"Рельс-арқалық зауыты", "Цемент зауытын салу" басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар белгілеу және "Рельс-арқалық зауыты" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 1125 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Рельс-арқалық зауыты», «Цемент зауытын салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар белгіленсін.
      2. Қоса беріліп отырған «Рельс-арқалық зауыты» басым жобасын (өтініш беруші – «Ақтөбе рельсті арқалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 22 қазандағы
№1125 қаулысына
қосымша

«Рельс-арқалық зауыты», «Цемент зауытын салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квоталар
 

Р/с

Жобаның
атауы

Өтініш беруші

Іске асыру орны

Іске асыру мерзімі

Квота (адам)

1

2

3

4

5

6

1.

Рельс- арқалық зауыты

«Ақтөбе рельс –арқалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

2012 – 2014 ж.ж.

35

2.

Цемент зауытын салу

«Көкше-Цемент» ӨБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Заозерное ауылы

2005 – 2014 ж.ж.

18



Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 22 қазандағы
№1125 қаулысымен
бекітілген

«Рельс-арқалық зауыты» басым жобасын (өтініш беруші – «Ақтөбе рельс - арқалық

зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін

тартуға рұқсат беру шарттары

      1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органға жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:
      1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және оны берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;
      2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);
      3) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісіндегі қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген, қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде);
      4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзінді не салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсына отырып көшірмесі (мердігер және қосалқы мердігерлік ұйымдар үшін).
      2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.
      3. Үшінші және төртінші санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды.
      4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады