Медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 895 қаулысы

      «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 52) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 895 қаулысымен  
бекітілген     

Медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында
азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық
және психологиялық оңалту қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидалары «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 52) тармақшасына сәйкес әзірленді және Медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары (бұдан әрі – медициналық ұйымдар) базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалту (бұдан әрі – оңалту) тәртібін айқындайды.
      2. Міндеттерін атқару кезінде жараланған, контузия алған, жарақаттанған, мертіккен және сырқаттанған азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін (бұдан әрі – қызметкерлер) оңалту тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады.
      3. Оңалту қызметкер ағзасының функцияларын сақтауға, бұзылғандарын және (немесе) жойылғандарын, жартылай немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер кешені болып табылады.

2. Медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында
азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және
психологиялық оңалту тәртібі

      4. Қызметкерлерді оңалту мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
      1) амбулаториялық-емханалық көмек;
      2) стационарлық көмек;
      3) қалпына келтіріп емдеу;
      4) санаторий-курорттық емдеу.
      5. Төтенше жағдайларды жою барысында қызметкерлерді оңалтуды төтенше жағдай ауданында орналасқан медициналық ұйымдар жүргізеді.
      Амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмекті қызметкерлер бекітілген медициналық ұйымдар көрсетеді.
      Қызметкерлерді қалпына келтіріп емдеу және санаторий-курорттық емдеу медициналық ұйымдарда, оңалту орталықтарында, санаторийлерде көрсетіледі.
      6. Денсаулықтың, психофизиологиялық көңіл-күйдің бұзылуын, қажығандықты және кәсіби жұмыс істеу қабілетінің төмендеуін уақтылы анықтау мақсатында қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру өткізіледі:
      1) жыл сайынғы – жылына бір рет;
      2) ауысым алдындағы медициналық куәландыру – жұмыс ауысымының басталуына бір сағат қалғанда (төтенше жағдайды жою барысында жұмыс ауысымына дейін және одан кейін).
      Жыл сайынғы медициналық тексерулер қызметкерлер тіркелген медициналық ұйымдарда өткізіледі.
      Қызметкерлерді ауысым алдында медициналық куәландыруды азаматтық қорғау органдарының авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының штаттық персоналы жүргізеді.
      7. Оңалту жүргізетін медициналық ұйымдарда емделу үшін қызметкерге амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық жоғары білімі бар медицина қызметкерінің жолдамасы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша амбулаториялық картасынан немесе науқастың стационарлық картасынан үзінді қажет.
      8. Қызметкерлерге жүргізілетін оңалту іс-шараларының көлемі және оңалтудың барлық кезеңдерінде болу ұзақтығы ағза функцияларының, денсаулықтың бұзылу дәрежесіне және тіршілік әрекетінің шектелуіне, оңалту көмегінің деңгейіне және сатысына байланысты.
      9. Қызметкерлер төтенше жағдайларды жоюға қатысқаннан кейiнгi бір жыл ішiнде медициналық айғақтар болған кезде қайтадан оңалтуды жүзеге асыруға болады.
      10. Оңалтуды жүргізу мерзіміне және оңалту орнына бару мен кері қайту күндеріне (кезекті және қосымша демалыстарды есепке алмағанда) қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы ұзартылады.
      11. Қызметкерлер санаторий-курорттық емделуге азаматтық қорғау органдары комиссияларының шешімі бойынша жіберіледі.
      12. Қызметкерлер санаторий-курорттық емделуге жіберілген кезде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық құжаттама ресімделеді.
      13. Қызметкерлерді санаторий-курорттық емдеу республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүргізіледі.

Об утверждении Правил медицинской и психологической реабилитации сотрудников органов гражданской защиты на базе медицинских учреждений и реабилитационных центров

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2014 года № 895

      В целях реализации подпункта 52) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года «О гражданской защите» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила медицинской и психологической реабилитации сотрудников органов гражданской защиты на базе медицинских учреждений и реабилитационных центров.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                  К. Масимов 

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан 
от 5 августа 2014 года 
№ 895         

Правила
медицинской и психологической реабилитации сотрудников
органов гражданской защиты на базе медицинских учреждений
и реабилитационных центров

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила медицинской и психологической реабилитации сотрудников органов гражданской защиты на базе медицинских учреждений и реабилитационных центров разработаны в соответствии с подпунктом 52) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года «О гражданской защите» и определяют порядок медицинской и психологической реабилитации (далее – реабилитация) сотрудников органов гражданской защиты на базе медицинских учреждений и реабилитационных центров (далее – медицинские организации).
      2. Реабилитация оказывается в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи сотрудникам органов гражданской защиты (далее – сотрудники), получившим ранения, контузии, травмы, увечья и заболевания при исполнении обязанностей.
      3. Реабилитация представляет собой комплекс медицинских услуг, направленных на сохранение, частичное или полное восстановление нарушенных и (или) утраченных функций организма сотрудника.

2. Порядок медицинской и психологической реабилитации
сотрудников органов гражданской защиты на базе медицинских
учреждений и реабилитационных центров

      4. Реабилитация сотрудников осуществляется в следующих формах:
      1) амбулаторно-поликлиническая помощь;
      2) стационарная помощь;
      3) восстановительное лечение;
      4) санаторно-курортное лечение.
      5. Реабилитация сотрудников в ходе ликвидации чрезвычайных ситуаций проводится медицинскими организациями, расположенными в районе чрезвычайной ситуации.
      Амбулаторно-поликлиническая и стационарная помощь оказывается медицинскими организациями, к которым прикреплены сотрудники.
      Восстановительное и санаторно-курортное лечение сотрудникам оказывается в медицинских организациях, реабилитационных центрах, санаториях.
      6. В целях своевременного выявления нарушения здоровья, психофизиологического состояния, утомляемости и снижения профессиональной работоспособности проводятся обязательные медицинские осмотры сотрудников:
      1) ежегодный – один раз в год;
      2) предсменное медицинское освидетельствование – за один час перед началом рабочей смены (в ходе ликвидации чрезвычайной ситуации до и после окончания рабочей смены).
      Ежегодные медицинские осмотры проводятся в медицинских организациях, к которым прикреплены сотрудники.
      Предсменное медицинское освидетельствование сотрудников проводится штатным персоналом аварийно-спасательных служб и формирований органов гражданской защиты.
      7. Сотруднику для получения лечения в медицинских организациях, оказывающих реабилитацию, необходимы направление медицинского работника с высшим медицинским образованием организаций здравоохранения, оказывающих амбулаторно-поликлиническую и стационарную помощь, а также выписка из амбулаторной карты или карты стационарного больного по форме, утвержденной уполномоченным органом в области здравоохранения.
      8. Проводимый объем реабилитационных мероприятий сотрудникам, а также длительность пребывания на всех этапах реабилитации зависят от степени выраженности нарушения функций организма, здоровья и ограничений жизнедеятельности, степени тяжести, стадии и уровня реабилитационной помощи.
      9. В течение одного года после участия сотрудников в ликвидации чрезвычайных ситуаций при наличии медицинских показаний, возможно осуществление повторной реабилитации.
      10. На срок проведения реабилитации, дни проезда к месту реабилитации и обратно (без учета очередного и дополнительных отпусков) сотрудникам продлевается лист временной нетрудоспособности.
      11. Сотрудники направляются на санаторно-курортное лечение по решению комиссий органов гражданской защиты.
      12. При направлении сотрудников на санаторно-курортное лечение оформляется медицинская документация по установленной форме, утвержденной уполномоченным органом в области здравоохранения.
      13. Санаторно-курортное лечение сотрудников проводится за счет и в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете.