Тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған деректер базасын сүйемелдеу және әкімшілендіру, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау бойынша заңды тұлғаны айқындау және "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы" мемлекеттік мекемесін және "Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1305 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 601 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 қарашадағы № 970 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.11.2023 № 970 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      "Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған деректер базасын сүйемелдеу және әкімшілендіру, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау бойынша заңды тұлға болып айқындалсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы" мемлекеттік мекемесін және "Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1305 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7) "е-қызмет" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі — "е-қызмет) үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      8) "е-қызмет" мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;

      9) "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалауды іске асыру жөніндегі іс-шараларға техникалық қолдау жүргізеді;

      10) мемлекеттік органдардың мемлекеттік персоналын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу үшін техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізеді;

      11) мемлекеттік органдарға персоналды іріктеуді қолдауға арналған техникалық құралдарды әзірлейді;

      12) мемлекеттік органдар өткізетін тестілеудің техникалық рәсімдерін жүзеге асырады.".

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Об определении юридического лица по техническому обеспечению процедур тестирования, сопровождению и администрированию автоматизированной базы данных по персоналу государственной службы, сбору, обработке и защите персональных данных государственных служащих и внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2008 года № 1305 "О реорганизации государственного учреждения "Центр информации и тестирования Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы" и республиканского государственного казенного предприятия "Евразийский центр обучения государственных служащих"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 мая 2014 года № 601. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 ноября 2023 года № 970.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 02.11.2023 № 970 (вводится в действие с 01.01.2024).

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 10 марта 2000 года № 357 "Об утверждении Положения о порядке прохождения государственной службы" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить юридическим лицом по техническому обеспечению процедур тестирования, сопровождению и администрированию автоматизированной базы данных по персоналу государственной службы, сбору, обработке и защите персональных данных государственных служащих акционерное общество "Национальный центр по управлению персоналом государственной службы".

      2. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2008 года № 1305 "О реорганизации государственного учреждения "Центр информации и тестирования Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы" и республиканского государственного казенного предприятия "Евразийский центр обучения государственных служащих" следующие дополнения:

      пункт 2 дополнить подпунктами 7), 8), 9), 10), 11) и 12) следующего содержания:

      "7) обеспечивает бесперебойное функционирование интегрированной информационной системы "е-кызмет" (далее - "е-кызмет");

      8) оказывает консультационную и практическую помощь государственным органам по вопросам "е-кызмет";

      9) проводит техническую поддержку мероприятий по реализации оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "А";

      10) проводит мероприятия по обеспечению технической поддержки для проведения оценки эффективности деятельности государственных органов по управлению персоналом государственной службы;

      11) разрабатывает технические инструменты для поддержки отбора персонала государственных органов;

      12) осуществляет технические процедуры тестирования, проводимые государственными органами".

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов