісімшартқа қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі.»;
      5) 68-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттарының, сондай-ақ келісімшарт жасасуға мүмкіндік беретін міндетті сараптамалардың нәтижелерін алу негізінде жасалады.»;
      6) 70-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізу кезінде табудың немесе кен орнының географиялық шекараларының (құрлықта немесе теңізде орналасуына қарамастан) геологиялық немесе тау-кендік бөлуде көрсетілген келісімшарттық аумақ шегінен шығып кеткені байқалса, онда оны кеңейту туралы мәселені құзыретті орган немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізу кезінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы, егер бұл аумақ жер қойнауын пайдаланудан бос болған жағдайда, келісімшартты жасасу үшін осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде конкурс өткізілмей-ақ, келісімшарт талаптарын өзгерту арқылы шешуге тиіс.»;
      7) 93-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органның рұқсатын алмай теңіз құрылысын салуды немесе орналастыруды бастауға құқығы жоқ. Рұқсатты алу үшін мұндай жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға жоспарланған теңіз құрылысын орналастыру не салу басталғанға дейін өтініш жасауға міндетті. Өтініште жоспарланған теңіз құрылысының не осындай теңіз құрылысын салу жөніндегі жүргізілетін жұмыстардың сипаты, мерзімдері мен орналасатын жері қамтылуға тиіс. Құзыретті орган теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының өтінішін қарауға және өтініш берген кезден бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті шешім қабылдауға міндетті.
      Теңіздегі жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу үшін жұмыстар орындауды және (немесе) қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға осы бапта белгіленген нормалар қолданылады.»;
      8) 96-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Теңізде мұнай-газ құбырларын салуды және пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе тарту жөніндегі жұмысты құзыретті органның рұқсатынсыз бастауға құқығы жоқ. Мұндай рұқсат осы Заңның 90-бабының 8-тармағында белгіленген жалпы тәртіппен беріледі.»;
      9) 100-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Теңіздегі ғылыми зерттеулер «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен тек қана құзыретті органға зерттеулердің басталғандығы туралы хабарлама жасай отырып жүргізілуі мүмкін. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізудің қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.».
      74. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 16, 83-құжат):
      1) 13-бап мынадай мазмұндағы 60-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «60-1) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекітеді;»;
      2) 14-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын әзірлейді;».
      75. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 17-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметті жүзеге асыруды бастау немесе тоқтату туралы хабарлама жасау»;
      1 және 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметті жүзеге асыру басталғанға немесе тоқтатылғанға дейін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) бұл туралы хабарлауға міндетті.»;
      «3. Резервуарды немесе мұнай өнімдерінің базасын иелену және (немесе) пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметті жүзеге асыруды тоқтатқандығы туралы хабарлама береді.»;
      2) 21-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте мұнай өнімдерін сақтау және көтерме сауда арқылы өткізу осы Заңның 19-бабының 5-тармағы сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.».
      76. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 92-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 11-бапта:
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік тіркеу уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.»;
      6-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      1) 13-бап мынадай мазмұндағы 60-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «60-1) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекітеді;»;
      2) 14-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын әзірлейді;».
      75. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 17-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметті жүзеге асыруды бастау немесе тоқтату туралы хабарлама жасау»;
      1 және 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметті жүзеге асыру басталғанға немесе тоқтатылғанға дейін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) бұл туралы хабарлауға міндетті.»;
      «3. Резервуарды немесе мұнай өнімдерінің базасын иелену және (немесе) пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметті жүзеге асыруды тоқтатқандығы туралы хабарлама береді.»;
      2) 21-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте мұнай өнімдерін сақтау және көтерме сауда арқылы өткізу осы Заңның 19-бабының 5-тармағы сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиіс».
      76. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 92-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 11-бапта:
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік тіркеу уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.»;
      6-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Мемлекеттік тіркеуден бас тартқан кезде уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бас тартудың себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жазбаша дәлелді жауап жібереді.»;
      2) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «13-бап. Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау
      Жеке және заңды тұлғалардың ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілетін лицензияның негізінде жүзеге асырылады.».
      77. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат):
      1) 7-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады.»;
      2) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялауды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      78. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бір ғана газ толтыру станциясын екі және одан да көп газ желісі ұйымдарының бір мезгілде пайдалануына»;
      2) 28 баптың 7-тармағының 2)тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бір ғана газ толтыру станциясын екі және одан да көп газ желісі ұйымдарының бір мезгілде пайдалануына;».
      79. «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат):
      9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Магистральдық құбыр саласындағы қызметті лицензиялау
      Магистральдық құбыр саласындағы қызметтің жекелеген түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.»;
      80. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы):
      1) 3-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен микроқаржы ұсыну үшін уәкілетті органның алдын ала келісімін алуға міндетті.»;
      2) 14-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.
      мынадай мазмұндағы 31-2-баппен толықтырылсын:
      «31-2-бап. Микроқаржы ұйымның қызметтерін келісу
      1. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен микроқаржы ұйымының тұтынушыларына микрокредиттерді беру бойынша қызметті ұсыну үшін уәкілетті органның келісімін алуға міндетті.
      2. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымына қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды.
      3. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымына құжаттар пакетін толық емес ұсынған не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптармен берілген құжаттар сәйкес келмеген жағдайда микроқаржы ұйымының тұтынушыларына микрокредиттерді беру бойынша қызметті ұсынуға келісім беруден бас тартады.
      4. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымдарына микроқаржы ұйымының тұтынушыларына микрокредиттерді ұсыну үшін берілген келісімдердің есебін жүргізеді.».;
      81. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):
      1) 12-бапта:
      4-тармақтың бірінші абзацы және 5 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Әкімші ретінде қызметті жүзеге асыру үшін адамдарға қойылатын рұқсат беру талаптары мыналар:;
      5. Біліктілік емтиханын тапсыру және рұқсат беру талаптарына сәйкес келу әкімші ретінде тіркелу үшін негіздер болып табылады.»;
      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) өтініш беруші осы бапта белгіленген рұқсат беру талаптарына сай болмаған;»;
      2) 15-бап мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
      «25) тіркеуге, тіркеуден шығаруға, тіркелген тұлғаның деректеріне өзгерістер енгізуге арналған өтініштердің нысандарын, сондай-ақ тіркелгендігін растау және тіркеуден бас тарту нысандарын әзірлейді;».
      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады