Мемлекеттік ресурстарға 2014 жылғы егіннің астығын сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 368 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мемлекеттік ресурстарға 2014 жылғы егіннің астығын сатып алуды жүзеге асыруға арналған бюджет қаражатының сомасы:
      1) көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы 3539250000 (үш миллиард бес жүз отыз тоғыз миллион екі жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
      2) күзгі кезеңде 3539250000 (үш миллиард бес жүз отыз тоғыз миллион екі жүз елу мың) теңге мөлшерінде белгіленсін.
      Көктемгі-жазғы қаржыландыруға пайдаланылмаған ақша қаражаты күзгі кезеңде астық сатып алуға пайдаланылады.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады