Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысы.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 маусымдағы
№ 683 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында
полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) азаматтардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің полиграфологиялық зерттеуден өтуі тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:

      1) полиграф – аналогтық және (немесе) цифрлы түрде көрінетін вербалдық және көру стимулдарына жауапта адамның қарқынды физиологиялық реакциясына (тыныс алуы, жүрек-тамырларының белсенділігі, тері-гальваникалық реакциясы, қозғалыс белсенділігі, бет әлпетінің мимикасы және басқалары) сауалдама жүргізу процесінде тіркеуге арналған техникалық құрылғы;

      2) полиграфологиялық зерттеу – адамның психофизиологиялық куәландыру кезінде пайда болатын жекелеген физиологиялық реакцияларын арнайы медициналық датчиктердің көмегімен тіркеуден тұратын сауалдама жүргізу рәсімі;

      3) полиграфолог – тиісті даярлықтан өткен және полиграфологиялық зерттеу жүргізуге оның құқығын растайтын құжаты (сертификат, диплом, куәлік) бар адам.

      3. Полиграфологиялық зерттеуден (бұдан әрі – зерттеу):

      1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылданатын азаматтар;

      2) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының аттестаттауға жататын қызметкерлері;

      3) қызметтік тергеу жүргізген кезде қажеттілігі бойынша Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері өтеді.

      4. Қосымша ақпарат алу және құқық қорғау қызметіне (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылданатын азаматтар мен Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметерлері (бұдан әрі – зерттелетін адамдар) хабарлаған мәліметтердің растығын тексеру зерттеу жүргізудің мақсаты болып табылады.

      5. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуға) қабылданатын азаматтар, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері аттестаттау және қызметтік тергеу жүргізу кезінде құқық қорғау органының тиісті бөлімшесінде зерттеуден өтеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.04.2020 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Зерттеуден өтудің негізгі міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметіне (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылдаған кезде:

      құқық қорғау қызметіне (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) келудегі құқыққа қайшы ниетін (тыйым салынған қоғамдық бірлестіктер қызметінің, қылмыстық және террористік ұйымдар мүдделеріне және басқалары);

      жүріс-тұрысындағы жасырын ауытқуды, жағымсыз тәуелділігін, есірткі, психотроптық және психикалық және тәни тәуелділік туғызатын өзге де психоактивті заттарды тұтынуын;

      құқық қорғау органдарында қызметтен толыққанды өтуіне кедергі келтіретін жасырын сырқаттарын, өз-өзіне қол жұмсауға бейімділігін;

      сауалнамалық деректерін, кірістері туралы, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері, қос азаматтығының бар екендігі, жалған құжаттарды пайдаланғаны туралы мәліметтерді жасыруын немесе бұрмалауын;

      сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының, бөгде адамдарға құпия немесе қызметтік ақпарат беруінің бұрын орын алған фактілерін;

      тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық, соның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылу фактілерін;

      тыйым салынған қоғамдық бірлестіктермен, қылмыстық және террористік ұйымдармен байланыстарын немесе егер ол бұрын олардың қызметтік міндеттемелеріне кірмеген болса, коммерциялық құрылымдарға қатысуын;

      қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалануын;

      2) аттестация өткізген кезде:

      құқық қорғау органдарында қызметте болудағы жасырын теріс себептерін (тыйым салынған қоғамдық бірлестіктер қызметінің, қылмыстық және террористік ұйымдар мүдделеріне және басқалары);

      жүріс-тұрысындағы жасырын ауытқуды, жағымсыз тәуелділігін, есірткі, психотроптық және психикалық және тәни тәуелділік туғызатын өзге де психоактивті заттарды тұтынуын;

      құқық қорғау органдарында қызметтен толыққанды өтуіне кедергі келтіретін жасырын сырқаттарын, өз-өзіне қол жұмсауға бейімділігін;

      сауалнамалық деректерін, кірістері туралы, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері, қос азаматтығының бар екендігі, жалған құжаттарды пайдаланғаны туралы мәліметтерді жасыруын немесе бұрмалауын;

      сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының, бөгде адамдарға құпия немесе қызметтік ақпарат беруінің бұрын орын алған фактілерін;

      тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық, соның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылу фактілерін;

      тыйым салынған қоғамдық бірлестіктермен, қылмыстық және террористік ұйымдармен байланыстарын немесе егер ол бұрын олардың қызметтік міндеттемелеріне кірмеген болса, коммерциялық құрылымдарға қатысуын;

      қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалануын;

      3) қызметтік тергеу жүргізген кезде:

      теріс қылық не құқық бұзушылық жасауының мән-жайларын;

      қызметкердің аталған теріс қылыққа не құқық бұзушылыққа қатыстылығын;

      қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану фактілерін анықтау болып табылады.

      Аттестаттау, сондай-ақ қызметтен өту ерекшелігін немесе анықтауға жататын мән-жайларды ескере отырып, қызметтік тергеу жүргізу барысында бірінші басшы анықтауға жататын қосымша міндеттер қоюы мүмкін.

      7. Зерттеуді полиграфты пайдалана отырып, полиграфолог жүргізеді және өзіне бірқатар кезекті кезеңдер қосады:

      1) зерттелетін адаммен тестілеу алдындағы әңгімелесулер жүргізу;

      2) зерттелетін адамды тестілеу;

      3) қорытынды шығару.

      8. Зерттеу зерттелетін адамның қалауы бойынша мемлекеттік не орыс тілінде жүргізіледі және зерттелетін адамда қадір-қасиетін түсіру нмесе қорлау сезімінің туындауын болдырмауы тиіс.

      Қажет болған жағдайда аудармашы ұсынылады.

      9. Полиграфолог зерттеу жүргізер алдында қолдағы материалдармен алдын ала танысады, қажет болған кезде зерттелетін адамның денсаулығының жай-күйі туралы медициналық құжаттарды зерделейді және медициналық мекеменің тиісті мамандарымен ақылдасады.

      10. Зерттелетін адаммен жүргізілетін тестілеу алдындағы әңгімелесулер:

      1) зерттелетін адамның құқықтарын, сондай-ақ зерттеудің міндеттерін түсіндіруді;

      2) полиграфпен және оның жұмыс қағидатымен танысуды;

      3) сұрақтарды талқылауды және түзетуді;

      4) жауаптан жалтаруды, тәртібі мен әңгімесіндегі күйгелектігін, іс-қимылының сәйкессіздігін анықтау мен тіркеуді қарастырады.

      11. Зерттелетін адам тестілеуден өтер алдында Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі бөліктен тұратын полиграфологиялық зерттеу туралы декларация (бұдан әрі – декларация) толтырады. Декларацияның бірінші бөлігі тестілеу алдында, екінші бөлігі тестілеуден өткен соң толтырылады).

      Тестілеу сәтінде көңіл-күйі нашарлаған зерттелетін адам бұл туралы тестілеуді жүргізу басталғанға дейін полиграфологқа хабарлайды және ол туралы декларацияда көрсетеді. Бұл жағдайда осындай адамдарды тестілеу осы күн ішінде басқа уақытта не басқа күні жүргізіледі, бұл ретте, көңіл-күйінің нашарлау себебі бойынша тестілеуді ауыстыруға он күнтізбелік күн ішінде кемінде екі рет жол беріледі.

      Сонымен қатар, зерттелетін адамды:

      1) жүрек-қантамыры немесе тыныс алу қызметінің бұзылуына байланысты сырқаты күрт ушыққан жағдайда (зерттелетін адам тиісті медициналық қортынды ұсынады);

      2) зерттелетін адам алкогольге немесе есірткіге мас күйде болса немесе улануының қалдық құбылыстары болса;

      3) жүктілігі туралы деректер болса тестілеуге жол берілмейді.

      12. Зерттеу жүргізген кезде оны аудио және бейнеге жазып алу жүзеге асырылады, ол туралы зерттелетін адамға хабарланады.

      13. Зерттелетін адамды үздіксіз тестілеудің ұзақтығы 120 минуттан аспауы тиіс. Жүктемені азайту үшін тестілеу барысында зерттелетін адамға ұзақтығы 15 минутқа дейінгі демалыс беріледі.

      Бұл ретте, зерттеу жүргізген кезде бір полиграфологқа арналған жұмыс жүктемесі күніне екі адамнан аспауы тиіс.

      14. Зерттелетін адам тестілеуден осы мақсаттар үшін арнайы жабдықталған бөлмелерде де, сондай-ақ кез келген өзге бөлмелерде де өте береді.

      Бөлмелерге қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:

      1) алаңы кемінде 10 шаршы метр, төбесінің биіктігі кемінде 2,5 метр;

      2) қабырғалары мен төбелері дыбыстан оқшаулаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, бейтарап және жағымды түске боялған болуы;

      3) бөлмедегі ауаның тұрақты температурасы +20-дан +25-ке дейінгі Со.

      15. Зерттеуден өту нәтижелері бойынша зерттелетін адамның қойған сұрақтарға берген жауаптарының дұрыстығы туралы тұжырымы бар қорытынды жасалады.

      Қорытындыға жүргізілген зерттеулердің мәнін барынша анықтайтын қосымша мәліметтер жазылуы мүмкін.

      16. Зерттеу барысында алынған ақпарат ықтималдық, ұсынымдық сипатта болады, сондай-ақ қосалқы мәнге ие болады, кадр бөлімшелерінің қызметкерлері және құқық қорғау органдары білім беру мекемелерінің қабылдау комиссиялары, аттестаттау комиссиялары және өзіндік қауіпсіздік қызметтері (бұдан әрі – мүдделі бөлімшелер) құқық қорғау органына қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылдау, аттестаттаудан өткізу және қызметтік тергеу жүргізу туралы мәселені шешкен кезде пайдаланады.

      17. Зерттеу барысында дайындалып жатқан, жасалып отырған немесе жасалған құқық бұзушылықтарға зерттелетін адамның қатысының бар екендігі туралы ақпарат анықталған жағдайда, полиграфолог оны мүдделі бөлімшенің бастығына (басшысына) жеткізеді және заңнамаларда белгіленген тәртіппен тексереді.

      18. Полиграфологиялық зерттеуден өткені туралы қортындыны полиграфолог Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үш жұмыс күні ішінде дайындайды, кейін мүдделі бөлімшеге жолдайды.

      19. Зерттеу материалдары қызмет бабында пайдалануға арналған құжаттарға жатқызылады.

      20. Зерттеу материалдары (зерттеудің нәтижелері туралы қорытынды, полиграмм түрінде принтерден басып шығарылған психофизиологиялық реакциялар, аудио және бейне материалдар, сұрақтар және басқа да құжаттар) зерттеуге жолдаған бөлімшенің мұрағатында:

      1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметіне (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) кірген және қабылданбаған азаматтарға қатысты бес жыл бойы;

      2) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты жиырма бес жыл бойы сақталады.

      21. Зерттеудің нәтижелерін жария еткені және (немесе) бұрмалағаны үшін полиграфологқа және Қазақстан Республикасының құқы қорғау органдары мүдделі бөлімшелерінің бастықтарына (басшыларына) Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жауапкершілік жүктеледі.

  Қазақстан Республикасының
құқық қорғау органдарында
полиграфологиялық зерттеуден
өту қағидаларына
1-қосымша

Полиграфологиялық зерттеуге жолдама

Жолдама түбіртегінің № ____

Полиграфологиялық зерттеуге жолданады

_______________________________

(зерттелетін адамның аты-жөні)

_______________________________

(зерттеудің негіздемесін

көрсету керек)

Кадр бөлімшесінің басшысы

_______________________________

(қызметін, аты-жөнін

көрсету керек)

20___ж. "____" _______________.

______________________________

(жолдама берген органның

атауы)

______________________________

(әскери-дәрігерлік комиссияның

атауы)

Комиссияның мекенжайы:

________________________

Жолдама №_______

Полиграфологиялық зерттеуге жолданады

______________________________

(зерттелушінің аты-жөні)

______________________________

(зерттеудің негіздемесін

көрсету керек)

Фотосурет

М.О.

Кадр бөлімшесінің басшысы

______________________________

(қызметін, аты-жөнін көрсету

керек)

20___ж. "_____" ______________

  Қазақстан Республикасының
құқық қорғау органдарында
полиграфологиялық зерттеуден
өту қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Полиграфологиялық зерттеу туралы декларация

      1-бөлім (тестілеу өткізгенге дейін толтырылады)

      1. Зерттелетін адамның Т.А.Ә. _________________________________

      _____________________________________________________________________

      Шағымы:________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Көңіл-күйі: ___________________________________________________

      Эмоциялық жай-күйі: ___________________________________________

      Тестілеу сәтіндегі жалпы көңіл-күйі: __________________________

      _____________________________________________________________________

      Жүрек-қантамыр және тыныс жолдары қызметінің бұзылуына

      байланысты сырқаттарының бар екендігі туралы медициналық құжаттарының

      болуы: ______________________________________________________________

      2. Маған, полиграфологпен әңгімелесу барысында:

      1) әңгімелескен және полиграфты қолдана отырып, тестілеу

      жүргізген кезде аудиокөру қадағалауы мен жазба жүргізілетіні;

      2) үздіксіз тексеру ұзақтығының 120 минут құрайтыны және қажет

      болған кезде 15 минутқа дейін демалыс берілетіні туралы белгілі болды.

      3. Сондай-ақ маған зерттеудің құқықтары мен міндеттері,

      полиграф жұмысының қағидаты, тестілеу сұрақтарының тақырыбы

      түсіндірілді.

      Зерттелетін адамның қолы ______________________________________

      4. Алкогольге немесе есірткіге мас күйде емес екенімді растаймын.

      Зерттелетін адамның қолы ______________________________________

      5. Зерттеу жүргізу барысында аудармашының көмегі қажет емес.

      Зерттелетін адамның қолы ____________________________________________

      Күні және уақыты 20___ ж. "___" ____________

      "___" сағат "___" минут

      2-бөлім (тестілеу өткізілген соң толтырылады)

      Мен,

      ____________________________________________________________________,

      (зерттелетін дамның Т.А.Ә.)

      20__ ж. "___" ____ ___ сағат ___ минуттан ____ сағат __ минутқа дейін

      (басталған уақыты) (аяқталған уақыты)

      өткізілген полиграфологиялық зерттеулер шеңберінде тестілеуден соң,

      ______________________________________________________ байланысты,

      (зерттеудің негіздемесі көрсетіледі)

      мыналарды растаймын:

      1) тестілеу уақытында маған алдын ала таныс болған тақырыптағы

      сұрақтар қойылды;

      2) сауал алу уақытында мен тестілеу рәсімдерін үзуге ниет

      білдірген жоқпын;

      3) зерттеу рәсімдері және сұрақтардың мазмұны менің

      адамгершілік қадір-қасиетіме нұқсан келтірген жоқ және қорлаған жоқ;

      4) маған қатысты қауіп, күш және әсер етудің өзге де заңсыз

      әдістері пайдаланылған жоқ;

      5) тестілеу жүргізілген соң менің психикалық және дене

      денсаулығым нашарлаған жоқ.

      Ерекше пікір:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      __________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      20__ж. "_____" __________________

  Қазақстан Республикасының
құқық қорғау органдарында
полиграфологиялық зерттеуден
өту қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Полиграфологиялық зерттеудің нәтижелері бойынша қорытынды

      20__ жылғы "___" ___________ жолдау бойынша

      _____________________________________________________________________

      (бастамашының қызметі, Т.А.Ә.)

      _____________________________________________________________________ (зерттелетін адамның Т.А.Ә., туған жылы)

      полиграфологиялық зерттеу жүргізілді.

      Зерттеу _____________________________________________________________

      (өткізу орны)

      20__ ж. "___" _____ ____ - ____ аралығында полиграфолог _____________

      (басталған уақыты) (аяқталған уақыты) (Т.А.Ә.)

      жүргізді.

      Зерттеу ________________________________ полиграфта жүргізілді.

      (маркасы, сериялық нөмірі)

      Зерттеудің негіздемесі: _______________________________________

      Анықталуы тиіс сұрақтар: ______________________________________

      _____________________________________________________________________

      (сұрақтардың мазмұны)

      Алынған полиграммалар _______________________ бойынша бағаланды

      (әдістеме атауы)

      Тестілеу барысында зерттелетін адамның жауаптары кезінде

      мынадай сұрақтарға физиологиялық реакциялар алынды:

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________

      Сондай-ақ, зерттелетін адам әңгімелесу процесінде

      _____________________________________________________________________

      (зерттелетін адамнан қандай да болмасын құқыққа қайшы әрекеттер

      туралы алынған ақпарат көрсетіледі)

      туралы қосымша хабарлады.

      Зерттеудің нәтижелері мынадай қортынды жасауға мүмкіндік береді:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Полиграфолог: _______________________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      20__ж. "___" _________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады