Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1315 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1315 қаулысымен
бекітілген

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету,
транзиттеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі, "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне (бұдан әрі – тізім) енгізілген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.06.2019 № 402 (05.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу,
әкету, тәртібі

      2. Тізімге енгізілген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуді (әкетуді) (бұдан әрі – бақыланатын заттарды әкелу (әкету) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтің осы түріне лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      3. Бақыланатын заттарды әкелуді (әкетуді) жүзеге асыру үшін заңды тұлғалар есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қатаң есептілік бланкісінде ресімделген бақыланатын заттарды әкелуге (әкетуге) рұқсатын (бұдан әрі – рұқсат) алуы қажет.

      4. Заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші) рұқсат алу үшін уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      5. Өтініш берушінің мөрімен расталған мынадай құжаттардың:

      1) егер тиісті мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, импорттаушы мемлекеттің құзыретті органының оның аумағына бақыланатын заттардың нақты партиясын әкелуге рұқсатының не көрсетілген рұқсаттың талап етілмейтіні туралы осы органның ресми хабарламасының;

      2) қосымша келісімдер мен қосымшаларды қоса бере отырып, бақыланатын заттарға қатысты сыртқы сауда-саттық шартының;

      3) комиссия шартының (делдал өтініш беруші болып табылса);

      4) қосымша келісімдер мен қосымшаларды қоса бере отырып, бақыланатын заттарға қатысты шарттың;

      5) басшының жеке басын куәландыратын құжаттың;

      6) лицензиарлар берген бақыланатын заттардың айналымы саласындағы қызмет түріне лицензияның көшірмелері өтінішке қоса беріледі.

      6. Өтініш берушіге рұқсат үш данада: өтініш берушіге, экспорттаушы елге, импорттаушы елге беріледі.

      7. Уәкілетті орган өтініш пен құжаттардың көшірмелері түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бас тарту себептерінің негіздемесі өтініш берушіге жазбаша нысанда жеткізіледі.

      8. Егер өтініш беруші осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынбаса, уәкілетті орган рұқсат беруден бас тартады.

      9. Өтініш берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрған жерінің атауы немесе мекенжайы өзгерген жағдайда, рұқсат уәкілетті органға өтініш берілген кезде қайта ресімделеді.

      Рұқсатты қайта ресімдеу өтініш түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      10. Өтініш беруші рұқсатта қате анықтаған кезде уәкілетті орган көрсетілген құжаттарды оның тиісті өтініші бойынша өтініш түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қайта ресімдейді.

      11. Берілген өтініш бақыланатын заттардың айналымы саласындағы қызмет түріне лицензияның болуына қарамастан, өзге заңды тұлғаға берілмеуі тиіс.

      12. Рұқсаттың қолданылу мерзімі рұқсат берілген күнтізбелік жылмен шектеледі.

      13. Егер бақыланатын заттарды әкелу (әкету) рұқсатта белгіленген мерзімде жүзеге асырылмаған болса, онда рұқсат жойылады.

      14. Уәкілетті орган берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      15. Өтініш беруші бақыланатын заттарды әкелуді (әкетуді) жүзеге асырғаннан кейін уәкілетті органға бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нақты әкелу (әкету) туралы есеп ұсынады.

      16. Бақыланатын заттарды әкелуді (әкетуді) жүзеге асыру кезінде рұқсаттың данасы (экспорттаушы ел немесе импорттаушы ел) және бақыланатын заттардың айналымы саласындағы қызмет түріне лицензияның көшірмесі алушы (жөнелтуші) елдің уәкілетті органына жіберіледі.

3. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды транзиттеу
тәртібі

      17. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорларды транзиттеуді (бұдан әрі – бақыланатын заттарды транзиттеу) уәкілетті мемлекеттік орган берген транзиттеуге рұқсаттың негізінде заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      18. Бақыланатын заттарды транзиттеуге рұқсатты ресімдеу үшін өтініш беруші уәкілетті органға:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгiленген үлгiдегi өтiнiшті;

      2) өтiнiш берушi ұйымның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (орыс тіліне аудармасымен);

      3) мемлекеттің қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтiнiш берушi елдің мемлекеттік органы бақыланатын заттардың айналымына байланысты қызметке берген лицензияның не сертификаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (орыс тіліне аудармасымен);

      4) сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша кодтарды көрсете отырып, транзиттеуге жататын бақыланатын заттардың (физикалық және құндық мәнде) атауы мен көлемін;

      5) өтiнiш берушiнiң тарапынан бақыланатын заттарды транзиттеудi жүзеге асыру кезінде ықтимал авариядан келтірілетін залалды өтеу туралы сақтандыру және басқа да қаржылық кепiлдiктердi не өзге де мiндеттемелердi;

      6) түпкілікті жүк алушының осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес бақыланатын заттарды пайдаланудың нақты мақсаты туралы өтiнiшi қоса берілетін бақылауға жататын бақыланатын заттарды жеткізуге арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (орыс тіліне аудармасымен);

      7) мәлімделетін транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде төтенше жағдайлардағы алдын алу және іс-қимыл жасау жүйесiнiң ықтимал аварияның салдарын жоюға әзірлігі туралы өтiнiш берушi елдің құзыреттi ресми органының растамасын;

      8) егер жүкті жүк алушыға беру өзіне байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмайтын жағдайда, бақыланатын заттар бар жүкті жөнелтушінің осы жүкті қабылдап алу міндеттемелері туралы растамасын;

      9) өтiнiш берушiнiң тасымалдаудың нақты шарттарына тексеру жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптауға және атқарушы органдардың басқа да қажеттi iс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ анықталған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтiру қажеттiлігiне және/немесе жүктi экспорттаушы мемлекетке қайтаруға байланысты шығыстарды өтеу туралы pacтамасын ұсынады.

      19. Бақыланатын заттарды транзиттеуге арналған рұқсатта осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мынадай мәліметтер:

      1) экспорттаушының атауы, ел атауы, заңды мекенжайы, телефоны;

      2) импорттаушының атауы, ел атауы, заңды мекенжайы, телефоны;

      3) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтің негізін растайтын лицензия (сертификат) туралы мәліметтер;

      4) түпкілікті жүк алушының деректері;

      5) ел арқылы өтетін бақыланатын заттар туралы мәліметтер;

      6) көлік түрі, бағдар (транзит өтетін шекарадағы кеден органдарын көрсете отырып);

      7) бақыланатын заттарды транзиттеудің мақсаты;

      8) рұқсат берілген күн;

      9) рұқсаттың қолданылу мерзімі көрсетіледі.

      20. Өтініш берушіге транзиттеуге рұқсат төрт данада: лицензия берушіге, экспорттаушы елге, импорттаушы елге, кеден органына беріледі.

      21. Уәкілетті орган транзиттеуге рұқсат беру туралы шешімді құжаттар түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      22. Өтініш беруші осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынбаған жағдайда, бақыланатын заттарды транзиттеуге рұқсатты беруден бас тартылуы мүмкін.

      Бақыланатын заттарды транзиттеуге рұқсатты беруден бас тартылған кезде өтініш берушіге үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

      23. Өтініш берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрған жерінің атауы немесе мекенжайы өзгерген жағдайда, транзиттеуге рұқсат уәкілетті органға өтініш берілген кезде қайта ресімделеді.

      Транзиттеуге рұқсатты қайта ресімдеу өтініш түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      24. Өтініш беруші транзиттеуге рұқсатта қате анықтаған кезде уәкілетті орган көрсетілген құжаттарды оның тиісті өтініші бойынша өтініш келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қайта ресімдейді.

      25. Бақыланатын заттарды транзиттеуге рұқсат өтініш берушіге бір транзиттік операцияны жүзеге асыру үшін беріледі.

      26. Бақыланатын заттарды транзиттеуге берілген рұқсат өзге заңды тұлғаға берілуге тиіс емес.

      27. Бақыланатын заттарды транзиттеуге рұқсаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап алты айдан аспауы керек.

      Бақыланатын заттарды транзиттеуге берілген рұқсат ұзартуға жатпайды.

      28. Егер бақыланатын заттарды транзиттеу көрсетілген мерзімде жүзеге асырылмаса, онда рұқсаттың күші жойылады.

  Есірткі, психотроптық
заттар мен прекурсорларды
әкелу, әкету, транзиттеу
қағидаларына
1-қосымша
Қызғылт түсті 1–лицензиатқа
"РҰҚСАТ" 2–экспорттаушы елге
микроқарпі бар 3–импорттаушы елге
нөмiрi бiрдей 3 бланк

      Қазақстан Республикасына есірткі, психотроптық заттар мен

      прекурсорлардың белгілі бір мөлшерін әкелуге (әкетуге)

№ РҰҚСАТ

      (беруге жатпайды, көшірмелері жарамсыз)

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, заңды мекенжайы, телефоны)

      Қазақстан Республикасының аумағына: _________________________________

      ____________________________________ әкелуге (әкетуге) рұқсат етілді.

      (елдің, ұйымның атауы, заңды

      мекенжайы, телефоны)

Р/с

Тізімнің № кестесі позиция №

Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА)

Саудалық атауы (бар болса)

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

5

6








      Бақыланатын заттарды әкелу (әкету) мақсаты: _________________________

      _____________________________________________________________________

      Қоса берілетін құжаттардың тізбесі: _________________________________

      _____________________________________________________________________

      Басшы _______________________________________________________________

      (Т.А.Ә., қолы)

      Рұқсаттың берілген күнi 20 __ жылғы "___" _________

      Рұқсаттың қолданылу мерзiмi 20 __ жылғы "___" __________

      Мөр орны

      № 0000000

  Есірткі, психотроптық
заттар мен прекурсорларды
әкелу, әкету, транзиттеу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi

Өтініш

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлға ұйымының атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі, телефоны)

      _____________________________________________________________________

      есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды (қажет емесін сызып тастау керек) әкелуге (әкетуге) рұқсат беруіңізді сұраймын:

      _____________________________________________________________________

      (елдің, алушы (жөнелтуші) ұйымның атауы, заңды мекенжайы, телефоны)

Р/с

Тізімнің № кестесі, позиция №

Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА)

Саудалық атауы (бар болса)

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

5

6








      Бақыланатын заттарды әкелу (әкету) мақсаты: ________________________

      ____________________________________________________________________

      Қоса берілетін құжаттардың тізбесі: ________________________________

      ____________________________________________________________________

      Заңды тұлғаның басшысы _____________________________________________

      (Т.А.Ә., қолы)

      Мөр 20 ___ жылғы "____" ____________

  Есірткі, психотроптық
заттар мен прекурсорларды
әкелу, әкету, транзиттеу
қағидаларына
3-қосымша

      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды нақты әкелу
(әкету) туралы есеп

      1. Импорттаушының атауы ____________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ел, заңды мекенжайы, телефоны)

      2. Экспорттаушының атауы ____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ел, заңды мекенжайы, телефоны)

      3. Әкелуге (әкетуге) № __ сертификат 20 __ жылғы "__" _______ берілді

      ____________________________________________________________________

      (сертификат берген органның атауы)

      4. Нақты әкелу (әкету) туралы мәліметтер ____________________________

      _____________________________________________________________________

Р/с

Тізімнің № кестесі, позиция №

Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА)

Саудалық атауы (бар болса)

Өлшем бірлігі

Сертификатта көрсетілген мөлшері

Саны, нақты әкелінгені/әкетілгені

Айырмашылық

1

2

3

4

5

6

7

8










      5. Әкелінген (әкетілген) күні 20__ жылғы "___"_____________

Кеден органының

жауапты адамының

қолы ________________

Әкелуді (әкетуді) жүзеге асырған заңды тұлға басшысының

қолы _______________


      Мөр Мөр

  Есірткі, психотроптық
заттар мен прекурсорларды
әкелу, әкету, транзиттеу
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi

Өтiнiш

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлға ұйымының атауы, мекенжайы, телефоны)

      Қазақстан Республикасы арқылы есірткі, психотроптық заттар мен

      прекурсорларды транзиттеуге (қажет емесін сызып тастау керек) рұқсат

      беруiңiздi сұраймын:

      ____________________________________________________________________

      (экспортташының атауы, елдің атауы, заңды мекенжайы, телефоны)

      ____________________________________________________________________

      (импорттаушының атауы, елдiң атауы, заңды мекенжайы, телефоны)

      _______________________________________________________________ үшін

      (елдiң, ұйымның-түпкілікті жүк алушының атауы, заңды мекенжайы,

      телефоны)

Р/с

Тізім кестесінің №, позиция №

Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА)

Саудалық атауы (бар болса)

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

5

6








      Көлiк түрi, бағдары _________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      1. Транзиттеу жүргiзiлетiн шекарадағы кеден органдары көрсетiледi:

      1.1. Қазақстан Республикасының аумағына есірткі, психотроптық заттар

      мен прекурсорларды әкелу кезiндегi кеден органының атауы:

      _____________________________________________________________________

      1.2. Қазақстан Республикасының аумағынан есірткі, психотроптық заттар

      мен прекурсорларды әкету кезiндегi кеден органының атауы:

      _____________________________________________________________________

      Қоса берiлетін құжаттардың тiзбесі __________________________________

      Заңды тұлғаның басшысы ______________________________________________

      (Т.А.Ә., қолы)

      Мөр 20 ___ жылғы "___" __________________

  Есірткі, психотроптық
заттар мен прекурсорларды
әкелу, әкету, транзиттеу
қағидаларына
5-қосымша

Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдаланудың
нақты мақсаты туралы (түпкілікті жүк алушының) өтiнiш

      Бiз ___________________________________________________________

      (елi, атауы, заңды мекенжайы, телефоны)

      ____________________________________________________________________

      (елi, атауы, заңды мекенжайы, телефоны)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға (қажеттісінің астын

      сызу керек) ________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (құралдың немесе заттың атауы)

      _________________________________________ мөлшерінде тапсырыс бердік.

      Осы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар

      _____________________________________________________________________

      (қолдану мақсатының дәл сипаттамасы)

      ______________________________________________ үшін ғана қолданылады.

      Осымен, жоғарыда аталған есірткі, психотроптық заттар мен

      прекурсорлар заңнамада рұқсат етілген мақсаттарда ғана

      қолданылатынын, бақыланатын заттарды қолданудың нақты мақсаты

      көрсетілген осындай өтінішті берген жағдайда ғана клиентке

      сатылатынын немесе одан әрі қандай да болмасын өзгеше берiлетiнiн

      растаймыз.

      Заңды тұлғаның басшысы _____________________________________________

      (Т.А.Ә., қолы)

      Мөр 20 ___ жылғы "___" __________________

  Есірткі, психотроптық
заттар мен прекурсорларды
әкелу, әкету, транзиттеу
қағидаларына
6-қосымша

Қызыл түсті

"ТРАНЗИТТЕУГЕ РҰҚСАТ" микроқарпі бар нөмірі бірдей 4 бланк

1 – өтініш берушіге

2 – экспорттаушы елге

3 – импорттаушы елге

4 – кеден органына

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
ТРАНЗИТТЕУГЕ РҰҚСАТ

      1. Экспорттаушының атауы ___________________________________________

      (ел, заңды мекенжайы, телефоны)

      2. Импорттаушының атауы ____________________________________________

      (ел, заңды мекенжайы, телефоны)

      3. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына

      байланысты қызметтің негізін растайтын лицензия (сертификат) туралы

      мәлiметтер:

      _____________________________________________________________________

      (рұқсаттың №, берілген күні, қолданылу мерзiмi, лицензия (сертификат)

      берген органның деректері)

      4. Түпкілікті жүк алушы _____________________________________________

      5. Ел арқылы транзитпен өтетін бақыланатын заттар туралы мәліметтер:_

Р/с

Тізім кестесінің №, позиция №

Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА)

Саудалық атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

5

6








      6. Көлік түрі, бағыты _______________________________________________

      6.1. Транзит жүргiзiлетiн шекарадағы кеден органдары көрсетiледi

      6.1.1. Қазақстан Республикасының аумағына есірткі, психотроптық

      заттар мен прекурсорларды әкелу кезiндегi кеден органының атауы:

      ___________________________________________________________________

      6.1.2. Қазақстан Республикасының аумағынан есірткі, психотроптық

      заттар мен прекурсорларды әкету кезiндегi кеден органының атауы:

      _____________________________________________________________________

      7. Бақыланатын заттарды транзиттеудің мақсаты: ______________________

      Басшы ______________________________________________________________

      (Т.А.Ә., қолы)

      Рұқсаттың берілген күнi 20 __ жылғы "___" _________

      Рұқсаттың қолданылу мерзiмi 20 __ жылғы "___" __________

      Мөр орны

      № 0000000

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1315 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 47-48, 556-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 45-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 ақпандағы № 247 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 мамырдағы № 695 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 19, 238-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасын 2002 жылы есірткі құралдарымен және психотроптық заттармен қамтамасыз ету мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 79 қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 4, 23-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 қыркүйектегі № 893 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 36, 361-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 947 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 37, 383-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 261 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 11, 139-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 38 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 4, 32-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қарашадағы № 1246 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 27-құжат).

Об утверждении Правил ввоза, вывоза, транзита наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 2014 года № 1315.

      В соответствии с подпунктом 10) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 23 апреля 2014 года "Об органах внутренних дел Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила ввоза, вывоза, транзита наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 12 декабря 2014 года № 1315

Правила ввоза, вывоза, транзита наркотических
средств, психотропных веществ и прекурсоров
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила ввоза, вывоза, транзита наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров (далее - Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 10 июля 1998 года "О наркотических средствах, психотропных веществах, их аналогах и прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими", от 23 апреля 2014 года "Об органах внутренних дел Республики Казахстан" и устанавливают порядок ввоза в Республику Казахстан и вывоза из Республики Казахстан, а также транзита через территорию Республики Казахстан наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров, включенных в список наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров (далее - список), подлежащих контролю в Республике Казахстан, утверждаемый Правительством Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 13.06.2019 № 402 (вводится в действие с 05.07.2019).

2. Порядок ввоза, вывоза наркотических средств,
психотропных веществ и прекурсоров

      2. Ввоз (вывоз) наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров (далее - ввоз (вывоз) контролируемых веществ), включенных в список, осуществляется юридическими лицами, имеющими лицензии на данный вид деятельности в сфере оборота наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров.

      3. Для осуществления ввоза (вывоза) контролируемых веществ юридическим лицам необходимо получить разрешение на ввоз (вывоз) контролируемых веществ (далее - разрешение) уполномоченного государственного органа в сфере оборота наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров (далее - уполномоченный орган), оформленное на бланке строгой отчетности, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      4. Для получения разрешения юридические лица (далее - заявитель) представляют в уполномоченный орган заявление по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      5. К заявлению прилагаются заверенные печатью заявителя копии следующих документов:

      1) разрешения компетентного органа государства-импортера на ввоз на его территорию конкретной партии контролируемых веществ, если это предусмотрено законодательством соответствующего государства, либо официального уведомления от этого органа, что указанное разрешение не требуется;

      2) внешнеторгового договора в отношении контролируемых веществ с приложением дополнительных соглашений и приложений;

      3) договора комиссии (если в качестве заявителя выступает посредник);

      4) договора в отношении контролируемых веществ с приложением дополнительных соглашений и приложений с потребителем;

      5) документа, удостоверяющего личность руководителя;

      6) лицензии на вид деятельности в сфере оборота контролируемых веществ, выданных лицензиарами.

      6. Разрешение заявителю выдается в трех экземплярах: лицензиату, стране-экспортеру, стране-импортеру.

      7. Уполномоченный орган принимает решение о выдаче либо отказе в выдаче разрешения в течение трех рабочих дней со дня поступления заявления и копий документов. Обоснование причин отказа доводится до заявителя в письменной форме.

      8. Уполномоченный орган отказывает в выдаче разрешения, если заявителем не представлен полный перечень документов, предусмотренный пунктом 5 настоящих Правил.

      9. В случае изменения организационно-правовой формы, наименования или адреса места нахождения заявителя разрешение переоформляется при представлении в уполномоченный орган заявления.

      Переоформление разрешения осуществляется в течение одного рабочего дня со дня поступления заявления.

      10. При обнаружении заявителем ошибки в разрешении, указанные документы переоформляются уполномоченным органом по его соответствующему заявлению в течение одного рабочего дня со дня поступления заявления.

      11. Выданное разрешение не может быть передано другому юридическому лицу независимо от наличия у него лицензии на вид деятельности в сфере оборота контролируемых веществ.

      12. Срок действия разрешения ограничивается календарным годом, в котором выдано разрешение.

      13. Если ввоз (вывоз) контролируемых веществ не осуществлен в срок, обозначенный в разрешении, то разрешение аннулируется.

      14. Сведения о выданных разрешениях уполномоченным органом вносятся в информационную систему "Государственная база данных "Е-лицензирование",

      15. Заявитель после осуществления ввоза (вывоза) контролируемых веществ представляет в уполномоченный орган в течение пяти рабочих дней отчет о фактическом ввозе (вывозе), согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      16. При осуществлении ввоза (вывоза) контролируемых веществ экземпляр разрешения (страна-экспортер или страна-импортер) и копия лицензии на вид деятельности в сфере оборота контролируемых веществ направляются в уполномоченный орган страны получателя (отправитель).

3. Порядок транзита наркотических средств,
психотропных веществ и прекурсоров

      17. Транзит наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров (далее - транзит контролируемых веществ) через территорию Республики Казахстан осуществляется юридическими лицами на основании разрешения на транзит, выданного уполномоченным государственным органом.

      18. Для оформления разрешения на транзит контролируемых веществ заявитель представляет в уполномоченный орган:

      1) заявление установленного образца по форме, согласно приложению 4 к настоящим Правилам;

      2) нотариально засвидетельствованную копию свидетельства о государственной регистрации организации - заявителя (с переводом на русский язык);

      3) нотариально засвидетельствованную копию лицензии либо сертификата на деятельность, связанную с оборотом контролируемых веществ, выданных государственным органом страны заявителя, в соответствии с действующим законодательством государства (с переводом на русский язык);

      4) наименование и объем контролируемых веществ (в физическом и стоимостном выражении), подлежащих транзиту, с указанием кодов по товарной номенклатуре внешнеэкономической деятельности;

      5) представление со стороны заявителя страховых и других финансовых гарантий либо иных обязательств о возмещении ущерба, причиняемого возможной аварией при осуществлении транзита контролируемых веществ;

      6) нотариально засвидетельствованную копию договора на поставку контролируемых веществ, подлежащих контролю в Республике Казахстан, к которому прилагается заявление конечного грузополучателя о точной цели использования контролируемых веществ (с переводом на русский язык), согласно приложению 5 к настоящим Правилам;

      7) подтверждение компетентного официального органа страны заявителя о готовности системы предупреждения и действия в чрезвычайных ситуациях к ликвидации последствий возможной аварии при осуществлении заявляемой транзитной перевозки;

      8) подтверждение грузоотправителя контролируемых веществ об обязательствах принять эти грузы обратно в случае, если передача груза грузополучателю окажется невозможной по независящим от него причинам;

      9) подтверждение заявителя о возмещении расходов, связанных с проведением проверки реальных условий перевозки, а также вероятным временным хранением, обратной перевозкой, экспертизой и другими необходимыми действиями исполнительных органов в случае выявления нарушения действующего законодательства Республики Казахстан, а также расходов, связанных с необходимостью приведения выявленных отклонений в соответствие с требованиями законодательства и/или возвращением груза в государство экспорта.

      19. В разрешении на транзит контролируемых веществ, согласно приложению 6 к настоящим Правилам, указываются следующие сведения:

      1) наименование экспортера, название страны, юридический адрес, телефон;

      2) наименование импортера, название страны, юридический адрес, телефон;

      3) сведения о лицензии (сертификат), подтверждающие основания на деятельность, связанную с оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров;

      4) данные конечного грузополучателя;

      5) сведения о контролируемых веществах, следующих транзитом через страну;

      6) вид транспорта, маршрут (с указанием таможенных органов на границе, через которые будет произведен транзит);

      7) цель транзита контролируемых веществ;

      8) дата выдачи разрешения;

      9) срок действия разрешения.

      20. Разрешение на транзит заявителю выдается в четырех экземплярах: лицензиату, стране-экспортеру, стране-импортеру, таможенному органу.

      21. Уполномоченный орган принимает решение о выдаче разрешения на транзит в течение трех рабочих дней со дня поступления документов.

      22. В выдаче разрешения на транзит контролируемых веществ может быть отказано, если заявителем не представлен полный перечень документов, предусмотренный пунктом 18 настоящих Правил.

  Приложение 1
к Правилам ввоза, вывоза, транзита
наркотических средств, психотропных
веществ и прекурсоров

      Цвет розовый 1 - лицензиату

      3 бланка с одинаковым номером 2 - стране-экспортеру

      с микрошрифтом "РАЗРЕШЕНИЕ" 3 - стране-импортеру

РАЗРЕШЕНИЕ №


      (передаче не подлежит, копии не действительны)

      на ввоз (вывоз) в Республику Казахстан определенного количества

      наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров ___________

      _____________________________________________________________________

      (наименование организации, юридический адрес, телефон)

      разрешено ввезти (вывезти) на территорию Республики Казахстан из:____

      _____________________________________________________________________

      (название страны, организации, юридический адрес, телефон)

№ п/п

Таблица № списка,

№ позиции

Международное непатентованное название (МНН)

Торговое название (при наличии)

Единица

измерения

Количество

1

2

3

4

5

6








      Цель ввоза (вывоза) контролируемых веществ:__________________________

      _____________________________________________________________________

      Перечень прилагаемых документов:_____________________________________

      _____________________________________________________________________

      Руководитель ________________________________________________________

      (Ф.И.О., подпись)

      Дата выдачи разрешения "___" ___________ 20 ___ г.

      Срок действия разрешения "___" ___________ 20 ___ г.

      Место печати

      № 0000000

  Приложение 2
к Правилам ввоза, вывоза, транзита
наркотических средств, психотропных
веществ и прекурсоров

      Форма

      Министерство внутренних дел Республики Казахстан

Заявление

      От ____________________________________________________________

      (наименование организации юридического лица,

      _____________________________________________________________________

      адрес, бизнес-идентификационный номер, телефон)

      Прошу выдать разрешение на ввоз (вывоз) наркотических средств,

      психотропных веществ и прекурсоров (ненужное зачеркнуть)

      из __________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (наименование страны, организация получатель(отправитель), юридический адрес, телефон)

№ п/п

Таблица № списка,

№ позиции

Международное непатентованное название (МНН)

Торговое название (при наличии)

Единица измерения

Количество

1

2

3

4

5

6








      Цель ввоза (вывоза) контролируемых веществ:__________________________

      _____________________________________________________________________

      Перечень прилагаемых документов:_____________________________________

      _____________________________________________________________________

      Руководитель юридического лица ______________________________________

      (Ф. И. О., подпись)

      Печать "___" __________ 20___ г.

  Приложение 3
к Правилам ввоза, вывоза, транзита
наркотических средств, психотропных
веществ и прекурсоров

      Министерство внутренних дел Республики Казахстан

Отчет
о фактическом ввозе (вывозе) наркотических средств,
психотропных веществ и прекурсоров

      1. Наименование импортера ___________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (страна, юридический адрес, телефон)

      2. Наименование экспортера __________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (страна, юридический адрес, телефон)

      3. Сертификат на ввоз (вывоз) № ___ выдан "___" __________ 20___ г.

      _____________________________________________________________________

      (наименование органа, выдавшего сертификат)

      4. Сведения о фактическом ввозе (вывозе)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

№ п/п

Таблица № списка, № позиции

Международное непатентованное название (МНН)

Торговое название (при наличии)

Единица измерения

Количество, указанное в сертификате

Количество, фактически ввезено/

вывезено

Расхождение

1

2

3

4

5

6

7

8










      5. Дата ввоза (вывоза) "___" __________ 20___ г.

      Подпись________________ Подпись _________________

      ответственного руководителя

      лица таможенного органа юридического лица,

      осуществившего ввоз (вывоз)

      Печать Печать

  Приложение 4
к Правилам ввоза, вывоза, транзита
наркотических средств, психотропных
веществ и прекурсоров

      Форма

      Министерство внутренних дел Республики Казахстан

Заявление

      От ____________________________________________________________

      (наименование организации юридического лица, адрес, телефон)

      Прошу выдать разрешение на транзит наркотических средств,

      психотропных веществ и прекурсоров через Республику Казахстан

      (ненужное зачеркнуть)

      из: _________________________________________________________________

      (наименование экспортера, название страны, юридический адрес, телефон)

      в __________________________________________________________________

      (наименование импортера, название страны, юридический адрес, телефон)

      для ________________________________________________________________

      (страна, наименование организации - конечного грузополучателя, юридический адрес, телефон)

№ п/п

Таблица № списка, № позиции

Международное непатентованное название (МНН)

Торговое название (при наличии)

Единица измерения

Количество

1

2

3

4

5

6








      Вид транспорта, маршрут _____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      1. С указанием таможенных органов на границе, через которые будет

      произведен транзит:

      1.1. Наименование таможенного органа при ввозе транзита наркотических

      средств, психотропных веществ и прекурсоров на территорию Республики

      Казахстан: __________________________________________________________

      1.2. Наименование таможенного органа при вывозе транзита

      наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров с

      территории Республики Казахстан _____________________________________

      Перечень прилагаемых документов: ____________________________________

      Руководитель юридического лица ______________________________________

      (Ф.И.О., подпись)

      Печать "___" __________ 20___ г.

  Приложение 5
к Правилам ввоза, вывоза, транзита
наркотических средств, психотропных
веществ и прекурсоров

Заявление (конечного грузополучателя) о точной
цели использования наркотических средств,
психотропных веществ и прекурсоров

      Мы, ___________________________________________________________

      (страна, наименование, юридический адрес, телефон)

      заказали у __________________________________________________________

      (страна, наименование, юридический адрес, телефон)

      наркотические средства, психотропные вещества и прекурсоры (нужное

      подчеркнуть) ________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (название средства или вещества)

      в количестве _______________________________________________________.

      Данные наркотические средства, психотропные вещества и прекурсоры

      будут применены исключительно для ___________________________________

      _____________________________________________________________________

      (точное описание цели применения)

      Настоящим мы подтверждаем, что вышеназванные наркотические

      средства, психотропные вещества и прекурсоры будут применяться только

      в разрешенных законодательством целях, продаваться или же как-либо

      иначе передаваться дальше клиенту только при условии представления им

      такого же заявления с указанием точной цели применения контролируемых

      веществ.

      Руководитель юридического лица ______________________________________

      (Ф.И.О., подпись)

      Печать "___" __________ 20___ г.

  Приложение 6
к Правилам ввоза, вывоза, транзита
наркотических средств, психотропных
веществ и прекурсоров

      Цвет красный 1 - заявителю

      4 бланка с одинаковым номером 2 - стране-экспортеру

      с микрошрифтом "РАЗРЕШЕНИЕ НА ТРАНЗИТ" 3 - стране-импортеру

      4 - таможенному органу

Государственный герб Республики Казахстан
РАЗРЕШЕНИЕ НА ТРАНЗИТ
№ _____

      1. Наименование экспортера __________________________________________

      (страна, юридический адрес, телефон)

      2. Наименование импортера __________________________________________

      (страна, юридический адрес, телефон)

      3. Сведения о лицензии (сертификат), подтверждающие основания на деятельность, связанную с оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров: _________________________________

      (№ лицензии дата выдачи, срок действия, данные органа, выдавшего лицензию (сертификат)

      4. Конечный грузополучатель _________________________________________

      5. Сведения о контролируемых веществах, следующих транзитом через страну:______________________________________________________________

№ п/п

Таблица № списка,

№ позиции

Международное непатентованное название (МНН)

Торговое название

Единица измерения

Количество

1

2

3

4

5

6








      6. Вид транспорта, маршрут __________________________________________

      6.1. С указанием таможенных органов на границе, через которые будет

      произведен транзит:

      6.1.1 Наименование таможенного органа при ввозе, транзите

      наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров на

      территорию Республики Казахстан _____________________________________

      6.1.2. Наименование таможенного органа при вывозе, транзите

      наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров с территории Республики Казахстан _____________________________________

      7. Цель транзита контролируемых веществ: ____________________________

      Руководитель ________________________________________________________

      (Ф.И.О., подпись)

      Дата выдачи разрешения "___" ____________ 20___г.

      Срок действия разрешения "___" ____________ 20___г.

      Место печати

      № 0000000

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 12 декабря 2014 года № 1315

Перечень
утративших силу некоторых решений Правительства
Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 ноября 2000 года № 1693 "Об утверждении Правил осуществления государственного контроля над оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров в Республике Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., № 47-48, ст. 556).

      2. Пункт 5 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 января 2001 года № 151 "Некоторые вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., № 4-5, ст. 45).

      3. Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 февраля 2001 года № 247 "О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 ноября 2000 года № 1693".

      4. Подпункт 3) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 23 мая 2001 года № 695 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., № 19, ст. 238).

      5. Подпункт 1) пункта 3 постановления Правительства Республики Казахстан от 23 января 2002 года № 79 "Вопросы обеспечения Республики Казахстан наркотическими средствами и психотропными веществами на 2002 год" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 4, ст. 23).

      6. Подпункт 2) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 3 сентября 2003 года № 893 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., № 36, ст. 361).

      7. Пункт 2 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 сентября 2003 года 947 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам контроля за оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., № 37, ст. 383).

      8. Пункт 2 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 марта 2004 года № 261 "Некоторые вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 11, ст. 139).

      9. Пункт 5 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 января 2006 года № 38 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 4, ст. 32).

      10. Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2010 года № 1246 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 ноября 2000 года № 1693" (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 2, ст. 27).