«Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 656 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 1187 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы
№ 656 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне Қызылорда облысының Байқоңыр қаласындағы перзентхананы материалдық-техникалық жарақтандыра отырып, бір ауысымда 100 адам қабылдайтын емханасы бар 120 төсектік көпбейінді қалалық ауруханаға қайта бейіндеуге Қызылорда облысының әкімдігіне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 604151000 (алты жүз төрт миллион бір жүз елу бір мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қызылорда облысының әкімі 2015 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуы жөнінде есеп берсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады