Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 1215 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің 28237 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің 52859 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің 68303 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қарамағына берілсін.
      2. Мыналар:
      1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің 28237 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 28237 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып;
      2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің 52859 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 52859 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып;
      3) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің 68303 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 68303 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 20 қарашадағы
№ 1215 қаулысымен   
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тізбесінде:
      «3. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі» деген бөлім мынадай мазмұндағы 41, 42, 43-тармақтармен толықтырылсын:
      «41. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 28237 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      42. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 52859 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      43. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 68303 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.»;
      «4. Төтенше жағдайлар комитеті» деген бөлімде:
      123-тармақтар алып тасталсын.
      2. «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 49, 675-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:
      16-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру факультеттерін бітірген әскерге шақырылушылар танк, авиация, зениттік-зымыран бөлімдеріне және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының азаматтық қорғаныс әскери бөлімдеріне жіберіледі;».
      3. «Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 708-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларында:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында, әскери-тергеу органдарында және азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;»;
      3) тармақша алып тасталсын;
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында және әскери-тергеу органдарында әскери қызметте тұратын әскери қызметшілер бойынша - қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында және әскери-тергеу органдарында әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша - жергілікті әскери басқару органдарына;».
      4. «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 933 қаулысында:
      3-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы болып қайта аталсын.».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады