1997 жылы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 781 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Берік Мәжитұлы Имашевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 781 қаулысымен
мақұлданған   

Жоба

1997 жылы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік
меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге
өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

(2014 жылғы 25 қарашада күшіне енді - Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттары бюллетені, 2015 ж., № 1, 1-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі
      1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) басшылыққа ала отырып,
      Келісімге өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне және басқа да өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау және пайдалану саласындағы өзара тиімділік және тепе-теңдік негізінде ынтымақтастық мәселелері бойынша өзгерістер енгізуді қалай отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      4-бапта:
      үшінші абзац алып тасталсын;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «екі мемлекеттің өтінім берушілеріне ұлттық қорғау құжаттарын алуға өтінімдерін ресімдеу құқығымен қатар өнертабыстарға КСРО авторлық куәліктерін және өнеркәсіп үлгілеріне КСРО куәліктерін олардың қалған қолданылу мерзімінде ұлттық қорғау құжаттарына айналдыру құқығын беру.».

2-бап

      7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-бап. Қорғау құжаттарын беруге өтінімдер беру, қорғау құжаттарын алу және оларды күшінде ұстау кезінде екі мемлекет Тараптарының өтінім берушілері тиісті мемлекеттің заңнамасына сәйкес іс жүргізуге міндетті.».

3-бап

      11-баптың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасында – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті;
      Өзбекстан Республикасында – Өзбекстан Республикасының Зияткерлік меншік агенттігі.».

4-бап

      Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Келісімнің 15-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
      Осы Хаттама Келісімнің қолданысы тоқтатылғанға дейін әрекет етеді.
      201___ жылғы «___» __________ ___________ қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі данада жасалады, бұл ретте барлық мәтіндердің бірдей күші бар.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының             Өзбекстан Республикасының
           Үкіметі үшін                             Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады