Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 595 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
      1) мазмұнында 152-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «152-бап. Мәміленің жазбаша немесе электрондық нысаны»;
      2) 151-бапта:
      1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мәмiлелер ауызша немесе электрондық не жазбаша нысанда (жай немесе нотариалдық) жасалады.
      2. Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен электрондық не жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң барлығы ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған жағдайда да жасалған деп саналады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жазбаша немесе электрондық нысанда жасалған шартты орындау үшiн жасалған мәмiлелер, егер заңнамаға қайшы келмесе, тараптардың келiсiмi бойынша ауызша жасалуы мүмкiн.»;
      3) 152-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «152-бап. Мәмiленiң жазбаша немесе электрондық нысаны»;
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер заңнамаға немесе мәмiлеге қатысушылардың бiрiнiң тала қайшы келмесе, мәмiле жасау кезiнде қол қоюдың факсимиле көшiрмесі құралдарын пайдалануға жол берiледi.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Электрондық нысанда жасалатын мәміле, егер заңнамаға немесе мәмілеге қатысушылардың бірінің талаптарына қайшы келмесе, тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуға тиіс.
      Электрондық құжаттар, электрондық хабарламалар немесе субъектілерді және олардың ерік білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңнамада немесе тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, электрондық нысанда жасалған мәмілеге теңестіріледі.»;
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Хат, жеделхат, телефонограмма, телетайпжазба, факс немесе субъектiлердi және олардың ерiк бiлдiруiнiң мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңнамада немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмiлеге теңестiрiледi.»;
      4) 394-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер шарт жасасу жөнiндегi жазбаша не электрондық ұсыныс осы Кодекстiң 396-бабының 3-тармағында көзделген тәртiппен қабылданса, шарттың жазбаша не электрондық нысаны сақталған деп есептеледi.»;
      5) 397-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жазбаша не электрондық офертада акцептiге арналған мерзiм қамтылмаған кезде, егер оферта жiберген адам акцептi заңнамада белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн, ал егер ондай мерзiм белгiленбесе, оны ол үшін қажеттi қалыпты уақыт iшiнде алса, шарт жасалған болып есептеледi.».
      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 19 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 22 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгеріс енгізу туралы» 2014 жылғы 21 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
      27-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «27-тарау. Көліктегі және жол шаруашылығы
      саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық»;
      492, 494, 494-1, 495, 496, 497-1, 497-2, 497-3, 499, 500, 501-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
      27-1-тараудың және 502-1, 502-2, 502-3, 502-4, 502-5, 502-6, 502-7-баптардың мынадай мазмұндағы тақырыптарымен толықтырылсын:
      «27-1-тарау. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы
      әкімшілік құқық бұзушылық
      502-1-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы
      заңнамасын бұзу
      502-2-бап. Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану
      бойынша талаптарды бұзу
      502-3-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және
      электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзу
      502-4-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы
      заңнамасын бұзу
      502-5-бап. Электр байланысы желiлерiне шеткі құрылғыларды
      (жабдықтарды) заңсыз қосу
      502-6-бап. Жиіліктер, радиожиiлiктер жолақтарын (радиожиілік
      арналарын) беру, радиоэлектрондық құралдарды және жоғары
      жиiлiктi құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ
      азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың
      электрмагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын
      бұзу
      502-7-бап. Сәйкестігі міндетті түрде расталуға жататын, бірақ
      одан өтпеген байланыс құралдарын пайдалану»;
      549-1-баптың тақырыбының қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
      2) 27-тарауда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «27-тарау. Көліктегі және жол шаруашылығы саласындағы әкімшілік
      құқық бұзушылық»;
      492, 494, 494-1, 495, 496, 497-1, 497-2, 497-3, 499, 500, 501-баптар алып тасталсын;
      3) мынадай мазмұндағы 27-1-тараумен толықтырылсын:
      «27-1-тарау. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік
      құқық бұзушылық
      502-1-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы
      заңнамасын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын:
      1) дербес деректер қамтылған ақпараттық жүйелердің меншік иесінің (иеленушінің) дербес деректердің жариялануына, жоғалуына, заңсыз пайдаланылуына, көшірілуіне, түрлендірілуіне әкеп соққан, олардың жариялануынан қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырмау немесе тиісті түрде жүзеге асырмау;
      2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бұзу;
      3) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестаты жоқ ақпараттық жүйені өнеркәсіптік пайдалану;
      4) қаржыландырылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған бастапқы бағдарламалық кодтарды, бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық қамтылым, оның ішінде сервистік бағдарламалық өнім туралы мәліметтерді, аталған объектілерді заңсыз түрлендіруге, таратуға және (немесе) пайдалануға әкеп соққан ұсынбау не жоғалту түріндегі бұзу –
      жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың жоғалуына, өзгеруіне немесе олардың сақталуын өзге де қамтамасыз етпеуге әкеп соққан олардың резервтік көшірмелерін дайындамау –
      лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға – сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсіздік) –
      лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға – жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Жеке және заңды тұлғалар туралы құпия мәлiметтерi бар электрондық ақпараттық ресурстарды оларға мүлiктiк және моральдық зиян келтiру, құқықтарын шектеу, олардың іске асырылуына кедергі келтіру және олардың Қазақстан Республикасының заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін өзге де бұзу мақсатында пайдалану –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      502-2-бап. Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану
      жөніндегі талаптарды бұзу
      1. Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптарды мемлекеттік техникалық қызметтің бағдарламалық (бағдарламалық-техникалық) құралдарының жұмысына кедергі келтіру немесе оны бұғаттау, сол сияқты мемлекеттік техникалық қызмет қызметкерлерінің мемлекеттік техникалық қызметпен өзара іс-қимыл жасайтын ақпараттандыру объектілерімен жұмысына кедергі келтіру түрінде бұзу –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, қайталап жасалған немесе ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының пайда болуына әкеп соққан iс-әрекеттер (әрекетсіздік) –
      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      502-3-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және
      электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзу
      1. Электрондық құжаттарды қабылдаудан бас тарту –
      лауазымды адамдарға – жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Куәландырушы орталықтың сақтаудағы электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттерін жоғалтуды, түрлендіруді, қолдан жасауды және бұғаттауды болдырмау жөніндегі шараларды қолданбауы –
      жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Тіркеу куәліктерінде көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерінің иелері туралы құпия мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етпеуі –
      бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Материалдық залалға әкеп соққан, тіркеу куәлігі иесінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті немесе бірдейлестіру туралы ақпаратты заңсыз таратуы, сол сияқты оған тиесілі электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін немесе бірдейлестіруді заңсыз қол жеткізуден және пайдаланудан қорғау үшін шаралар қолданбауы –
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Пайдаланушының жабық кілтін заңсыз алу және (немесе) басқа адамның электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдану –
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      502-4-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы
      заңнамасын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын:
      1) басым байланыс операторының телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісіне қосудан негізсіз бас тартуы, сондай-ақ трафикті өткізу тәртібін бұзуы;
      2) телекоммуникация желілерін Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасында көзделген ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу мерзімдерін бұзу;
      3) байланыс операторларының трафикті өткізу және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілеріне қосылу деңгейлерін бұзуы;
      4) байланыс қызметін пайдаланушылар үшін қосылуы тегiн болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт сөндіру, авариялық, құтқару, анықтама қызметтерімен тегін қосылу нөмірлері бар байланысты ажырату және (немесе) шектеу;
      5) байланыс операторының байланыс саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарификациялау бірліктері мөлшерлерін сақтамауы;
      6) зияткерлік қызметтерге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізуді ұсыну кезінде қосылу құны туралы абоненттерге хабарламау;
      7) пайдаланушыларға сапасы бойынша стандарттарға, техникалық нормаларға және байланыс қызметі сапасының көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін байланыс қызметтерін көрсету;
      8) байланыс түрінің радиожиілік спектрін және (немесе) стандартты, аумақты мақсатымен пайдаланбау, сол сияқты радиоэлектрондық құралдардың техникалық параметрлерінің рұқсат қағазда көрсетілгендерге сәйкес келмеуі;
      9) байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының абоненттік нөмірді ұялы байланыс желілеріне көшіру қағидаларын сақтамауы;
      10) ұялы байланыс операторының абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторына абоненттік нөмірлер туралы қажетті мәліметтерді беру бойынша міндеттерді орындамауы;
      11) байланыс операторының Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес абоненттердің дербес тіркелуін қамтамасыз ету бойынша міндетті бұзуы түрінде бұзу –
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау және сақтау бойынша міндеттерді бұзу –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не байланыс қызметтерін көрсету туралы лицензиядан айыруға әкеп соғады.
      5. Байланыс операторының және байланыс желісі иеленушісінің байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарды байланыстың барлық желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ аталған іс-шараларды өткізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу шараларын қабылдау жөніндегі міндетін бұзуы -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Байланыс операторының және байланыс желісі иеленушісінің байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша міндетті бұзуы -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Байланыс операторының және байланыс желісі иеленушісінің жедел-іздестіру іс-шараларын желілерге және байланыс құралдарына қойылатын талаптарға сәйкес жүргізудің техникалық мүмкіндігін үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының қызметтерін қамтамасыз ету бойынша міндетін бұзуы -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Осы баптың алтыншы, жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
      байланыс саласында қызмет көрсету лицензиясын тоқтата тұруға әкеп соғады.
      9. Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат қағазында көрсетілген аумақты не елді мекендерді көрсетілетін байланыс қызметімен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді ұялы байланыс операторының орындамауы, -
      радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттан не байланыс қызметін көрсетуге лицензиядан айыруға әкеп соғады.
      10. Байланыс операторының бір жыл ішінде қызметтерді көрсетпеуі -
      байланыс қызметтерін көрсетуге лицензиядан айыруға әкеп соғады.
      11. Ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірлерді көшіруді қамтамасыз ету міндет орындамауы -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе байланыс саласында қызметтер көрсетуге арналған лицензияны тоқтата тұруға әкеп соғады.
      Ескерту: осы Кодекстің мақсаттары үшін байланысты ажырату және (немесе) шектеу деп байланыс операторының, еңсерілмейтін күшпен немесе жүргізілетін профилактикалық және (немесе) авариялық қызмет көрсетумен байланысты мән-жайларды қоспағанда, жедел медициналық, құқық қорғау, өрт сөндіру, авариялық, анықтамалық және басқа қызметтермен байланысудың мүмкін еместігіне әкеп соққан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі түсініледі.
      502-5-бап. Электр байланысы желiлерiне шеткі құрылғыларды
      (жабдықты) заңсыз қосу
      1. Электр байланысы желілеріне шеткі құрылғыларды (жабдықты) заңсыз қосу –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      шеткі құрылғылар (жабдық) тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Шеткі құрылғылар (жабдық) деп желілерге қосылатын және абоненттердің пайдалануындағы абоненттер байланыс арналары арқылы көздеген ақпаратты беру және қабылдау үшін электр және радио - байланысы сигналдарын қалыптастыратын техникалық құралдар (радиотрансляциялық нүктелер, телефон аппараттары, телефакстар, деректерді беру құрылғылары, әртүрлі телематикалық қызметтердің шеткі қондырғылары, кәбілдік теледидар жабдығы, телефон арнасының ұзартқыштары, радиотелефондар және басқалар) түсініледі.
      502-6-бап. Жиіліктер, радиожиiлiктер жолақтарын (радиожиілік
      арналарын) иемдену, радиоэлектрондық құралдарды және жоғары
      жиiлiктi құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ
      азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың
      электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын
      бұзу
      1. Жиіліктер, радиожиiлiктер жолақтарын (радиожиілік арналарын) иемдену, радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бұзу –
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – жиырма, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
      радиоэлектрондық құралдар немесе жоғары жиiлiктi құрылғылар тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - қырық, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертулер.
      1. Осы Кодексте радиоэлектрондық құрылғылар деп бiр немесе бiрнеше радиотаратушы немесе радиоқабылдағыш құрылғылардан немесе олардың құрамаларынан және радиотолқындарды таратуға және қабылдауға арналған көмекшi жабдықтан тұратын техникалық құралдар түсiнiледi.
      2. Осы Кодексте жоғары жиiлiктi құрылғылар деп электр байланысы саласында қолдануды қоспағанда, радиожиiлiк энергиясын өнеркәсiптiк, ғылыми, медициналық, тұрмыстық мақсаттарда өндіруге және жергiлiктi пайдалануға арналған жабдық немесе аспаптар түсiнiледi.
      502-7-бап. Сәйкестігі міндетті расталуға жататын, бірақ одан
      өтпеген байланыс құралдарын, радиоэлектрондық құралдарды және
      жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану
      1. Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бірыңғай желісінде техникалық байланыс құралдарын пайдалану, сол сияқты техникалық реттеу саласында сәйкестігі міндетті расталуға жататын және одан өтпеген, электромагниттік сәулелендіру көзі болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды, почта байланысының техникалық құралдарын пайдалану, -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыс, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
      сертификатталмаған байланыс құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға - он, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      4) 541-бапта:
      бірінші бөлікте:
      «492 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екiншi бөлiгiнде), 494-1 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 496 (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздер алып тасталсын;
      «501,» деген цифрдан кейін «502-4 (төртінші және сегізінші – оныншы бөлiктерінде), 502-5 (екiншi бөлiгінде), 502-6 (екiншi бөлiгінде), 502-7 (екінші бөлігінде),» деген цифрлармен толықтырылсын;
      1-1-бөліктің 1) тармақшасында «, 500 (екінші бөлігінде)» деген сөздер алынып тасталсын;
      5) 543-баптың бірінші бөлігінде «, 500 (бірінші бөлігінде)» деген сөздер «502-4 (екінші бөлігінде) деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 549-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «549-1-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган
      1. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 502-1, 502-2, 502-3, 502-4 (бiрiншi, екінші, үшінші, бесінші – жетінші, он бірінші бөлiктерiнде), 502-5 (бiрiншi бөлiгiнде), 502-6 (бірінші бөлігінде), 502-7 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
      1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;
      2) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары құқылы.»;
      7) 557-баптың бірінші бөлігінде «494» деген цифрлар «502-6» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      8) 566-баптың бірінші бөлігінде «496» деген цифрлар «502-7» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      9) 568-баптың бірінші бөлігінде «, 499» деген цифрлар алып тасталсын;
      10) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      екінші абзацта «500 (екінші бөлігі), 501,» деген сөздер алып тасталсын;
      жиырма бесінші абзацта «494» деген цифрлар «502-6» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      жиырма алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның (317-1 (байланыс құралдарына қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 356, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгi), 502-4 (төртінші және сегізінші, тоғызыншы бөлiктері), 502-5 (екiншi бөлiгi), 502-6 (екiншi бөлiгi), 502-7 (екінші бөлігі) - баптар);»;
      қырық бірінші абзацта «496» деген цифрлар «502-7» деген цифрлармен ауыстырылсын, «, 501» деген цифрлар алып тасталсын;
      11) 717-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалануға арнаулы рұқсатты алу тәртiбiн ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.».
      3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; №  23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 49-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға құжаттаманы қағаз немесе электрондық жеткізгіште:»;
      2) 72-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін рұқсат беретін органға қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде қажетті құжаттар топтамасын табыс етеді.»;
      3) 289-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қауіпті қалдықтар паспорты, қалдықтар құралған бастап үш ай ішінде, еркін нысандағы өтінім мен қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде берілетін қауіпті қалдықтардың паспорты негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда тіркелуге тиіс.».
      4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 14, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 19 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 167-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерге ақпараттандыру және байланыс саласындағы орталық уәкілетті органның салалық қорытындысы қоса беріледі.»;
      2) 169-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Байланысты грантты пайдалану аяқталған соң мемлекеттік ұйымдар - байланысты гранттарды алушылар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, ал ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін байланысты гранттар бойынша – сонымен қатар ақпараттандыру және байланыс саласындағы орталық уәкілетті органға донордың уәкілетті өкілі және өтінімі бойынша байланысты грант беру жүзеге асырылған орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілді немесе атқарушы органдардың бірінші басшысы қол қойған байланысты грантты пайдалану туралы түпкілікті есепті ұсынады.»;
      3) 170-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептерді мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда – ақпараттандыру және байланыс саласындағы орталық уәкілетті органға табыс етуін көздейді.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдар, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда – ақпараттандыру және байланыс саласындағы орталық уәкілетті орган айқындайды.».
      5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар;  № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 19 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 24-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Салық қызметінің органдары мен кеден органдары өздерінің арасындағы өзара іс-қимылда, оның ішінде кеден және салық органдарының ақпараттық жүйелері арқылы өздеріне жүктелген міндеттерді орындайды.»;
      2) 557-баптың 3-тармағының 16) тармақшасында «береді.» деген сөз «береді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      «17) кеден органдарына тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру кезінде береді.».
      6. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
      1) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 57) тармақшамен толықтырылсын:
      «57) электрондық құжат түріндегі кедендік декларация – кедендік декларациялағау қажетті және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттардың негізінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде декларант көрсеткен мәліметтердің жиынтығы.»;
      2) 19-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кеден органдары мен салық қызметі органдары өзара іс-қимыл кезінде кедендік және (немесе) салықтық бақылау жүргізуге қажетті, оның ішінде кеден және салық органдарының ақпараттық жүйелері арқылы ақпарат алмасады.»;
      3) 138-баптың 9-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Төлеуші кедендік баждарды, салықтарды және өсімпұлдарды кеден органдарының ғимараттарында орнатылған екінші деңгейдегі банктердің электрондық терминалдары арқылы төлем карточкаларын пайдалана отырып төлеген кезде, аталған электрондық терминал беретін чек немесе «электрондық үкімет төлем шлюзінің» автоматтандырылған жүйесі қалыптастыратын электрондық чек тауарларды шығару үшін олардың бюджетке төленуінің растамасы болып табылады.»;
      4) 162-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Кеден органы осындай өкімді ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктерге немесе ұйымдарға жібереді. Кеден органының төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмін электрондық нысанда жіберген кезде, мұндай өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес жасалады.»;
      5) 165-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Кеден органы инкассалық өкімді ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктерге немесе ұйымдарға жібереді. Инкассалық өкімді электрондық нысанда жіберген кезде ол Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес жасалады.»;
      6) мынадай мазмұндағы 278-1-баппен толықтырылсын:
      «278-1-бап. Электрондық құжат түрінде берілетін кедендік
      декларацияны куәландыру
      Электрондық құжат түріндегі кедендік декларация және (немесе) онда мәлімделген мәліметтерді растайтын электрондық құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.»;
      7) 281-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде берген кезде тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың нәтижелері негізінде осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді. Кедендік декларацияны электрондық құжат және онда мәлімделген мәліметтерді растайтын электрондық құжаттар түрінде табыс етудің, пайдаланудың және сақтаудың ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      8) 286-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде берген кезде тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың нәтижелері бойынша онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды кеден органдарына жазбаша және (немесе) электрондық нысандарда табыс етуге;»;
      9) 288-бапта:
      4-тармақтың 5) тармақшасындағы «жасалмаса, бас тартады.» деген сөздер «жасалмаса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін электрондық декларациялау процесінде пайдаланылатын тауарларды шығару шарттарын сақтауға қажетті электрондық құжаттар жоқ болса, бас тартады.»;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде табыс еткен кезде тіркеуден бас тарту электрондық нысанда ресімделеді және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып декларантқа жіберіледі.»;
      10) 296-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде табыс еткен кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кеден органының лауазымды адамының іс-әрекеттері электрондық нысанда жүзеге асырылады және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
      Кедендік декларация ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, электрондық нысанда декларантқа жіберіледі.».
      7. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат):
      1) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттiк орган, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық почта операторы, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметтi (операцияларды) қоспағанда, уәкiлеттi органның лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болып табылады.»;
      2) 30-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдар, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық почта операторы, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкі уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.»;
      3) 38-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық нысанда қызмет көрсеткені үшін төлемдерді қабылдауға және жүргізуге байланысты халыққа қызмет көрсету үшін өздерінің ақпараттық жүйелерінің «электрондық үкіметтің» төлем шлюзімен тікелей немесе банкаралық ақша аудару жүйесі операторының ақпараттық жүйесі арқылы интеграциялауды жүзеге асырады.»;
      4) 50-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банктердің көрсетілетін қызметті берушінің немесе көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы бойынша сұрау салуда көрсетілген адамға банк шотының тиесілілігі туралы, электрондық қызмет көрсету кезіндегі қажетті жылжымалы және жылжымайтын мүліктің кепіл шартын жасасу туралы мәліметтерді, сондай-ақ төлем сомасы, жүзеге асырылған күні, электрондық қызмет көрсетілгені үшін жеке және заңды тұлғалар төлемді жүзеге асырған кезде ақшаны жіберуші және алушы туралы мәліметтерді беруі;».
      8. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 8 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы барлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 12-баптың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) шифрлау және шифрды ашу жұмысын ұйымдастыруға, үкіметтік байланысты, шифрланған және құпияландырылған байланысты, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының мүдделерінде пайдаланылатын арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін пайдалануға, дамытуға, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;»;
      2) 13-бапта:
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарындағы, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарындағы мемлекеттiк құпиялардың, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын, арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілері және шифрлау жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде бақылауды жүзеге асыру, әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету;»;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, арнайы байланыс, қару-жарақ және жарақтандыру құралдарын әзiрлеу, жасау, сатып алу және пайдалану, бұл ретте мемлекеттік шифрлық құралдарды әзірлеу, шығару және қару-жараққа қабылдау және оларды (барлаудың техникалық құралдарынан бастап) арнайы қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен және ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасасу;»;
      мынадай мазмұндағы 20-1), 20-2), 20-3), 20-4), 20-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «20-1) Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындаған тәртіппен мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар электрондық ақпараттық ресурстарды құру, сатып алу, жинақтау, қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау;
      20-2) Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындаған тәртіппен мемлекеттік құпияларға жатқызылған қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану, дамытылуын жүргізу, сүйемелдеу, интеграциялау, пайдалануды тоқтату, қорғау;
      20-3) Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындаған тәртіппен мемлекеттік құпияларға жатқызылған қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтері бар электрондық құжаттарды жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді, іздестіруді, таратуды, пайдалануды, қорғауды, тіркеуді және жоюды жүзеге асыру;
      20-4) Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындаған тәртіппен арнайы куәландырушы орталықтың қызметін құру, аккредиттеу, тоқтату, сондай-ақ оның қызметі туралы ережені әзірлеу және бекіту;
      20-5) ұлттық қауіпсіздік органдарының мүддесінде пайдаланылатын үкіметтік байланыс желілерін, ұлттық қауіпсіздік органдарының шифрланған байланыс желілерін, сондай-ақ арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін жасау, пайдалануға қабылдау, пайдалану, дамыту және пайдалануды тоқтату;».
      9. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      1) 2-баптың 14-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14-1) интернет-ресурс – бірегей желілік мекен - жайы және (немесе) домендік атауы бар және интернет желісінде жұмыс істейтін, аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, мәтіндік, графикалық және дыбыстау-бейнелеу немесе өзге де түрде көрсетілетін электрондық ақпараттық ресурс;»;
      2) 9-1-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Бір жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (көрсетілетін қызметтерін) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың біртектес тауарларынан (көрсетілетін қызметтерінен) айыруға қызмет ететін (арналған) туындылар (азаматтық айналымның қатысушыларын дербестендіру құралдары, тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер) авторлық құқық объектілері ретінде тіркелмейді.».
      10. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж.,   19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат):
      4-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) кәбілдік кәріздерді мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi;».
      11. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      «мемлекеттік құпияларға жатқызылған қорғалып орындалған ақпараттық жүйе – мемлекеттік құпияларды қамтитын ақпаратты құруға, іздеуге, жинауға, өңдеуге, жинақтауға, сақтауға, таратуға, бейнелеуге, пайдалануға және тұтынуға арналған қолжетімділігі шектелген ақпараттық жүйе;
      мемлекеттік құпияларды қамтитын электрондық ақпараттық ресурс – электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық жеткізгіште бар, мемлекеттік құпияларға жатқызылған қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерде ұсынылған ақпарат;»;
      2) 9-бап мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3), 5-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтері бар электрондық ақпараттық ресурстарды құру, сатып алу, жинақтау, қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау тәртібін айқындайды;
      5-2) мемлекеттік құпияларға жатқызылған қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану, сүйемелдеу, дамыту, интеграциялау, пайдалануын тоқтату және қорғау тәртібін айқындайды;
      5-3) мемлекеттік құпияға жатқызылған қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтері қамтылған электрондық құжаттарды және басқа да деректерді жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздестіру, тарату, пайдалану, қорғау, тіркеу және жою тәртібін айқындайды;
      5-4) арнайы куәландырушы орталықтың қызметін құру, аккредиттеу және тоқтату тәртібін айқындайды;»;
      3) 14-бап мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
      «19) мемлекеттік құпияларды қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік құпияларға жатқызылған қорғалып орындалған ақпараттық жүйелер туралы мәліметтер.».
      12. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат):
      13-бап мынадай мазмұндағы 6, 7-тармақтармен толықтырылсын:
      «6. Заңды күшіне енген сот шешімі бойынша бұқаралық ақпарат құралы не бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін шығару тоқтатыла тұрған не тоқтатылған, бұқаралық ақпарат құралы интернет-ресурс болып табылатын жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдар, интернет-ресурстардың иелері бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралы өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағында таратуды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға міндетті.
      7. Соттың бұқаралық ақпарат құралы өнімдерін тарату не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұруы туралы шешімі бұқаралық ақпарат құралы интернет-ресурс болып табылса, домендік атауды сол немесе қайталанатын атаумен пайдалануға үш айдан аспайтын мерзімге тыйым салуға әкеп соғады.
      Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылғанда соттың бұқаралық ақпарат құралы өнімдерін тарату не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтату туралы шешімі домендік атауды тіркеуді жоюға және тіркелуі сот шешімімен жойылған домендік атауды сол немесе қайталайтын атаумен бір жыл ішінде пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.».
      13. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат):
      1) 9-2-баптың бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындауға, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік қызметтер көрсетуге, рұқсат беру құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) беруге бағытталған функциялар іске асыру функциялары болып табылады;»;
      2) 15-2-баптың тақырыбы, 1, 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-2-бап. Мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық қызметтер көрсетуі
      1. Мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық қызметтер көрсету үшін интернет-ресурстар құрады.
      2. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалатын электрондық ақпараттық ресурстарды қамтуға тиіс.».
      14. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3,17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      27-баптың 1-тармағының 23-1) тармақшасы алып тасталсын.
      15. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 19 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 19-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі қағидаларды, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптарын бекітеді;»;
      2) 20-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі қағидаларды, жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптарын әзірлеу;».
      16. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласынд басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      2) арнайы куәландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының уәкілетті бөлімшесі;
      3) куәландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің анықтығын растайтын заңды тұлға;
      4) куәландырушы орталықты аккредиттеу – куәландырушы орталықтың қызметтер көрсету құзыретін уәкілетті органның ресми тануы;
      5) қол қоюшы тұлға – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін заңды түрде иеленетін және оны электрондық құжатта пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
      6) құжаттың электрондық көшірмесі – төлнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;
      7) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
      8) мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті органы – мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың орталық мемлекеттік органы;
      9) тіркеу куәлігі – куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін қағаз жеткізгіштегі құжат немесе электрондық құжат;
      10) тіркеу куәлігінің иесі – өз атына тіркеу куәлігі берілген, тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті заңды түрде иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
      11) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      12) электрондық құжат айналымы – мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың арасында электрондық құжаттар алмасу;
      13) электрондық құжат айналымы жүйесі – қатысушылар арасындағы қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі;
      14) электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы – электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздестіру және тарату процестеріне қатысатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе лауазымды адам;
      15) электрондық мұрағат – мұрағаттық электрондық құжаттардың жиынтығы;
      16) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
      17) электрондық цифрлық қолтаңба құралдары – электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның төлнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
      18) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті – кез келген тұлғаның қолы жететін және электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі;
      19) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі.»;
      2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті
      1. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган:
      1) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік техникалық саясатты іске асырады;
      2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік техникалық саясат мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;
      3) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік техникалық саясат мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау тұрғысынан электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік техникалық саясат мәселелері бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      5) куәландырушы орталықтың үлгі ережесін әзірлейді және бекітеді;
      6) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығын, ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен дұрыстығын растау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      7) объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментіндегі объектілік сәйкестендіргіштерді тіркеу, қайта тіркеу және жою қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жыл сайынғы жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
      9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      2. Мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті органы:
      1) электрондық құжат айналымы және электрондық мұрағаттар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;
      2) электрондық құжаттар мен электрондық мұрағатты пайдалана отырып, іс жүргізу мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
      3) Қазақстан Республикасының электрондық құжат саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;
      4) Қазақстан Республикасының электрондық құжат айналымы және электрондық мұрағаттар мәселелері жөніндегі заңнамасының сақталуы тұрғысынан электрондық құжаттар мен электрондық мұрағатты пайдалана отырып, іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      5) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жыл сайынғы жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
      6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      3) 7-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған қорғалып орындалған ақпараттық жүйлерді пайдалана отырып, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздестіру, тарату, пайдалану, қорғау, тіркеу және жою тәртібін, сондай-ақ арнаулы куәландырушы орталықты құру, аккредиттеу және оның қызметін тоқтату тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.»;
      4) 10-баптың 2 және 3 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттері оларды заңды негіздерде иеленетін тұлғалардың меншігі болып табылады.
      Тұлға әртүрлі ақпараттық жүйелерге арналған электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттеріне ие бола алады. Электрондық цифрлық қолтанбаның жабық кілттерін басқа тұлғаларға беруге болмайды.
      3. Заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігінің иесі – заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам осы заңды тұлғаның қызметкеріне немесе тағайындалған адамға осы заңды тұлғаның атынан электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану өкілеттігін беруге құқылы.»;
      5) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «14-бап. Тіркеу куәлігін беру
      Тіркеу куәлігі ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен он алты жасқа толған адамға беріледі.»;
      6) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
      «14-1-бап. Тіркеу куәлігін беруден бас тарту
      Куәландырушы орталық мынадай:
      1) ұсынылған құжаттар толық болмаған;
      2) дәйексіз мәліметтер берген;
      3) заңды күшіне енген сот шешіміне сәйкес;
      4) адам он алты жасқа толмаған жағдайларда тіркеу куәлігін беруден бас тартады.»;
      7) 18-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1), 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) тіркеу куәлігін алған кезінде дәйексіз мәліметтер беру фактісі анықталғанда;
      2-1) тіркеу куәлігі иесінің тегін, атын немесе әкесінің атын (болған кезде) өзгерткенде;
      2-2) тіркеу куәлігінің иесі - заңды тұлғаның атауын ауыстырғанда, қайта құрғанда, таратқанда;»;
      8) 21-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) тіркеу куәлігінің әрбір үлгісі үшін тіркеу куәлігін қолдану қағидаларын бекітеді;».
      17. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 19 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 2-бап мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) абоненттік нөмірді көшіру – абоненттің басқа ұялы байланыс операторымен ұялы байланыс қызметін көрсету туралы жаңа шартты жасасу кезінде оған ұсынылатын абоненттік нөмірді сақтап қалу және пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет;
      4-2) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры – абоненттік нөмірді ұялы байланыс желілерінде көшіру қағидаларымен айқындалатын мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты қамтитын дерекқорларды басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешені;
      4-3) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының операторы – абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, оның жұмыс істеуін, сүйемелдеуді және дамытуды қамтамасыз ететін және оның ресурстарына қол жеткізуді ұсынатын ұйым;»;
      2) 7-бап мынадай мазмұндағы 14-10), 14-11) тармақшалармен толықтырылсын:
      «14-10) абоненттік нөмірді ұялы байланыс желілерінде көшіру және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіруді енгізу күнін айқындау қағидаларын бекіту;
      14-11) кәбiлдi кәрізді пайдалануға беру қағидаларын бекіту;»;
      3) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-5), 19-8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8-5) ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын әзірлеу;
      19-8) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар саласындағы және телекоммуникациялар мен почта байланысы қызметтері аясындағы реттелетін нарықтардағы реттеу мен бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде тарифтерді реттеу тәртібін, табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарын, шығындарын және қолданысқа енгізілген активтерін жеке есепке алуды жүргізу қағидаларын, реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындар қалыптастырудың ерекше тәртібін, қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесін есептеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және қабылдау;»;
      4) 9-1-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, оның жұмыс істеуін, сүйемелдеуді және дамытуды қамтамасыз етуді және оның ресурстарына қол жеткізуге рұқсат беруді;»;
      5) 12-бапта:
      6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Радиожиiлiк спектрiн пайдалануға арналған рұқсатта байланыс түрі және (немесе) стандарты, пайдаланудың аумағы, пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдардың түрі мен техникалық өлшемдері, сондай-ақ елді мекендерді және (немесе) аумақтарды байланыс қызметімен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер көрсетіледі.»;
      8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-1. Радиожиiлiк спектрiн пайдалануға арналған рұқсат уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мынадай:
      1) радиожиілік спектрі бір жыл бойы пайдаланылмаған;
      2) ұялы байланыс операторы радиожиiлiк спектрiн пайдалануға арналған рұқсат беру құжаттарында көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарты байланыс қызметімен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайларда алып қойылады.»;
      6) 15-бапта:
      тақырыбы және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-бап. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің
      орталықтандырылған дерекқоры операторларының жедел-іздестіру
      қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы
      1. Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары және байланыс желілерінің иелері:
      1) байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарды байланыстың барлық желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды өткізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды жүзеге асыруға;
      3) байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды өткізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға;
      4) жедел-іздестіру іс-шараларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын желілерге және байланыс құралдарына қойылатын талаптарға сәйкес және тәртіппен техникалық жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының қызметтерін өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз етуге;
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қағидаларға сәйкес абоненттердің дербес тіркелуін қамтамасыз етуге және абонент туралы тіркеу деректері болған кезде ғана байланыс қызметтерін көрсетуді жүзеге асыруға міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының операторы байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы мәліметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасы осы Заңға және Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес реттеледі.»;
      7) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
      «15-1-бап. Байланыс операторларының радиосигналды бұғаттауға не
      абоненттік құрылғыларды рұқсатсыз пайдалануды анықтауға және
      (немесе) жолын кесуге арналған арнайы техникалық жабдықты
      пайдаланатын мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы
      1. Ішкі істер органдары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзетуді қамтамасыз ету мақсатында олардың аумақтарының шегінде радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғыларды рұқсатсыз пайдалануды анықтауға және (немесе) жолын кесуге арналған арнайы техникалық жабдықты қолданады.
      2. Байланыс операторлары:
      1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғыларды рұқсатсыз пайдалануды анықтауға және (немесе) жолын кесуге арналған арнайы техникалық жабдықты орнату кезінде ішкі істер органдарына консултациялық-техникалық жәрдемдесуді;
      2) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында радиосигналдың таратылуын азайту мақсатында уақтылы ден қоюды және шараларды қабылдауды қоса алғанда, жеке меншіктегі байланыс желілерін оңтайландыруды;
      3) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында радиосигналды бұғаттауға бағытталған радиосигналды бұғаттауға арналған арнайы техникалық жабдықтың жұмысын тестілеуді, сондай-ақ олардан тыс жерлерде байланыс желілері жұмысына кедергілердің болмауын қамтамасыз етуге міндетті.
      3. Радиосигналды бұғаттауға арналған арнайы техникалық жабдық Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес болуға тиіс.»;
      8) 18-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «болса, конкурстық негізде берiледi.» деген сөздер «болса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) конкурстық негізде бөлінген радиожиілікті пайдаланатын байланыс операторында конкурс талаптарында айқындалған рұқсат беру мерзімі өтсе, конкурстық негізде берiледi.»;
      9) 21-бапта:
      5-тармақта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Телекоммуникацияның ведомстволық желiлері бір-бірімен мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдаланылатын мемлекеттік шифрлау құралдарын және ақпаратты  орғаудың басқа да құралдарын пайдалана отырып өзара іс-қимыл жасайды.»;
      үшінші бөлік алып тасталсын;
      7-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілері Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге арналған және ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін негіз ретінде пайдалануы мүмкін.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Шифрланған, құпия, кодталған байланыс желілерін және арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілерін құру, басқару, пайдалану, нөмірлеуді бөлу, жұмыс істеуін, ақпараттық қауіпсіздігін, трафик рұқсаттамасын, өзара іс-қимыл жасау және пайдалануға қабылдау (пайдаланудан шығару) шарттарын ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету тәртібін осы желілер солардың қажеттіліктерін өтеуге арналған Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери-басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары айқындайды.»;
      10) 23-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кабель кәріздеріндегі арналар мен алаңдарды беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен уәкілетті органдар реттейтін бағалар (тарифтер) бойынша шарттық негізде жүзеге асырылады.»;
      11) 24-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Почта байланысы операторларының почта байланысы қызметтерін көрсету жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасында реттеледі.»;
      3, 4, 5-тармақтар алып тасталсын;
      12) 29-бап мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:
      «4-2. Ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері байланыс қызметтерін көрсету мақсатында телекоммуникациялық жабдықтарды орналастыру үшін байланыс операторларына шарт негізінде алаңдарды тең жағдайларда беруге міндетті.»;
      13) мынадай мазмұндағы 36-1-баппен толықтырылсын:
      «36-1-бап. Абоненттік нөмірді көшіру
      1. Абонент басқа ұялы байланыс операторымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы жаңа шарт жасасу кезінде өтеусіз негізде абоненттік нөмірді сақтауға және пайдалануға құқылы.
      2. Ұялы байланыс операторлары абоненттік нөмірлерді ұялы байланыс желілерінде көшіруді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген күннен бастап және осы Заңға, байланыс қызметін көрсету қағидаларына және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларына сәйкес қамтамасыз етуге міндетті.
      3. Ұялы байланыс операторлары абоненттік нөмірлерді көшіру кезінде тек қана абонеттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры арқылы өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
      4. Абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының жұмыс істеуі және оның ресурстарына қол жеткізуге рұқсат беру, сондай-ақ абоненттік нөмірлерді көшіруге қатысушылардың арасындағы ұйымдастырушылық-техникалық өзара іс-қимыл және өзара есеп айырысу тәртібі ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында айқындалады.
      5. Ұялы байланыс операторлары абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторына ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында айқындалған мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты беруді қамтамасыз етуге міндетті.
      6. Байланыс операторлары өзінің желілерінде абоненттік нөмірді көшіруді және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша барлық шығындарды (желіні, ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтылымды жаңғыртуға, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорымен өзара іс-қимылға шығындарды) дербес өз мойнына алады.
      7. Ұялы байланыс операторлары абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторына оның ресурстарына қол жеткізуге рұқсат бергені үшін төлемді абоненттік нөмірді ұялы байланыс желілерінде көшіру қағидаларында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырады.
      8. Абонент кейіннен шарт жасаса отырып, желісіне ауысатын ұялы байланыс операторына абоненттік нөмірді көшіру туралы өтінімді береді. Абонент үшін абоненттік нөмірді көшіру өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
      9. Абоненттік нөмірлерді көшіруді ұялы байланыс операторлары ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында айқындалатын талаптар сақталған кезде, абоненттік нөмірді көшіру туралы өтінім берілген кезден бастап екі тәуліктен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.».
      18. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат):
      1) 1-баптың 42) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «42) стандарттау жөнiндегi техникалық комитет – бекiтiлген стандарттау объектiлерi немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды әзiрлеу және мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысу үшiн ерiктi негiзде экономика салаларында ұйымдар базасында құрылатын консультациялық-кеңесшi орган;»;
      2) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделi тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында ұйымдар базасында құрылады.
      Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрамына мемлекеттiк органдардың және мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.».
      19. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат; № 12, 84-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 12, 57-құжат; № 16, 83-құжат):
      1) 4-баптың 9-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кредиттік серіктестіктер, орталық депозитарий, бірыңғай тіркеуші, мемлекет қатысатын кредиттік бюро, өзара сақтандыру қоғамдары, сондай-ақ Ұлттық почта операторы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүргізетін қызметті қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда ғана жол беріледі.»;
      2) 8-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып электрондық қызмет көрсету.»;
      3) 42-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      «8. Электрондық құжат нысанында лицензия алудың мерзімдері, тәртібі мен басқа да шарттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында айқындалады.».
      20. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21,97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат):
      14-1-бапта:
      1) 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес өтеусіз негізде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтер көрсетеді;»;
      2) 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) мемлекеттік ақпараттық жүйелер, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар интеграциясы және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша уәкілетті субъектілермен өзара іс-қимыл жасайды.».
      21. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20,151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5,23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат):
      8-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Мемлекет ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, электрондық оқытудың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын құру жағдайларын қамтамасыз етеді.».
      22. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      16-баптың 7-тармағының 9) тармақшасындағы «беруі негіз болып болады.» деген сөздер «беруі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «10) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілген радиожиілік спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингінің нәтижелері негіз болып табылады.».
      23. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті, оның iшiнде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымының және ақпараттандыру саласындағы аса маңызды объектілерді қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі құрылып, нығайтылады.».
      24. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;»;
      2) 6-баптың 11) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерін және телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерін өлшеу әдістемесін бекітеді;»;
      4) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік
      монополия
      1. Мемлекеттік техникалық қызмет телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi органның жиiлiктi, радиожиiлiктi (радиожиiлiк арналарын) iрiктеу бойынша жұмыстарды жүргiзуiн техникалық сүйемелдеуді;
      2) телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi органның теле-, радиоарналарды халықтың қабылдауының сапасына бақылау жүргiзуі кезiнде жұмыстарды техникалық қамтамасыз етуді;
      3) телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнаманы сақтау бойынша бақылау жасауды техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік монополия субъектісі шығаратын және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      5) 42-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға толық көшкенге дейін атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
      Жалғамалармен қамтамасыз ету жеке өзінің атынан немесе отбасының және онымен үнемі бірге тұратын басқа да адамдардың атынан жүгінген бір өтініш берушіге бір жалғама деген есеппен жүргізіледі.
      Жалғамалармен қамтамасыз ету бір жолғы болып табылады және оны берілгеннен кейін оны алған өтініш берушіге, оның отбасы мүшелеріне және онымен үнемі бірге тұратын басқа да адамдарға берілмейді.».
      25. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат):
      22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері тұрақты негізде жүзеге асырады.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады