Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасын бекіту туралы» 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 және "Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 8 мамырдағы № 674 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 1120 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 45, 514-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасында:
      «Тұрғын үймен қамтамасыз ету» деген 5.3.3-бөлімде:
      он бірінші бөлікте:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы қатысушыдан басқа Бағдарламаға қатысушы «ҚТҚЖБ» АҚ-пен тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт жасасады, тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй қарызын алу мақсатында тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан және пайдалануға берілгеннен кейін 5,5 жылдан асырмай, «ҚТҚЖБ» АҚ-тағы есеп шотындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша ең төменгі қажетті соманы жинақтауды жүзеге асырады және ең төменгі қажетті соманы жинақтағаннан және тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша барлық шарттарды орындағаннан кейін «ҚТҚЖБ» АҚ-қа сатып алынатын тұрғын үй кепілімен жылдық 4,5 % мөлшерлеме бойынша тұрғын үй қарызын алу үшін құжаттарын ұсынады;
      Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы Бағдарламаға қатысушы «ҚТҚЖБ» АҚ-пен тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт жасасады, тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй қарызын алу мақсатында 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін «ҚТҚЖБ» АҚ-тағы есеп шотындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша ең төменгі қажетті соманы жинақтағаннан және тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша барлық шарттарды орындағаннан кейін «ҚТҚЖБ» АҚ-қа сатып алынатын тұрғын үй кепілімен жылдық 4,5 %-ға дейінгі мөлшерлеме бойынша тұрғын үй қарызын алу үшін құжаттарын ұсынады;
      2) «ҚТҚЖБ» АҚ:
      Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы қатысушыдан басқа Бағдарламаға қатысушымен тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт жасасады, оған сәйкес Бағдарламаға қатысушы тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй қарызын алу мақсатында тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан және пайдалануға берілгеннен кейін 5,5 жылдан асырмай, «ҚТҚЖБ» АҚ-тағы есеп шотындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша ең төменгі қажетті соманы жинақтауды жүзеге асырады және Бағдарламаға қатысушы ең төменгі қажетті соманы жинақтағаннан және тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша барлық шарттарды орындағаннан кейін Бағдарламаға қатысушыға сатып алынатын тұрғын үй кепілімен жылдық 4,5 % мөлшерлеме бойынша 10 жылға тұрғын үй қарызын береді;
      Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы Бағдарламаға қатысушымен тұрғын үй құрылыс жинағы туралы шарт жасасады, оған сәйкес Бағдарламаға қатысушы тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй қарызын алу мақсатында 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін «ҚТҚЖБ» АҚ-тағы есеп шотындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша ең төменгі қажетті соманы жинақтауды жүзеге асырады және Бағдарламаға қатысушы ең төменгі қажетті соманы жинақтағаннан және тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша барлық шарттарды орындағаннан кейін Бағдарламаға қатысушыға сатып алынатын тұрғын үй кепілімен жылдық 4,5 %-ға дейінгі мөлшерлеме бойынша 15 жылға дейінгі мерзімге тұрғын үй қарызын береді;
      Бағдарламаға қатысушысымен банк қарызы шартын жасасқаннан кейін жергілікті атқарушы органның (ӘКК) шотына тұрғын үйдің құнына тең мөлшерде қаражат аударады;
      3) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «ҚТҚЖБ» АҚ-тан Бағдарламаға қатысушының тұрғын үй сатып алуға банк қарызын алу үшін қажетті жинақтау шартын орындағаны және банк қарызын беру мүмкіндігі туралы ақпаратты алғаннан кейін Бағдарламаға қатысушымен тұрғын үйді сатып алу-сату шартын ресімдейді.»;
      он екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кейінгі жылдары (15 жылдан асырмай) Бағдарламаға қатысушы банктің тұрғын үй қарызын өтейді. Тұрғын үй құрылысына немесе сатып алуға кредит беру кезінде шартқа қатысушылар мынадай шарттарды қамтамасыз етуі тиіс:».
      2) «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 674 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 213-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесінде:
      «Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібі» деген 3-бөлімде:
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Банк Бағдарламаға қатысушы өтініш берген күні және осы Ереженің 12-тармағында көзделген ақпаратты ӘКК-тен немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторынан алғаннан кейін тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) жасасады.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Банк есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, облыстың (облыстың маңызы бар қаланың, ауданның) уәкілетті органы мен ӘКК-ге немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторына тұрғын үй қарызын алу үшін Шарт талаптарын орындаған Бағдарламаға қатысушылар туралы ақпарат ұсынады.»;
      25-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарттың талаптарына сәйкес тұрғын үй қарызын 15 жылға дейін мерзімге алу және тұрғын үйді кепіл ретінде беру мақсатында 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде Банктегі шотта жинақтауды жүзеге асыру туралы шарт жасасу жөніндегі міндеттемелерін көздейді.»;
      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «35. Банк есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде облыстың уәкілетті органы мен ӘКК-ге тұрғын үй қарызын алу үшін Шарт талаптарын орындаған Бағдарламаға қатысушылар туралы ақпаратты ұсынады.»;
      38-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Бағдарламаға қатысушының тұрғын үй қарызын 15 жылға дейінгі мерзімге алу және тұрғын үйді кепіл ретінде беру мақсатында 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін мерзімде Банкпен Банктегі шотта жинақтауды жүзеге асыру туралы тұрғын үй құрылыс жинақтары шартын жасасуы;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К. Мәсімов

О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 2 декабря 2008 года № 1126 "Об утверждении Программы "Нұрлы көш" на 2009 - 2011 годы" и от 8 мая 2009 года № 674 "Об утверждении Правил реализации жилья участникам пилотных проектов Программы "Нұрлы көш"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 октября 2014 года № 1120

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения:
      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 2 декабря 2008 года № 1126 «Об утверждении Программы «Нұрлы көш» на 2009 - 2011 годы» (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 45, ст. 514):
      в Программе «Нұрлы көш» на 2009 - 2011 годы, утвержденной указанным постановлением:
      в разделе «5.3.3. Обеспечение жильем»:
      в части одиннадцатой:
       подпункты 1) и 2) изложить в следующей редакции:
      «1) участник Программы, кроме участника Программы в микрорайоне «Асар» города Шымкент Южно-Казахстанской области, заключает с АО «ЖССБК» договор о жилищных строительных сбережениях, осуществляет накопление минимально необходимой суммы по договору о жилищных строительных сбережениях на счете в АО «ЖССБК» не более 5,5 лет после завершения строительства и ввода в эксплуатацию жилья с целью получения жилищного займа на покупку жилья, и после накопления минимально необходимой суммы и выполнения всех условий по договору о жилищных строительных сбережениях предоставляет в АО «ЖССБК» документы для получения жилищного займа по ставке 4,5 % годовых под залог приобретаемого жилья;
      участник Программы в микрорайоне «Асар» города Шымкент Южно-Казахстанской области заключает с АО «ЖССБК» договор о жилищных строительных сбережениях, осуществляет накопление минимально необходимой суммы по договору о жилищных строительных сбережениях на счете в АО «ЖССБК» до 31 декабря 2022 года с целью получения жилищного займа на покупку жилья, и после накопления минимально необходимой суммы и выполнения всех условий по договору о жилищных строительных сбережениях предоставляет в АО «ЖССБК» документы для получения жилищного займа по ставке до 4,5 % годовых под залог приобретаемого жилья;
      2) АО «ЖССБК»:
      заключает с участником Программы, кроме участника Программы в микрорайоне «Асар» города Шымкент Южно-Казахстанской области, договор о жилищных строительных сбережениях, в соответствии с которыми участник Программы осуществляет накопление минимально необходимой суммы по договору о жилищных строительных сбережениях на счете в АО «ЖССБК» в течение не более 5,5 лет после завершения строительства и ввода в эксплуатацию жилья с целью получения жилищного займа на покупку жилья, и после накопления участником Программы минимально необходимой суммы и выполнения всех условий по договору о жилищных строительных сбережениях предоставляет участнику Программы жилищный займ на 10 лет по ставке 4,5 % годовых под залог приобретаемого жилья;
      заключает с участником Программы в микрорайоне «Асар» города Шымкент Южно-Казахстанской области договор о жилищных строительных сбережениях, в соответствии с которым участник Программы осуществляет накопление минимально необходимой суммы по договору о жилищных строительных сбережениях на счете в АО «ЖССБК» до 31 декабря 2022 года с целью получения жилищного займа на покупку жилья, и после накопления участником Программы минимально необходимой суммы и выполнения всех условий по договору о жилищных строительных сбережениях предоставляет участнику Программы жилищный займ на срок до 15 лет по ставке до 4,5 % годовых под залог приобретаемого жилья;
      после заключения договора банковского займа с участником Программы перечисляет средства в размере, равном стоимости жилья, на счет местного исполнительного органа (СПК);»;
      абзац пятый подпункта 3) изложить в следующей редакции:
      «после получения информации от АО «ЖССБК» о выполнении участником Программы условий накопления для получения банковского займа на покупку жилья и возможности предоставления банковского займа оформляет с участником Программы договор купли-продажи жилья.»;
      абзац первый части двенадцатой изложить в следующей редакции:
      «В последующие годы (не более 15 лет) участник Программы погашает жилищный займ банка. При кредитовании строительства или приобретении жилья участниками договора должны быть обеспечены следующие условия:»;
      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 8 мая 2009 года № 674 «Об утверждении Правил реализации жилья участникам пилотных проектов Программы «Нұрлы көш» (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 24-25, ст. 213):
      в Правилах реализации жилья участникам пилотных проектов Программы «Нұрлы көш», утвержденных указанным постановлением:
      в разделе «3. Порядок реализации жилья участникам Программы»:
       пункт 13 изложить в следующей редакции:
      «13. Банк в день обращения участника Программы и при условии получения от СПК или оператора реализации бюджетных программ информации, предусмотренной пунктом 12 настоящих Правил, заключает договор о жилищных строительных сбережениях (далее - Договор).»;
       пункт 18 изложить в следующей редакции:
      «18. Банк в срок не позднее десятого рабочего дня месяца, следующего за отчетным, представляет в уполномоченный орган области (города областного значения, района) и СПК или оператору реализации бюджетных программ информацию об участниках Программы, выполнивших условия Договора для получения жилищного займа.»;
      абзац второй пункта 25 изложить в следующей редакции:
      «об осуществлении накопления на счете в Банке в срок до 31 декабря 2022 года с целью получения жилищного займа на срок до 15 лет и предоставления жилья в качестве залога в соответствии с условиями договора о жилищных строительных сбережениях.»;
       пункт 35 изложить в следующей редакции:
      «35. Банк в срок не позднее десятого рабочего дня месяца, следующего за отчетным, представляет в уполномоченный орган области и СПК информацию об участниках Программы, выполнивших условия Договора для получения жилищного займа.»;
       подпункт 1) пункта 38 изложить в следующей редакции:
      «1) участника Программы:
      заключить с Банком договор о жилищных строительных сбережениях об осуществлении накопления на счете в Банке в срок до 31 декабря 2022 года с целью получения жилищного займа на срок до 15 лет и предоставления жилья в качестве залога;».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
 
 

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

К. Масимов