Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысы.

      "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Жол жүрісі қағидалары;

      2) Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелер;

      3) көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесі бекітілсін.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 13 қарашадағы
№ 1196 қаулысымен
бекітілген

Жол жүрісі қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жол жүрісі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындағы жол жүрісінің бірыңғай тәртібін белгілейді.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) автомагистраль – көлік құралдарының жүруі үшін жобаға сәйкес арнайы салынған немесе реконструкцияланған, жол бойындағы иеліктерге қызмет көрсетпейтін жол. Оған тек басқа жолдардан ғана әртүрлі деңгейлердегі жол айрықтары арқылы өтуге болады. Бұл жолдың:

      бір-бірінен жүруге арналмаған бөлу жолағымен бөлінген, әртүрлі бағытта жүру үшін бөлек жүру бөліктері бар;

      басқа жолдармен, теміржолдармен және трамвай жолдарымен және жаяу жүргінші жолдарымен бір деңгейде қиылыстары жоқ;

      автомагистральға кіру кезінде 5.1 белгісімен және шығу кезінде 5.2 белгісімен автомагистраль ретінде арнайы белгіленген (осында және бұдан әрі жол белгілерінің нөмірленуі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес келтіріледі);

      2) автобус — жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған, онда жүргізуші орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль;

      3) автомобиль – адамдар мен жүктерді тасымалдау олар үшін қосымша функция болып табылатын ауыл шаруашылығы тракторларын немесе механикалық көлік құралдарын қоспағанда, жолдарда жүруге және олармен адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты тасымалдауға немесе адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты тасымалдауға арналған көлік құралдарын сүйретуге арналған, оның ішінде троллейбустарды қоса алғандағы механикалық көлік құралы. Бұл ұғым тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарға қолданылмайды;

      4) автопойыз — тіркемеге (тіркемелерге) тіркелген механикалық көлік құралы;

      5) артықшылық (басымдық) - жол жүрісіне басқа қатысушылармен салыстырғанда белгіленген бағытта бірінші кезекте жүру;

      6) ауыр салмақты көлік құралы - толық массасы немесе жүктеменің оның осі бойынша бөлінуі осы жол санаты мен ондағы құрылыстар үшін рұқсат етілген шекті жүктеме мөлшерінен асатын жүгі бар немесе жүксіз көлік құралы;

      7) аялдау — көлік құралының жүрісін бес минутқа дейін не егер бұл жолаушыларды отырғызу немесе түсіру, көлік құралын тиеу немесе түсіру үшін қажет болса, одан да көбірек уақытқа әдейі тоқтату (көлік құралының жүрісін жол жүрісін ұйымдастыруға орайластырып тоқтату қажеттілігі аялдау (тоқтап тұру) болып саналмайды);

      8) багаж - буып-түйілген және Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларында белгіленген нормалар шегінде автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісімнің негізінде таксиде тасымалданатын жолаушы мүлкі;

      9) басты жол - қиылысатын (қосылатын) жолдарға қатысты 2.1, 2.3.1-2.3.3-белгілерімен немесе 5.1 белгісімен белгіленген жол немесе қиыршық тас төселген жолдарға қатысты қатты (асфальтталған, цементті-бетондалған, тас материалдар және сол сияқты) жол. Екінші дәрежелі жолда тікелей қиылыс алдында төселген учаске болғанымен, ол қиылысатын жолмен тең болып саналмайды;

      10) басып озу – жүріп келе жатқан жолағынан шығумен және кейіннен бұрын жүріп келе жатқан жолағына қайта түсумен байланысты алдында жүріп келе жатқан бір немесе бірнеше көлік құралынан озып кету;

      11) бөлу жолағы - жолдың аралас жүру бөлігін бөлетін және жолды елді мекеннен тыс кесіп өткен кезде жаяу жүргіншінің мәжбүрлі тоқтауын қоспағанда, рельссіз көлік құралдарының және жаяу жүргіншілердің жүруіне және тоқтауына арналмаған конструкциялық бөлінген элементі;

      12) велосипед — екі немесе одан көп дөңгелегі бар (мүгедектерге арналған кресло-арбалардан басқа) және оның үстіндегі адамдардың дене күшімен қозғалысқа келтірілетін көлік құралы;

      12-1) велосипедші – велосипедті басқаратын адам;

      12-2) велосипед жолы – велосипедтердің жүруіне арналған және тиісті белгімен белгіленген жеке жол немесе жолдың бір бөлігі. Велосипед жолы басқа жолдардан немесе нақ сол жолдың басқа элементтерінен конструктивтік түрде бөлінеді;

      12-3) велосипед жүретін жолақ – жолдың жүру бөлігінің велосипедтер жүруге арналған жолағы. Велосипед жүретін жолақ жолдың басқа жүру бөлігінен ұзына бойындағы жол таңбасы және арнайы белгілер арқылы бөлінеді;

      13) газон - өсімдіктерді отырғызу және саябақ ғимараттары үшін фон болып табылатын жасанды шөп жабыны бар жер учаскесі;

      14) гүлзар - ондағы өсімдіктер өрнекті немесе суретті бейнелейтін геометриялық пішін түріндегі жер учаскесі;

      15) елді мекен - оған кіретін және шығатын жерлері 5.22 - 5.25 белгілермен белгіленген, құрылыс салынған аумақ;

      16) жаяу жүргінші - жолда көлік құралынан тыс жерде тұрған және онда жұмыс жүргізіп жатпаған адам. Мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын, велосипедті, мопедті, мотоциклді жетелеп әкеле жатқан, шана, арба, балалар арбасын сүйретіп келе жатқан жеке адамдар жаяу жүргіншілерге теңестіріледі;

      17) жаяу жүргіншілер өткелі - жүру бөлігінің 5.16.1, 5.16.2 белгілерімен және (немесе) 1.14.1 - 1.1.14.3 таңбаларымен белгіленген және жаяу жүргіншілердің жолдан өтуі үшін бөлінген жолдың жүру бөлігінің учаскесі. Таңба болмаған жағдайда, жаяу жүргінші өткелінің ені жол осі бойынан 5.16.1 және 5.16.2 белгілерінің арасындағы арақашықтықпен айқындалады (осында және бұдан әрі жол белгілерінің нөмірленуі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі);

      18) жеткіліксіз көріну — тұман, жаңбыр, шаң, қар жауу және сол сияқты жағдайларда, сондай-ақ қаракөлеңкеде жолдың 300 метрден кем көрінуі;

      19) жолаушы — көлік құралының үстінде (ішінде) отыратын және оны басқармайтын адам;

      20) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау - тұрақты тасымалдауға жатпайтын, белгіленген тәртіппен берілген лицензиялары бар тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып жүзеге асыратын тасымалдаулар;

      21) жол – "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруі үшін жайғастырылған немесе ыңғайластырылған және пайдаланылатын жердің барлық бөлінген жолағы не жасанды құрылыстың үсті. Жол бір немесе бірнеше жолдың жүру бөліктерін, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерін және олар болған кезде бөлу жолақтарын қамтиды;

      22) жол беру (кедергі туғызбау) - жол жүрісіне қатысушы, егер бұл оған қатысты артықшылығы бар жол жүрісіне басқа қатысушылардың жүру бағытын немесе жылдамдығын өзгертуге мәжбүр етуі мүмкін болса, жүруді бастамайтынын, қайта бастамайтынын немесе жалғастырмайтынын, қандай да болмасын маневрді жүзеге асырмайтынын білдіреді;

      23) жол жиегі – жолдың жүру бөлігімен тікелей қосылатын және жер қыртысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, жол жүрісі қауіпсіздігін арттыруға, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің қозғалысын ұйымдастыруға, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде пайдалануға арналған жолдың элементі;

      24) жол жүрісі — жолдар шегінде адамдар мен жүктерді көлік құралдары арқылы немесе оларсыз тасымалдау процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы;

      25) жолдың жүру бөлігі - көлік құралдарының жүруі үшін пайдаланылатын жолдың бір бөлігі;

      26) жол жүрісіне қатысушы — жол жүрісі процесіне жаяу жүргінші, жолаушы немесе жүргізуші ретінде тікелей қатысатын адам;

      27) жол жүрісінің қауіпсіздігі - қатысушыларының жол-көлік оқиғалары мен олардың зардаптарынан, сондай-ақ жол жүрісінің экологиялық жағдайға, халықтың дене саулығына теріс әсерінен қорғалу дәрежесін көрсететін жол жүрісінің жай-күйі;

      28) жол жүрісін ұйымдастыру - жол жүрісін басқару жөніндегі ұйымдық-құқықтық, нормативтік-әдістемелік, жобалау-іздестіру, ұйымдық-техникалық, бақылау-қадағалау, өкімдік және басқа да іс-шаралар кешені;

      29) жол-көлік оқиғасы - көлік құралының жолдағы қозғалысы процесінде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге материалдық залалға әкеп соққан оқиға;

      30) жол қиылысы – жол қиылысы ортасынан неғұрлым алыс, тиісінше қарама-қарсы жолдың жүру бөлігінің дөңгелене бастайтын жерлерін жалғап тұратын жорамалданған сызықтармен шектелген жолдардың бір деңгейде қиылысу, қосылу немесе тармақталу орны. Іргелес аумақтардан шығу, сондай-ақ олардың алдынан басымдық белгілері қойылмаған дала, орман, тұрғын аймақтарынан шығу және басқа да қосымша жолдармен қиылысу (қосылатын) орындары жол қиылысы болып саналмайды;

      31) жүргізуші - көлік құралын басқаратын адам, жол бойымен мал табын, жүк артылған, жегілген немесе мініс малын айдаушы;

      32) жүксіз масса — көлік құралының экипажсыз, жолаушылар мен жүксіз, бірақ толық отын қоры мен қажетті құрал-сайман жиынтығы бар массасы;

      33) жүкті масса - тиелген көлік құралының, экипаж бен жолаушылардың нақты массасы;

      34) жолдың жүру бөлігінің шеті - таңбалау сызығымен, ол жоқ болғанда, сондай-ақ жолдың жүру бөлігінің трамвай жолдарымен жол шетінде жанасатын жерлерде жол жабыны өтетін шартты сызықпен айқындалады. Жол жабынының жиегін, оның ішінде жол жағдайлары бойынша айқындау мүмкін болмаған кезде жолдың жүру бөлігінің шетін таптаурын жолақтың шеті бойынша жол жүрісіне қатысушы өзі айқындайды;

      35) жүру жолағы — жолдың жүру бөлігінің ұзына бойғы таңбамен белгіленген немесе белгіленбеген және автомобильдің бір қатарда жүруіне жетерлік ені бар кез келген ұзына бойғы жолағы;

      36) жүруге кедергі - осы жолақ бойымен жүруді жалғастыруға мүмкіндік бермейтін жүру жолағындағы қозғалмайтын объект. Кептеліс немесе осы жүру жолағында Қағидалардың талаптарына сәйкес тоқтаған көлік құралы кедергі болып табылмайды;

      37) жүру үшін қауіптілік - оның барысында нақ сол бағытта және нақ сол жылдамдықпен жүрісті жалғастыру жол-көлік оқиғасының туындау қаупін тудыратын жол жүрісі процесінде туындайтын ахуал;

      38) қатар ауыстыру — көлік құралының өзі жүріп келе жатқан жүру жолағын бастапқы жүру бағытын сақтай отырып ауыстыруы;

      39) қауіпті жүк — тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу және сақтау кезінде оған тән қасиеттерге және ерекшеліктерге байланысты жарылыстың, өрттің немесе техникалық құралдардың, қондырғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдануының, сондай-ақ адамдар, хайуанаттар өлімінің, жарақаттануының немесе сырқаттануының, қоршаған ортаға зиян келтіру себебі болуы мүмкін жүк;

      39-1) қоғамдық көлік – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауларды жүзеге асыратын, көпшілік пайдаланатын көлік, сондай-ақ такси;

      40) көлік құралы - адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты жолдармен тасымалдауға арналған құрылғы;

      41) күндізгі жүру жарықтары - тәуліктің жарық уақытында жүріп келе жатқан көлік құралының алдынан көрінуін жақсартуға арналған сыртқы жарық беру аспаптары;

      42) маневр жасау - қозғалыстың аялдамадан (тұрақтан) басталуы, аялдау, бұрылу (кері бұрылу), орын ауыстыру, тежеу және көлік құралының артқы жүріспен қозғалысы;

      43) маршруттық көлік құралы - жол бойымен жолаушыларды тасымалдауға арналған және белгіленген аялдама пункттері (аялдамалары) бар белгіленген маршрутпен жүретін жалпы пайдаланудағы көлік құралы (автобус, троллейбус, трамвай);

      44) мәжбүрлі аялдау - оның техникалық ақауынан немесе ол әкеле жатқан жүк тудырған қауіптіліктен, жүргізушінің (жолаушының) жай-күйінен, жолда кедергі пайда болуынан көлік жүрісінің тоқтауы;

      45) механикалық көлік құралы - мопедтер мен рельстік көлік құралдарын қоспағанда, қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін, өздігінен жүретін жол көлік құралы. Ұғым тракторлар мен өздігінен жүретін машиналар жол жүрісіне қатысқан кезде оларға да қолданылады;

      46) мопед – цилиндрінің көлемі елу текше сантиметрден аспайтын іштен жану қозғалтқышымен не электр қозғалтқышпен жабдықталған және ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден аспайтын екі немесе үш дөңгелекті көлік құралы. Мопедтерге аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, мокиктер, скутерлер және осыған ұқсас сипаттамалары бар басқа да көлік құралдары теңестіріледі;

      47) мотоцикл - қозғалтқышы бар, бүйір тіркемесімен немесе онсыз екі дөңгелекті механикалық көлік құралы. Мотоциклдерге жүктемесіз салмағы төрт жүз килограмнан аспайтын үш және төрт дөңгелекті көлік құралдары, цилиндрінің көлемі 50 текше сантиметрден асатын скутерлер және осыған ұқсас сипаттамасы бар басқа көлік құралдары теңестіріледі;

      47-1) озып шығу – көлік құралының бір бағытта, көрші жолақпен жүріп келе жатқан көлік құралының жүріс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен жүруі;

      48) рұқсат етілген ең жоғарғы масса - жасаушы-кәсіпорын ең жоғары рұқсат етілетін ретінде белгілеген, көлік құралының жүк тиелген, жүргізуші мен жолаушылары бар массасы. Көлік құралдары құрамының, яғни тіркелген және біртұтас ретінде қозғалатын рұқсат етілген ең жоғары масса көлік құралының құрамға кіретін ең жоғары рұқсат етілген массасының жиынтығы болып қабылданады;

      49) реттеуші - жолдағы жүрісті басқару бойынша реттеу іс-әрекеттерін орындауға уәкілетті, тиісті куәлігі мен жабдығы (нысандық киімі немесе айырым белгісі — қолына тағатын байлауышы, ала таяғы, қызыл белгісі не жарық шағылыстырғыш дискісі, қызыл шам немесе жалаушасы) бар, тәуліктің кез келген уақытында танылатын және көрінетін ішкі істер органдарының, әскери полиция қызметкері немесе жол-коменданттық бөлімшенің әскери қызметшісі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі көліктік бақылау органдарының (бұдан әрі - көліктік бақылау органдары) қызметкері, жол-пайдалану қызметінің қызметкері, теміржол өткеліндегі, паром өтпесіндегі кезекші;

      49-1) такси – Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына сәйкес жабдықталған жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға арналған жеңiл автомобиль;

      50) тәуліктің қараңғы уақыты — кешкі қара көлеңкеден таңертеңгі елең-алаңға дейінгі уақыт аралығы;

      51) теміржол өтпесі — жолдың темір жолдармен бір деңгейде қиылысуы. Жақын жердегі рельстен 10 м арақашықтықта жорамалданған сызықпен шектелген жол учаскесі өтпенің шекарасы болып табылады;

      52) тоқтап тұру - көлік құралының жүрісін жолаушыларды отырғызуға немесе түсіруге не көлік құралын тиеуге немесе түсіруге байланысты емес себептер бойынша бес минуттан асатын уақытқа әдейі тоқтату;

      53) тротуар - жолдың жүру бөлігіне қосылған немесе одан газонмен бөлінген, жаяу жүргіншінің жүруіне арналған жол бөлігі;

      54) тұрғын аймақ - 5.38 белгісімен белгіленген учаске, құрылыс салынған аумақ немесе алқап;

      55) тіркеме - қозғалтқышпен жабдықталмаған және механикалық көлік құралының құрамында жүруге арналған көлік құралы. Ұғым жартылай тіркемелер мен ұзартылмалы тіркемелерге де қолданылады;

      56) ұйымдасқан жаяу жүргіншілер легі - осы Қағидалардың 3-бөлімі 2-тармағының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған және белгіленген жолмен жүріп бара жатқан жаяу жүргіншілер тобы;

      57) ұйымдасқан көлік легі - көк түсті жарқылдақ маягі немесе көк және қызыл түсті маягі іске қосылған бас көлік құралы ілесіп жүретін, фаралары үнемі жанып тұрған, бір жүру жолағымен тікелей бірінің артынан бірі жүріп келе жатқан үш немесе одан да көп механикалық көлік құралдарының тобы;

      57-1) шектеулі көріну – жүргізушіге жергілікті жердің бедерімен, жолдың геометриялық параметрлерімен, өсімдіктермен, салынған үйлермен, құрылыстармен немесе өзге де объектілермен, оның ішінде көлік құралдарымен шектелген жүріс бағытындағы жолдың 100 метрден кем көрінуі;

      57-2) іргелес аумақ – жолға тікелей іргелес және көлік құралдарының тура жүруіне арналмаған аумақ. Іргелес аумақ бойымен жүру осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады;

      58) ірі көлемді көлік құралы - көлемі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген көлем мөлшерінен асатын, жүгі бар немесе жүксіз көлік құралы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер – ҚР Үкіметінің 02.08.2017 № 463 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.10.2017 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3. Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарының оң жақпен жүруі белгіленген.

      4. Жол жүрісін ұйымдастыруда қажетті өзгерістер мен шектеулер тек жол белгілерінің, жол таңбаларының, бағдаршамдар мен реттеушілер сигналдарының көмегімен, сондай-ақ қозғалысты реттеуге уәкілетті адамдардың өкімдерімен ғана белгіленген тәртіппен енгізіледі.

      Жолдарда немесе жолдардың жекелеген учаскелерінде жол жүрісін ұйымдастыруды өзгерткен кезде жол жүруге қатысушыларға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарланады.

      5. Жол жүрісіне қатысушылар жол жүрісі үшін қауіп туғызбайтындай және зиян келтірмейтіндей етіп іс-қимыл жасауы тиіс.

      Жол жүрісіне қатысушылар:

      1) Қағидаларды, "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын білуге және сақтауға;

      2) реттеушінің және бағдаршам сигналдарының, жол жүрісін реттеу үшін қолданылатын жол белгілерінің, жол таңбаларының, жол жұмыстары кезінде пайдаланылатын дыбыс және жарық сигналдарының, жедел және арнаулы қызметтердің көлік құралдарының арнайы жарық және дыбыс сигналдарының талаптарын орындауға;

      3) жол жүрісі үшін қауіпсіз жағдайлар жасауға, өз әрекетімен немесе әрекетсіздігімен жол жүрісіне басқа қатысушыларға, олардың көлік құралдары мен өзге де мүлкіне зиян келтірмеуге;

      4) жол жабынын бүлдірмеуге және ластамауға, жол белгілерін алып тастамауға, оларды көлегейлемеуге және бүлдірмеуге, жол белгілерін, бағдаршамдарды және жол жүрісін ұйымдастырудың басқа да техникалық құралдарын өз бетімен орнатпауға;

      5) жол жүрісін қиындатпауға немесе жол жүрісіне кедергі келтіретін заттарды немесе материалдарды жолға лақтыру, түсіріп кету немесе қалдыру арқылы оның қауіпсіздігіне қатер төндірмеуге, жол жүрісі үшін бөгет жасауы, адамдарға қауіп төндіруі немесе мүлікке залал келтіруі мүмкін кез келген әрекеттерден тартынуға;

      6) жолда жол жүрісі үшін кедергі анықталған немесе келтірілген жағдайда осы кедергіні жою жөнінде шаралар қолдануға, ал, егер бұл мүмкін болмаса - "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңның талаптарына сәйкес немесе жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзге де тәсілмен осы кедергіні белгілеуге және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға немесе жол иелеріне кедергі туралы хабарлауға;

      7) адал, әдепті әрекет етуге, мұқият және өзара сыпайы болуға, жол жүрісі үшін кедергілер мен қауіп келтірмеуге;

      8) жолдарды ластауға жол бермеуге, оның ішінде арнайы бөлінген орындардан тыс жерге қоқыстарды, жол жүрісі үшін қауіп келтіретін заттарды және өзге де заттарды тастамауға;

      9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жол жүрісі саласындағы өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

      6. Қағидаларды бұзған адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік жүктеледі.

      7. Көлік құралын тоқтатқан жағдайда көлік құралы жүргізушісінің құжаттарын тексеруге немесе көлік құралын пайдалануға құқығы бар адамдар көлік құралына кідірмей жақын келеді, көлік құралын тоқтату себептерін түсіндіреді және жүргізушінің талап етуі бойынша танысу және тегі мен лауазымын анықтау үшін қызметтік куәлігін жүргізушіге берместен, егер көлік құралы жүргізушісінің "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын және (немесе) осы Қағидаларды бұзуы сертификатталған арнайы техникалық құралдармен және аспаптармен тіркелсе, жүргізушіге тиісті материалдарды танысу үшін оны көрсетеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.10.2017 № 667 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, егер зардап шеккендер болмаса, болған оқиғаның мән-жайларын бағалауда жүргізушілер өзара келіскен кезде оқиғаның схемасын алдын ала жасап және оған қол қойып, оқиғаны ресімдеу үшін ішкі істер органдарының жақын бөлімшесіне келеді.

2. Жүргізушілердің жалпы міндеттері

      1. Механикалық көлік құралының жүргізушісі:

      1) мыналарды:

      көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігін не жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлікті жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжатпен бірге;

      көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не көлік құралына меншік құқығын куәландыратын құжатты;

      жол парағын, алып жүретін жүкке арналған құжатты (тауар-көліктік жүкқұжатты) және көлік құралына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттарды өзімен бірге алып жүруге және ішкі істер органдарының, көліктік бақылау органдарының уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының талабы бойынша оларға тексеру үшін беруге;

      2) ішкі істер, көліктік бақылау органдарының нысанды киім киген қызметкерінің дауыс күшейткіш құрылғысының көмегімен, ысқырып сигнал берумен бір мезгілде жүргізушіге түсінікті және орындалуы авариялық жағдай туғызбайтындай етіп дер кезінде берілуге тиіс көлік құралына бағытталған қол қимылымен немесе таяқшамен сигнал беруі арқылы көлік құралын тоқтату туралы талабы бойынша көлік құралын тоқтатуға;

      3) көлік құралының өздігінен жүріп кетуін болғызбайтын шаралар қолданбай, сондай-ақ оны ішкі істер органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда, оның рұқсатынсыз көлік құралын тастап кетпеуге;

      4) ішкі істер органдары қызметкерінің талабы бойынша масаң күйін куәландырудан өтуге;

      5) қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралымен жүрген кезде белдікті тағуға және белдік тақпаған жолаушыларды тасымалдамауға;

      6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жағдайларда, осы Қағидаларды білуін тексеруден өтуге;

      7) көлік құралын:

      шығындарды өтеттіре отырып, медициналық көмек көрсету үшін жол-жөнекей бағытта кетіп бара жатқан медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ жедел медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргізу кезінде жүру бағытына қарамастан, медицина қызметкерлеріне, ішкі істер органдарының және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне;

      жол-көлік оқиғалары кезінде бүлінген көлік құралдарын тасымалдау, дүлей зілзала болған жерге бару үшін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне беруге;

      Ескертпе:

      көлік құралын беру туралы талап шетел мемлекеттері өкілдіктерінің және дипломатиялық иммунитеті бар халықаралық ұйымдардың көлік құралдарына қолданылмайды;

      көлік құралын пайдаланған адам жүргізушінің талабы бойынша анықтама беруі немесе жол парағына жазба (жүрудің қанша уақытқа созылғандығы, жүріп өткен қашықтықты, өзінің тегін, лауазымын, қызметтік куәлігінің нөмірін, өз ұйымының атауын көрсетіп) жасауы тиіс;

      мемлекеттік ұйымдардың жоғарыда аталған қызметкерлеріне көлік құралдарын беруге байланысты келтірілген шығыстарды көлік құралы иесінің талабы бойынша белгіленген тәртіппен осы ұйымдар өтейді;

      8) жол-көлік оқиғасы кезінде оған қатысы бар жүргізуші:

      Қағидалардың 7-бөлімі 2-тармағының талаптарына сәйкес көлік құралын дереу тоқтатуға (орнынан қозғамауға), авариялық жарық сигнал беруін қосуға және авариялық тоқтау белгісін (жанып-сөнетін қызыл фонарь) қоюға, оқиғаға қатысы бар заттарды қозғамауға;

      зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету үшін ықтимал шараларды қолдануға, жедел медициналық жәрдем шақыруға, ал шұғыл жағдайларда зардап шеккендерді жол-жөнекей көлікпен жөнелтуге, егер бұл мүмкін болмаса, өзінің көлік құралымен жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізуге, өзінің тегін, көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін хабарлауға (жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргізуші куәлігін және көлік құралына берілген тіркеу құжатын көрсете отырып) және оқиға болған жерге қайтып келуге;

      Қағидалардың 1-бөлімі 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, болған оқиға туралы жақын жердегі ішкі істер органына дереу хабарлауға, оны көргендердің тектері мен мекенжайларын жазып алуға және ішкі істер органдары қызметкерлерінің келуін күтуге;

      егер басқа көлік құралдарының жүруі мүмкін болмаса, жолдың жүру бөлігін босатуға;

      жолдың жүру бөлігін босату қажет болған кезде оқиғаға қатысы бар көлік құралының орналасуын, іздер мен заттарды куәлардың қатысуымен алдын ала белгілеп, оларды сақтауға барлық ықтимал шараларды қолдануға және оқиға болған жерді өзгелердің айналып өтуін қамтамасыз етуге міндетті.

      Мотоциклді басқару кезінде жүргізушілер түймеленген мотошлемде болады және түймеленген мотошлем кимеген жолаушыларды тасымалдамайды.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.10.2017 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2018 № 749 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2. Халықаралық жол жүрісіндегі көлік құралдарына Қазақстан Республикасының аумағындағы жол жүрісіне қатысуға Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес берілген:

      1) көлік құралын, тіркемені тіркеу туралы куәлік;

      2) көлік құралының тіркеу нөмірі;

      3) мемлекеттің айырым белгісі;

      4) көлік құралының таным белгісі;

      5) көлік құралының техникалық қарап тексеруден өтуі фактісін растайтын құжат болған кезде рұқсат етіледі.

      3. Жол жүргенде Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерде көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын және жүргізуші анықтай алатын өзге ақаулар және жағдайлар туындаған кезде, ол оны жояды, ал егер бұл мүмкін болмаса, онда қажетті сақтық шараларын сақтай отырып, тұраққа немесе жөндеу орнына апарады.

      4. Жүргізушіге:

      1) көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігінсіз не жүргізуші куәлігінің орнына берілген, жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжатпен бірге уақытша куәліксіз көлік құралын басқаруға;

      2) масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға;

      3) шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған, автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлік құралдарын қоспағанда, ақауы бар көлік құралын, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлік құралын басқаруға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын және (немесе) тасымалдаушының жолаушылардың алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаспаған иесінің көлік құралын басқаруға;

      5) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері болмаған немесе олар тіркеу құжаттарына сәйкес келмеген жағдайларда көлік құралын басқаруға;

      6) Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7) масаң күйдегі, реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсеріндегі, сырқат немесе шаршаңқы күйдегі адамдарға, сондай-ақ жүргізуге оқып-үйренушілерден басқа, өзімен бірге осы санаттағы көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі (жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігі және жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты) жоқ немесе жол (маршрут) парағында көрсетілмеген адамдарға не көлік құралын басқару құқығы жоқ немесе басқару құқығынан айырылған адамдарға көлік құралын басқаруға беруге;

      8) ұйымдастырылған (оның ішінде жаяулардың да) колонналарды кесіп өтуге және олардың арасынан орын алуға;

      9) телефонды не радиостанцияны тыңдауыш немесе қатты дауысты байланысты қолдану арқылы пайдалануды қоспағанда, көлік құралын басқару кезінде оларды пайдалануға;

      10) тежегіштің жұмыс жүйесі немесе рульмен басқаруы істемейтін, ілініс құрылғысы (поезд құрамында) жарамсыз, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында жолдарда жасанды жарықтандыру болмағанда немесе көрінуі жеткіліксіз жағдайларда - шамдары және (немесе) артқы габариттік оттары жанбайтын (жоқ), жаңбыр немесе қар жауып тұрғанда алдыңғы терезе тазалағыштары жарамсыз көлік құралын басқаруға.

      Ескертпе. Ең төменгі жылдамдықпен жүрген кезде көлік құралын тоқтататуға немесе маневрді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін тежегіш жұмыс жүйесі немесе рульдік басқару жұмыс істемейтін болып саналады.

      11) өзінің қатысы бар жол-көлік оқиғасынан кейін не ішкі істер органдары қызметкерінің талабы бойынша көлік құралы тоқтатылғаннан кейін уәкілетті лауазымды адам масаң күйді анықтау мақсатында куәландырудан өткізгенге дейін немесе уәкілетті лауазымды адам осындай куәландыруды жүргізуден босату туралы шешім қабылдағанға дейін алкоголь ішімдіктерін, есірткі немесе психотроптық заттарды пайдалануға тыйым салынады.

      Осы Қағидалардың 8-бөлімінің 12 және 13-тармақтарында, 9-бөлімінің 2 және 3-тармақтарында, 10-бөлімінің 5-тармағында, 11-бөлімінің 4 және 5-тармақтарында, 12-бөлімінің 4, 5 және 7-тармақтарында, 13-бөлімінің 2 және 3-тармақтарында, 14-бөлімінің 4-тармағында, 15-бөлімінің 3-тармағында, 16-бөлімінің 1-тармағында, 17-бөлімінің 2-тармағында, 20-бөлімінің 4 және 5-тармақтарында, 22-бөлімінің 6 және 7-тармақтарында жүргізушілер үшін өзге тыйым салулар көзделген.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.10.2017 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

3. Жаяу жүргіншілердің міндеттері

      1. Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған кезде - жол жиегімен, сондай-ақ Қағидалардың 17-бөлімі 1 және 4-тармақтарының талаптарына сәйкес жүреді.

      Көлемі үлкен заттарды көтеріп немесе алып келе жатқан жаяу жүргіншілер, сондай-ақ қозғалтқышы жоқ мүгедектер арбасымен келе жатқан адамдар, егер олар тротуармен немесе жолды жағалай жүргенде басқа жаяу жүргіншілер үшін кедергі келтіретін болса, жолдың жүру бөлігінің жиегімен (бөлу жолақтары бар жолдарда - жолдың жүру бөлігінің сыртқы шетімен) жүре алады.

      Тротуарлар, жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жолдың жағалауы болмағанда, сондай-ақ олармен жүру мүмкін болмаған жағдайда, жаяу жүргіншілер велосипед жолымен немесе жолдың жүру бөлігінің шетімен (бөлу жолақтары бар жолдарда - жолдың жүру бөлігінің сыртқы шетімен) бір қатарда жүре алады.

      Елді мекендерден тыс жерлерде жолдың жүру бөлігімен жүрген кезде жаяу жүргіншілер көлік құралдарының жүрісіне қарсы жүруі тиіс.

      Жолдың жүру бөлігінің шетімен қозғалтқышы жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары жүрісінің бағытында жолдың оң жағымен жүреді.

      2. Ұйымдасқан жаяу жүретін лектердің жолдың жүру бөлігімен жүру көлік құралдарының жүру бағытында оң жақпен, төрт адамнан аспайтын қатармен жүзеге асырылады. Лектің алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстаған, тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайында - алдында ақ түсті, артта қызыл түсті жағулы фонарьмен ілесіп жүрушілер жүреді.

      3. Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өткелдерімен, ал олар болмағанда көру шегінде — қиылыстарда тротуарлар және жол жиегі сызығы бойымен кесіп өтеді.

      Көру аймағында өткел немесе жол қиылысы болмағанда жолдың жүру бөлігінің шетіне тік бұрыштап, екі жақтан да жақсы көрінетін жерден жолды кесіп өтуге болады. Жолдың жүру бөлігін елді мекенде бөлу жолағы болған кезде, сондай-ақ жаяу жүргіншілер немесе жол қоршаулары орнатылған жерлерде жаяу жүргінші өткелдерінен тыс кесіп өтуге рұқсат етілмейді.

      4. Жаяу жүргіншілер жүріс реттеліп тұратын жерлерде - реттеушінің сигналын немесе жаяу жүргіншілер бағдаршамын, ал ол болмағанда - көлік бағдаршамын басшылыққа алады.

      5. Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу жүргіншілер жолдың жүру бөлігіне жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, оның жылдамдығын бағалап және кесіп өту олар үшін қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін шығады. Жолдың жүру бөлігін жаяу жүргінші өткелдерінен тыс жерлерде кесіп өткен кезде жаяу жүргіншілер, бұдан басқа көлік құралдары үшін кедергі келтірмейді және жақындап қалған көлік құралының жоқтығына көз жеткізбейінше тоқтап тұрған көлік құралының немесе көрінуді шектейтін өзге кедергінің тасасынан шықпайды.

      Ескертпе. Реттелетін және реттелмейтін жаяу жүргінші өткелі ұғымы Қағидалардың 13-бөлімі 4-тармағында белгіленген реттелетін және реттелмейтін жол қиылысы ұғымымен бірдей.

      6. Жолдың жүру бөлігіне шыққаннан кейін жаяу жүргіншілер, егер бұл жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты болмаса, кідірмеуі немесе аялдамауы тиіс. Жолды кесіп өтуге үлгермеген жаяу жүргінші қарсы бағыттағы көлік легін бөлетін сызықта аялдайды. Әрі қарай жүру қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін бағдаршамның (реттеушінің) сигналын ескеріп, жолдан өтуді жалғастыруға болады.

      7. Жарқылдайтын көк маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосулы көлік құралы жақындаған кезде жаяу жүргіншілерге жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге рұқсат етілмейді, ал жол үстіндегілер осы көлік құралдарына жол береді және мүмкіндігіне қарай жолдың жүру бөлігін босатады.

      8. Маршруттық көлік құралы мен таксиді жолдың жүру бөлігіне қарағанда биіктеу тұрған отырғызу алаңдарында, ал олар жоқ болған жағдайда - тротуарда немесе жол жиегінде ғана тұрып күтуге рұқсат етіледі. Биігірек отырғызу алаңдарымен жабдықталмаған аялдама пункттерінде көлік құралына отыру үшін жолдың жүру бөлігіне шығуға ол тоқтағаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Түскеннен кейін жолдың жүру бөлігін кідірместен босату керек.

      Аялдама пунктіне немесе одан жолдың жүру бөлігі арқылы жүру кезінде жаяу жүргіншілер осы бөлімнің 4-7-тармақтарының талаптарын басшылыққа алады.

4. Жолаушылардың міндеттері

      1. Жолаушылар:

      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.10.2017 № 667 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралымен жол жүрген кезде оларды тағуға (Қағидалардың 2-бөлімі 1-тармағының 2) тармақшасын ескеріп), ал мотоциклмен жол жүрген кезде — түймеленген мотошлемде болуға;

      3) тротуар немесе жол жиегі жағынан және көлік құралы толық тоқтағаннан кейін ғана отыруды және түсуді жүзеге асыруға міндетті.

      Егер тротуар немесе жол жиегі жағынан отыру және түсу мүмкін болмаса, бұл қауіпсіз болатын және жол жүрісіне басқа да қатысушылар үшін кедергі келтірмейтін жағдайларда жолдың жүру бөлігі жағынан жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.10.2017 № 667 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Жолаушыларға:

      1) көлік құралы жүріп келе жатқанда жүргізушіні оны басқарудан алаңдатуға;

      2) борт платформасы бар жүк автомобилімен жол жүрген кезде түрегеліп тұруға, бортқа немесе борттардан биік тұратын жүктің үстіне отыруға;

      3) көлік құралы жүріп келе жатқанда оның есіктерін ашуға, сондай-ақ терезесінен және люгінен басын шығаруға тыйым салынады.

5. Бағдаршамның және реттеушінің сигналдары

      Ескертпе. Бағдаршам және реттеуші сигналдарының кескіндемелері 1-суретте келтірілген.

Бағдаршамның сигналдары

      1. Жол жүрісін реттеу үшін көлденең және тігінен орналасқан бағдаршамдар қолданылады.

      Бағдаршамдарда жасыл, сары, қызыл және ай түстес ақшыл жарық сигналдары қолданылады.

      Сигналдары тігінен орналасқан бағдаршамдарда қызыл түс жоғарыда орналасады, ал жасыл — төменде; сигналдар көлденеңінен орналасқанда қызыл - сол жақта, жасыл - оң жақта орналасады.

      Бағдаршам сигналдары мақсатына байланысты дөңгелек, бағыттаушы (бағыттаушылар) түрінде, жаяу жүргінші немесе велосипед кескінінде, "Х" және "+" тәрізді болуы мүмкін.

      Дөңгелек сигналды бағдаршамдардың бір немесе екі, дөңгелек жасыл сигналдың деңгейінде орналасқан жасыл бағыттаушы (бағыттаушылар) түріндегі сигналдары бар қосымша секциялары болуы мүмкін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.10.2017 № 667 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Бағдаршамның дөңгелек сигналдарының мынадай мәні бар:

      1) жасыл сигнал жүруге рұқсат етеді;

      2) жасыл жыпылықтаған сигнал жүруге рұқсат етеді және оның қолданылу уақыты өтіп барады және тыйым салатын сигнал іске қосылатындығын хабарлайды (жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жасыл сигналдың жануына дейін уақыт туралы секундпен хабар беретін сандық табло қолданылады);

      3) сары сигнал осы бөлімнің 14-тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда жүруге тыйым салады және сигналдардың ауысқалы тұрғанын ескертеді;

      4) сары жыпылықтаған сигнал бағдаршаммен реттелмейтін көше қиылысының немесе жаяу жүргінші өтпесінің бар екенін хабарлайды, қауіптен сақтандырады;

      5) қызыл, оның ішінде жыпылықтайтын сигнал, жүруге тыйым салады. Қызыл және сары сигналдардың қосыла жануы жүруге тыйым салады және жасыл сигнал жанғалы тұрғаны хабар береді.

      1-сурет. БАҒДАРШАМНЫҢ ЖӘНЕ РЕТТЕУШІНІҢ СИГНАЛДАРЫ. КӨЛІК БАҒДАРШАМДАРЫ





      3. Қызыл, сары және жасыл түсті бағыттаушы түрінде орындалған бағдаршам сигналы тиісті түстердегі дөңгелек сигналмен бірдей мағыналас, бірақ олардың күші бағыттаушы көрсеткен бағытқа (бағыттарға) ғана қолданылады. Бұл ретте солға бұрылуға рұқсат беретін бағыттаушы, егер бұған тиісті жол белгісімен тыйым салынбаса, кері бұрылуға да рұқсат етеді.

      Сілтеме. Қызыл және сары бағыттаушылардың орнына осы мағынада қара контурлы бағыттаушылар кескінделген дөңгелек қызыл және сары сигналдар пайдаланылуы мүмкін.

      Қосымша секциясы бар жасыл бағыттаушы да осындай мәнге ие болады. Қосылмай тұрған қосымша секцияның сигналы осы секциямен реттелетін бағыттағы жүріске тыйым салынғанын білдіреді.

      4. Егер бағдаршамның негізгі жасыл сигналына қара контурлы бағыттаушы (бағыттаушылар) салынған болса, онда ол жүргізушіге бағдаршамның қосымша секциясын және қосымша секцияның сигналына қарағанда өзге де рұқсат етілген жүру бағыттарын хабарлайды.

      5. Егер бағдаршам сигналы жаяу жүргіншінің (велосипедтің) кескіні түрінде орындалса, онда күші тек жаяу жүргіншіге, (велосипедшілерге) ғана қолданылады. Бұл ретте жасыл сигнал жаяу жүргіншінің (велосипедшінің) жүруіне рұқсат береді, ал қызыл тыйым салады.

      Велосипедшілердің жүруін реттеу үшін сондай-ақ кішірейтілген өлшемдегі дөңгелек сигналы бар, 300x200 мм өлшемді, қара түсті велосипед кескінделген тік бұрышты ақ түсті тақтайшамен толықтырылған бағдаршам пайдаланылады.

      6. Зағип жаяу жүргіншілерді жолдың жүру бөлігін кесіп өту мүмкіндігі туралы хабардар ету үшін бағдаршамдардың жарық сигналдары дыбыстық сигналмен толықтырылуы мүмкін.

      7. Көлік құралдарының жолдың жүру бөлігінің қозғалыс бағыты қарама-қарсы бағытқа өзгеруі мүмкін жол жолақтары бойынша жүруін реттеу үшін X үлгісіндегі қызыл сигнал және төмен бағытталған бағыттаушы түріндегі жасыл сигналы бар реверстік бағдаршам қолданылады. Бұл сигналдар тиісінше олар үстінде орналастырылған жолақ бойынша жүруге тыйым салады немесе рұқсат береді.

      Реверстік бағдаршамның негізгі сигналдары бағыттаушы түріндегі, төмен қарай оңға немесе солға қиғаштай еңкейтілген, іске қосылған сигналдың ауысатындығын және бағыттаушы нұсқаған жолаққа қатар ауыстыру қажеттігін хабарлайтын сары сигналмен толықтырылуы мүмкін.

      Реверстік бағдаршамның екі жағынан 1.9 таңбалауымен белгіленген жолақтың үстіне орналастырылған сигналдары іске қосылғанда осы жол жолағына шығуға тыйым салынады.

      8. Трамвайлардың, сондай-ақ олар үшін бөлінген жолақпен жүретін қоғамдық көліктің жүрісін реттеу үшін "Т" әрпі түрінде орналасқан төрт ай түстес ақ дөңгелек сигналдары бар бағдаршамдар қолданылады. Бір мезгілде төменгі сигналмен бір немесе бірнеше жоғарғы сигнал іске қосылған кезде ғана олардың сол жақтағысы - солға, ортадағысы - тіке, оң жақтағысы - оңға жүруге рұқсат етеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.08.2017 № 463 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Теміржол өтпесінде орналасқан дөңгелек, жыпылықтап тұратын ай түстес ақ сигнал көлік құралдарының өтпе арқылы жүруіне рұқсат береді. Ай түстес ақ және қызыл жыпылықтайтын сигнал сөніп тұрған кезде көз жетер шегінде өтпеге жақындап қалған пойыз (локомотив, дрезина) болмаған кезде жүруге рұқсат етіледі.

      9-1. Қызыл "+" тәрізді сигнал қарсы бағыттағы көлік құралдары үшін бағдаршамның тыйым салатын қызыл сигналының жанғаны туралы хабарландырады.

      Сөніп тұрған қызыл "+" тәрізді сигнал қарсы бағыттағы көлік құралдары үшін бағдаршамның рұқсат беретін жасыл сигналының жанғаны туралы хабарландырады.

      Ескерту. Қағидалар 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 21.10.2017 № 667 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Реттеушінің сигналдары

      10. Оның денесі мен қолдарының, оның ішінде мынадай мәндерді білдіретін таяқшамен жасаған қимылдары, реттеушінің сигналы болып табылады:

      1) қолдары екі жаққа созылған немесе төмен түсірілген:

      сол және оң бүйір жақтарынан - трамвайға тіке, рельссіз көлік құралдарына тіке және оңға жүруге рұқсат етіледі, жаяу жүргіншілерге жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге рұқсат етіледі;

      кеуде және арқа жағынан - барлық көлік құралдарының және жаяу жүргіншілердің жүруіне тыйым салынады;

      2) оң қол алға созылған:

      сол бүйір жақтан - трамвайға солға, рельссіз көлік құралдарына барлық бағыттарда жүруге рұқсат етіледі;

      кеуде жағынан - барлық көлік құралдарына тек қана оңға жүру рұқсат етіледі;

      оң бүйір және арқа жағынан - барлық көлік құралдарына жүруге тыйым салынады;

      жаяу жүргіншілерге жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге реттеушінің арт жағынан рұқсат етіледі.

      3) қол жоғары көтерілген:

      осы бөлімнің 14-тармағында көзделген жағдайлардан басқа барлық көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің барлық бағытта жүруіне тыйым салынады.

      Реттеуші қол қимылдарымен жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге түсінікті басқа да сигналдар беруі мүмкін.

      Сигналдар жақсы көрінуі үшін реттеуші таяқшаны немесе қызыл сигналы бар дискіні (жарық шағылыстырғышты) қолдануы мүмкін.

      11. Көлік құралының тоқтауын талап ету дауыс күшейткіш құрылғысының көмегімен, ысқырып сигнал берумен бір мезгілде жүргізушіге түсінікті және орындалуы авариялық жағдай туғызбайтындай етіп дер кезінде берілуге тиіс көлік құралына бағытталған қол қимылымен немесе таяқшамен беріледі.

      12. Ысқырықпен қосымша берілген сигнал жол жүрісіне қатысушылардың назарын аудару үшін беріледі.

      13. Бағдаршамның (реверстіктен басқа) немесе реттеушінің тыйым салатын сигналы кезінде жүргізушілер тоқтау-сызығының (5.3.3-белгісінің) алдында, ал олар болмаған кезде:

      1) жол қиылысында — жаяу жүргіншілер үшін кедергі тудырмай жолдың кесіп өтетін жүру бөлігінің алдында не Қағидалардың 13-бөлімі 8-тармағының талаптарын басшылыққа алады;

      2) теміржол өтпесі алдында - Қағидалардың 15-бөлімі 4-тармағына сәйкес;

      3) басқа жерлерде - жүруі рұқсат етілген көлік құралы мен жаяу жүргіншілерге кедергі туғызбай тоқтайды.

      14. Реттеуші қолын көтерген немесе сары сигнал жанған кезде, егер бағдаршам сигнализациясының жұмыс режимі жасыл сигналдың тікелей сөнер алдындағы жыпылықтауын қамтамасыз етпейтін жағдайларда, шұғыл тежеуге жүгінбей тоқтата алмайтын жүргізушілерге осы бөлімнің 13-тармағында белгіленген жерлерде әрі қарай жүруге рұқсат етіледі.

      Реттеуші қолын көтерген немесе сары сигнал жанған кезде жолдың жүру бөлігінде келе жатқан жаяу жүргіншілер оны босатады, ал оған мүмкіндік болмаған кезде қарсы көлік легін бөлуші сызықта тоқтайды.

      15. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер, тіпті олар бағдаршам сигналына, жол белгілері немесе таңбаларының талаптарына қайшы келсе де, реттеушінің сигнал талаптары мен бұйрығын орындайды.

      16. Теміржол өтпелерінде жыпылықтаған қызыл сигналмен бір мезгілде жол жүрісіне қатысушыларды қосымша ақпараттандыратын, өтпе арқылы жүруге тыйым салатын дыбыстық сигнал берілуі мүмкін.

6. Арнаулы сигналдарды қолдану

      1. Көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдауық маягі іске қосылған жедел және арнайы қызметтің көлік құралдарының жүргізушілері кезек күттірмейтін қызметтік тапсырманы орындау кезінде, жол жүрісі қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда осы Қағидалардың 5 (реттеушінің сигналдарынан басқа), 8-18-бөлімдерінің, осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшалардың талаптарын орындамауы мүмкін.

      Қозғалысқа басқа қатысушылардың алдында басымдық алуы үшін мұндай көлік құралдарының жүргізушілері көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдауық маяк пен арнаулы дыбыстық сигналды іске қосуы тиіс. Олар өздеріне жол берілгендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана басымдықты пайдалана алады.

      Бұл құқықты Қағидалардың осы тармағында белгіленген жағдайларда жедел және арнаулы қызметтердің көлік құралдары ілесіп жүретін көлік құралдарының жүргізушілері де пайдаланады.

      2. Көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдақ маягі іске қосылған және арнаулы дыбыстық сигналы бар көлік құралдары жақындаған кезде жүргізушілер осы және олардың ілесіп жүруіндегі басқа көлік құралдарының кедергісіз өтіп кетуін қамтамасыз ету үшін жолды босатады.

      3. Көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдақ маягі іске қосулы тоқтап тұрған көлік құралдарына жақындаған кезде жүргізуші қажет болған жағдайда дереу тоқтатуға мүмкіндік болуы үшін жылдамдықты азайтады.

      4. Құрылыс, жөндеу немесе жинау жұмыстарын орындау кезінде іске қосылған қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық маягі бар жеке меншік күзет ұйымдары жедел ден қою ұтқыр топтарының, жолдағы көліктік бақылау органдары жылжымалы бақылау-өткізу пункттерінің, инкассация қызметтері мамандандырылған көлік құралдарының, ұйымдасқан велосипедшілер топтарымен бірге жүретін көлік құралдарының жүргізушілері жол жүрісі қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда жол белгілері (2.2, 2.4-2.6, 3.11-3.14, 3.17.2, 3.20 белгілерінен басқа) мен таңбаларының, сондай-ақ Қағидалардың 9-бөлімі 4 - 8-тармақтарының және 16-бөлімі 1-тармағының талаптарын орындамауы мүмкін. Басқа көлік құралдарының жүргізушілері олардың жұмысына кедергі жасамауға тиіс.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.10.2017 № 667 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7. Авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгісін қолдану

      1. Авариялық жарық сигнал беру:

      1) жол-көлік оқиғасы кезінде;

      2) аялдауға тыйым салынған жерлерде амалсыздан тоқтаған кезде;

      3) артқа жүру кезінде;

      4) жүргізушінің көзін фар жарығы шағылыстырған кезде;

      5) сүйретуге алу кезінде (сүйретілетін механикалық көлік құралында);

      6) жолдың жарықтандырылмайтын учаскесінде аялдау және тұру кезінде немесе көлемдік оттардың дұрыс істемеуінен көріну жеткіліксіз болғанда;

      7) елді мекеннен тыс, жол жиегінің ені жолдың жүру бөлігінен толық кіру үшін жеткіліксіз болғанда немесе жол жиегінің енін осы жол жағдайында айқындау мүмкін болмай, онда тоқтаған кезде іске қосылады.

      Авариялық жарық сигнал беру басқа жағдайларда да, жол жүрісінің қатысушыларына көлік құралы туғызуы мүмкін қауіптілік туралы ескерту үшін де қосылады.

      2. Авариялық жарық сигналын іске қосқаннан кейін, сондай-ақ оның ақауы болса немесе ол болмағанда, жолдың жүру бөлігінің неғұрлым қауіпті:

      1) жол-көлік оқиғасы;

      2) аялдама жасауға тыйым салынған жерлерде немесе жолдың көрінуі бір жүз метрден кем болған жерлерде мәжбүрлі тоқтау кезінде ең болмағанда бір бағытта дереу авариялық аялдама (немесе жыпылықтаған қызыл фонарь) белгісі қойылады.

      Авариялық аялдау белгісі (немесе жыпылықтаған қызыл фонарь) нақты жағдайда басқа жүргізушілерді қауіптілік туралы уақтылы хабардар етуді қамтамасыз ететін қашықтықта көлік құралынан елді мекендерде - кемінде он бес метр және елді мекеннен тыс жерде - отыз метр арақашықтықта орнатылады.

      3. Авариялық жарық сигналы болмағанда немесе оның ақауы болса, сүйретілетін механикалық көлік құралының артқы жағына авариялық қауіптілік белгісі бекітіледі.

8. Маневр жасау

      1. Жүргізуші маневрді орындауды бастамас бұрын тиісті мақсаттағы жарық көрсеткіштерімен, егер олар болмаса немесе ақауы болса — қолмен сигнал береді. Бұл ретте маневр қауіпсіздікті сақтай отырып, жүзеге асырылады және жол жүрісіне басқа қатысушыларға кедергі туғызбайды.

      2. Сол жаққа бұрылудың жарық көрсеткіші не сол жаққа сол қолды созу не жанына созылған тік бұрыш жасап шынтақтан жоғары бүгілген оң қол сол жаққа маневр жасау сигналы болып табылады. Оң жаққа бұрылудың жарық көрсеткіші не жанына созылған оң қол немесе жанына созылған және шынтақтан тік бұрыш жасап жоғары бүгілген сол қол оң жаққа маневр жасау сигналы болып табылады. Тежеу сигналы тоқтау-сигналымен не қолды жоғары көтеру арқылы беріледі. Артқа жүру сигналы артқы жүріс шамын жағу және авариялық сигнал беруді қосу арқылы беріледі.

      Бұрылу көрсеткіштерімен немесе қолмен сигнал беру жол жүрісіне басқа қатысушыларды жаңылыстырмай, маневрді орындау басталғанға дейін алдын ала беріледі және ол аяқталғаннан кейін дереу тоқтатылады (сигналды қолмен беруді тікелей маневрді орындау алдында аяқтауға болады).

      Сигнал беру жүргізушіге артықшылық бермейді және оны сақтық шараларын қолданудан босатпайды.

      3. Екінші дәрежелі жолдан жолға шығу кезінде жүргізуші жолда жүріп келе жатқан көлік құралдары мен жаяу жүргіншілерге, ал жолдан кірген кезде өзі жолын кесіп өтетін жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге жүруге жол береді.

      4. Жүргізуші аялдау немесе тұрақ орнына келген кезде жолдың жүру бөлігінің шетімен немесе жол жиегімен келе жатқан жаяу жүргіншілерге, велосипед, мопед, көлік арба жүргізушілеріне, мініс және жүк артылған мал айдаушыларға жол береді.

      5. Қатар ауыстыру кезінде жүргізуші жүру бағытын өзгертпей, қатарлас келе жатқан көлік құралдарына жол береді. Бірге келе жатқан көлік құралдары бір мезгілде қатар ауыстырған кезде, жүргізуші оң жақта келе жатқан көлік құралына жол береді.

      Жүріп келе жатқан көлік құралдары арасында қауіпті арақашықтық туындайтын жағдайда қатар ауыстыруға рұқсат етілмейді.

      6. Шеңберлі жүріс ұйымдастырылған жол қиылысына шыққан кезде бұрылыс жасау жағдайларын қоспағанда, оңға, солға немесе кері бұрылу алдында жүргізуші осы бағытта жүруге арналған жолдың жүру бөлігінде және жолақта тиісті шеткі орынға алдын ала ауысады.

      Егер жолда 5.8.1 немесе 5.8.2 белгілері орнатылса, онда аталған маневрлерді тиісті жүру жолақтары бойынша жасауға рұқсат етіледі; бұл ретте шеткі жүру жолақтары бос болған кезде шеткі емес жолақтармен жүруге рұқсат етілмейді.

      Егер 5.8.1 немесе 5.8.2 белгілерімен жолдың жүру бөлігінің жолақтарымен жүру бағыты көрсетілмесе, сол жақта жолдың жүру бөлігімен бір деңгейде орналасқан бір бағыттағы трамвай жолдары болған кезде сол жаққа және кері бұрылу солардан бастап орындалуы тиіс. Бұл ретте жүргізуші трамвайға жол береді.

      7. Бұрылу жолдың жүру бөліктерінің қиылысынан шыққан кезде көлік құралы қарсы жүру жағына шықпайтындай болып жүзеге асырылады.

      8. Егер көлік құралы қиылыста немесе одан тыс бұрылыс жасауды немесе қиылыста кері бұрылуды осы бөлімнің 6-тармағын сақтай отырып, өзінің көлемінен немесе басқа себептер бойынша орындай алмаса, жол жүрісі қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда және бұл басқа көлік құралдарына кедергі туғызбайтын болса, көрші жол жолағына жартылай, ал қажет болғанда толықтай шығуына рұқсат етіледі.

      9. Рельссіз көлік құралының жүргізушісі қиылыстан тыс жерде солға немесе кері бұрылған кезде қарсы келе жатқан көлік құралына жол береді.

      Егер қиылыстан тыс жерде кері бұрылған кезде сол жақ шеттен маневрді орындау үшін жолдың жүру бөлігінің ені жеткіліксіз боса, онда жолдың жүру бөлігінің тек қана оң жақ шетінен (оң жақ жол жиегінен) бұрылуға жол беріледі. Бұл ретте жүргізуші бағыттас немесе қарсы келе жатқан көлік құралдарына жол береді.

      10. Көлік құралдары жүрісінің траекториясы қиылысатын, ал өту кезектілігі Қағидаларда айқындалмаған жағдайларда, көлік құралы өзіне оң жақтан жақындап қалған жүргізуші жол береді.

      11. Тежеу жолағы болған жағдайда, бұрылуды көздеген жүргізуші осы жолаққа уақтылы ауысады және сонда ғана жылдамдықты азайтады.

      Жолға кіретін жерде жүру сызығы болған кезде жүргізуші соның бойымен жүреді және осы жолмен жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол бере отырып, көрші жолаққа ауысады.

      12. Кері бұрылуға:

      1) жаяу жүргіншілердің өткелдерінде және тротуарлардың немесе жол жиектерінің сызығы бойынша жол қиылыстарында;

      2) тоннельдерде;

      3) көпірлерде, жолөткелдерде, эстакадаларда және олардың астында;

      4) теміржол өтпелерінде;

      5) жолдың жүру бөлігінің көріну мүмкіндігі бір жүз метрден кем жерлерде;

      6) аялдау пункттері орналасқан жерлерде тыйым салынады.

      13. Көлік құралының артқы жүріспен қозғалуына маневр қауіпсіз болған және қозғалысқа басқа да қатысушыларға кедергі жасамаған жағдайда рұқсат етіледі. Көше қиылыстарында және осы бөлімнің 12-тармағына сәйкес кері бұрылуға тыйым салынған жерлерде артқа жүруге тыйым салынады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.10.2017 № 667 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

9. Көлік құралдарын жолдың жүру бөліктерінде орналастыру

      1. Рельссіз көлік құралдарына арналған жүру жолақтарының саны таңбалармен немесе 5.8.1, 5.8.2, 5.8.7, 5.8.8 белгілерімен айқындалады, ал егер олар болмаса, жолдың жүру бөлігінің енін, көлік құралдарының көлемін және олардың арасындағы қажетті аралықты ескере отырып, жүргізушілердің өздері айқындайды. Бұл ретте, егер жол жүрісін ұйымдастыру өзгеше жүру тәртібін айқындамаса, сол жақта орналасқан жолдың жүру бөлігінің (не жолдың жүру бөлігінің шетін айқындау мүмкін болмағанда, жол полотносының) жарты ені қарсы жүруге арналған жағы болып табылады. Қарсы жүруге арналған жақтарды бөлетін шартты сызықты айқындау кезінде жолдың жүру бөлігінің (жол полотносының) бір жерінде енінің кеңеюі назарға алынбайды.

      2. Төрт немесе одан да көп жолағы бар екіжақты жүру жолдарында жолдың қарсы жүруге арналған жағына шығуға тыйым салынады. Мұндай жолдарда солға бұрылуды немесе кері бұрылуды көше қиылыстарында және бұған Қағидалармен, белгілермен және (немесе) таңбамен тыйым салынбаған жерлерде орындауға болады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.10.2017 № 667 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Үш жолағы бар, екіжақты жүру жолдарында қарсы жүруге арналған шеткі сол жақтағы жолаққа шығуға тыйым салынады.

      4. Елді мекеннен тыс, сондай-ақ елді мекендерде 5.1 және 5.3 белгілерімен белгіленген жолдарда немесе 80 км/сағ. жоғары жылдамдықпен жүруге рұқсат етілген жерлерде көлік құралының жүргізушілері мүмкіндігіне қарай оларды жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетіне жақын жүргізеді, бұл ретте оң жақ бос болған кезде сол жақпен жүрмейді.

      Елді мекендерде Қағидалардың осы тармағының және осы бөлімінің 5-тармағының, 16-бөлімі 1-тармағының және 24-бөлімі 2-тармағының талаптарын ескере отырып, кез келген жолақпен жүру жүзеге асырылады, алайда, сол жақ жолақтың бойымен рұқсат етілгеннен төмен жылдамдықпен келе жатқан көлік құралының жүргізушісі осы жолақтың бойымен неғұрлым жоғары жылдамдықпен артынан жақындап келе жатқан және Қағидалардың 19-бөлімі 13-тармағына сәйкес ескерту сигналын берген көлік құралына оң жаққа қатар ауыстыру арқылы жолақты босатады.

      Осы бағытта жүру үшін үш және одан көп жолағы бар кез келген жолда, басқа жолақтар бос болмаған кезде сол жақ шеткі жолаққа неғұрлым қарқынды жүріс кезінде, сондай-ақ басып озуға, солға бұрылуға немесе кері айналу үшін шығуға, ал рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т артық болатын жүк автомобильдеріне - тек қана солға немесе кері бұрылуға рұқсат етіледі. Бір жақты жүру жолының, аялдау немесе тұру үшін, сол жағына шығу тек қана Қағидалардың 12-бөлімі 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      Көлік құралдарының көрші жолаққа қарағанда үлкен жылдамдықпен бір жол жолағында жүруі басып озуға жатпайды.

      5. Жүру жылдамдығы 40 км/сағ. аспайтын немесе техникалық себептерге байланысты мұндай жылдамдық ала алмайтын көлік құралдары айналып өту, басып озу, солға, кері бұрылу немесе рұқсат етілген жағдайларда жолдың сол жағында аялдау (тұру) алдында қатар ауыстыру жағдайларынан басқа, осы көлік құралының оған керек бағытта жүруіне арналған шеткі оң жақ жолақпен жүреді.

      6. Жолдың жүру бөлігімен бір деңгейде сол жақта орналасқан бір бағыттағы трамвай жолымен жүруге осы бағыттағы барлық жолақтар бос болмаған кезде, сондай-ақ Қағидалардың 8-бөлімі 6-тармағын ескере отырып айналып өту, озып шығу, солға бұрылу немесе кері айналу кезінде рұқсат етіледі. Бұл ретте трамвайға кедергі жасалмауы керек. Қарсы бағыттағы трамвай жолдарына шығуға, сондай-ақ жолда 5.8.1 немесе 5.8.2 белгілері орнатылса, трамвай жолымен жол қиылысы арқылы жүруге рұқсат етілмейді.

      7. Егер жолдың жүру бөлігі таңбалау сызықтарымен жолақтарға бөлінсе, көлік құралдарының жүруі қатаң түрде белгіленген жол жолақтары бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Үзік сызықты таңбаларға қатар ауыстырған кезде ғана шығуға рұқсат етіледі.

      8. Реверстік жүріс жолына бұрылған кезде, жүргізуші көлік құралын жолдың жүру бөлігінің қиылысынан шыққан кезде көлік құралы оң жақ шеткі жолаққа шығатындай жағдайда жүргізеді. Жүргізуші осы бағыттағы жүріске басқа жолақтар бойымен жүруге рұқсат етілетіндігіне көз жеткізгеннен кейін ғана қатар ауыстыруға рұқсат етіледі.

      9. Көлік құралдарының жол жиегімен, тротуарлармен және жаяу жүргіншілер жолымен (Қағидалардың 12-бөлімі 1-тармағында және 24-бөлімі 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда), ал елді мекендерде - бұдан басқа, жолдың жүру бөлігінен тыс жерлермен жүруіне рұқсат етілмейді. Жол пайдалану және коммуналдық қызмет машиналарының жүруіне, жол жиегіне, тротуарларға немесе жаяу жүргіншілер жолына тікелей жақын орналасқан объектілерге жүктерді апаратын көлік құралдарының қысқа жолмен баруына, басқа кіру жолы болмаған кезде рұқсат етіледі. Бұл ретте жол жүрісі қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.

      10. Жүргізуші жүру жылдамдығына орай алда жүріп бара жатқан көлік құралымен соқтығысудан сақтануға мүмкіндік беретін қашықтықты, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті бүйірлік аралықты сақтайды.

      11. Елді мекендерден тыс жерде екі жолағы бар екіжақты жүру жолдарында олар үшін жылдамдыққа шектеу белгіленген көлік құралдарының, сондай-ақ ұзындығы жеті метрден асатын көлік құралдарының (көлік құралдары құрамының) жүргізушілері өз көлігі мен алда кетіп бара жатқан көлік құралының арасында оларды басып озатын көлік құралы бұлар жүріп келе жатқан жол жолағына кедергісіз қатар ауыстыра алатындай аралықты ұстайды. Бұл талап, егер жүргізуші басып озуды орындауға әзірленіп келе жатса, сондай-ақ үдемелі жүріс кезінде және ұйымдасқан көлік легінің кезінде қолданылмайды.

      12. Екіжақты жүру жолдарында жүру бөлігінің ортасында орналасқан қауіпсіздік аралдарының жолдың бөлу жолағы, тумбалар және жол құрылыстарының элементтері (көпір тіректері, жол өткізгіштері және сол сияқтылар) болмаған кезде, егер белгілер мен таңба өзгеше нұсқамаса, жүргізуші оң жағынан айналып өтеді.

10. Жүріс жылдамдығы

      1. Жүргізуші көлік құралын белгіленген шектеуден аспайтын жылдамдықпен, мұндайда жүріс үдемелілігін, көлік құралы мен жүктің ерекшелігін және жай-күйін, жүру бағытындағы көрінуге қатысты жол және метеорологиялық жағдайларды ескере отырып жүргізеді. Жылдамдық жүргізушіге Қағидалардың талаптарын орындау үшін көлік құралының жүрісіне тұрақты түрде бақылау жасауына мүмкіндік беруін қамтамасыз етеді.

      Жүруге жүргізуші анықтай алатындай кедергі және (немесе) қауіп туған жағдайда, ол жылдамдықты тоқтатуға дейін азайтуға немесе жол жүрісіне басқа қатысушылар үшін қауіп төндірмей, кедергіні айналып өтуге шаралар қолданады.

      2. Көлік құралдарына елді мекендерде тиісті жол белгілерімен белгіленген, бірақ сағатына 90 километрден аспайтын арнайы жүру режимдерін қоспағанда, сағатына 60 километрден аспайтын, ал тұрғын аймақтар мен аула аумақтарында - сағатына 20 километрден аспайтын жылдамдықпен жүру рұқсат етіледі.

      3. Елді мекендерден тыс мыналарға:

      1) жеңіл автомобильдерге және мотоциклдерге автомагистральдарда 3.24 тиісті жол белгісімен белгіленген, бірақ сағатына 140 километрден аспайтын, бөлу жолағы бар жолдарды сағатына 110 километрден аспайтын, қалған жолдарда сағатына 100 километрден аспайтын;

      2) рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т аспайтын жүк автомобильдеріне, қалааралық автобустарға, шағын автобустарға автомагистральдарда - сағатына 110 километрден аспайтын, бөлу жолағы бар жолдарды сағатына 100 километрден аспайтын, қалған жолдарда - сағатына 90 километрден аспайтын;

      3) басқа автобустарға, оның ішінде балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдауды жүзеге асыратын, тіркеме сүйреткен кезде жеңіл автомобильдерге, рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 асатын жүк автомобильдеріне автомагистральдарда сағатына 90 километрден аспайтын, бөлу жолағы бар жолдарда сағатына 80 километрден аспайтын, қалған жолдарда сағатына 70 километрден аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.

      4. Көлік құралдарының жылдамдығы:

      1) жүк автомобилінің шанағында жолаушыларды тасымалдау кезінде - сағатына 60 километрден;

      2) механикалық көлік құралдарын сүйреткен кезде — сағатына 50 километрден;

      3) қауіпті, ауыр салмақты және ірі көлемді жүктерді тасымалдау шарттарын келіскен кезде — белгіленген көлемнен аспауы тиіс.

      5. Жүргізушіге:

      1) белгіленген тәртіппен айқындалған ең жоғары жылдамдықтан асыруға;

      2) көлік құралының техникалық сипаттамасында айқындалған ең жоғары жылдамдықтан асыруға;

      3) көлік құралына орнатылған "Жылдамдықты шектеу" таным белгісінде көрсетілген жылдамдықтан асыруға (осы жерде және бұдан кейін таным белгілері Негізгі ережелерге сәйкес көрсетіледі).

      4) басқа көлік құралдарына кедергі келтіруге;

      5) егер бұл жол-көлік оқиғасын болғызбау үшін қажет етілмесе, кілт тоқтауға тыйым салынады.

11. Басып озу, қарсы келіп жол айырысу

      1. Басып озуды бастамас бұрын жүргізуші:

      1) өзі шығуды көздеген жүру жолағы басып озу үшін жеткілікті аралықта бос екендігін және осы маневрмен ол қарама-қарсы және осы жолақта артта жүріп келе жатқан, оның ішінде Қағидалардың 19-бөлімінің 12 және 13-тармақтарына сәйкес ескерту сигналдарын беруші көлік құралдарына кедергі келтірмейтініне;

      2) осы жолақта артта келе жатқан көлік құралының басып озуды бастамағанына;

      3) осы жолақ бойымен алда кетіп бара жатқан көлік құралы жүргізушісінің солға маневр жасау туралы сигнал бермегеніне;

      4) қарама-қарсы жүру жолағына (жағына) шыға отырып, басып озуды аяқтағаннан кейін, өзі басып озған көлік құралына кедергі тудырмай, бұрын жүріп келе жатқан жол жолағына келе алатынына көз жеткізуі қажет.

      2. Рельссіз көлік құралын сол жағынан басып озуға рұқсат етіледі. Алайда, жүргізушісі солға бұрылуға сигнал берген және маневрді орындауға кіріскен көлік құралын оң жағынан басып озады.

      3. Қарсы жүру жолағына (жағына) шыға отырып, басып озуды аяқтағаннан кейін, жүргізуші бұрын жүріп келе жатқан жүру жолағына қайтып оралады.

      4. Жүргізушіге жүру жылдамдығын арттыра отырып немесе өзге де әрекеттермен басып озып бара жатқан көлік құралының басып озуына кедергі келтіруге тыйым салынады.

      5. Мынадай жағдайларда:

      1) реттелетін жол қиылыстарында қарсы жүру жолағына шыға отырып;

      2) реттелмейтін жол қиылыстарында бағытын өзгертетін басты жолмен (рұқсат етілген оң жағынан басып озуды қоспағанда) және басты болып табылмайтын жолмен (шеңберлі жүрісті жол қиылыстарындағы басып озуды, қапталында тіркемесі жоқ екі дөңгелекті көлік құралдарын басып озуды және рұқсат етілген оң жағынан басып озуды қоспағанда) жүру кезінде;

      3) жаяу жүргіншілер өткелдерінде жаяу жүргіншілер болған кезде;

      4) теміржол өтпелерінде және олардың алдында бір жүз метрден жақын жерде;

      5) басып озып немесе айналып өтіп келе жатқан көлік құралын;

      6) өрге көтерілу соңында және көрінуі шектеулі және (немесе) 3.20 және 3.22 белгілерімен белгіленген басқа жол учаскелерінде қарсы жүру жолағына шыға отырып, басып озуға тыйым салынады.

      6. Жай жүретін немесе ірі көлемді көлік құралының жүргізушісі елді мекеннен тыс жерлерде осы көлік құралын басып озу қиындаған жағдайда мүмкіндігінше оңға ығыса жүреді, ал қажет болған жағдайда артта жиналып қалған көлік құралдарын өткізіп жіберу үшін тоқтайды.

      7. Егер қарсы келіп жол айрысуы қиындатылған және жол айырысудың басымдылығы 2.6 және 2.7 белгілерімен айқындалмаған болса, онда кедергі бар жақтағы жүргізуші жол береді. 1.13 және 1.14 белгілерімен белгіленген еңісте кедергі болған жағдайда, төмен жүріп келе жатқан көлік құралының жүргізушісі жол береді.

12. Аялдау және тоқтап тұру

      1. Көлік құралына жолдың оң жағындағы жол жиегіне, ал ол жоқ болғанда — жолдың жүру бөлігінің шетіне аялдауға және тоқтап тұруға жол беріледі.

      Елді мекендерде әр бағыт үшін бір жүру жолағы бар, ортасында трамвай жолы жоқ жолдарда және біржақты жүру жолдарында жолдың сол жағына аялдауға және тоқтап тұруға жол беріледі (рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т. асатын жүк автомобильдеріне жүк тиеу немесе түсіру үшін ғана біржақты жүру жолдарының сол жағына тоқтауға жол беріледі).

      2. Конфигурациясы көлік құралдарын өзгеше орналастыруға мүмкіндік беретін орындарды (жолдың жүру бөлігінің кеңейтілген жері) қоспағанда, көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінің шетіне параллель бір қатарға қоюға рұқсат етіледі. Бүйір тіркемесі жоқ екі дөңгелекті көлік құралдарын екі қатар қоюға рұқсат етіледі.

      Жүру бөлігімен шектесетін, оған толықтай және ішінара кіретін тротуардың шетінде, егер бұл жаяу жүргіншілер жүрісіне кедергі келтірмейтін болса, жеңіл автомобильдердің, мотоциклдердің, мопедтердің және велосипедтердің тоқтап тұруына рұқсат етіледі.

      3. Елді мекендерден тыс ұзақ демалу, түнеу және сол сияқты мақсаттарда тоқтап тұруға осыған арнап көзделген алаңдарда немесе жолдан тысқары жерде рұқсат етіледі.

      4. Мынадай:

      1) егер бұл трамвайлардың жүруіне кедергі келтірсе, трамвай жолдарына тікелей жақын жерде;

      2) теміржол өтпелерінде, тоннельдерде;

      3) эстакадаларда, көпірлерде, жолөткелдерде (егер осы бағытта жүру үшін жолақ үштен кем болса) және олардың астында (жолақтардың санына қарамастан);

      4) егер бұл көлік құралдарының жүруіне кедергі келтірсе, тоқтаған көлік құралы мен тұтас таңбалау сызығы (жолдың жүру бөлігінің шетін белгілейтіннен басқа) немесе жолдың жүру бөлігінің қарсы шеті немесе жолдың жүру бөлігінің қарсы шетінде тұрған көлік құралы арасындағы қашықтық үш метрден кем болатын жерлерде;

      5) жаяу жүргіншілер өткелдерінде және олардың алдындағы бес метрден жақын жерде;

      6) ең болмағанда бір бағытта жолдың көрінуі бір жүз метрден кем болған кезде қауіпті бұрылысқа және жолдың бойлық қимасының дөңес құлдималарына жақын жолдың жүру бөлігінде;

      7) қапталдағы өтпенің қарсысындағы тұтас таңбалау сызығы немесе бөлу жолағы бар үшжақты қиысу (қиылыс) жағын қоспағанда, жолдардың жүру бөліктерінің қиылысында және жолдың қиылысатын жүру бөлігінің шетіне отыз метрден жақын жерде; аялдама алаңдарында және оларға он бес метрден жақын жерде, ал олар болмаған кезде маршруттық көлік құралдары немесе такси аялдамасының нұсқағышынан он бес метрден жақын жерде;

      8) көлік құралы басқа жүргізушілерден бағдаршам сигналдарын, жол белгілерін көлегейлейтін немесе басқа көлік құралдарының жүруіне (кіруіне немесе шығуына) мүмкіндік бермейтін немесе басқа көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі (кептеліс) келтіретін жерлерде;

      9) гүлзарларда, көгалдарда, балалар және спорт алаңдарында тоқтауға тыйым салынады.

      5. Мынадай:

      1) аялдауға тыйым салынған жерлерде;

      2) Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3) эстакадаларда, көпірлерде, жолөткелдерде;

      4) елді мекендерден тыс жерлерде 2.1 жол белгісімен белгіленген жолдың жүру бөлігінде;

      5) теміржол өтпелеріне елу метрден жақын жерде;

      6) егер тұрғындарға қолайсыздық келтіретін болса, елді мекендерде қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған механикалық көлік құралдарының;

      7) гүлзарларда, көгалдарда, балалар және спорт алаңдарында тоқтап тұруға тыйым салынады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Тоқтауға тыйым салынған жерде мәжбүрлі тоқтаған кезде жүргізуші көлік құралын ол жерден әкету үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті.

      7. Бұл жол жүрісіне басқа қатысушыларға кедергі немесе қауіп келтірмейтініне көз жеткізбейінше, көлік құралының есіктерін ашуға, оларды ашық қалдыруға немесе жолдың жүру бөлігіне шығуға тыйым салынады.

13. Жол қиылысынан жүріп өту

      1. Оңға немесе солға бұрылған кезде жүргізуші өзі бұрылатын жолдың жүру бөлігін өзінің жүру бағыты бойынша кесіп өтетін жаяу жүргіншіге, оны велосипед жолымен кесіп өтетін велосипедшіге және 5.9 (Қағидалардың 18-бөлімінің 2-тармағын ескере отырып) белгісімен белгіленген жолақ бойымен жүріп келе жатқан маршруттық көлік құралдарына және басқа-да қоғамдық көлікке жол береді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.08.2017 № 463 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Егер көлік құралдарының көлденең бағытта жүруіне кедергі келтіре отырып, жүргізушіні тоқтауға мәжбүр ететін кептеліс пайда болса, жол қиылысына немесе жолдың жүру бөліктерінің қиылысына шығуға тыйым салынады.

      3. Жүргізушіге шолуды шектейтін жол-жөнекей бағытта жүріп бара жатқан көлік құралдарының алдына түсуге тыйым салынады.

      Егер жол қиылысында немесе оның алдында көлік құралы тоқтаса, онда көршілес жолақпен жүріп бара жатқан басқа көлік құралдарының жүргізушілері мұның қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана жүруді жалғастырады.

      4. Жүру кезектілігі бағдаршамның немесе реттеушінің сигналдарымен айқындалатын жол қиылысы реттелетін болып есептеледі.

      Жұмыс істемей тұрған бағдаршамның жыпылықтаған сары сигналы кезінде немесе реттеуші жоқ болса, жол қиылысы реттелмейтін болып есептеледі және жүргізушілер реттелмейтін жол қиылыстарын өту ережелерін және жол қиылысында орнатылған басымдылық белгілерін басшылыққа алады.

      5. Бағдаршамдардың рұқсат ететін сигналдары бойынша солға немесе артқа бұрылған кезде рельссіз көлік құралының жүргізушісі қарсы бағыттан тіке немесе оңға жүретін, оның ішінде Қағидалардың 5-бөлімі 14-тармағына сәйкес жол қиылысына шығатын көлік құралдарына жол береді. Трамвайлардың жүргізушілері де осындай ережені өзара басшылыққа алады.

      6. Бағдаршамның сары және қызыл сигналдарымен бірдей уақытта қосымша секцияда іске қосылған бағыттаушының бағытында жүрген кезде жүргізуші басқа бағыттардан жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол береді.

      7. Егер бағдаршамның немесе реттеушінің сигналы трамвайға және рельссіз көлік құралына бірдей уақытта жүруге рұқсат беретін болса, онда трамвай, оның жүру бағытына қарамастан, артықшылықта болады. Сонымен қатар бағдаршамның сары және қызыл сигналдарымен бірдей уақытта қосымша секцияда іске қосылған бағыттаушының бағытымен жүрген кезде трамвай басқа бағыттардан жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол береді.

      8. Бағдаршамның рұқсат беретін сигналы кезінде жол қиылысына кірген жүргізуші жол қиылысынан шығудағы бағдаршам сигналына қарамастан, белгілі бағытқа шығады. Егер жол қиылысында, жүргізушінің бағыт алған жолында орналасқан бағдаршамның алдында тоқтау-сызығы және (немесе) 5.33 белгісі болған жағдайда, жүргізуші әрбір бағдаршамның сигналын басшылыққа алады.

      9. Бағдаршамның рұқсат беретін сигналы іске қосылғанда жүргізуші жол қиылысы арқылы жүрісін аяқтайтын көлік құралына және осы бағыттағы жолдың жүру бөлігінде өтуді аяқтамаған жаяу жүргіншіге жол береді.

      10. Жүру қосымша секциясы бар бағдаршаммен реттелетін жол қиылысында бұрылыс жасайтын жолақта тұрған жүргізуші, егер оның тоқтауы осы жолақ бойымен оның артынан келе жатқан көлік құралына (көлік құралдарына) кедергі тудыратын болса, іске қосылған бағыттаушы көрсеткен бағытта жүрісін жалғастырады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.10.2017 № 667 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Маңызы бірдей емес жолдардың қиылысында екінші дәрежелі жолдың бойымен жүріп келе жатқан көлік құралының жүргізушісі олардың әрі қарай жүру бағытына қарамастан, басты жолмен жақындап қалған, оның ішінде кері бұрылуды жүзеге асыратын көлік құралына жол береді. Бөлу жолағы бар басты жолмен жүріп бара жатқан жүргізуші жол қиылысында кері бұрылуды жүзеге асырмас бұрын, екінші дәрежелі жолмен жол қиылысына жақындаған көлік құралының оған жол беретіндігіне көз жеткізеді.

      12. Жол қиылысында басты жол бағытын өзгерткен жағдайда, басты жолмен жүретін жүргізушілер маңызы бірдей жолдардың қиылысынан жүріп өту қағидаларын өзара басшылыққа алады. Екінші дәрежелі жолмен жүріп келе жатқан жүргізушілер де осы қағидаларды басшылыққа алады.

      13. Маңызы бірдей жолдардың қиылысында рельссіз көлік құралдарының жүргізушісі оң жақтан жақындап қалған көлік құралына жол береді. Трамвайлардың жүргізушілері де өзара осы қағидаларды басшылыққа алады.

      Мұндай жол қиылыстарында, оның жүру бағытына қарамастан, рельссіз көлік құралдарының алдында трамвай артықшылыққа ие болады.

      14. Солға немесе кері бұрылған кезде рельссіз көлік құралының жүргізушісі қарсы бағытта маңызды бірдей жол бойымен тіке немесе оңға жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол береді. Трамвайлардың жүргізушілері де өзара осы қағидаларды басшылыққа алады.

      15. Жол жабынының бар-жоғын анықтау мүмкін болмаған (тәуліктің қараңғы уақыты, балшық, қар және сол сияқты) және басымдық белгілері жоқ жағдайда, жүргізуші екінші дәрежелі жолдамын деген қағидатты басшылыққа алады.

14. Жаяу жүргіншілер өткелдері және маршруттық көлік құралдарының аялдамалары

      1. Көлік құралының жүргізушісі өзінің жүру бағытындағы жолдың жүру бөлігін реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойымен өтіп келе жатқан жаяу жүргіншілерге жол береді.

      2. Егер көлік құралы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі алдында аялдаса немесе жүрісін баяулатса, көршілес жол жолағы бойымен жүруші басқа көлік құралдарының жүргізушілері аялдаған немесе жүрісін баяулатқан көлік құралының алдында жаяу жүргіншінің жоқ екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана жүрісін жалғастыра алады.

      3. Реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде бағдаршамның рұқсат беретін сигналы іске қосылғанда, жүргізуші оның бағытындағы жолдың жүру бөлігін кесіп өтуді аяқтап қалған жаяу жүргіншіге жол береді.

      4. Егер өзінен кейін жүргізушіні жаяу жүргінші өткелінде аялдауға мәжбүр ететін кептеліс пайда болса, жаяу жүргінші өткеліне шығуға тыйым салынады.

      5. Барлық жағдайларда, оның ішінде жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жерлерде де, жүргізуші ақ түсті таяқпен сигнал берген соқыр жаяу жүргіншіні өткізіп жібереді.

      6. Жүргізуші аялдамада тұрған маршруттық көлік құралына немесе одан (есік жағынан) келе жатқан жаяу жүргіншіге, егер көлікке отырғызу немесе түсіру жолдың жүру бөлігінде немесе онда орналасқан отырғызу алаңында жүзеге асырылатын болса, жаяу жүргіншілерге жол береді.

      7. "Балаларды тасымалдау" деген таным белгісі бар тоқтап тұрған көлік құралына жақындағанда жүргізуші жылдамдықты азайтады, қажет болған жағдайда тоқтайды және балалар тобын өткізіп жібереді.

15. Теміржол жолдары арқылы жүру

      1. Көлік құралдарының жүргізушілері теміржол жолдарын пойызға (локомотивке, дрезинаға) жол бере отырып, тек қана теміржол өтпелері бойымен кесіп өтеді.

      2. Теміржол өтпесіне кіру жолында жүргізуші жол белгілерінің, бағдаршамдардың, таңбалаудың талаптарын, шлагбаумның орналасуын және өтпе бойынша кезекшінің нұсқауын басшылыққа алады, және бұдан басқа, жақындап қалған пойыздың (локомотивтің, дрезинаның) жоқ екендігіне көз жеткізеді.

      3. Мынадай жағдайларда:

      1) шлагбаум жабық тұрған немесе ол жабыла бастаған кезде (бағдаршам сигналына қарамастан);

      2) бағдаршамның тыйым салатын сигналы кезінде (шлагбаумның орналасуына және оның бар-жоғына қарамастан);

      3) өтпе кезекшісінің тыйым салатын сигналы кезінде (кезекші жүргізушіге алдымен немесе теріс жағымен тұрған, таяқша, қызыл фонарь немесе жалауша ұстаған қолын жоғары көтерген не қолдарын екі жаққа созған);

      4) егер өтпенің арғы жағында жүргізушіні өтпеде тоқтауға мәжбүр ететін кептеліс пайда болса;

      5) егер көріну шегінде өтпеге пойыз (локомотив, дрезина) жақындап қалса, теміржол өтпесіне шығуға тыйым салынады.

      Сонымен қатар:

      1) теміржол өтпелерінен тыс жерде теміржолдардан өтуге;

      2) қарсы жүру жолағына шыға отырып, теміржол өтпесі алдында тұрған көлік құралдарын айналып өтуге;

      3) теміржол өтпесіндегі шлагбаумды өз бетімен ашуға;

      4) теміржол дистанциясы бастығының рұқсатынсыз теміржол өтпесі арқылы ауыл шаруашылығы, жол, құрылыс және басқа да машиналар мен механизмдерді көліктен тыс жағдайда өткізуге, жылдамдығы сағатына 8 километрден кем баяу жүретін машиналардың, сондай-ақ трактор шана-сүйретпелерінің жүруіне тыйым салынады.

      4. Өтпе арқылы жүруге тыйым салынған жағдайда, жүргізуші тоқтау-сызығының, 2.5 белгісінің немесе бағдаршамның алдында, ал егер олар жоқ болғанда - теміржол өтпесі шекарасында тоқтайды.

      5. Өтпе үстінде амалсыздан аялдаған кезде жүргізуші дереу жолаушыларды түсіреді және өтпені босату үшін шаралар қолданады. Жүргізуші бір мезгілде мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады:

      1) мүмкіндік болған кезде жол бойымен екі адамды екі жаққа өтпеден бір мың метрге (егер біреу болса, онда жолдың нашар көрінетін жағына), өздеріне жақындап келе жатқан поездың (локомотивтің, дрезинаның) машинисіне тоқтау сигналын беру ережесін түсіндіріп жібереді;

      2) көлік құралының қасында қалып және жалпы дабыл қағу сигналдарын береді;

      3) пойыз көрінген бойда тоқтау сигналын беріп, оған қарсы жүгіреді.

      Ескертпе. Қолдың шеңбер жасай қозғалуы (күндіз ашық түсті матаның қиындысымен немесе қандай да болмасын жақсы көрінетін затпен, түнде шырақпен немесе фонарьмен) тоқтау сигналы болып табылады. Бір ұзақ және үш қысқа дыбыстық сигналдар сериясы жалпы дабыл қағу сигналы болып табылады.

16. Автомагистральдарда жүру

      1. Автомагистральдарда:

      1) көлік құралынан тыс жаяу жүргіншілердің, сондай-ақ үй жануарларының тұруына, велосипедтерді, мопедтерді, тракторларды және өздігінен жүретін машиналарды, сондай-ақ техникалық сипаттамалары немесе олардың жай-күйі бойынша жылдамдығы сағатына 40 километрден кем өзге де көлік құралдарын басқаруға;

      2) рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын жүк автомобильдерін екінші жолақтан әрі басқаруға;

      3) 5.15 немесе 6.11 белгілерімен белгіленген, тұраққа арналған арнайы алаңдардан тыс жерлерге аялдауға;

      4) бөлу жолақтарының технологиялық айырымдарында кері бұрылуға және оған кіруге;

      5) артқа қарай жүруге;

      6) жүргізіп үйренуге тыйым салынады.

      2. Жолдың жүру бөлігінде мәжбүрлі аялдау кезінде жүргізуші көлік құралын Қағидалардың 7-бөлімінің талаптарына сәйкес белгілейді және оны осыған арналған жолаққа (жолдың жүру бөлігін белгілейтін сызықтан оңға қарай) шығару шараларын қолданады.

      3. Осы бөлімнің талаптары, сондай-ақ 5.3 белгісімен белгіленген жолдарға да қолданылады.

17. Тұрғын аймақтарда жүру

      1. Тұрғын аймақтарда жаяу жүргіншілер тротуармен де, сол сияқты жолдың жүру бөлігімен де жүреді. Тұрғын аймақтарда жаяу жүргіншілер артықшылыққа ие, алайда олар көлік құралдарының жүруіне негізсіз кедергі келтірмеуге тиіс.

      2. Тұрғын аймақта:

      1) көлік құралдарының толассыз жүруіне;

      2) жолдың жүру бөлігінен тыс жерде көлік құралының жүруіне;

      3) жүргізіп үйренуге;

      4) қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған күйде тоқтап тұруға;

      5) рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын жүк автомобильдерінің, автобустардың арнайы бөлінген әрі белгілермен және (немесе) таңбалармен белгіленген орындардан тыс тоқтап тұруына;

      6) дыбыс сигналын беруге, музыканы қатты қосуға;

      7) тротуарларда, көгалдарда, балалар және спорт алаңдарында тоқтап тұруға тыйым салынады.

      Ескерту. 2-тармаққа орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 21.10.2017 № 667 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Жүргізушілер тұрғын аймақтан шығу кезінде жол жүрісіне басқа қатысушыларға жол береді.

      4. Осы бөлімнің талаптары, сондай-ақ аула аумақтарына да қолданылады.

18. Маршруттық көлік құралдарының басымдығы

      1. Жол қиылысынан тыс, трамвай жолдары жолдың жүру бөлігін кесіп өтетін жерлерде трамвай, деподан шыққаннан жағдайлардан басқа, рельссіз көлік құралдарының алдында артықшылыққа ие болады.

      2. 5.9, 5.10.1 – 5.10.3 белгілерімен белгіленген маршруттық көлік құралдарына арналған жолағы бар жолдарда осы жолақпен қоғамдық көліктерден басқа көлік құралдарының жүруі жүзеге асырылмайды және аялдауына болмайды (Қағидалардың 24-бөлімінің 2 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда).

      Егер 5.9 белгісімен белгіленген жолақ қалған жолдың жүру бөліктерінен үзік-үзік таңбалау сызықтарымен бөлінген болса, онда бұрылу кезінде көлік құралдары соған орын ауыстырады. Сондай-ақ мұндай жерлерде бұл жолаққа егер бұл маршруттық көлік құралдарына және басқа да қоғамдық көлікке кедергі тудырмайтын болса, жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетінен жолға кірер кезде және жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін кіруге рұқсат етіледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.08.2017 № 463 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.10.2017 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Елді мекендерде жүргізушілер белгіленген маршрутпен жүріп келе жатқан, белгіленген аялдамалардан жүруді бастайтын троллейбустар мен автобустардың жүргізушілеріне жол береді. Троллейбустар мен автобустардың жүргізушілері оларға жол берілгендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана жүруді бастайды.

19. Сыртқы жарық беру аспаптарын және дыбыстық сигналдарды пайдалану

      1. Тәуліктің қараңғы уақытында және жолдың жарықтандырылуына қарамастан көрінуі жеткіліксіз жағдайларда, сондай-ақ тоннельдерде көлік құралдарының мынадай жарық беру аспаптары:

      1) барлық механикалық көлік құралдары мен мопедтерде - габариттік оттар мен алыс және жақын жарық фаралары, велосипедтерде - фаралар немесе фонарьлар, көлік арбада - фонарьлар (олар болған кезде);

      2) тіркемелер мен сүйретпе механикалық көлік құралдарында - көлемдік оттар іске қосылады.

      2. Мынадай:

      1) егер жол жарықтандырылған болса, елді мекендерде;

      2) қарсы келіп жол айырысу кезінде көлік құралына дейін кемінде бір жүз елу метр, сондай-ақ қарсы келе жатқан көлік құралының жүргізушісі фараның жарығын мезгіл-мезгіл жағып-сөндіріп, мұның қажет екендігін көрсетсе, одан да үлкен арақашықтықта;

      3) қарама-қарсы, сонымен бірге ілеспе көлік құралдары жүргізушілерінің көзін шағылыстыру мүмкіндігін болдырмау үшін кез келген басқа жағдайларда алыс жарық жақын жарықпен ауыстырылады.

      Жүргізуші көзі шағыстырылған кезде авариялық жарық сигнал беруді іске қосады, жүру жолағын ауыстырмай тоқтайды.

      3. Тәуліктің қараңғы уақытында жолдың жарықтандырылмайтын учаскесінде, сондай-ақ көрінуі жеткіліксіз жағдайларда тоқтаған және тоқтап тұрған кезде көлік құралында габариттік оттар жағылады. Көрінуі жеткіліксіз жағдайларда габариттік оттарға қосымша жақын жарық фаралары, тұманға қарсы фаралар және артқы тұманға қарсы фаралар іске қосылуы мүмкін.

      Габариттік оттардың ақауы болған жағдайда, көлік құралы жолдан тыс әкетіледі, ал егер бұл мүмкін болмаса, көлік құралы осы Қағидалардың 7-бөлімі 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес белгіленеді.

      4. Жабық аумақтарда пайдаланылатын және жалпы пайдаланылатын жолдарда пайдалануға жатпайтын технологиялық көлікті, сондай-ақ шаруа және фермер қожалықтарының ішінде пайдаланылатын осы қожалықтардың автокөлігін қоспағанда, М2, М3, N2, N3, 02, 03, 04 санаттарындағы көлік құралдарының бүйір және артқы жақтарының контурлары ҚР СТ МемСТ Р 51253 және ҚР СТ МемСТ Р 41.104 сәйкес жарық шағылыстыратын материалдармен таңбаланады.

      5. Тұманға қарсы фаралар:

      1) жекелей, сол сияқты фараның жақын және алыс жарығымен бірге, көріну жеткіліксіз жағдайларда;

      2) тәуліктің қараңғы уақытында жолдың жарықтандырылмайтын учаскесінде фараның жақын және алыс жарығымен бірге;

      3) осы бөлімнің 7-тармағында көзделген жағдайларда фараның жақын жарығының орнына пайдаланылуы мүмкін.

      6. Тұманға қарсы фаралар алыс және (немесе) жақын жарық фараларының қосылғанына қарамастан, габариттік оттар қосылған кезде қосылады.

      7. Тәуліктің жарық уақытында жүріп келе жатқан барлық көлік құралдарында оларды белгілеу мақсатында жақын жарық фаралары немесе күндіз жүру оттары қосылады.

      8. Фара-прожекторды және фара-іздеушіні қарсы көлік құралдары жоқ кезде елді мекеннен тыс жерлерде ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Елді мекендерде мұндай фараларды тек қана жедел және арнаулы қызметтер көлік құралдарының жүргізушілері қызметтік тапсырманы орындау кезінде пайдалана алады.

      9. Тұманға қарсы артқы фонарьлар көріну жеткіліксіз жағдайларда ғана қолданылады. Тұманға қарсы артқы фонарьлар тоқтау-сигналдарына қосылмайды.

      10. "Автопойыз" таным белгісі автопойыздың жүруі кезінде, ал тәуліктің қараңғы уақытында және көріну жеткіліксіз жағдайларда, сонымен қатар ол тоқтаған және тоқтап тұрған кезде іске қосылады.

      11. Қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық маяк жолдарды салу, жөндеу немесе күтіп ұстау, зақымданған, бұзылған және өзге де көлік құралдарын тиеу және тасымалдау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде көлік құралдарында; ауыр салмақты, ірі габаритті жүктерді тасымалдауды жүзеге асырған кезде көлік құралдарында; ауыр салмақты, ірі габаритті және қауіпті жүктерді тасымалдауда бірге жүретін көлік құралдарында; ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустарда; күзетілетін объектілерге рұқсатсыз кірген кезде жеке меншік ұйымдары жедел ден қою ұтқыр топтарының көлік құралдарында; жолдарда қызмет өткеру кезінде көліктік бақылау органдары жылжымалы көліктік-бақылау пункттерінің көлік құралдарында; бағалы заттарды инкассациялау үшін маршрутқа шыққан кезде инкассация қызметтерінің мамандандырылған көлік құралдарында; ұйымдасқан велосипедшілер топтарымен бірге жүретін көлік құралдарында іске қосылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.10.2017 № 667 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Дыбыс сигналдары тек қана:

      1) басқа жүргізушілерге елді мекеннен тыс жерде басып озу ниетін ескерту үшін;

      2) бұл жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін қажет болған жағдайларда қолданылады.

      13. Басып озу туралы ескерту үшін, сондай-ақ осы Қағидалардың 9-бөлімі 4-тармағында көзделген жағдайларда жарық сигналы тәуліктің жарық уақытында мезгіл-мезгіл қысқа уақытқа фараның жарығын жағып-сөндірумен, ал тәуліктің қараңғы уақытында — бірнеше қайтара фараның жақын жарығын алыс жарыққа ауыстырумен беріледі.

20. Механикалық көлік құралдарын сүйрету

      1. Сүйрету тіркеуді қолдана отырып немесе көлік құралының алдыңғы жағына арнаулы тірек құрылғысына сүйрететін көлік құралына асу жолымен немесе оны сүйрететін көлік құралына жартылай платформаға тиеу жолымен жүзеге асырылады.

      2. Қатты немесе иілгіш тіркемемен сүйрету, қатты тіркеме конструкциясы сүйретілетін көлік құралы сүйретушінің траекториясы бойынша жүретін түзу сызықты жүруді қамтамасыз ететін жағдайлардан басқа кезде, тек сүйретілетін көлік құралында жүргізуші болған кезде ғана жүзеге асырылады.

      3. Иілгіш тіркемемен сүйреткен кезде сүйретуші және сүйрелетін көлік құралдарының арасында төрт-алты метр шегінде, ал қатты тіркемемен сүйрету кезінде - төрт метрден аспайтын арақашықтық қамтамасыз етілуі тиіс. Байланыстыратын буындар Негізгі ережелердің тиісінше 12 және 13-тармақтарының талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

      4. Иілгіш немесе қатты тіркемемен сүйреткен кезде - сүйретілетін автобуста (троллейбуста) және сүйретілетін жүк автомобилінің шанағында жолаушылардың болуына, ал аспалы түрде немесе ішінара тиеу арқылы сүйреткен кезде сүйретілетін көлік құралының кабинасында немесе шанағында, сондай-ақ сүйретушінің шанағында жолаушылардың болуына тыйым салынады.

      5. Мынадай жағдайларда:

      1) рульмен басқаруы істемейтін көлік құралын (аспалы түрде немесе жартылай тиеу әдісімен сүйретуге жол беріледі);

      2) екі және одан көп көлік құралын;

      3) егер нақты массасы сүйрейтін көлік құралының нақты массасының жартысынан артық болса, тежеу жүйесі істемейтін көлік құралын сүйретуге тыйым салынады. Нақты массасы аз болған кезде мұндай көлік құралын қатты тіркемемен немесе ішінара тиеу әдісімен ғана сүйретуге жол беріледі;

      4) қапталдағы тіркемесі жоқ мотоциклмен, сондай-ақ мұндай мотоциклді;

      5) көктайғақта иілгіш тіркемемен сүйретуге тыйым салынады.

21. Жүргізіп үйрену

      1. Көлік құралын жүргізуді бастапқы үйрену жабық алаңдарда немесе автодромда жүргізілуі тиіс.

      2. Жолдарда жүргізіп үйрену тек қана үйретушімен және үйренушінің бастапқы басқару дағдылары болған кезде, механикалық көлік құралында жолаушылар болмағанда ғана жүзеге асырылады.

      3. Үйретушінің өзімен бірге тиісті біліктілік куәлігі, ол үйретуді жүргізетін сол санаттағы көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі, ал үйренушінің – жеке басын куәландыратын құжаты және көлік құралын басқаруға қарсы айғақтардың жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы болады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Жүргізуді үйренуге арналған механикалық көлік құралы Негізгі ережелердің 6-тармағының талаптарына сәйкес қосымша жабдықталады.

      5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда көлік құралын жүргізуге оқыту Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен уәкілетті органмен келісілген маршруттар бойынша ғана жүзеге асырылады.

22. Жолаушыларды тасымалдау

      1. Жүк автомобилінің шанағында жолаушыларды тасымалдауға жиырма бес жастағы, "С" санатындағы (кабинадағы жүргізушіні қоса алғанда 8 адамнан артық тасымалдау кезінде - "С" және "Д" санаттары) көлік құралдарын басқару құқығына куәлігі және осы санаттағы көлік құралын басқаруда бес жылдан артық өтілі бар жүргізушілер жіберіледі.

      Ескертпе. Әскери жүргізушілерге жолаушыларды тасымалдауға рұқсат беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан басқа, отыратын орындарының саны сегізден асатын, бірақ он алтыдан аспайтын автомобильдермен ("D" кіші санаты) жолаушыларды тасымалдауға жиырма бір жасқа толған, кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл "С1" санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар адамдар жіберіледі.

      Жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан басқа, отыратын орындарының саны сегізден асатын автомобильдермен ("D" санаты) жолаушыларды тасымалдауға жиырма бес жасқа толған, кемінде бес жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде "D1" санатына жатқызылатын көлік құралдарын кемінде үш жыл басқару өтілі бар адамдар жіберіледі.

      Жолаушылар мен багажды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      Такси ретінде тасымал үшін арнайы басқарылатын, оның ішінде толықтай қолымен, сондай-ақ оң жақтан басқарылатын автокөлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

      2. Жолаушыларды борт платформасы бар жүк автомобилінің шанағында, егер ол Негізгі ережелердің 5-тармағының талаптарына сәйкес жабдықталған болса, тасымалдауға рұқсат етіледі.

      3. Жүк автомобилінің жүргізушісі жол жүрер алдында жолаушыларға міну, түсу және шанақта орналасу тәртібі туралы түсіндіреді; жүру кезінде тұруға және бортқа отыруға рұқсат етілмейтіні туралы ескертеді.

      Жүруді жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау шаралары қамтамасыз етілгендігіне көз жеткізілгеннен кейін бастауға болады.

      4. Борт платформасы бар, жолаушылар тасымалдау үшін жабдықталмаған жүк автомобилінің шанағында жол жүруге, олар борттың деңгейінен төмен орналасқан орындықтармен қамтамасыз етілген жағдайда ғана, жүкпен ілесіп жүрген немесе оның артынан келе жатқан адамдарға рұқсат етіледі.

      5. Жүргізуші жолаушыларды отырғызуды және түсіруді осы Қағидалардың 12-бөлімінде белгіленген көлік құралдарын тоқтатуға тыйым салынбаған жерлерде көлік құралы толық тоқтағаннан кейін ғана жүзеге асыруға, ал жүруді есіктер жабылғанда бастауға және оларды толық тоқтағанға дейін ашпауға міндетті.

      Маршруттық көлік құралының жүргізушісі жолаушыларды отырғызуды және түсіруді белгіленген аялдама пункттерінде ғана жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Жолаушыларды:

      1) автомобильдің (борт платформасы бар жүк автомобилінің шанағында немесе фургон шанақта жолаушыларды тасымалдау жағдайларынан басқа), трактордың, өздігінен жүретін машинаның кабинасынан тыс, жүк тіркемесінде, тіркеме-үйшікте, жүк мотоциклінің шанағында және мотоцикл конструкциясында отыру үшін көзделген орындардан тыс;

      2) көлік құралының техникалық сипаттамасында көзделген санынан артық тасымалдауға тыйым салынады, бұл ретте көлік құралының нақты массасы жасаушы кәсіпорын белгілеген рұқсат етілген ең жоғары масса шамасынан аспауға тиіс;

      3) мотоциклдің артқы орындығында масаң күйде;

      4) жүк автомобилінің шанағында отыру үшін жабдықталған санынан артық;

      5) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.10.2017 № 667 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.10.2017 № 667 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. 12 жасқа дейінгі балаларды:

      1) мотоциклдің артқы орындығында;

      2) балаларды арнайы ұстау құрылғысы немесе баланы қауіпсіздік белдігінің көмегімен отырғызып қоюға мүмкіндік беретін, көлік құралының конструкциясында көзделген өзге де құралдар болмаған кезде, ал механикалық көлік құралының алдыңғы орындығында балаларды арнайы ұстау құрылғысы болмаған кезде тасымалдауға тыйым салынады.

      8. Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдау кемінде екі есігі бар, техникалық жай-күйі көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерінде белгіленген талаптарға жауап беретін автобустармен жүзеге асырылады.

      Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустар сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталады. Бұл автобустардың алдына және артына "Балалар тасымалы" деген таным белгісі орнатылады.

      Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде жасы кемінде жиырма бесте, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар жүргізушілердің тасымалдауына рұқсат етіледі.

      Автобус шанағында тасымалданатын балалардың саны орындық санынан аспауы тиіс.

      Қала сыртындағы жолдарда балаларды тасымалдайтын екі және одан да көп автобустар легімен жол полициясының арнайы автомобильдері ілесіп жүруге тиіс.

23. Жүктерді тасымалдау

      1. Жүктерді тасымалдау осы мақсатқа арналған көлік құралдарымен және көлік құралдарының құрамдарымен жүзеге асырылуы тиіс.

      Автобустарда қол жүгін қоятын бөлімшеден тыс орында жүкті, оның ішінде қол жүгін тасымалдауға рұқсат етілмейді.

      2. Тасымалданатын жүк пен жолаушылардың массасы, жүктемені осьтер бойынша бөліп орналастыру осы көлік құралы үшін жасаушы-кәсіпорын белгілеген көлемнен аспауы тиіс.

      3. Жүргізуші жүруді бастар алдында және жүру кезінде олардың құлауынан, жүруге кедергі тудыруды болдырмаудан сақтану үшін олардың орналасуын, бекітілуін, жабылуын және жай-күйін бақылап отырады.

      4. Жүк тасымалдауға мынадай жағдайларда, егер ол:

      1) адамдарға қауіп төндірмейтіндей және мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке мүлікке залал келтірмейтіндей етіп көлік құралында орналастырылса және қажет болған жағдайда бекітілсе;

      2) жүргізушіге шолуды және көрінуді шектемесе;

      3) басқаруды қиындатпаса және көлік құралының орнықтылығын бұзбаса;

      4) көлік құралында болуға тиіс тоқтау сигналы мен бұрылу нұсқағыштарын, жарық шағылыстыратын құрылғыларды, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін және тіркеу мемлекетінің айырым белгісін қоса алғанда, сыртқы жарық беру аспаптарын жауып тұрмаса немесе қолмен берілетін сигналдарды жауып тұрмаса;

      5) алдын алуға болатын қолайсыздықтар жасамаса жол беріледі.

      Егер жүктің жай-күйі мен орналасуы аталған талаптарды қанағаттандырмаса, жүргізуші аталған тасымалдау ережелерінің бұзылуын жоюға, егер жою мүмкін болмаса - әрі қарай жүруді тоқтатуға міндетті.

      5. Артынан және алдынан бір метр артық немесе бүйірден габариттік оттардың сыртқы шетінен 40 сантиметр артық шығып тұратын жүк немесе көлік құралының көлемінен шығып тұратын бөліктері "Ірі көлемді жүк" деген таным белгілермен, ал тәуліктің қараңғы уақытында және көріну жеткіліксіз жағдайларда, бұдан басқа, алдынан - фонарьмен немесе ақ түсті жарық шағылыстырғышпен, артта - фонарьмен немесе қызыл түсті жарық шағылыстырғышпен белгіленеді.

      6. Ауыр салмақты, ірі көлемді және қауіпті жүктерді тасымалдау көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылуы тиіс.

      Көлік құралы қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде - "Қауіпті жүк";

      Негізгі ережелердің 9-тармағында көзделген жағдайларда - "Ұзын өлшемді көлік құралы" деген таным белгілерімен белгіленуі тиіс.

24. Велосипедтердің, мопедтердің, ат-арба көліктерінің жүруіне, сондай-ақ мал айдауға қойылатын қосымша талаптар

      Ескерту. 24-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.10.2017 № 667 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Мопедті басқару құқығы он алты жасқа толған адамдарға беріледі.

      2. Велосипедшілер велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен, ал олар болмаған кезде – жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен не жолдың жиектерімен, тротуармен немесе жаяу жүргіншілерге жүру үшін қауіп төндірмей жаяу жүргінші жолымен жүреді.

      Он төрт жасқа толмаған велосипедшілерге жүру бөлігінің оң жақ шетімен, маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен, жолдың жиектерімен жүруге жол берілмейді.

      7.14 тақтасы бар 4.5 белгісімен белгіленген велосипед жүретін жолағы бар жолдарда осы жолақпен мопедтен басқа, басқа көлік құралдарының жүруі жүзеге асырылмайды және аялдауына болмайды.

      Егер 7.14 тақтасы бар 4.5 белгісімен белгіленген жолақ қалған жолдың жүру бөліктерінен үзік-үзік таңбалау сызықтарымен бөлінген болса, онда бұрылу кезінде көлік құралдары соған орын ауыстырады. Мұндай жерлерде сонымен қатар жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетінен жолға кірер кезде және жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін кіруге де рұқсат етіледі.

      3. Велосипедшілер жолда бір қатармен жүреді.

      4. Мопедтер велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен, ал олар болмаған кезде – жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен бір қатармен жүреді.

      5. Ат-арба көліктері (шаналар), жүк артылған, жегілген немесе мініс малдары шеткі оң жолақпен бір қатармен немесе егер бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмесе, жолдың жиегімен жүреді.

      6. Велосипедшілер, ат-арба көліктері (шаналар), жүк артылған, жегілген немесе мініс малдар колонналары жолдың жүру бөлігімен жүрген кезде велосипедшілер, мініс және жүк артылған малдар он-оннан және арбалар (шаналар) бес-бестен топтарға бөлінуге тиіс. Басып озуды жеңілдету үшін топтардың арақашықтығы сексен – жүз метр болуға тиіс.

      7. Велосипед және мопед жүргізушілеріне:

      1) ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүргізуге;

      2) жолаушылар тасымалдауға;

      3) ұзындығы немесе ені бойынша габаритінен елу сантиметрден астам шығып тұратын жүкті немесе басқаруға кедергі келтіретін жүкті тасымалдауға;

      4) жанында велосипед жолы болған кезде жолмен жүруге;

      5) трамвай жүретін жолдарда және осы бағытта жүруге арналған біреуден астам жолағы бар жолдарда солға бұрылуға немесе кері бұрылуға;

      6) велосипедпен немесе мопедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа, мопедтер мен велосипедтерді, сондай-ақ мопедтермен және велосипедтермен сүйретуге;

      7) жаяу жүргінші өтпесімен жүруге тыйым салынады.

      8. Велосипед жолының көше қиылысынан тыс орналасқан жолмен реттелмейтін қиылысында велосипедтердің және мопедтердің жүргізушілері осы жолмен жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол беруге тиіс.

      Ат-арба көлігі (шана) жүргізушісі көрінуі шектеулі жерлерде қосымша жолдан жолға шығу кезінде малды жүгенінен ұстап жетектеп жүреді.

      9. Малдарды, әдетте, тәуліктің жарық уақытында айдап өту керек. Мал айдаушылар малдарды мүмкіндігінше жолдың оң жақ шетіне жақын бағыттауға тиіс.

      10. Тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайларында бір топ малды жол бойымен немесе ол арқылы айдаған кезде мал айдаушылар жолда малдың бар екенін ескерту үшін жүргізушілерге сигнал береді.

      Ескертпе. Шырақпен немесе фонарьмен қолды шеңбер жасап қозғау сигнал болып табылады, бұл ретте сигнал беруші бір топ мал жақындап келе жатқан көлік құралдары жағынан он-он бес метр арақашықтықта болады.

      11. Малдарды теміржолдар арқылы айдаған кезде мал табыны мал айдаушылардың санын ескере отырып, әрбір топты қауіпсіз айдап өтуді қамтамасыз ететіндей топтарға бөлінуге тиіс.

      12. Ат-арба көліктерінің (шаналардың) жүргізушілеріне, мал айдаушылар мен жүк артылған, жегілген және мініс малдарының және малдардың иелеріне:

      1) малдың жабыны қатты жолдарға шығып кетуі мүмкін жағдайларда оларды қадағалаусыз қалдыруға;

      2) малдарды теміржолдар арқылы және арнайы бөлінген жерлерден тыс, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайларында (әртүрлі деңгейлердегі мал айдаудан басқа) айдап өтуге;

      3) өзге жолдар болған кезде малдарды жабын асфальт және цемент-бетон жолдармен жетектеп жүруге жол берілмейді.

25. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін қамтамасыз ету

      1. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін және оларға қызмет көрсететін көлік құралдарының тұрақтарын ұйымдастыру:

      1) тірек-қимыл аппараты бұзылған жүргізушілер немесе тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға немесе зағиптарға қызмет көрсететін көлік құралдарының жүргізушілері басқаратын көлік құралдарына 3.28, 3.29, 3.30 тыйым салатын жол белгілерінің күші қолданылмайды;

      2) тірек-қимыл аппараты бұзылған жүргізушілер немесе тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға қызмет көрсететін көлік құралдарының жүргізушілері басқаратын көлік құралдары басқаруға арналған тиісті механизмдермен және (немесе) керек-жарақтармен жабдықталуға тиіс;

      3) егер 5.15 белгісімен 7.17 деген қосымша ақпарат жол белгісі (тақтайша) орнатылған жағдайда, 5.15 жол белгісінің күші "Мүгедек" деген таным белгілері орнатылған мотоколяскалар мен автомобильдерге ғана қолданылады;

      4) егер тыйым салатын не нұсқайтын жол белгілерімен 7.18 қосымша ақпарат жол белгісі (тақтайша) орнатылған жағдайда, онда осы жол белгілерінің күші "Мүгедек" деген таным белгілері орнатылған мотоколяскалар мен автомобильдерге қолданылмайды.

      2. "Мүгедек" деген таным белгілері бар көлік құралдарын басқаратын тірек-қимыл аппараты бұзылған жүргізушілердің:

      1) тұрған көлік құралы жаяу жүргіншілердің жүруі үшін ені кемінде бір жарым метр бос жолақ қалдырып, тротуарға толығымен орналасқан жағдайда елді мекендердегі аялдауға немесе тоқтап тұруға тыйым салатын жол белгілері қолданылатын аймақта аялдауға және көлік құралын тоқтатып қоюға құқығы бар. Бұл қағида тоқтауға тыйым салатын жол таңбасымен белгіленген жол учаскелерінде қолданылмайды;

      2) жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмейтін және басқа да көлік құралдарын жол жүрісі мүмкіндігінен айырмайтын жағдайда тоқтап тұруға тыйым салатын жол белгілері қолданылатын аймақта, уақыты шектеуді тұрақ орындарында көзделген мерзімнен артық және тұрақ орындарының шегінен тыс аула аумағындағы жолдарда көлік құралын қоюға құқығы бар.

      3. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға немесе зағиптарға қызмет көрсететін "Мүгедек" деген таным белгілері бар көлік құралдарының жүргізушілері елді мекендердегі аялдауға тыйым салатын жол белгілері қолданылатын аймақта көлік құралын тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды немесе зағиптарды отырғызу немесе түсіру үшін тоқтатады.

      4. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамды немесе зағипты қолынан жетектеп межелі жеріне және кері алып жүретін, тірек-қимыл аппараты бұзылған адамға немесе зағипқа қызмет көрсететін "Мүгедек" деген таным белгілері бар көлік құралының жүргізушісі елді мекендерде көлік құралын осы бөлімнің 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларда тоқтатады.

  Жол жүрісі қағидаларына
1-қосымша

Жол белгілері (ҚР СТ 1125 және ҚР СТ 1412 бойынша)

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 02.08.2017 № 463 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.10.2017 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Ескертпе. Жол белгілерін таңбалау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

1. Ескерту белгілері

      Ескерту белгілері жүргізушілерге олардың бойымен жүру жағдайға сәйкес шаралар қабылдауды талап ететін жолдың қауіпті учаскесіне жақындағаны туралы хабарлайды.

      1.1 "Шлагбаумы бар теміржол өтпесі".

      Ескертпе. Жол белгілерін нөмірлеу ҚР СТ 1125-ке сәйкес келеді. Жол белгілерінің атаулары мен суреттері 2-суретте келтірілген. 4.1.2 және 4.1.3 жол белгілерінің суреттері ҚР СТ 1125-ке сәйкес өзгертілді, осы жол белгілерінің алдыңғы суреттері олар ауыстырылғанға дейін қолданыста болады.

      1.2 "Шлагбаумы жоқ теміржол өтпесі".

      1.3.1 "Бір жолды теміржол".

      1.3.2 "Көп жолды теміржол". Шлагбауммен жабдықталмаған теміржол арқылы өтпені белгілеу: 1.3.1 - бір жолмен, 1.3.2 - екі және одан көп жолмен.

      1.4.1 - 1.4.6 "Теміржол өтпесіне жақындау". Елді мекеннен тыс теміржол өтпесіне жақындау туралы қосымша ескерту.

      1.5 "Трамвай желісімен қиылысу".

      1.6 "Тең мағыналы жолдардың қиылысуы".

      1.7 "Шеңберлі жүріспен қиылысу".

      1.8 "Бағдаршамның реттеуі". Жол жүрісі бағдаршаммен реттелетін жол қиылысы, жаяу жүргінші өткелі немесе жол учаскесі.

      1.9 "Ашылатын көпір". Ашылатын көпір немесе паром өткелі.

      1.10 "Жағалауға шығу". Жағалауға немесе жағаға шығу.

      1.11.1, 1.11.2 "Қауіпті бұрылыс". Шағын радиусты немесе көрінуі шектеулі жолдың доғалануы: 1.11.1 - оңға, 1.11.2 - солға.

      1.12.1, 1.12.2 "Қауіпті бұрылыстар". Қауіпті бұрылыстар бар жол учаскелері: 1.12.1 - бірінші бұрылыспен оңға, 1.12.2 - бірінші бұрылыспен солға.

      1.13 "Тік еңіс".

      1.14 "Тік өрлеу".

      1.15 "Тайғақ жол". Жүру бөлігінің қатты тайғанақ жол учаскесі.

      1.16 "Тегіс емес жол". Жүру бөлігінде тегіс емес жерлері бар жол учаскесі (толқынды, шұңқыр, көпірлермен үйлесімсіз жалғасқан және сол сияқтылар).

      1.16.1 "Жасанды бұдырлық".

      1.17 "Қиыршық тас шашылған". Көлік құралдарының дөңгелегі астынан қиыршық тас, ұсатылған тас және сол сияқтылар шашырауы мүмкін жол учаскесі.

      1.18.1 - 1.18.3 "Жолдың тарылуы". 1.18.1 - екі жағынан, 1.18.2 - оң жағынан, 1.18.3 - сол жағынан тарылуы.

      1.19 "Екіжақты жүріс". Қарсы жүру жол учаскесінің (жүру бөлігінің) басталуы.

      1.20 "Жаяу жүргінші өткелі". 5.16.1, 5.16.2 белгілерімен және (немесе) 1.14.3 таңбаларымен белгіленген жаяу жүргінші өткелі.

      1.21 "Балалар". Балалар мекемесіне (мектептер, сауықтыру лагерлері және сол сияқтылар) жақын балалар жүріс бөлігіне шыға келуі мүмкін жол учаскесі.

      1.22 "Велосипед жолымен қиылысу".

      1.23 "Жол жұмыстары".

      1.24 "Мал айдау".

      1.25 "Жабайы хайуанаттар".

      1.26 "Тас түсу". Опырылып құлау, көшкін жүруі, тас түсуі мүмкін жол учаскесі.

      1.27 "Бүйірден соғатын жел".

      1.28 "Төмен ұшатын ұшақтар".

      1.29 "Тоннель". Жасанды жарықтандыруы жоқ тоннель немесе кіру порталының көрінуі шектеулі тоннель.

      1.30 "Басқа қауіптер". Басқа ескерту белгілерімен көзделмеген қауіптіліктері бар жол учаскесі.

      1.31.1, 1.31.2 "Бұрылыс бағыты". Көрінуі шектеулі шағын радиусты жол доғалануындағы жүру бағыты. Жолдың жөнделетін учаскесін айналып өту бағыты.

      1.31.3 "Бұрылыс бағыты". Т үлгісіндегі жол қиылысында немесе жолдардың тармақталуындағы жүру бағыты. Жолдың жөнделетін учаскесін айналып өту бағыты.

      1.31.4, 1.31.5 "Бұрылыс бағыты".

      1.32.1, 1.32.2 және 1.32.3 "Кедергіні айналып өту".

      1.33 "Қауіпті жол жиегі".

      1.34 "Кептеліс".

      1.1, 1.2, 1.5 - 1.3. ескерту белгілері қауіпті учаске басталғанға дейін елді мекеннен тыс жерлерде 150 - 300 м қашықтықта, ал елді мекендерде және тұрғын аймақтарда 50 - 100 м қашықтықта орнатылады. Қажет болған жағдайларда белгілер 7.1.1 тақтайшасында көрсетілетін өзге қашықтықта да орнатылуы мүмкін.

      1.13. және 1.14 белгілері, егер еңістер мен өрлеулер бірінен соң бірі келетін болса, тікелей еңістің немесе өрлеудің басталуы алдында 7.1.1 тақтайшасыз орнатылуы мүмкін.

      1.23 белгісі жүру бөлігінде қысқа мерзімді жұмыстар жүргізілген кезде жұмыстар жүргізілетін жерге дейін 10 - 15 м қашықтықта орнатылуы (7.1.1. тақтайшасыз) мүмкін.

      Елді мекендерден тыс жерлерде 1.1, 1.2, 1.9, 1.10, 1.21 және 1.23 белгілері қайталанады. Екінші белгі қауіпті учаске басталғанға дейін кемінде 50 м қашықтықта орнатылады.

      1.4.1 - 1.4.3 белгілері жолдың оң жағынан, ал 1.4.4 - 1.4.6 - сол жағынан орнатылады. 1.4.1 және 1.4.4 белгілері - жүру барысы бойынша бірінші 1.1 немесе 1.2 белгісінің астында, 1.4.3 және 1.4.6 белгілері - екінші 1.1 немесе 1.2 белгісінің астында, ал 1.4.2 және 1.4.5 белгілері - бірінші және екінші 1.1 немесе 1.2 белгілерінің арасына тең қашықтықта өздігінен орнатылады.

      1.3.1 және 1.3.2 белгілері тікелей теміржол өтпесінің алдына орнатылады.

2. Басымдық белгілері

      Басымдық белгілері жол қиылыстарынан, жүру бөлігінің қиылыстарынан немесе жолдың тар учаскелерінен өту кезектілігін белгілейді.

      2.1 "Басты жол". Реттелмейтін жол қиылыстарынан басымдықпен өту құқығы берілген жолдар.

      2.2 "Басты жолдың аяқталуы".

      2.3.1 "Екінші дәрежелі жолмен қиылысу".

      2.3.2, 2.3.3 "Екінші дәрежелі жолға жанасу". 2.3.2, 2.3.4, 2.3.6, - оң жақтан, 2.3.3, 2.3.5, 2.3.7 - сол жақтан жанасу.

      2.4 "Жол беріңіз". Жүргізуші қиылысатын, ал 7.13 тақтайшасы болған кезде басты жолдың бойымен жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол береді.

      2.5 "Аялдамай жүруге тыйым салынады". Тоқтау-сызығының алдында, ол жоқ болса - қиылысатын жүру бөлігінің шетіне жетпей аялдамай жүруге тыйым салынады. Жүргізуші қиылысатын жол бойымен, ал 7.13 тақтайшасы болған кезде - басты жолмен жүретін көлік құралына жол береді.

      2.5 белгісі теміржол өтпесі немесе карантин бекеті алдынан қойылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда жүргізуші тоқтау-сызығының, ал ол жоқ болса - белгінің алдында тоқтайды.

      2.6 "Қарсы жүру басымдығы". Егер бұл қарсы жүруді қиындататын болса, жолдың тар учаскесіне шығуға тыйым салынады. Жүргізуші тар учаскедегі немесе оған қарама-қарсы кіру жолындағы қарсы көлік құралдарына жол береді.

      2.7 "Қарсы жүру алдындағы басымдық". Жүргізуші оның бойымен жүру кезінде қарсы көлік құралдарына қарағанда басымдықпен пайдаланатын жолдың тар учаскесі.

3. Тыйым салатын белгілер

      Тыйым салатын белгілер жол жүрісіне белгілі бір шектеулер енгізеді немесе оларды жояды.

      3.1 "Кіруге тыйым салынады". Осы бағытта барлық көлік құралдарының кіруіне тыйым салынады.

      3.2 "Жүруге тыйым салынады". Барлық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.

      3.3 "Механикалық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады".

      3.4 "Жүк автомобильдерінің жүруіне тыйым салынады". Жүк автомобильдері мен рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т астам (егер белгіде массасы көрсетілмесе) немесе рұқсат етілген ең жоғары массасы белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдары құрамдарының, сондай-ақ тракторлар мен өздігінен жүретін машиналардың жүруіне тыйым салынады.

      3.4 белгісі борттарында қиғаш ақ жолағы бар немесе адамдарды тасымалдауға арналған жүк автомобильдерінің жүруіне тыйым салмайды.

      3.5 "Мотоциклдердің жүруіне тыйым салынады".

      3.6 "Тракторлардың жүруіне тыйым салынады". Тракторлардың және өздігінен жүретін машиналардың жүруіне тыйым салынады.

      3.7. Тіркемесі бар көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады". Тіркемесі бар көлік құралдарының жүруіне және механикалық көлік құралдарын сүйретуге тыйым салынады.

      3.8 "Көлік-арбаның жүруіне тыйым салынады". Көлік-арбаның (шананың), мініс және жүк артылған малдардың жүруіне, сондай-ақ мал айдауға тыйым салынады.

      3.9 "Велосипедпен жүруге тыйым салынады". Велосипедтер мен мопедтердің жүруіне тыйым салынады.

      3.10 "Жаяу жүргіншілердің жүруіне тыйым салынады".

      3.11 "Массаны шектеу". Жалпы нақты массасы белгіде керсетілгеннен артық көлік құралдарының, оның ішінде көлік құралдары құрамдарының жүруіне тыйым салынады.

      3.12 "Оське түсетін жүктемені шектеу". Қандай болса да оське түсетін нақты жүктемесі белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.

      3.13. "Биіктікті шектеу". Габариттік биіктігі (жүкпен немесе жүксіз) белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.

      3.14 "Енді шектеу". Габариттік ені (жүкпен немесе жүксіз) белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.

      3.15 "Ұзындықты шектеу". Габариттік ұзындығы (жүкпен немесе жүксіз) белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдарының (көлік құралдары құрамының) жүруіне тыйым салынады.

      3.16 "Ең төменгі дистанцияны шектеу". Олардың арасындағы дистанция белгіде көрсетілгеннен кем көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.

      3.17 "Кеден". Кеден (бақылау пунктінің) жанында тоқтамай өтуге тыйым салынады.

      3.17.2 "Қауіптілік". Жол-көлік оқиғаларына, аварияға немесе басқа қауіптіліктерге байланысты әрі қарай барлық көлік құралдарының жүруіне ерекшеліксіз тыйым салынады.

      3.17.3 "Бақылау". Бақылау пункттері арқылы аялдаусыз жүруге тыйым салынады.

      3.18.1 "Оңға бұрылуға тыйым салынады".

      3.18.2 "Солға бұрылуға тыйым салынады".

      3.19 "Кері бұрылуға тыйым салынады".

      3.20 "Басып озуға тыйым салынады". Сағатына 30 километрден кем жылдамдықпен жүріп келе жатқан жекелегендерден басқа, барлық көлік құралдарын басып озуға тыйым салынады.

      3.21 "Басып озуға тыйым салынатын аймақтың аяқталуы".

      3.22 "Жүк автомобильдеріне басып озуға тыйым салынады". Рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т артық жүк автомобильдеріне, сағатына 30 километрден кем жылдамдықпен жүретін жекелегендерінен басқа, барлық көлік құралдарын басып озуға тыйым салынады. Тракторларға көлік-арба және велосипедтерден басқа барлық көлік құралдарын басып озуға тыйым салынады.

      3.23 "Жүк автомобильдерінің басып озуына тыйым салынатын аймақтың аяқталуы".

      3.24 "Ең жоғары жылдамдықты шектеу". Белгіде көрсетілгеннен артық жылдамдықпен (км/сағ) жүруге тыйым салынады.

      Ескертпе.

      Егер жолдың осы учаскесіне енгізілетін ең жоғары жылдамдықты шектеу алдыңғы учаскедегі қозғалыстың жол берілген жылдамдығынан 20 км/сағ. аса өзгеше болатын болса, бір-бірінен 100 метрден 150 метрге дейінгі арақашықтыққа алшақтатылған 3.24 белгілерін жүйелі орнату арқылы 20 км/сағ. аспайтын қадаммен жылдамдықты сатылап шектеу қолданылады.

      Жылдамдықты сатылап шектеу, егер белгілердің көрінуі кемінде 150 м құраса, 5.22 белгісімен белгіленген елді мекендер алдында қолданылмайды.

      3.25 "Ең жоғары жылдамдық шектелетін аймақтың аяқталуы".

      3.26 "Дыбыстық сигнал беруге тыйым салынады". Сигнал жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін берілген жағдайлардан басқа дыбыс сигналын пайдалануға тыйым салынады.

      3.27 "Тоқтауға тыйым салынады". Көлік құралдарының тоқтауына және тоқтап тұруына тыйым салынады.

      3.28 "Тоқтап тұруға тыйым салынады". Көлік құралдарының тоқтап тұруына тыйым салынады.

      3.29 "Айдың тақ күндері тоқтап тұруға тыйым салынады".

      3.30 "Айдың жұп күндері тоқтап тұруға тыйым салынады". 3.29 және 3.30 белгілерін бір мезгілде қолдану кезінде көлік құралдарының бір жақтан екіншісіне орын ауыстыру уақыты — сағат 19-дан 21-ге дейін.

      3.31 "Барлық шектеулер аймағының аяқталуы". 3.16, 3.20, 3.22, 3.24, 3.26 - 3.30 белгілерінің бірнешеуін бір мезгілде қолдану аймағының аяқталуы.

      3.32 "Көлік құралдарының қауіпті жүктермен жүруіне тыйым салынады". "Қауіпті жүк" деген таным белгімен жабдықталған көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.

      3.33 "Көлік құралдарының жарылғыш және тез тұтанғыш жүктермен жүруіне тыйым салынады". "Қауіпті жүк" деген таным белгімен жабдықталған және МемСТ-19433 бойынша 1, 2.2 - 2.4, 3.1, 3.2, 5.2 сыныптарының қауіпті жүктерін тасымалдауға арналған көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.

      3.2 - 3.9, 3.32 және 3.33 белгілері тиісті көлік құралдары түрлерінің екі бағытта жүруіне тыйым салады.

      Мына белгілердің күші:

      3.1 - 3.3, 3.18.1, 3.18.2, 3.19, 3.27 - маршруттық көлік құралдарына;

      3.2 - 3.8 - белгіленген аймақта орналасқан кәсіпорындарға қызмет ететін, сондай-ақ белгіленген аймақта тұратын немесе жұмыс істейтін азаматтарға қызмет көрсететін немесе осы азаматтарға тиесілі көлік құралдарына. Мұндай жағдайларда көлік құралдары белгіленген аймаққа белгіленген жерге жақын жол қиылысынан кіруі немесе содан шығуы керек;

      3.28 — 3.30 - таксометрі іске қосулы таксиге;

      3.2, 3.3, 3.28 - 3.30 - I және II топтағы мүгедектер басқаратын немесе осындай мүгедектерді тасымалдайтын көлік құралдарына қолданылмайды.

      3.18.1, 3.18.2 белгілерінің күші алдына белгі орнатылған жүру бөлігінің қиылысына қолданылады.

      3.16, 3.20, 3.22, 3.24, 3.26 - 3.30 белгілері қолданылатын аймақтар белгі қойылған жерден бастап одан кейінгі жақын жол қиылысына дейін, ал елді мекендерде жол қиылысы жоқ болса - елді мекен аяқталғанға дейін қолданылады.

      Елді мекеннің алдына қойылған 5.22 белгісімен белгіленген 3.24 белгісінің күші осы белгіге дейін қолданылады.

      Белгілердің күші қолданылатын аймақ мынадай жағдайларда:

      7.2.1 тақтайшасын қолданумен 3.16 және 3.26 белгілері үшін;

      3.20, 3.22, 3.24 белгілері үшін олардың күші қолданылатын аймақтың соңына тиісінше 3.21, 3.23, 3.25 белгілерін орнатумен немесе 7.2.1 тақтайшасын қолданумен; 3.24 белгісінің күші қолданылатын аймақ ең жоғары жүру жылдамдығының басқа мәнімен 3.24 белгісін орнатумен;

      3.27 - 3.30 белгілері үшін олардың күші қолданылатын аймақтың соңына 7.2.3 тақтайшасымен 3.27 - 3.30 қайталама белгілерін орнатумен немесе 7.2.2 тақтайшасын қолданумен азайтылуы мүмкін. 3.27 белгісі 1.4 таңбасымен, ал 3.28 белгісі - 1.10 таңбасымен бірге қолданылуы мүмкін, бұл ретте белгілердің қолданылатын аймағы таңбалау сызығының ұзындығымен айқындалады.

      3.10, 3.27 - 3.30 белгілерінің күші жолдың олар орнатылған жағына ғана қолданылады.

4. Нұсқайтын белгілер

      4.1.1 "Тура жүру", 4.1.2 "Оңға жүру", 4.1.3 "Солға жүру", 4.1.4 "Тура немесе оңға жүру", 4.1.5 "Тура немесе солға жүру", 4.1.6 "Оңға немесе солға жүру". Белгілерде бағыттауыштармен көрсетілген бағыттарда ғана жүруге рұқсат етіледі. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді (нақты қиылыста қажетті жүру бағыттарына сәйкес келетін бағыттаушы кескіндері бар 4.1.1 - 4.1.6 белгілері қолданылуы мүмкін).

      4.1.1 4.1.6 белгілері маршруттық көлік құралдарына қолданылмайды.

      4.1.1 4.1.6 белгілері алдына белгі қойылған жүру бөліктерінің қиылыстарына қолданылады.

      Жол учаскесінің басында орнатылған 4.1.1 белгісі жақын жол қиылысына дейін қолданылады. Белгі іргелес аумақтарға оңға бұрылуға тыйым салмайды.

      4.2.1 "Кедергіні оң жағынан айналып өту", 4.2.2 "Кедергіні сол жағынан айналып өту". Бағыттауышпен көрсетілген жағынан ғана айналып өтуге рұқсат етіледі.

      4.2.3 "Кедергіні оң немесе сол жағынан айналып өту". Кез келген жақтан айналып өтуге рұқсат етіледі.

      4.3 "Шеңберлі жүріс". Бағыттауыштармен көрсетілген бағытта жүруге рұқсат етіледі.

      4.4 "Жеңіл автомобильдер жүрісі". Жеңіл автомобильдер, автобустар, мотоциклдер, маршруттық көлік құралдары мен рұқсат етілген ең жоғары массасы 3.5 т аспайтын жүк автомобильдерінің жүрісі рұқсат етіледі.

      Белгі белгіленген аймақта орналасқан кәсіпорындарға қызмет ететін, сондай-ақ белгіленген аймақта тұратын немесе жұмыс істейтін азаматтарға қызмет көрсететін немесе осы азаматтарға тиесілі басқа көлік құралдарының жүруіне рұқсат береді. Мұндай жағдайларда көлік құралдары белгіленген аймаққа белгіленген жерге жақын жол қиылысынан кіруі немесе содан шығуы керек.

      4.5 "Велосипед жолы немесе велосипед жүретін жолақ". Велосипедпен және мопедпен ғана жүруге рұқсат етіледі.

      4.5.1 Велосипед жолының немесе велосипед жүретін жолақтың аяқталуы.

      4.6 "Жаяу жүргіншілер жолы". Тек қана жаяу жүргіншілердің жүруіне рұқсат етіледі.

      4.7 "Ең төменгі жылдамдықты шектеу". Тек қана көрсетілген немесе одан көп жылдамдықпен (сағ/км) жүруге рұқсат етіледі.

      4.8 "Ең төменгі жылдамдық шектелетін аймақтың аяқталуы".

      4.9 "Қауіпті жүгі бар көлік құралдарының жүру бағыты". "Қауіпті жүк" таным белгісімен жабдықталған көлік құралына 4.9.1 - оңға, 4.9.2 - тіке, 4.9.3 - солға белгілерінде көрсетілген бағыттарда жүруге рұқсат етіледі.

5. Ақпараттық-нұсқағыш белгілер

      Ақпараттық-нұсқағыш белгілер жүрістің белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да объектілердің орналасуы туралы хабарлайды.

      5.1 "Автомагистраль". Автомагистральмен жүру тәртібін белгілейтін Қағида талаптары қолданылатын жол.

      5.2 "Автомагистральдің аяқталуы".

      5.3 "Автомобильдерге арналған жол". Автомобильдер мен мотоциклдердің жүруіне ғана арналған жол.

      5.4 "Автомобильдерге арналған жолдың аяқталуы".

      5.5 "Біржақты жүру жолы". Көлік құралдарының жүрісі бір бағытта бүкіл ені бойынша жүзеге асырылатын жол немесе жүру бөлігі.

      5.6. "Біржақты жүру жолының аяқталуы".

      5.7.1, 5.7.2 "Біржақты жүру жолына шығу". Біржақты жүру жолына немесе жүру бөлігіне шығу.

      5.8.1 "Жолақтар бойынша жүру бағыттары". Жолақтардың саны және олардың әрбіреулерінде рұқсат етілген жүру бағыттары.

      5.8.2 "Жолақ бойынша жүру бағыттары". Жолақ бойынша рұқсат етілген жүру бағыттары.

      Шеткі сол жолақтан сол жаққа бұрылуға рұқсат ететін 5.8.1 және 5.8.2 белгілері осы жолақтан кері бұрылуға да рұқсат етеді.

      Жол қиылысының алдында орнатылған 5.8.1. және 5.8.2. белгілер, егер онда орнатылған басқа 5.8.1 және 5.8.2 белгілері өзге нұсқаулар бермесе, бүкіл жол қиылысына қолданылады.

      5.8.2а "Жолақтар бойынша жүру бағыты";

      5.8.3а "Әртүрлі жүру жолақтарындағы міндетті ең төменгі жылдамдық";

      5.8.4а "Жолақтың басталуы";

      5.8.8а "Жолақтар бойынша жүру бағыттары.

      5.8.3 "Жолақтың басталуы". Өрге көтерілуде қосымша жолақтың немесе тежеу жолағының басталуы.

      Егер қосымша жолақтың алдында орнатылған белгіде "Ең төменгі жылдамдықты шектеу" деген 4.7. белгісі бейнеленген болса, онда көрсетілген немесе одан көп жылдамдықпен негізгі жолақ бойынша жүрісін жалғастыра алмайтын көлік құралының жүргізушісі қосымша жолаққа ауысады.

      5.8.4 "Жолақтың басталуы". Осы бағытта жүруге арналған үш жолақты жолдың орта жолағы учаскесінің басталуы.

      5.8.5 "Жолақтың аяқталуы". Өрге көтерілуде қосымша жолақтың немесе екпінді жүру жолағының аяқталуы.

      5.8.6 "Жолақтың аяқталуы". Осы бағытта жүруге арналған үш жолақты жолдың орта жолағы учаскесінің аяқталуы.

      5.8.7, 5.8.8 "Жолақтар бойынша жүру бағыты".

      5.8.9 "Әртүрлі жүру жолақтарында қолданылатын жылдамдықты шектеу.

      Егер 5.8.7. белгісінде қандай да болмасын көлік құралдарының жүруіне тыйым салатын белгі бейнеленсе, онда осы көлік құралдарының тиісті жолақ бойынша жүруіне тыйым салынады.

      Бағыттауыштардың тиісті саны бар 5.8.7. және 5.8.8. белгілері төрт және одан да көп жолағы бар жолдарда қолданыла алады.

      Ауыстырмалы суреті бар 5.8.7. және 5.8.8. белгілерінің көмегімен реверстік жүріс ұйымдастырылуы мүмкін.

      5.9 "Маршруттық көлік құралдарына арналған жолақ". Көлік құралдарының жалпы легімен жол-жөнекей жүретін маршруттық көлік құралдарының және басқа да қоғамдық көліктің жүруіне ғана арналған жолақ.

      5.9.1 "Маршруттық көлік құралдарына арналған жолақтардың аяқталуы". Маршруттық көлік құралдары мен көлік құралдарының жалпы ағынымен жүріп келе жатқан басқа да қоғамдық көліктің ғана жүруіне арналған жолақтың аяқталуы.

      5.10.1 "Маршруттық көлік құралдары үшін жолағы бар жол". Маршруттық көлік құралдарының және басқа да қоғамдық көліктің жүрісі көлік құралдарының жалпы легіне қарсы арнайы бөлінген жолақта жүзеге асырылатын жол.

      5.10.2, 5.10.3 "Маршруттық көлік құралдары үшін жолағы бар жолға шығу".

      5.10.4 "Маршруттық көлік құралдары үшін жолағы бар жолдың аяқталуы".

      5.11.1 "Кері бұрылу үшін орын". Солға бұрылуға тыйым салынады.

      5.11.2 "Кері бұрылу үшін аймақ". Кері бұрылу аймағының ұзындығы. Солға бұрылуға тыйым салынады.

      5.12 "Автобус және (немесе) троллейбус тоқтайтын орын".

      5.13 "Трамвай тоқтайтын орын".

      5.14 "Жеңіл таксилердің тұрақ орны".

      5.15 "Тұрақ орны".

      5.16.1, 5.16.2 "Жаяу жүргінші өткелі".

      Өткелде 1.14.1 - 1.14.3 таңбалары болмаған кезде 5.16.2 белгісі жолдан оң жақта өткелдің жақын шекарасына, ал 5.16.1 белгісі - жолдан сол жаққа өткелдің алыс шекарасына орнатылады.

      5.17.1, 5.17.2 "Жер асты жаяу жүргінші өткелі".

      5.17.3, 5.17.4 "Жер үсті жаяу жүргінші өткелі".

      5.18 "Ұсынылатын жылдамдық". Жолдың осы учаскесінде жүруге ұсынылатын жылдамдық. Белгінің қолданылу аймағы жақын жол қиылысына дейін, ал 5.8 белгісін ескерту белгісімен бірге қолдану кезінде қауіпті учаскенің ұзындығымен айқындалады.

      5.19.1. — 5.19.3. "Тұйық". Толассыз өтуі жоқ жол.

      5.20.1 "Бағыттарды алдын ала нұсқағыш", 5.20.2. "Бағытты алдын ала нұсқағыш". Белгіде белгіленген елді мекендер мен басқа да объектілерге қарай жүру бағыттары. Белгілерде 5.29.1 белгісінің суреті, автомагистральдардың, әуежайдың символдары, спорттық және өзге де пиктрограммалар салынуы мүмкін. 5.20.1 белгісінде жүру ерекшеліктері туралы хабарлайтын басқа белгілердің суреті салынуы мүмкін. 5.20.1 белгісінің төменгі бөлігінде белгіні орнату орнынан бастап жол қиылысына немесе тежеу жолағының басталуына дейінгі арақашықтық көрсетіледі.

      5.20.1 белгісі, сондай-ақ 3.11 - 3.15 тыйым салу белгілерінің бірі орнатылған жолдардың учаскелерін айналып өтуді нұсқау үшін де қолданылады.

      5.20.3 "Жүру схемасы". Жол қиылысында жекелеген маневрлерге тыйым салу кезіндегі жүру маршруты немесе күрделі жол қиылысында рұқсат етілген жүру бағыттары.

      5.21.1 "Бағытты нұсқағыш", 5.21.2 "Бағыттарды нұсқағыш". Маршрут пункттеріне жүру бағыттары. Белгілерде онда белгіленген объектілерге дейінгі арақашықтық (км) көрсетілуі, автомагистральдардың, әуежайдың символдары, спорттық және өзге де пиктрограммалар салынуы мүмкін.

      5.22 "Елді мекеннің басталуы". Қағидалардың елді мекендерде жүру тәртібін белгілейтін талаптары қолданылатын елді мекеннің атауы және басталуы.

      5.22а "Елді мекеннің басталуы".

      5.23 "Елді мекеннің аяқталуы". Қағидалардың елді мекендерде жүру тәртібін белгілейтін талаптарының күші жоғалатын осы жолдағы орын.

      5.23а "Елді мекеннің аяқталуы".

      5.24 "Елді мекеннің басталуы". Қағидалардың елді мекендерде жүру тәртібін белгілейтін талаптары осы жолда қолданылмайтын елді мекеннің атауы және басталуы.

      5.25 "Елді мекеннің аяқталуы". 5.24. белгісімен белгіленген елді мекеннің аяқталуы.

      5.26 "Объектінің атауы". Елді мекенге қарағанда өзге объектінің атауы (өзен, көл, асу, назар аударарлық орындар және соған ұқсастар).

      5.27 "Арақашықтықтарды нұсқағыш". Маршрутта орналасқан елді мекендерге дейінгі арақашықтық (км).

      5.28 "Километрлік белгі". Жолдың басына немесе аяғына дейінгі арақашықтық (км).

      5.29.1, 5.29.2 "Маршруттың нөмірі". 5.29.1 - жолға (маршрутқа) берілген нөмір; 5.29.2 — жолдың (маршруттың) нөмірі мен бағыты.

      5.30.1 — 5.30.3 "Жүк автомобильдері үшін жүру бағыты". Егер жол қиылысында бағыттардың біреуімен олардың жүруіне тыйым салынса, жүк автомобильдері, тракторлар мен өздігінен жүретін машиналар үшін ұсынылатын жүру бағыты.

      5.31 "Айналып өту схемасы". Жүру үшін уақытша жабық жол учаскесін айналып өту маршруты.

      5.32.1 - 5.32.3 "Айналып өту бағыты". Жүру үшін уақытша жабық жол учаскесінің бағыты.

      5.33 "Тоқтау сызығы". Бағдаршамның (реттеушінің) тыйым салатын сигналы кезінде көлік құралдарының тоқтау орны.

      5.34.1, 5.34.2 "Басқа жүру бөлігіне ауысудың алдын ала нұсқағышы". Бөлу жолағы бар жолда жүру бөлігінің жүру үшін жабық учаскесін айналып өту бағыты немесе оң жақтағы жүру бөлігіне қайту үшін жүру бағыты.

      5.35 "Реверстік жүріс". Бір немесе бірнеше жолақта жүру бағыты қарама-қарсыға өзгеруі мүмкін жол учаскесінің басталуы.

      5.36 "Реверстік жүрістің аяқталуы".

      5.37 "Реверстік жүру жолына шығу".

      5.38 "Тұрғын аймақ". Қағидалардың тұрғын аймақта жүру тәртібін белгілейтін талаптары қолданылатын аумақ.

      5.39 "Тұрғын аймақтың аяқталуы".

      5.40 "Ең жоғары жылдамдықты жалпы шектеулер".

      5.41 "Авариялық тоқтауға арналған алаң".

      5.42 "Фотобейнетіркеу". Қағидаларды бұзуларды стационарлық сертификатталған арнайы техникалық құралмен және аспаппен тіркеу жүзеге асырылады.

      Елді мекеннен тысқары орнатылған 5.20.1, 5.20.2, 5.21.1 және 5.21.2 белгілеріндегі жасыл немесе көк рең көрсетілген елді мекенге немесе объектіге жүру тиісінше автомагистральмен немесе басқа жолмен жүзеге асырылатындығын білдіреді. Елді мекенде орнатылған 5.20.1, 5.20.2, 5.21.1 және 5.21.2 белгілеріндегі жасыл немесе көк рең көрсетілген елді мекенге немесе объектіге жүру осы елді мекеннен шыққаннан кейін тиісінше автомагистральмен немесе басқа жолмен жүзеге асырылатындығын білдіреді; ақ рең көрсетілген объекті осы елді мекенде екендігін білдіреді.

6. Сервис белгілері

      Сервис белгілері тиісті объектілердің орналасуы туралы хабардар етеді.

      6.1 "Алғашқы медициналық көмек пункті".

      6.2 "Аурухана".

      6.3 "Автожанармай құю станциясы".

      6.3.а "Сұйытылған мұнай газындағы (СМГ) автожанармай құю станциясы".

      6.3.б "Сығымдалған табиғи газдағы (СТГ) автожанармай құю станциясы".

      6.4 "Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету".

      6.5 "Автомобильдерді жуу".

      6.6 "Телефон".

      6.7 "Тамақтану пункті".

      6.8 "Ауыз су".

      6.9 "Қонақ үй немесе мотель".

      6.10 "Кемпинг".

      6.11 "Демалыс орны".

      6.12 "Полиция бекеті".

      6.13 "Көліктік бақылау бекеті".

      6.14 "Полиция".

      6.15 "Жол жүрісі туралы ақпаратты беретін радиостанцияны қабылдау аймағы".

      6.16 "Авариялық қызметтермен радиобайланыс аймағы".

      6.17 "Бассейн немесе жағажай".

      6.18 "Дәретхана".

7. Қосымша ақпарат белгілері (тақтайшалар)

      Қосымша ақпарат белгілері (тақтайшалар) олармен қолданылатын белгілерді нақтылайды немесе шектейді.

      7.1.1 "Объектіге дейінгі арақашықтық". Белгіден қауіпті учаскенің, тиісті шектеу енгізу орнының немесе жүру барысы бойынша алдағы белгілі бір объектінің (орынның) басталуына дейінгі арақашықтықты көрсетеді.

      7.1.2 "Объектіге дейінгі арақашықтық". Егер жол қиылысының тікелей алдында 2.5 белгісі орнатылған жағдайда 2.4 белгісінен жол қиылысына дейінгі арақашықтықты көрсетеді.

      7.1.3, 7.1.4 "Объектіге дейінгі арақашықтық". Жолдан тысқары тұрған объектіге дейінгі арақашықтықты көрсетеді.

      7.2.1 "Қолданылу аймағы". Белгілермен белгіленген жолдың қауіпті учаскесінің ұзындығын немесе тыйым салатын және ақпараттық-нұсқағыш белгілерді көрсетеді.

      7.2.2 - 7.2.6 "Қолданылу аймағы". 7.2.2 белгісі 3.27 - 3.30 тыйым салатын белгілердің қолданылу аймағын көрсетеді; 7.2.3 белгісі 3.27 — 3.30 белгілерінің қолданылу аймағының аяқталғанын көрсетеді; 7.2.4 белгісі жүргізушілерге олар 3.27 - 3.30 белгілерінің қолданылу аймағында екендігі туралы хабарлайды; 7.2.5, 7.2.6 белгілері алаңның, ғимарат фасадының және осыған ұқсастардың бір жағының бойында тоқтауға немесе тоқтап тұруға тыйым салу кезінде 3.27 - 3.30 белгілерінің бағытын және қолданылу аймағын көрсетеді.

      7.3.1 - 7.3.3 "Қолданылу бағыттары". Жол қиылысы алдында орнатылған белгілердің қолданылу бағытын немесе жолдың тікелей жанында тұрған таңбаланған объектілерге жүру бағытын көрсетеді.

      7.4.1 - 7.4.8 "Көлік құралының түрі". Белгінің күші қолданылатын көлік құралының түрін көрсетеді.

      7.4.8а "Маршруттық көлік құралының түрі".

      7.4.1 тақтайшасы белгінің күшін жүк автомобильдеріне, ал 7.4.2 тақтайшасы оның ішінде рұқсат етілген массасы 3,5 тоннадан асатын, тіркемесі барларға, 7.4.3 тақтайшасы жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ рұқсат етілген массасы 3,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдеріне, 7.4.8 тақтайшасы "Қауіпті жүк" деген таным белгілерімен жабдықталған көлік құралдарына қолдандырады.

      7.5.1 "Сенбі, жексенбі және мереке күндері",

      7.5.2 "Жұмыс күндері",

      7.5.3 "Апта күндері". Белгі қолданылатын аптаның күндерін көрсетеді.

      7.5.4 "Қолданылу уақыты". Белгі қолданылатын тәуліктің уақытын көрсетеді.

      7.5.5 - 7.5.7 "Қолданылу уақыты". Белгі қолданылатын аптаның күндері мен тәуліктің уақытын көрсетеді.

      7.6.1 - 7.6.9 "Көлік құралын тұраққа қоюдың тәсілі". 7.6.1 барлық көлік құралдары тротуардың бойымен жүру бөлігіне қойылуы тиіс екенін көрсетеді; 7.6.2 - 7.6.9 жеңіл автомобильдер мен мотоциклдерді тротуар маңындағы тұраққа қоюдың тәсілін көрсетеді. 5.15 белгісімен қолданылады.

      7.7 "Жұмыс істемейтін қозғалтқышпен тоқтап тұру". 5.15 белгісімен белгіленген тұрақта қозғалтқышы жұмыс істемейтін көлік құралдарына ғана тоқтап тұруға рұқсат етілетіндігін көрсетеді.

      7.8 "Ақылы қызмет көрсетулер". Қызмет тек қана ақыға ғана көрсетілетінін көрсетеді.

      7.9 "Тоқтап тұрудың ұзақтығын шектеу". Көлік құралының 5.15 белгісімен белгіленген тұрақта болуының ең жоғары уақыт ұзақтығын көрсетеді.

      7.10 "Автомобильдерді қарап тексеруге арналған орын". 5.15 немесе 6.11. белгісімен таңбаланған алаңда эстакада немесе қарау шұңқыры бар екенін көрсетеді.

      7.11 "Толық массаны шектеу". Белгінің күші рұқсат етілген ең жоғары массасы тақтайшада көрсетілгеннен асатын көлік құралдарына ғана қолданылатынын көрсетеді.

      7.12 алып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.10.2017 № 667 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7.13 "Басты жолдың бағыты". Жол қиылысында басты жолдың бағытын көрсетеді.

      7.14 "Жүру жолағы". Бөлігінің немесе бағдаршамның күші қолданылатын жүру жолағын көрсетеді.

      7.15 "Зағип жаяу жүргіншілер". Жаяу жүргіншілердің өтпесін зағиптардың пайдаланатынын көрсетеді. 1.20, 5.16.1, 5.16.2 белгілерімен және бағдаршаммен қолданылады.

      7.16 "Ылғалды жабын". Белгі жүру бөлігінің жабыны ылғал уақыт кезеңінде қолданылатынын көрсетеді.

      7.17 "Мүгедектер". 5.15 белгісінің "Мүгедек" таным белгілері орнатылған мотобесіктер мен автомобильдерге ғана қолданылатынын көрсетеді.

      7.18 "Мүгедектерден басқа". Белгілер "Мүгедек" таным белгілері орнатылған мотобесіктер мен автомобильдерге қолданылмайтынын көрсетеді.

      7.19 "Қауіпті жүк сыныбы". 19433 МемСТ бойынша қауіпті жүктердің сынып (сыныптарының) нөмірін көрсетеді. 3.32, 4.9.1 - 4.9.3 белгілерімен қолданылады.

      7.21.1 "Маршруттық көлік құралының түрі, 6, 19".

      Тақтайшалар олар қолданылатын белгінің тікелей астында орналастырылады. 7.2.2 - 7.2.4, 7.13 тақтайшалары белгілер жүру бөлігінің, жол жиегінің немесе тротуардың үстінде орналасуы кезінде белгінің бүйіріне орналастырылады.

      Уақытша жол белгілерінің (көшірілетін бағандағы) және стационарлық белгілердің мәндері бір-біріне қайшы келген жағдайда, жүргізушілер уақытша белгілерді басшылыққа алуы тиіс.

      2-сурет. ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ

      1. ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ





      2. БАСЫМДЫҚ БЕЛГІЛЕРІ



      3. ТЫЙЫМ САЛАТЫН БЕЛГІЛЕР






      4. НҰСҚАЙТЫН БЕЛГІЛЕР



      5. АҚПАРАТТЫҚ-НҰСҚАҒЫШ БЕЛГІЛЕР







      6. СЕРВИС БЕЛГІЛЕРІ



      7. ҚОСЫМША АҚПАРАТ БЕЛГІЛЕРІ



  Жол жүрісі қағидаларына
2-қосымша

Жол таңбасы және оның сипаттамалары
(ҚР СТ 1124 және ҚР СТ 1412 бойынша)

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 02.08.2017 № 463 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Көлденең таңба

      Көлденең таңба (жүру бөлігіндегі сызықтар, бағыттаушы сызықтары, жазулар және басқа белгілеулер) жүрістің белгілі режимдері мен тәртібін белгілейді.

      1.4, 1.10 және 1.17 сары түсті сызықтардан басқа көлденең таңбалардың түсі ақ болады.

      Көлденең таңба:

      1.1 - қарама-қарсы бағыттағы көліктердің ағынын бөліп тұрады және жолдарда қауіпті жерлердегі жүру жолағының шекарасын белгілейді; кіруге тыйым салынған жүру бөлігінің шекарасын белгілейді; көлік құралдарының тұрақ орындарының шекарасын және автомагистральдарға жатқызылмаған жолдардың жүру бөлігінің шетін белгілейді (таңбалардың нөмірленуі ҚР СТ 1124 сәйкес келеді. Жол таңбасының атауы мен суреттері 3-суретте келтірілген);

      1.2 (жалпақ тұтас сызық) - автомагистральдардағы жүру бөлігінің шетін білдіреді;

      1.3 - төрт және одан да көп жүру жолақтары бар жолдарда қарама-қарсы бағыттардың көлік ағындарын бөледі;

      1.4 - тоқтауға тыйым салынған орындарды білдіреді. Дербес немесе 3.27. белгісімен қолданылады және жүру бөлігінің шетіне немесе бордюрдің жоғары жағынан қойылады;

      1.5 - екі немесе үш жолағы бар жолдарда қарама-қарсы бағыттардағы көлік ағынын бөліп тұрады; бір бағытта жүруге арналған екі немесе одан көп жолақтар болған кезде жүру жолақтарының шекарасын білдіреді;

      1.6 (жақындау сызығы - штрихтарының ұзындығы олардың арасындағы аралықтан 3 есе артық үзік сызық) қарама-қарсы немесе жол-жөнекей бағыттардағы көлік ағынын бөлетін 1.1. немесе 1.11. таңбасына жақындау туралы ескертеді;

      1.7 (штрихтары қысқа және аралықтары оларға тең үзік сызық) - жол қиылысы шегіндегі жүру жолақтарының шекарасын білдіреді;

      1.8 (жалпақ үзік сызық) - екпінді жүру немесе тоқтау жолағы мен жүру бөлігінің негізгі жолағы арасындағы шекараны білдіреді (көше қиылыстарында, әртүрлі деңгейдегі жолдардың қиылысында, автобус аялдамаларының аймағында және осы сияқтыларда);

      1.9 - реверстік реттеу жүзеге асырылатын жүру жолақтарының шекараларын білдіреді; реверстік реттеу жүзеге асырылатын жолдарда қарама-қарсы бағыттардың көлік лектерін бөледі (реверстік бағдаршамдар сөніп тұрғанда);

      1.10 — тоқтап тұруға тыйым салынған жерлерді білдіреді. Дербес немесе 3.28 - 3.30. белгілерімен қоса қолданылады және жүру бөлігінің шетіне немесе бордюрдің жоғары жағына қойылады;

      1.11 - бір жолақтан ғана орын ауыстыруға рұқсат етілген жолдардың учаскелерінде қарама-қарсы немесе жол-жөнекей бағыттағы көлік ағындарын бөледі; бір бағытта ғана жүруге рұқсат етілген тұрақ алаңдарынан және осындай жерлерде кері бұрылуға, кіруге және шығуға арналған жерлерді көрсетеді;

      1.12 (тоқтау-сызығы) — жүргізуші 2.5. белгісі немесе бағдаршамның (реттеушінің) тыйым салатын сигналы кезінде тоқтайтын орынды көрсетеді;

      1.13 — жүргізуші қажет болғанда қиылысатын жолдың бойымен жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол бере отырып, тоқтайтын орынды көрсетеді;

      1.14.1, 1.14.2 ("зебра" (ала) - реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелін білдіреді;

      1.14.2 таңбасының бағыттаушылары жаяу жүргіншілердің жүру бағытын көрсетеді;

      1.14.3 - жүріс бағдаршаммен реттелетін жаяу жүргіншілер өткелін білдіреді;

      1.15 - велосипед жолы жүру бөлігімен қиылысатын жерді білдіреді;

      1.16.1 - 1.16.3 - орындарда бағыттайтын аралдарды білдіреді:

      1.16.1 - қарама-қарсы бағыттағы көлік ағындарын бөлу;

      1.16.2 - бір бағыттағы көлік ағындарын бөлу, 1.16.3 - көлік ағындарының араласуы;

      1.17 - маршруттық көлік құралдарының аялдамаларын және такси тұрақтарын білдіреді;

      1.18 - жол қиылысында жолақтар бойынша рұқсат етілген жүру бағыттарын көрсетеді. Дербес немесе 5.8.1., 5.8.2. белгілерімен қолданылады; тұйықтың суреті бар таңба жақын маңдағы жүру бөлігіне бұрылуға тыйым салынатынын көрсету үшін қойылады; сол жақтағы шеткі жолақтан солға бұрылуға рұқсат ететін таңба кері бұрылуға да рұқсат етеді;

      1.19 - жүру бөлігінің тарылуына (осы бағытта жүру жолақтарының саны азаятын учаскгеі немесе қарама-қарсы бағыттағы көлік ағындарын бөліп тұратын 1.1 немесе 1.11 таңбасының сызықтарына жақындағаны туралы ескертеді. Бірінші жағдайда 1.19 таңбасы 1.18.1 - 1.18.3 белгілерімен қоса қолданылуы мүмкін;

      1.20 - 1.13 таңбасына жақындағаны туралы ескертеді;

      1.21 - ("ТОҚТА" деген жазу) - 2.5 белгісімен қоса қолданылатын кездегі 1.12. таңбасына жақындағаны туралы ескертеді;

      1.22 - жолдың (маршруттың) нөмірін көрсетеді;

      1.23-маршруттық көлік құралдарына және басқа да қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақты көрсетеді.

      1.1 - 1.3 сызықтарын кесіп өтуге тыйым салынады.

      1.1 және 1.2 сызықтарын көлік құралының жол жиегіне тоқтауы үшін, ал 1.1. сызығын ерекшелік ретінде, егер оны бұл ерекшелікті қолданбай орындау мүмкін болмаса, кедергіні айналып өту кезінде кесіп өтуге жол беріледі.

      1.4 сызығы маршруттық көлік құралдарына қолданылмайды.

      1.5. — 1.8 сызықтарын кез келген жағынан кесіп өтуге рұқсат етіледі.

      1.9 сызығын реверстік бағдаршамдар жоқ болғанда немесе олар сөніп тұрғанда, егер ол жүргізушінің оң жағында орналасса кесіп өтуге рұқсат етіледі; реверстік бағдаршамдар қосулы кезде - егер ол жүру бір бағытта рұқсат етілген жолақтарды бөліп тұрса, кез келген жағынан кесіп өтуге рұқсат етіледі. Реверстік бағдаршамдар сөніп тұрса, жүргізуші дереу 1.9 таңбасының сызығынан оңға орын ауыстырады.

      Қарама-қарсы бағыттардың көлік ағындарын бөлетін 1.9 сызығын реверстік бағдаршамдар сөніп тұрған кезде кесіп өтуге тыйым салынады.

      1.10 сызығының күші I және II топтағы мүгедектер басқаратын немесе осындай мүгедектерді тасымалдайтын көлік құралдарына және таксометрі іске қосулы таксилерге қолданылмайды.

      1.11 сызығын үзік сызық жағынан, сондай-ақ басып озу немесе айналып өту аяқталғаннан кейін ғана тұтас жағынан кесіп өтуге рұқсат етіледі.

      Алып жүретін тақтада орналасқан уақытша жол белгілері мен таңба сызықтарының мәні бір-біріне қайшы келетін жағдайларда жүргізушілер белгілерді басшылыққа алуы тиіс.

2. Тігінен таңба

      Жол құрылыстарындағы және жол жабдықтары элементтеріндегі қара және ақ түсті жолақтың араласуы түріндегі тігінен таңба олардың габариттерін көрсетеді және көріп бағдарлау құралы болып табылады.

      Тігінен таңба:

      2.1 — элементтер жүріп келе жатқан көлік құралдарына қауіп төндірсе, жол ғимараттары элементтерін (көпір таянышы, жол құбырлары, парапеттердің бүйір бөлігі және сол сияқтылар) білдіреді;

      2.2 - тоннельдердің, көпір және жолқұбырлары өту құрылымының төменгі шетін білдіреді;

      2.3 - бөлу жолақтарында немесе қауіпсіздік аралдарында орнатылған дөңгелек тумбаны білдіреді;

      2.4 - бағыттаушы бағаналарды, бағаншаларды, қоршау таяныштарын және сол сияқтыларды білдіреді;

      2.5 — шағын радиустың айналыстарындағы, тік құлама жарлардағы, басқа да қауіпті учаскелердегі жол қоршауларының бүйір жағын білдіреді;

      2.6 - басқа учаскелердегі жол қоршауларының бүйір жағын білдіреді;

      2.7 - қауіпті учаскелер мен биіктегі қауіпсіздік аралдарының бордюрлерін білдіреді.

      3-сурет. ЖОЛ ТАҢБАСЫ

      КӨЛДЕНЕҢ ТАҢБА





      ТІГІНЕН ТАҢБА



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 13 қарашадағы
№ 1196 қаулысымен
бекітілген

Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелер

      1. Жол жүрісі қауіпсіздігіне және қоршаған ортаны қорғауға қатысты бөлікте жол жүрісіне қатысушы көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен жабдығы оларды техникалық пайдалану жөніндегі тиісті техникалық регламенттердің, стандарттардың, қағидалар мен нұсқаулардың талаптарына сай келуге тиіс.

      2. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелер "Транзит" тіркеу белгісінің қолданылу мерзімі ішінде не сатып алған немесе кедендік декларацияланған сәттен бастап 10 тәуліктен кешіктірілмей ішкі істер органдарында тіркелуі тиіс.

      3. Механикалық көлік құралдарында (трамвайлар мен троллейбустардан басқа) және тіркемелерде көзделген орындарда мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері ҚР СТ 986 стандартына сәйкес орнатылуы тиіс.

      Тіркеу белгілерінің цифрлары мен әріптері жүк автомобильдерінің, тіркемелердің (жеңіл автомобильдер мен мотоциклдердің тіркемелерінен басқа) және автобустардың шанақтарының артқы жақтауында қайталануы тиіс. Цифрлардың биіктігі - кемінде үш жүз миллиметр, ені кемінде бір жүз жиырма миллиметр, штрихтың қалыңдығы - отыз миллиметр, әріптердің мөлшері - сандардың мөлшерінің 2/3.

      Трамвайлар мен троллейбустарға тиісті ведомстволар беретін тіркеу нөмірлері жазылады.

      4. Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салатын ақаулар орын алып, жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, көлік құралы міндетті техникалық қарап тексеруден қайталап өтеді.

      Ескертпе. Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салатын ақаулар орын алып, жол-көлік оқиғасы болған жағдайда ішкі істер органдарының оған уәкілетті лауазымды адамдары көлік құралын міндетті техникалық қарап тексеруден қайталап өтуге жібереді.

      Механикалық көлік құралының міндетті техникалық қарап тексеруден өтуі фактісі механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді сұрату арқылы жүзеге асырылады.

      5. Жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын борттық платформасы бар жүк автомобилі еденінен отыз — елу сантиметр және борттың жоғарғы жиегінен кемінде отыз сантиметр биіктікте бекітілген орындықтармен жабдықталады, ал балаларды тасымалдау кезінде, сонымен қатар борттың биіктігі еденнің деңгейінен кемінде сексен сантиметр болады.

      Артқы немесе қапталдағы борттардың бойында орналастырылған орындықтардың берік арқалықтары болады.

      6. Жүргізуге оқыту үшін пайдаланылатын және оқу ұйымына тиесілі механикалық көлік құралы қосымша ажыратуыш жетегі және тежеуіш педальдарымен, "Оқу көлік құралы" таным белгісімен жабдықталуы тиіс, осындай көлік құралдарының бүйір және артқы жақтарына мемлекеттік тілде "Оқу көлік құралы" деген жазу жазылады.

      7. Велосипедте ақаусыз тежеуіш, руль және дыбыстық белгі болуы тиіс, алдынан жарық шағылыстырғышпен және фонарьмен немесе ақ түсті фарамен (тәуліктің қараңғы уақытында және көрінуі жеткіліксіз жағдайларда жүру үшін), артынан - жарықты қайтарушымен немесе қызыл түсті фонарьмен, ал әрбір бүйір жағынан - қызғылт сары немесе қызыл түсті жарық шағылыстырғышпен жабдықталады.

      8. Көлік-арбада конструкциясында көзделген ақаусыз тұрақ тежеуіш құрылғысы мен сырғанап кетуге қарсы тіреуіш болуы, алдынан екі жарық шағылыстырғышпен немесе ақ түсті фонарьмен (тәуліктің қараңғы уақытында және көрінуі жеткіліксіз жағдайларда жүру үшін), артынан - екі жарық шағылыстырғышпен немесе қызыл түсті фонарьмен жабдықталуы тиіс.

      9. Көлік құралдарында таным белгілері орнатылады:

      Ескертпе. Таным белгілерінің атаулары мен суреттері 4-суретте келтірілген.

      "Автопойыз" - аралары бір жүз елуден үш жүз миллиметрге дейін аралықта кабинаның төбесінде көлденең орналасқан қызғылт сары түсті үш фонарь түрінде — тіркемесі бар жүк автомобильдері мен дөңгелекті тракторларға (1, 4 сыныбы және одан жоғары) арналған, сондай-ақ біріктірілген автобустар мен троллейбустарға арналған. Автопойызда ішкі жарықтандыру үшін құрылғысы бар сары түсті тең жақты үшбұрыш түріндегі (жақтары - екі жүз елу миллиметр) таным белгілерін қолдануға жол беріледі;

      жүргізушінің қалауы бойынша "Бұдырлар" – қызыл түсті жиегі бар, ұшы жоғары қараған, ішіне қара түсті "Ш" әрпі жазылған ақ түсті жақтары тең үшбұрыш (үшбұрыштың жақтары кемінде екі жүз миллиметр, жиектің ені – жақтың 10/1) түрінде бұдырланған шиналары бар механикалық көлік құралдарының артында;

      "Балаларды тасымалдау" - қызыл түсті жиегі бар, 1.21. жол белгісінің символы қара бояумен салынған сары түсті квадрат (жақтары кемінде екі жүз миллиметр, жиектің ені - жақтың 10/1) түрінде - балалар топтарын тасымалдау кезінде автобустардың немесе жүк автомобильдерінің алдынан және артынан;

      "Саңырау жүргізуші" - ішіне ұшы төменге қаратылған жорамалданған тең жақты үшбұрыштың бұрыштарында орналасқан диаметрі қырық миллиметр үш қара шеңбер жүргізілген жүз алпыс миллиметр диаметрлі сары шеңбер түрінде — мылқау-саңырау немесе саңырау жүргізушілер басқаратын механикалық құралдарының алдынан және артынан;

      "Оқу көлік құралы" - ішіне онда қара түсті "У" әрпі жазылған, қызыл түсті жиегі бар, ұшы жоғары қаратылған ақ түсті тең жақты үшбұрыш (жақтары - кемінде екі жүз миллиметр, жиегінің ені жақтың 1/10) түрінде - жүргізуге оқыту үшін пайдаланылатын механикалық көлік құралдарының алдынан және артынан (жеңіл автомобильдің төбесіне екіжақты белгі орнатуға жол беріледі);

      "Жылдамдықты шектеу" - рұқсат етілген жылдамдық көрсетіліп, 3.24 жол белгісінің кішірейтілген түрлі түсті суреті (белгінің диаметрі - кемінде жүз алпыс миллиметр, жиегінің ені - диаметрдің 10/1) түрінде - ауыр салмақты және ірі габаритті жүктерді таситын механикалық көлік құралдарында шанақтың артқы сол жағына, сондай-ақ техникалық сипаттамасы бойынша көлік құралының ең жоғары жылдамдығы Қағидалардың 10.3-тармағында айқындалғаннан төмен жағдайларда.

      4-сурет. ТАНЫМ ЖӘНЕ ӨЗГЕ БЕЛГІЛЕР



      "Қауіпті жүк" - ҚР МемСТ Р 41.104 талаптарына сәйкес келетін жарық қайтарғыш беті бар, көлемі 690x300 мм, 400x300 мм мөлшеріндегі оң бөлігі қызғылт сары, ал сол жағы — қара түсті жиегі (ені — он бес миллиметр) бар ақ түске боялған және жүктің қауіпті белгілерін сипаттайтын таңбалары бар (МемСТ 19433 бойынша) тікбұрыш түрінде - осындай жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарының алдынан және артынан;

      "Ірі көлемді жүк" - СТ ҚР МемСТ Р 51253 және СТ ҚР МемСТ Р 41.104 МемСТ-ның талаптарына сәйкес жарықты қайтарғыш беті бар ені елу миллиметр кезектесіп келетін қызыл және ақ жолақтар қиғашынан салынған көлемі 400x400 мм қалқанша түрінде - ірі көлемді жүктің алдынан, артынан және бүйірінен;

      "Ұзын өлшемді көлік құралы" - көлемі кемінде 1200x200 мм, жарық шағылыстыратын беті, қызыл түсті жиегі (ені - қырық миллиметр) бар сары түсті тікбұрыш түрінде - ұзындығы (бір тіркемені қоса алғанда) жүкпен немесе жүксіз жиырма метрден астам көлік құралының және екі және одан да көп тіркемелері бар автопоездардың артына. Аталған көлемдегі белгіні орналастыру мүмкін болмаған кезде көлік құралының осіне симметриялы, көлемі кемінде 600x200 мм екі бірдей белгіні орнатуға жол беріледі;

      "Мүгедек" - жақтауы бір жүз елу миллиметр және қара түсті 7.17 жол белгісінің символы салынған сары түсті төртбұрыш түрінде - І және II топтағы мүгедектер басқаратын немесе осындай мүгедектерді тасымалдайтын механикалық көлік құралдарының алдынан және артынан.

      Жүргізушінің қалауы бойынша "Дәрігер" таным белгісі орнатылуы мүмкін - ішіне қызыл крест салынған (биіктігі - тоқсан миллиметр, штрихтің ені - жиырма бес миллиметр) ақ шеңбері (диаметрі - бір жүз жиырма бес миллиметр) салынған көк түсті төртбұрыш (жақтары - бір жүз қырық миллиметр) түрінде - дәрігер-жүргізуші басқаратын автомобильдің алдынан және артынан.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.10.2017 № 667 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Авариялық тоқтау белгісі МемСТ 24333 талаптарына сәйкес келуі тиіс. Қағидалардың 7-бөлімінің талаптарына сәйкес қолданылатын фонарьдан сәулеленетін жанып-сөнетін қызыл түс күндіз ашық ауа райында және көрінуі жеткіліксіз жағдайларда жақсы байқалуы тиіс.

      11. Қазақстан Республикасы көлік құралының "KZ" айырым белгісі мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінен бөлек орнатылған жағдайда, ол мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс: әріптердің биіктігі кем дегенде сексен миллиметр болуы және ені кем дегенде он миллиметр штрихтармен белгіленуі тиіс. Әріптер бас осі көлденең эллипс нысанындағы ақ фонда қара болуы тиіс. Ақ фон жарық қайтаратын материалдан болуы мүмкін. Белгі жеңіл автомобильдердің, микроавтобустар мен автобустардың артқы әйнегінің жоғарғы оң жақ бұрышқа, ал қалған көлік үшін - артқы панельдің оң жақ бөлігінің ортасына жабыстырылады немесе орнатылады.

      12. Механикалық көлік құралдарын сүйреу кезіндегі икемді байланыстыру буындарды белгілеу үшін ескерту құрылғылар жарық қайтаратын беті бар, екі жақтан ені елу миллиметр кезектесіп келетін қызыл және ақ жолақтар қиғашынан салынған көлемі 200x200 мм жалаушалар немесе қалқаншалар түрінде орындалуы тиіс.

      Икемді байланыстырушы буынға кемінде екі ескерту құрылғысы орнатылуы тиіс.

      13. Қатты сүйрету құрылғысының конструкциясы МемСТ 25907 талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      14. Мынадай:

      1) жол жүрісі қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қатер төндіретін техникалық ақаулар мен жағдайлар болған, көлік құралдары оларды техникалық пайдалану жөніндегі тиісті техникалық регламенттерге, стандарттарға, қағидалар мен нұсқауларға сәйкес келмеген, сондай-ақ оларды тиісті келісусіз қайта жабдықтаған;

      2) Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3) көлік құралына орнатылған тораптар мен агрегаттардың нөмірлері көлік құралының тіркеу құжаттарындағы енгізілген деректерге сәйкес келмеген, сондай-ақ егер көлік құралына орнатылған тораптар мен агрегаттарда жасырын, қолдан жасалған және өзгертілген нөмірлер болған;

      4) тіркеу құжаттары болмаған;

      5) шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған, автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлік құралдарын қоспағанда, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген;

      6) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері болмаған немесе олар белгіленген талаптарға және тіркеу құжаттарына сәйкес келмеген;

      7) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалмаған

      8) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.10.2017 № 667 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      9) егер олардың техникалық жай-күйі мен жабдықталуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен көлік құралдарын пайдалануға тыйым салатын ақаулар мен жағдайлар тізбесінің талаптарына сай болмаған;

      10) бір құрамда жүруге арналмаған тіркемелері бар автомобильдерді басқарған;

      11) рельстік көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін техникалық ақаулары болған, сондай-ақ, егер олардың техникалық жай-күйі мен жабдықталуы көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына сай болмаған;

      12) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалармен боялуға жататын жедел және арнаулы қызметтердің тізбесіне кірмейтін көлік құралдары арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталған және арнайы түрлі-түсті графикалық схемалармен боялған;

      13) көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасының талаптарында көзделмеген орындарға орнатылған;

      14) қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарының алдыңғы және артқы жақтарында "Қауіпті жүк" белгісі болмаған жағдайларда көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.10.2017 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2018 № 749 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      15. Көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға және өзге де тұлғаларға:

      1) ақауларының болуынан пайдалануға тыйым салынған немесе тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген немесе міндетті техникалық қарап тексеруден өтпеген, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаспаған иелердің көлік құралдарын желіге шығаруына;

      2) масаң күйдегі (алкогольдік, есірткілік немесе өзге), реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсеріндегі, жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйдегі және бұл санаттағы көлік құралын басқару құқығы жоқ жүргізушілерге көлік құралдарын басқаруға рұқсат беруіне;

      3) шынжыр табанды тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарды асфальтты- және цемент-бетонды жабын жолдармен жүруге жіберуіне тыйым салынады.

      Ескертпе. Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелердің мәтінінде Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларында белгіленген арнайы терминология пайдаланылды.

  Көлік құралдарын пайдалануға
рұқсат беру жөніндегі негізгі
ережелерге қосымша

Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын, жол жүрісі
қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қауіп тудыратын
ақаулар мен жағдайлардың
ТІЗБЕСІ

      Осы тізбе автомобильдердің, автобустардың, автопойыздардың, тіркемелердің, мотоциклдердің, мопедтердің, тракторлардың, өздігінен жүретін машиналардың ақауларын және оларды пайдалануға тыйым салынатын жағдайларды бекітеді. Келтірілген параметрлерді тексеру әдістері тиісті техникалық регламенттерде, стандарттарда, қағидаларда және оларды техникалық пайдалану жөніндегі нұсқауда реттелген.

1. Тежеу жүйелері

      1. Жол сынаулары кезінде жұмыс тежеу жүйесімен тежеу тиімділігінің кестеде келтірілген нормалары сақталмайды:

      Кесте

Көлік құралдары

Көлік құралының (автопоезд құрамындағы тартқыштың) санаты

Тежеу жолы, м, артық емес

Белгіленген бәсеңдету м/с, кем емес

Жолаушылар және жүкжолаушы автомобильдері

М1*

14,7

5,8

М2, М3

18,3

5,0

Тіркемесі бар жеңіл автомобильдер

М1

14,7

5,8

Жүк автомобильдері

N1 N3

18,3

5,0

Тіркемесі бар жүк автомобильдері (жартылай тіркемесі бар)

N1, N2, N3

19,5

5,0


      Ескертпелер.

      1. Сынау тегіс, құрғақ, таза цементті немесе асфальтты-бетонды жабын жолының көлденең учаскесінде, тежеу басталғанда автомобильдер, автобустар және автопойыздар үшін - сағатына 40 километр және мотоциклдер мен мопедтер үшін - сағатына 30 километр жылдамдық кезінде өткізіледі. Көлік құралдарын жұмыс тежеу жүйесін басқару органына бір рет әсер ету жолымен сынайды. Сынаулар кезінде көлік құралының массасы рұқсат етілген ең жоғары массадан аспауы тиіс.

      2. Көлік құралдарының жұмыс тежеу жүйесінің тиімділігі СТ МемСТ Р 51709 сәйкес басқа көрсеткіштер бойынша да бағалануы мүмкін.

      3. "*" Осы жерде және бұдан әрі көлік құралдарының санаттары ҚР СТ МемСТ Р 51709 А-қосымшада көрсетіледі.

      2. Гидравликалық тежеу жетегінің герметикалығы бұзылған.

      3. Пневматикалық және пневмогидравликалық тежеу жетектері герметикалығының бұзылуы оларды толық іске қосқаннан кейін 15 минут ішінде қозғалтқыш тоқтап тұрғанда ауа қысымының 0,05 МПа (0,5 кгс/см2) астам төмендеуіне соқтырады.

      4. Пневматикалық және пневмогидравликалық тежеу жетегінің манометрі жұмыс істемейді.

      5. Тоқтап тұрғандағы тежеу жүйесі:

      1) 16 % дейін қоса алғанда еңісте — толық тиелген көлік құралдарының;

      2) 23 % дейін қоса алғанда еңісте - жабдықталған күйіндегі жеңіл автомобильдер мен автопойыздардың;

      3) 31 % дейін қоса алғанда еңісте - жабдықталған күйіндегі жүк автомобильдері мен автопойыздардың қозғалыссыз жай-күйін қамтамасыз етпейді.

2. Рульдік басқару

      1. Рульдік басқарудағы жиынтық люфт мына мәндерден асады:

      Көлік құралының түрі жиынтық люфт (градус)

      Жеңіл автомобильдер мен

      олардың негізінде жасалған

      жүк автомобильдері мен

      автобустар... 10

      автобустар... 20

      жүк автомобильдері... 25 артық емес

      2. Детальдар мен тораптардың конструкцияда көзделмеген орын ауыстыруы; резьбалық қосылыстар тартылмаған немесе белгіленген тәсілмен бекітілмеген.

      3. Конструкцияда көзделген рульдік басқарудың күшейткіші немесе рульдік демпфері (мотоциклдер үшін) жоқ немесе ақауы бар.

3. Сыртқы жарық беру аспаптары

      1. Сыртқы жарық беру аспаптарының саны, түрі, түсі, орналасуы мен жұмыс режимі көлік құралдары конструкциясының талаптарына сәйкес келмейді.

      Ескертпе. Өндірістен алынып тасталған көлік құралдарына басқа маркілі және модельдегі көлік құралдарының сыртқы жарық беру аспаптарын орнатуға жол беріледі.

      2. Фараның реттеушісі талаптарға сәйкес емес.

      3. Сыртқы жарық беру аспаптары мен жарық шағылыстырғыштар белгіленген режимде жұмыс істемейді немесе ластанған.

      4. Жарық беру аспаптарында таратқыштары жоқ не осы жарық беру аспаптары үлгісіне сай келмейтін таратқыш пен шам пайдаланылады.

      5. Жарқылдақ маяктардың орнатылуы стандарт талаптарына сәйкес келмейді.

      6. Көлік құралының алдына - қызыл түсті оттары бар жарық беру аспаптары немесе қызыл түсті жарық шағылыстырғыштар, ал артына — артқа жүру және тіркеу белгісін жарықтандыру фонарьларынан, жарық шағылыстырғыш тіркеу, айырым және таным белгілерінің басқа, ақ түсті оттары бар жарық беру аспаптары орнатылған.

4. Алдыңғы әйнектің әйнек тазалағыштары мен әйнек жуғыштары

      1. Әйнек тазалағыштар белгіленген режимде жұмыс істемейді.

      2. Көлік құралының конструкциясында көзделген әйнек жуғыштар жұмыс істемейді.

5. Дөңгелектер мен шиналар

      1. Жеңіл автомобильдердің шиналары 1,6 мм, жүк автомобильдерінің шиналары - 1 мм, автобустардың шиналары - 2 мм, мотоциклдер мен мопедтердің шиналары — 0,8 мм кем протектор суретінің қалдық биіктігіне ие.

      Ескертпе. Тіркемелер үшін шина протекторы суретінің қалдық биіктігінің нормасы сүйретпе-көлік құралдары шинасы үшін нормалармен бірдей.

      2. Шиналардың әр жерінде кордты жалаңаштап тұратындай ақауы бар (соғылған, тілінген, кесілген, жыртылған), сондай-ақ каркастың жіктелуі, протектор мен бүйірінің ажырауы.

      3. Бекіту болты (гайкасы) жоқ немесе дөңгелектің дискісі мен құрсауы жарылған.

      4. Шиналар өлшемі немесе рұқсат етілетін жүктеме бойынша көлік құралының моделіне сәйкес келмейді.

      5. Көлік құралдарының бір осіне әр түрлі мөлшердегі, конструкциядағы (радиальды, диагональды, камералы, камерасыз), үлгідегі, протекторының түрлі суреті бар, тиектелген және тиектелмеген, аязға төзімді және аязға төзімсіз, жаңа және қалпына келтірген шиналар орнатылған.

      6. Қалааралық автобустың (II** сынып) және алыс сапарға шығатын автобустың (III сынып) алдыңғы осіне қалпына келтірілген протекторы бар шиналар, ал басқа остеріне екінші сыныпты жөндеу бойынша қалпына келтірілген шиналар орнатылған.

      Ескертпе: "**" Осы жерде және бұдан әрі автобустардың сыныптары ҚР СТ МемСТ Р 51709 А-қосымшада көрсетілген.

      7. Жеңіл автомобильдің және қалалық автобустың (I сынып) алдыңғы осіне жөндеудің екінші сыныбы бойынша қалпына келтірілген шиналар орнатылған.

6. Қозғалтқыш

      1. Шығарылған газдардағы зиянды заттар және олардың түтінділігі техникалық регламенттер мен стандарттарда белгіленген нормалардан асады.

      2. Қоректену жүйесінің герметикалығы бұзылған.

      3. Пайдаланылған газды шығару жүйесінің ақаулы болуы.

      4. Картерді желдету жүйесінің герметикалығы бұзылған.

7. Конструкцияның басқа да элементтері

      1. Көлік құралының конструкциясында көзделген артқы көрініс айнасы жоқ немесе олардың жиынтығы ҚР СТ МемСТ Р 51709 белгіленген талаптарға сәйкес келмейді.

      2. Көлік құралының конструкциясында көзделген әйнегі және күнге қарсы күнқағарлары жоқ.

      3. Дыбыс сигналы жұмыс істемейді немесе негізгі жиілікпен өзгеріп отыратын дыбыс сигналы орнатылған.

      4. Жүргізуші орнынан көруді шектейтін (артқы көру айналарын, әйнек тазалағыштардың бөлшектерін, сыртқы және орнатылған немесе әйнекке салынған радиоантенналарды, желқағар әйнекті еріту және кептіру құрылғыларының қыздыру элементтерін қоспағанда) жол жүрісіне қатысушылардың жарақат алу қаупіне әкеп соғатын қосымша заттар орнатылған.

      Механикалық көлік құралы кабинасының (салонының) алдыңғы және (немесе) алдыңғы бүйіріндегі әйнектеріне жабын жағылған не түрлі-түсті мөлдір пленкалар жапсырылған.

      Ескертпе. Алдыңғы әйнектің жоғары бөлігіне ені 140 мм аспайтын, ал М3, N2, N3 санаттарындағы автокөлік құралдарына ені алдыңғы әйнектің жоғары шегі мен оның әйнек тазалағышпен тазалау аймағының жоғары шекарасы арасындағы ең аз аралықтан аспайтын түрлі-түсті мөлдір пленка жолағын пайдалануға жол беріледі. Автобустардың терезелеріне пердешелер, сондай-ақ жеңіл автомобильдердің артқы әйнектеріне жалюздер және пердешелер қолдануға жол беріледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.10.2017 № 667 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Автокөлік құралының алдыңғы әйнегінің жүргізуші жағындағы әйнек тазалағышпен тазалайтын бөлігінде сызаттың болуы.

      6. Конструкцияда көзделген шанақ немесе кабина есіктерінің құлыптары, жүк платформасы борттарының тиектері, цистерналар аузының тиектері мен отын бактарының тығындары, жүргізуші және жолаушылар орындықтарын реттейтін және бекітетін құрылғы, есіктердің авариялық ажыратқышы мен автобуста тоқтатуды талап ету сигналы, автобустың авариялық жағдайда шығатын есіктері мен оларды іске қосу құрылғылары, автобустың салонын іштен жарықтандыру аспаптары, есіктерді басқару жетегі және олардың жұмыс істеуінің сигнал беруі, спидометр, тахограф, көлікті айдап әкетуге қарсы құрылғылар, әйнекті жылыту және үрлеу құрылғылары белгіленген тәртіппен жұмыс істемейді.

      7. Конструкцияда көзделген артқы қорғаныс құрылғысының, ластан қорғаушы шалғыштар мен шашыратқыштардың болмауы.

      8. Тартқыштың және тіркеме буынның тарту-қосу және тіреу-қосу құрылғыларының ақаулы болуы, сондай-ақ олардың конструкциясында көзделген сақтандыру тростарының (шынжырларының) болмауы немесе ақаулы болуы. Мотоцикл рамасының бүйірдегі тіркеме рамасымен қосылған жерінде люфттердің болуы.

      9. Мыналардың:

      1) автобуста, жеңіл және жүк автомобильдерінде, дөңгелекті тракторларда медициналық қобдишаның, өрт сөндіргіштің, авариялық тоқтау белгісінің (жанып-сөніп тұратын қызыл фонарь);

      2) рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 тоннадан асатын жүк автомобильдерінде және автобустарда кейін кетуге қарсы тіреуіштердің (кемінде екі);

      3) бүйір тіркемесі бар мотоциклде медициналық қобдишаның, авариялық тоқтау белгісінің (жанып-сөніп тұратын қызыл фонарь);

      4) МемСТ 22895 бойынша М2, М3, N2, N3, 02, 03, 04 санаттарындағы көлік құралдарын СТ ҚР МемСТ Р 51253 және СТ ҚР МемСТ Р 41.104 талаптарына жауап беретін жарық қайтарғыш материалдармен таңбалаудың болмауы.

      Ескертпе. Медициналық қобдишаның дәрілік заттарының және медициналық мақсаттағы бұйымдарының ең аз құрамын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі белгілейді.

      10. Көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түрлі түсті графикалық схемалармен боялуға жататын жедел және арнайы қызметтер тізбесіне кірмейтін көлік құралдарында жедел және арнайы қызметтердің көлік құралдарында қолданылатын, оларды орнату орнына қарамастан, жарқылдақ қызыл және көк түсті жарық сигналдары немесе реңктері кезектесіп тұратын дыбыс сигналдары немесе арнайы түрлі түсті графикалық схемалар пайдаланылады*.

      11. Көлік құралының конструкциясында бекітілуі көзделген қауіпсіздік белдіктерінің болмауы.

      12. Қауіпсіздік белдіктері жұмыс істемейді немесе олардың таспасында көзге көрінетін жыртықтардың болуы.

      13. Көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі ҚР СТ 986 стандарт талаптарына сай келмейді.

      14. Мотоциклде конструкцияда көзделген қауіпсіздік доғасының болмауы.

      15. Мотоцикл мен мопедтерге конструкцияда көзделген табан тірегіштердің, орындықтарында жолаушыларға арналған көлденең тұтқалардың болмауы.

      16. Оларға қойылатын талаптар осы тізбеде регламенттелетін тежегіш жүйелерінің, рульмен басқарудың және өзге тораптар мен агрегаттардың конструкцияда көзделген қосымша элементтерінің болмауы немесе олардың көлік құралын жасаушы кәсіпорынмен немесе уәкілетті басқа ұйыммен келіспей орнатылуы.

      17. Техникалық реттеу саласында көзделген талаптарды бұзумен, көлік құралдарын қайта жабдықтау жүргізілген.

      М1, М2, М3 санатындағы көлік құралдарын орындықтар орнатумен (бөлшектеумен), жатын орындарын және жүк бөліктермен ұйымдастыруға байланысты қайта жабдықтау жүргізілген.

      N1, N2, NЗ санатындағы көлік құралдарын М2 және МЗ санатына ауыстыруға байланысты қайта жабдықтау жүргізілген.

      М1 санаты үшін отыратын орындар санының азайтуға байланысты қайта жабдықтауға жол беріледі.

      М1, М2 санаты үшін оларды N1, N2 санатына ауыстыруға байланысты қайта жабдықтауға жол беріледі.

      Ескертпе: көлік құралдарын қайта жабдықтау (конструкциясын өзгерту) көлік құралының конструкциясында көзделген жол жүрісінің қауіпсіздігіне әсер ететін құрамдас бөліктер мен жабдықтау заттарын алып тастау немесе көзделмегендерін орнату.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.10.2017 № 667 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінде мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің әріптік және цифрлық белгілерін жасыруға мүмкіндік беретін элементтер (құрылғылар) орнатылған.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.10.2017 № 667 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 13 қарашадағы
№ 1196 қаулысымен
бекітілген

Көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер
ТІЗБЕСІ

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.10.2017 № 667 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі.

      2. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел қызметтері.

      3. Қазақстан Республикасы ішкі істер огандарының жедел қызметтері.

      4. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы органдардың жедел қызметтері.

      5. Әскери полиция органдары.

      6. Авариялық қызмет.

      7. Медициналық жедел жәрдем қызметі.

      8. Жеке күзет ұйымдарының ұтқыр жедел ден қою топтары.

      9. Көліктік бақылау органдарының жылжымалы көліктік-бақылау пункттері.

      10. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы прокурорлар департаменті.

      11. Экономикалық тергеу қызметінің жедел бөлімшелері.

      12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел қызметтері.

      13. Инкассация қызметтері.

      14. Ұйымдасқан велосипедшілер топтарымен бірге жүретін көлік құралдары.

      15. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі.

      Ескертпе:

      1. Түсті-графикалық бояу, таным белгілері, жазулар, арнайы жарық және дыбыс сигналдарын орнату Қазақстан Республикасының стандартымен реттеледі.

      2. Мемлекеттік күзет қызметінің, ұлттық қауіпсіздік органдарының, ішкі істер органдарының жедел қызметтерінің, экономикалық тергеу қызметінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар департаментінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің көлік құралдарында арнайы түсті-графикалық бояулар, таным белгілері мен жазулары болмауы да мүмкін.

      3. Көлік құралдарын арнайы түсті-графикалық бояумен, таным белгілерімен, жазулармен, жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталу мүмкіндігімен жеке күзет ұйымдарының жедел ден қою ұтқыр топтарына жатқызу күзет қызметімен айналысатын субъектілерді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның растайтын құжаттарын алғаннан кейін жүзеге асырылады.

      4. Велосипедшілердің ұйымдасқан тобына ілесіп жүруді жүзеге асыратын көлік құралдарына арнайы жарық және дыбыс сигналдарын орнатуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша бояуға рұқсат беруді ішкі істер органдары көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің "Ерекше белгiлер" деген бағанында тиісті жазбаны енгізу жолымен жүргізеді.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 13 қарашадағы
№ 1196 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшін жойған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша арнайы түсті және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін реттеудің жекелеген мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 мамырдағы № 643 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 22, 219-құжат).

      3. "Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1329 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 45, 453-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қаңтардағы № 115 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 4, 64-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 қазандағы № 1021 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 37, 525-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 9-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 420 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 187-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 47 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж, № 5, 18-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 және 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1682 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 46, 433-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 1479 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 6, 130-құжат).

      11. "Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 709 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 604-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады