Орман қоры санаты жерінің жекелеген учаскелерін елді мекендер жері санатына ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 381 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегі Орман кодексiнiң 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» және «Январцев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемелерінің орман қоры жерінен жалпы алаңы 148,6 га жер учаскелерi елдi мекендер жерлерi санатына ауыстырылсын.
      2. Батыс Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтеуді қамтамасыз етсін және алынған сүректі көрсетілген мекемелердің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2014 жылғы 21 сәуірдегі
№ 381 қаулысына   
қосымша         

Орман қоры жерлері санатынан елді мекендер жерлері санатына
ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы, гектаров

Оның ішінде:

орман көмкерген

Ауыл шаруашылығы алқаптары

өзге жерлер

Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі

131,1

116,5

-

14,6

Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Январцев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі

17,5

17,5

-


Всего:

148,6

134,0

-

14,6

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады