"Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 530 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 375 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 60 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.02.2015 № 60 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 530 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      мына:
"

Біріккен Ұлттар Ұйымының Женева қаласындағы бөлімі (Женева қаласы, Швейцария Конфедерациясы)

1.

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - Бас директор

Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

                                                         ";
      деген жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"

Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясы (Баку қаласы, Әзербайжан Республикасы)

26.

Асанов Жандос Әнуарүлы - Бас хатшы

Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

                                                         ".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады