Байланыс формасы

"Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 446 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 52-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 69-2-жолмен толықтырылсын:
      «

69-2.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

                                                       »;

      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 117-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

117.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Ұлттық технологиялық болжау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

                                                       »;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 118-1, 118-2 және 118-3-жолдармен толықтырылсын:
      «

118-1.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

118-2.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

118-3.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

                                                                   »;

      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлімде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

                                                       »;

      реттік нөмірі 120-жол алынып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 125, 128, 144-жолдар алынып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

160.

«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамы

                                                       »;

      «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі», «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі» деген бөлімдер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы бөлімдермен толықтырылсын:
      «

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

165.

Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамы

166.

«Қазақстан инижиниринг» ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі

167.

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

168.

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

169.

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

                                                       ».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады