1992 жылғы 13 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің визаларын өзара тану туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 1211 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 1992 жылғы 13 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің визаларын өзара тану туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. 1992 жылғы 13 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің визаларын өзара тану туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттамаға қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 20 қарашадағы
№ 1211 қаулысымен  
мақұлданған    

Жоба

1992 жылғы 13 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің визаларын өзара тану туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 1992 жылғы 13 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің визаларын өзара тану туралы келісімге бұдан әрі Тараптар деп аталатын қатысушы мемлекеттердің Үкіметтері
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар 1992 жылғы 13 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің визаларын өзара тану туралы келісімнің қолданысы тоқтатылды деп санайды.

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы депозитарийдің соңғы хабарламаны алған күнінен бастап 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      _____ жылғы _____ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол оның куәландырылған көшірмесін осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке жібереді.

      Әзербайжан Республикасының      Ресей Федерациясының
            Үкіметі үшін                   Үкіметі үшін

      Армения Республикасының         Тәжікстан Республикасының
            Үкіметі үшін                   Үкіметі үшін

      Беларусь Республикасының         Түрікменстанның
            Үкіметі үшін                Үкіметі үшін

      Қазақстан Республикасының      Өзбекстан Республикасының
            Үкіметі үшін                  Үкіметі үшін

      Қырғыз Республикасының                Украина
            Үкіметі үшін                  Үкіметі үшін

      Молдова Республикасының
            Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады