Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарының атауы және қайта аталуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 1269 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылдық округі Жаңатаң ауылының Жаңатаң орта мектебіне Даңқ орденінің толық иегері Сәрсенғали Ешбаевтың есімі берілсін.
      2. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі Миялы ауылының Дияр орта мектебі ақын Төлеген Айбергенов атындағы орта мектеп болып қайта аталсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады