Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін биліктердің құлау ауданы ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін беру және пайдалану шарттары туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 633 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1311 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы беру және пайдалану шарттары туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 633 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін беру және пайдалану шарттары туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.»;
      2) көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін беру және пайдалану шарттары туралы келісімнің жобасында:
      2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Келісімді орындау бойынша жұмыстарды үйлестіруге жауапты уәкілетті органдар:
      Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті;
      Ресей Тарапынан - Федералдық ғарыш агенттігі болып табылады.»;
      6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«6-бап

      Осы Келісім шеңберінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшырудың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұшыруды жүргізетін ұйым Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті уәкілеттік берген ұйымның қатысуымен құлау ауданына алдын ала кешенді экологиялық тексеруді және ондағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды бағалауды (санитариялық-экологиялық тексеру бөлігінде) жүргізуді қамтамасыз етеді, «Союз» типіндегі тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлауының экологиялық салдарын бағалауды және жоюды, оның ішінде олардың фрагменттерін өздігінен шығаруды, жоюды, сондай-ақ құлау ауданының шегінде орналасқан жер учаскесін қалпына келтіруді жүзеге асырады.
      Ұшыруды жүргізетін ұйым ұшыру жүргізілгеннен кейін 30 тәулік ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен келісілген нысан бойынша «Байқоңыр» ғарыш айлағының позициялық ауданында және құлау ауданында экологиялық мониторинг туралы есепті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне ұсынады.»;
      7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ұшыруды жүргізетін ұйым Қазақстан Республикасының аумағының үстінен «Союз» типіндегі тасымалдағыш зымыранның ұшырылуы және ұшуы туралы ақпаратты «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесі мен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне бір мезгілде береді.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады