Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулысы.

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 62) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрi

К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1358 қаулысымен
бекітілген

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап
шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 62) тармақшасына сәйкес әзірленді және табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан жеке тұлғаның денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектілеріне жатпайтын уақытша құрылыстарға, шаруашылық-тұрмыстық және өзге де салынған құрылыстарға, сондай-ақ заңсыз салынған объектілерге, бағалы киімге, сән-салтанат заттарына не бағалы металдардан жасалған, көркемдік құндылығы бар заттарға, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде сақтандыру объектісі болып табылған, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен айқындалған тәртіппен сақтандырушының қаражаты есебінен өтеуге жататын мүлікке қолданылмайды.

2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап
шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу тәртібі

      3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын зардап шеккендердің ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажеттілік шегінде жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға көзделген бюджет қаражаты есебінен және/немесе ұйымдардың қаражаты, азаматтардың, қорлардың және қоғамдық бірлестіктердің ерікті жарналары, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

      4. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан денсаулығына зиян келген зардап шеккендерге денсаулық сақтау ұйымдары тегін медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемi шегінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмек көрсетеді.

      5. Материалдық нұқсан келтірілген зардап шеккендер төтенше жағдай туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған материалдық нұқсанды өтеу туралы өтініш береді.

      6. Зардап шекеннің келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу туралы жеке жүгінуге мүмкіндігі болмаған жағдайда оның туыстары немесе өзге адамдар, сондай-ақ егер зардап шеккен адам кәмелеттік жасқа толмаған болса, оның заңды өкілдері сенімхат негізінде жүгіне алады.

      7. Келтірілген нұқсанды өтеу туралы өтінішке:

      1) зардап шеккен адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан немесе төтенше жағдайды жою кезеңінде осындай құжат жоғалған немесе жойылған жағдайда – ішкі істер органдары берген уақытша жеке куәлік);

      2) табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезден бастап немесе төтенше жағдайды жою кезеңінде зардап шеккеннің жойылған және/немесе бүлінген мүлкінің тізбесі қоса беріледі.

      8. Өтініштер мен құжаттарды тіркеуді жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша материалдық нұқсанды өтеу туралы өтініштерді тіркеу журналында зардап шеккен адамға құжаттарды қабылдағанын растайтын қолхатты бере отырып жүзеге асырады.

      9. Материалдық нұқсанды өтеу туралы өтініш осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар жергілікті атқарушы органға келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      10. Жергілікті атқарушы орган өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бағалаушының келтірілген нұқсанның мөлшерін бағалауын ұйымдастырады. Бұл ретте бағалау жүргізуді ұйымдастыруға байланысты шығыстар жергілікті атқарушы органға жүктеледі.

      11. Мүлікке келтірілген зиянның (нұқсанның) мөлшерін анықтау зардап шеккен адам мен бағалаушының қатысуымен жүзеге асырылады.

      12. Келтірілген нұқсанның мөлшерін бағалауды ұйымдастыру мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) зардап шеккен адамның бағалаушыны таңдауы;

      2) зардап шеккен адаммен келісім бойынша бағалауды жүргізу уақыты мен орнын анықтау;

      3) бүлінген мүлікті бағалауды өткізу;

      4) зардап шеккен адамды бағалау туралы есеппен таныстыру.

      13. Зиянды (нұқсанды) өтеу мөлшері жоғалған немесе зақымдалған мүліктің тозуын ескере отырып, зиянды (нұқсанды) өтеу кезінде осы жердегі қолданыстағы нарықтық бағасы бойынша бүлінген мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) үшін қажетті шығыстарды және/немесе мүліктің зақымдануы салдарынан оның арзандау мөлшерін не жоғалған мүліктің құнын негізге ала отырып айқындалады. Бүлінген мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) шығыстары оны қалпына келтіруге жұмсалатын шығыстар сметасымен немесе калькуляциясымен расталады.

      14. Егер мүлікті қалпына келтіру техникалық тұрғыдан мүмкін болмаса немесе экономикалық тұрғыдан негізсіз болса, ол жойылды деп саналады. Мүлікті қалпына келтіру, егер бұл ретте мүлікті қалпына келтіруге жұмсалатын шығыстар оның нұқсан келтіру басталған күнгі нарықтың құнының сексен пайызынан асып кетсе, экономикалық тұрғыдан негізсіз деп саналады.

      15. Бағалаушы қорытынды шығарғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органымен келісілген қаражат бөлу туралы шешім қабылдайды.

      Зардап шеккендерге төлем тиісті шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады.

      16. Келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеген соң келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу туралы өтініштерді тіркеу журналында өтелген зиянның (нұқсанның) күнін, мөлшерін және төлем құжатының нөмірін көрсете отырып, тиісті жазба жазылады.

      17. Даулар туындаған жағдайда зиянды (нұқсанды) өтеу мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

  Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
салдарынан зардап шеккендерге келтірілген
зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларына
1-қосымша

      Кімге __________________________

      (материалдық нұқсанды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия төрағасының Т.А.Ә.) (болған кезде)

      ________________________________________

      мекенжайында тұратын

      ________________________________________

      (өтініш берушінің Т.А.Ә.) (болған кезде)

      тел.____________________________________

Материалдық зиянды (нұқсанды )өтеу туралы өтініш

      Сізден ________________________________________________________

      (оқиғаның сипаты көрсетіледі)

      _____________________________________________________________________

      байланысты маған материалдық зиянды (нұқсанды) өтеуді сұраймын.

      Материалдық зиянды (нұқсанды) мына мекенжай бойынша

      _____________________________________________________________________

      (облысы, ауданы, қаласы, тұрғылықты мекенжайы)

      өтеуіңізді сұраймын.

      Банк мекемесінің № _________________________________________________

      Филиал № ___________________________________________________________

      (Т.А.Ә. болған кезде)

      атына жеке есепшоты немесе карт-шоты _______________________________

      алушының ЖСН №______________________________________________________

      өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1. ______________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________

      3. ______________________________________________________________

      4. ______________________________________________________________

      5. ______________________________________________________________

      20 _____ж. "______"____________ Өтініш беруші________________

      (жылы) (күні) (айы) (Т.А.Ә. қолы) (болған кезде)

  Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
салдарынан зардап шеккендерге келтірілген
зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларына
2-қосымша

Материалдық зиянды (нұқсанды) өтеу туралы өтініштерді тіркеу
журналы

Р/с

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккеннің Т.А.Ә. (болған кезде)

Келіп түскен күні, кіріс №

Тұратын мекенжайы

Зиянды (нұқсанды) өтеу себебі (төтенше жағдайдың болған орнының, уақыты мен түрінің қысқаша сипаттамасы)

Материалдық зиянның (нұқсанның) мөлшері

Берілген материалдық көмек бойынша төлем тапсырмасының № және күні (тіркеушінің қолы)

1

2

3

4

5

6

7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады