Байланыс формасы

Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген жер учаскелерін босалқы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 474 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 3-1) тармақшасына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 2,5 гектар және Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданындағы «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 15,9 гектар жерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілерін салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатынан босалқы жерлер санатына ауыстырылсын.
      2. Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2014 жылғы 11 мамырдағы
№ 474 қаулысына   
1-қосымша      

«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігі Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі»
республикалық мемлекеттік мекемесінің ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар жерлері санатынан босалқы жерлер санатына
ауыстырылатын жерлерінің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы, гектар

оның ішінде:

Орманды жерлер

алаңдар

жайылым

шабындық

жолдар

құмдар және алқаптар

«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі

2,5

-

2,5

-

-

-

-

Жиыны

2,5

-

2,5

-

-

-

-

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 11 мамырдағы
№ 474 қаулысына  
2-қосымша      

«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігі Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі»
республикалық мемлекеттік мекемесінің ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар жерлері санатынан босалқы жерлер санатына
ауыстырылатын жерлерінің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы, гектар

оның ішінде:

орманды жерлер

алаңдар

жайылым

шабындық

жолдар

құмдар және алқаптар

«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі

15,9

5,3

10,6

-

-

-

-

Жиыны

15,9

5,3

10,6

-

-

-

-

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады