"Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жалауларының сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 755 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жалауларының сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жалауларының
сипаттамасын бекіту туралы

      «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 59-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жалауларының сипаттамасы бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары туларының сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 15 қыркүйектегі № 445 Жарлығы;
      2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 15 қыркүйектегі № 445 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 ақпандағы № 1148 Жарлығы.
      3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2014 жылғы « »    
№ Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН     

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жалауларының
сипаттамасы

      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жалауы тікбұрыш нысанды, ұзындығы - 145 см және ені - 115 см, үш жағынан алтын түстес шашақпен көмкерілген, көгілдір түсті (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес) матадан жасалады. Матаның оң жағының орта тұсында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы кестеленген. Кестеленген Елтаңбаның диаметрі - 50 см. Елтаңба периметрі бойынша алтын түстес қосарланған баумен көмкеріледі. Елтаңбаның үстіңгі жағында, матаның жоғарғы бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген алтын түстес жазу кестеленеді. Әріптердің биіктігі — 5,5 см. Елтаңбаның астыңғы жағында, матаның төменгі бөлігінде «ӨРТТЕН ҚОРҒАУ ҮШІН» деген алтын түстес девиз кестеленген. Девиздің әріптерінің биіктігі - 9 см. Матаның сырт жағының ортасында, «жел бағыты» мен халықаралық азаматтық қорғаныс белгісі (қою сарғыш түс шеңберіндегі көгілдір үшбұрыш) бейнеленген жер шарының айшықты контурының бейнесі кестеленген. Бейненің мөлшері - 80x58 см. Матаның жоғары жиегін бойлай алтын түстес әріптермен «МІНДЕТ, ӨЖЕТТІК, ЕРЛІК!» деген девиз кестеленген, биіктігі — 5,5 см. Матаның төменгі жиегін бойлай өртке қарсы қызметтің аумақтық бөлімшесінің (мемлекеттік мекемесінің) атауы алтын түспен кестеленген. Әріптердің биіктігі - 3 см. Жалаудың сабының жоғарғы жағы алтын түстес металл ұштыққа үласады. Саптың ұзындығы - 3 м. Жалаудың бауы ширатылған, алтын түсті жібектен жасалады, баудың ұштарында қос шашағы бар. Баудың ұзындығы - 2,5 м. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жалауы кестелеу, құрақтау және жібекпен өрнектеу техникасымен орындалады.

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "Об утверждении описания знамен органов государственной противопожарной службы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 755

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан «Об утверждении описания знамен органов государственной противопожарной службы».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Об утверждении описания знамен
органов государственной противопожарной службы

      В соответствии с пунктом 3 статьи 59 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года «О гражданской защите» ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Утвердить прилагаемое описание знамен органов государственной противопожарной службы.
      2. Признать утратившими силу:
      1) Указ Президента Республики Казахстан от 15 сентября 2000 года № 445 «Об утверждении описания знамен органов государственной противопожарной службы»;
      2) Указ Президента Республики Казахстан от 2 февраля 2011 года № 1148 «О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 15 сентября 2000 года № 445».
      3. Настоящий Указ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев

      УТВЕРЖДЕНО     
Указом Президента 
Республики Казахстан
от « » 2014 года №

Описание знамен органов государственной
противопожарной службы

      Знамя органов государственной противопожарной службы представляет собой полотнище голубого цвета (цвета Государственного флага Республики Казахстан) прямоугольной формы, размером по длине 145 см и по ширине 115 см, обшитое с трех сторон бахромой золотистого цвета. На лицевой стороне полотнища в центре вышит Герб Республики Казахстан. Диаметр вышитого Герба – 50 см. Герб обшивается по периметру двойным шнуром золотистого цвета. Над Гербом в верхней части полотнища вышивается надпись золотистого цвета «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ». Высота букв – 5,5 см. Под Гербом в нижней части полотнища вышит девиз золотистого цвета «ӨРТТЕН ҚОРҒАУ YШІН». Высота букв девиза – 9 см. На обратной стороне полотнища в центре вышито изображение стилизованного контура земного шара с вписанными в него «розой ветров» и международным знаком гражданской обороны (голубой треугольник в круге оранжевого цвета). Размер изображения – 80х58 см. По верхнему краю полотнища вышит золотистым цветом девиз «МIНДЕТ, ӨЖЕТТIК, ЕРЛIК!», высота букв – 5,5 см. По нижнему краю полотнища вышито золотистым цветом наименование территориального подразделения (государственного учреждения) противопожарной службы. Высота букв – 3 см. Древко знамени увенчано металлическим наконечником золотистого цвета. Высота древка – 3 м. Шнур знамени крученный, изготовлен из золотистого шелка, с двумя кистями на концах шнура. Длина шнура – 2,5 м. Знамя органов государственной противопожарной службы выполняется в технике вышивки, аппликации, шелкографии.