Байланыс формасы

Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысы.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 125 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 15, 270-құжат);

      2) "Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 125 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 қыркүйектегі № 955 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 53, 747-құжат).

      3. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 10 сәуірдегі
№ 341 қаулысымен
бекітілген

Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Қағидалар инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу арқылы зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) айырма төлемін алушы (бұдан әрі – алушы) – айырма төлемі тағайындалатын жеке тұлға;

      3) әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган – әлеуметтік қамсыздандыру саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      5) бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган – бюджеттің атқарылуы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      6) жеке зейнетақы шоты – міндетті зейнетақы жарналары не міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсімі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдері ескерілетін және зейнетақы төлемдері жүргізілетін салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) дербес атаулы шоты;

      7) зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдары және ведомстволары;

      8) инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі (бұдан әрі – айырма төлемі) – инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем;

      9) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – Мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;

      10) сақтандыру ұйымы – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік мыналарға қолданылады:

      1) Заңның 11-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға – зейнеткерлік жасқа жеткен күнге;

      2) Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, Заңның 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдарға – бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайда – зейнетақы жинақтарын алған күнге;

      3) Заңның 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға – Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткен күнге сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын аударған күннен бастап Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейінгі кезеңге.

      Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын екі және одан көп рет жасасқан жағдайда айырма төлемі сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары соңғы рет аударылған күннен бастап Заңның 11-бабының

      1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейін жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, айырма төлемі инфляцияның деңгейін және сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары соңғы рет аударылған күннен бастап зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығын ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары сомасына жүргізіледі.

      Сақтандыру ұйымына аударылғаннан кейін зейнетақы жинақтарының қалдық сомасы туралы ақпаратты БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияға ұсынады;

      4) Заңның 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, Заңның 32-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдарға – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алып қою күніне;

      5) Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адамдарға – айырма төлемі сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын аудару күніне сақтандыру ұйымына аударылған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасына жүргізіледі.

      Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері қатарындағы адамдар, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар мемлекет кепілдігіне жүгінген жағдайда, айырма төлемі 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтарған кезден бастап зейнетақы төлемдеріне құқық туындаған күнге дейін инфляцияның деңгейін ескере отырып және жеке зейнетақы шотында міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтарғаннан кейін зейнетақы жинақтарының қалдығын ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасына жүргізіледі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген кезден бұрын зейнетақы жинақтарын алып қойған, мемлекет кепілдігі төлеміне құқығы бар адам жүгінген жағдайда, мемлекеттік кепілдік бойынша айырма есебі зейнетақы жинақтары алғаш алынған күнге жүргізіледі.

2-тарау. Айырма төлемін тағайындау үшін өтініш беру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. 3-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген және зейнетақы мен өзге де әлеуметтік төлемдерді алушы болып табылатын адамдарға мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемі проактивтік қағидат бойынша өтініш бермей тағайындалады. Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген құжаттар да ұсынылмайды.

      Айырма төлемін тағайындау мерзімі Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жас басталған күнге инфляция деңгейі туралы ақпарат болған кезде базалық зейнетақы төлемдері тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады, бірақ Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жас басталған күнге инфляция деңгейі туралы ақпарат болмаған кезде ол тағайындалған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамнан басқа, айырма төлемін алуға құқығы бар адам айырма төлемін тағайындау үшін әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша өтінішпен тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жүгінеді.

      Өтінішті қабылдаған кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) арқылы алады.

      Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралманның куәлігі);

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы).

      Бұдан басқа өтінішке:

      1) алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер;

      2) осы Қағидалардың 3 тармағының 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін сақтандыру ұйымымен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі қоса беріледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Айырма төлемін алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жарналарын алушы болып табылатын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өтінішіне:

      алушы өзі жүгінген кезде:

      Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік паспорт;

      екiншi деңгейдегi банктерде немесе Қазақстан Республикасының аумағында банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер;

      осы Қағидалардың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін сақтандырушы ұйыммен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі;

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар сенім білдірген тұлға арқылы өтініш берген кезде алушының жеке басын куәландыратын құжаттарының дұрыстығын нотариат куәландырады.

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрған жағдайда құжаттардың көшірмесін нотариалды куәландыру тұратын мемлекетінде немесе Қазақстан Республикасының аумағында жүргізіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Алушының атынан айырма төлемін тағайындау туралы өтінішпен жүгінген кезде сенім білдірілген өкіл осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көзделген құжаттардан басқа:

      1) сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты);

      2) сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін (егер сенімхатта сенім білдірушінің бір мезгілде бірнеше ұйымдардағы мүддесін білдіруі жөніндегі өкілеттіктер қамтылатын болса) ұсынады.

      Сенім білдірілген өкілдің алушыға айырма төлемін тағайындау туралы өтініш беруі сенім білдірілген өкілдің өзі келген кезде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Айырма төлемін алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, айырма төлемінің сомасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен мұрагерге жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, мұрагер:

      1) әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша өтінішті;

      2) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, шетелдік паспорт);

      3) айырма төлемін алуға құқығы бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;

      4) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін, заңды күшіне енген сот шешімін;

      5) алушының банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді ұсынады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекет қабілеті шектеулі деп танылған және қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға айырма төлемін тағайындау үшін олардың қамқоршылары немесе қорғаншылары:

      1) әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша өтінішті;

      2) қамқоршының немесе қорғаншының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты);

      3) қамқоршылықтың немесе қорғаншылықтың белгіленгенін растайтын құжат;

      4) осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Айырма төлемін жүзеге асыру тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Айырма төлеу туралы өтініш қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 5-тармағының бірінші абзацында көрсетілген адамдарға базалық зейнетақы тағайындалған күннен кейінгі күннен бастап, бірақ тағайындалған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен асырмай БЖЗҚ-ға жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді ұсыну жөнінде хабарлама жібереді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.10.2018 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. БЖЗҚ хабарлама келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде алушының жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация мен БЖЗҚ арасында ақпарат алмасу туралы шартқа сәйкес ЭЦҚ қоя отырып, Мемлекеттік корпорацияға электрондық форматта ұсынады.

      12. Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан мәліметтерді алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді тиісті кезеңге арналған инфляцияның деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексеруді жүргізеді.

      13. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген талаптар туындаған жағдайда, БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы:

      инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болғанда – айырма төлемі жүзеге асырылмайды және уәкілетті орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады;

      инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан төмен болған жағдайда – Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде айырма төлемі сомасының есебін мына формулаға сәйкес жүргізеді:

      осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін айырма төлемі сомасының есебі мынадай формулаға сәйкес жүргізіледі:

      Sr = Sn-Sf

      Sn= Sn-1 *In +Pn,

      S1 = P1, мұнда.

      n – есепті ай;

      Sr – айырма төлемінің сомасы;

      Sn – n айындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып,салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақыжарналарының сомасы, теңгемен;

      Sf = БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен нақты зейнетақы жинақтарының сомасы, теңгемен;

      In – өткен айға қатысты n айындағы инфляцияның көрсеткіші, пайызбен;

      Pn – n айындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының түсуі, теңгемен;

      P1 – n айындағы алғашқы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының түсуі, теңгемен;

      осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар және әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері қатарындағы адамдар, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшін айырма төлемі сомасының есебі мынадай формулаға сәйкес жүргізіледі:

      Sr = Sn-Sf

      Sn = Sn-1 *In +Pn,

      S1 = Sv-Sp, мұнда:

      n – есепті ай;

      S1 – сақтандыру ұйымына аударылғаннан кейін зейнетақы жинақтарының нақты қалдық немесе 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылғаннан кейін қалдық сомасы, теңгемен;

      Pn – n айындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының түсуі, теңгемен;

      Sn – n айындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып, салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы, теңгемен;

      Sf – БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен нақты зейнетақы жинақтарының сомасы;

      Sv – сақтандыру ұйымына аударылған кездегі немесе 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған кездегі БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты жинақтарының сомасы, теңгемен;

      Sp – сақтандыру ұйымына аударылған сома немесе 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған сома, теңгемен;

      In – өткен айға қатысты n айындағы инфляцияның көрсеткіші, пайызбен.

      Бұл ретте, тұтастай алғанда, ел бойынша тиісті кезең үшін инфляцияның деңгейі статистика жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған деректеріне сәйкес алынады.

      14. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі айырма төлемінің сомасын есептеуді жүзеге асырғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде:

      1) әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша айырма төлемін тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) шешімнің жобасынан;

      2) инфляцияның деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары туралы ақпараттан;

      3) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мәліметтерден тұратын алушының электрондық (қағаз) іс макетін (бұдан әрі – ЭІМ) қалыптастырады және оны уәкілетті органға жібереді.

      15. Уәкілетті орган ЭІМ келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде айырма төлемін тағайындаудан бас тарту себептерін көрсете отырып, тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жібереді.

      16. Мемлекеттік корпорация екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің өтініште көрсетілген ұтқыр телефонына sms-хабар жіберу арқылы айырма төлемін тағайындау не тағайындаудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

      Мемлекеттік корпорация әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша sms-хабарларды өтініш берушінің деректерін (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, күні, sms-хабар жіберілген телефон нөмірі, істің нөмірі және маманның деректері) қамтитын sms-хабарлар журналында тіркейді.

      17. Уәкілетті мемлекеттік органның зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы шешімдерінің негізінде Мемлекеттік корпорация бес жұмыс күні ішінде ай сайын, төлем айының алдындағы айдың 25-күніне әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын төлемге бюджет қаражатының қажеттілігіне тағайындалған айырма сомасын енгізуді қамтамасыз етеді.

      18. Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган тиісті кезеңге арналған төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары шегінде айырманы төлеу үшін қажетті бюджет қаражаты туралы мәліметтерді бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      19. Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айырманы төлеуге бюджет қаражатының қажеттілігіне сәйкес төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында есепті кезеңге көзделген сомалар шегінде Мемлекеттік корпорацияға бюджет қаражатын аударуды жүзеге асырады.

      20. Төлем айына қажеттілік қалыптастырылғаннан кейін пайда болған айырма сомалары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес одан кейінгі айға қосылуға тиіс.

      21. Мемлекеттік корпорация бюджет қаражатын алып, төлем кестесіне сәйкес 030 төлем тағайындау кодымен төлем тапсырмаларын қалыптастырады және айырма төлемінің сомаларын алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе Қазақстан Республикасының аумағында ашылған банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотына аударады.

      Бұл ретте айырма төлемі банк шоттарына аудару немесе "Қазпошта" акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы алушылардың үйлеріне жеткізіп беру арқылы жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады