Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 706 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.12.2016 № 832 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың 5) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "арнайы мақсаттағы телекоммуникациялар және/немесе қорғалған байланыс желілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің желілерін қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілерін өзара қосу Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы (бұдан әрі – МО БКО) арқылы іске асырылады;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады