Күзет қызметін жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1249 қаулысы

      «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары күзет қызметін жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып белгіленсін.
      2. «Күзет қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1421 қаулысы 2-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 77-78, 1150-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады