Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1385 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 26-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын не халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шетелдік қызметкерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін берген біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы алғанға дейін, сондай-ақ еңбекші көшіп келушіге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдары беретін рұқсатты алғанға дейін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді, немесе алып қоюларды сақтамай, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен;»;
      2) 29-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақшаның төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың 2) тармақшасының екінші және үшінші бөліктерінің ережелері шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсаты немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шетелдік қызметкерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін берген біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама негізінде, сондай-ақ еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсат негізінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдарға қолданылмайды.»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келетін шетелдік қызметкерлерге еңбек қызметін жүзеге асырудың және шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы орган берген рұқсаттың не ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге берген рұқсаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін мерзімдері шегінде жасалуы мүмкін.»;
      3) 222-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Мүгедекпен жасалатын еңбек шартында жұмыс орындарын олардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып жабдықтау жөніндегі талаптар қамтылуға тиіс.»;
      4) 330-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны заңнамасында белгіленген шетелдік жұмыс күшін тартудың тәртібі мен талаптарын сақтауы тұрғысынан тексеру жүргізуге;».
      2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І; 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146,149-құжаттар; 2011 ж. №1, 2, 3-құжат; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат, № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат, № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 55-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) рұқсатты ұзарту үшін алымдар;»;
      2) мынадай мазмұндағы 68-2-тараумен толықтырылсын:

«68-2-тарау. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін
тартуға рұқсат беру және (немесе) рұқсатты ұзарту үшін алым

      476-5-бап. Жалпы ережелер

      1. Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) рұқсатты ұзарту үшін алым (бұдан әрі – алым) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және рұқсатты ұзарту (бұдан әрі – рұқсат) туралы шешім қабылдағаны туралы олардан хабарлама алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде алынады.
      2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей рұқсат алған және рұқсатты ұзартқан жеке және заңды тұлғалардың орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер және салық салу объектілері туралы ақпарат береді.

      476-6-бап. Алым төлеушілер

      1. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алатын немесе рұқсатты ұзартатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» және «Халықтың көші-қоны туралы» заңдарында айқындалған жағдайларда жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылмайды.

      476-7-бап. Алым мөлшерлемелері

      Алым мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      476-8-бап. Алым сомасын есептеу және төлеу тәртібі
      1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органынан рұқсат алғанға немесе рұқсат ұзартылғанға дейін жергілікті атқарушы органның орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
      2. Алымдарды төлеген адамдардың рұқсат алудан немесе рұқсатты ұзартудан бас тарту жағдайларын қоспағанда, алымның төленген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
      Бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды алымды төлеушінің салықтық өтініші бойынша аталған адамға рұқсат берілмегенін және (немесе) рұқсатты ұзартудан бас тартқанын растайтын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы берген құжаттарды тапсырғаннан кейін осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен олардың төленген жері бойынша салық органы жүргізеді.».
      3. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):
      519-баптың 1, 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалары жоқ немесе еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары берген рұқсаты жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы-
      4. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы немесе еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсатты алмай, мұндай анықтаманы және рұқсатты алу, еңбек қызметін жүзеге асырудың қажетті шартты болып табылатын кезде Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы -».
      4. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат):
      1) 16-1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының аумағында тұру мерзіміне қарамастан заңды негіздерде тұрақты тұрып жатқан оралмандар;»;
      2) 17-баптың бірінші бөлігінде:
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішпен жүгінгенге дейінгі бес жыл ішінде экономика саласында құқық бұзушылық жасаса;»;
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «10-1) Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішпен жүгінгенге дейінгі бес жыл ішінде бірнеше рет Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзса;»;
      3) 21-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам басқа елдің азаматтығын алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.
      Басқа елдің азаматтығын алған фактісін жасыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.»;
      4) 30-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және оны қалпына келтіру мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібін, оның ішінде жеңілдетілген тәртібін (тіркеу тәртібін), Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу, айырылу және азаматтығына тиесілілігін айқындау тәртібін бекітеді.»;
      5) 35-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Комиссия шешімі төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.».
      5. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 6 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 4-бапта:
      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудің міндетті шарты мұндай рұқсатты алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде өзінің төлем қабілеттілігін растауы болып табылады.
      Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыстар деп танылатын іс-әрекеттер жасалуы салдарынан жәбірленуші деп танылған шетелдіктер Қазақстан Республикасында уақытша жүрген деп есептеледі.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік шекарадан өткен күнінен бастап күнтізбелік бес күннен астам уақытқа Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер, егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен келісімінде немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, уақытша тұруға (тіркелуге) рұқсаты болуға және тіркеу мерзімі өткен соң Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.»;
      2) 9-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына ие болады және сондай міндеттерді мойнына алады.»;
      3) 22-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қабылдаушы тұлғалардың шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде қабылдаушы тұлғалар көшіп келушілерді уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттарды ресімдеу және болудың белгілі мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету жөнінде шара қолданбағаны үшін жауапкершілікке тартылса, қаралмайды.».
      6. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8; 84-құжат, 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж, № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 43-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 2-баптың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) қызметтік тұрғын үй – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындауы кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғын үй;»;
      2) 67-баптың 3-тармағының екінші, үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер осы елді мекенде тұру-тұрмауына қарамастан, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға беріледі.
      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға тұрғын үй берудің міндетті шарты жаңа тұрғылықты жері бойынша, оның отбасы мүшелерін қоса алғанда, меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы болып табылады.»;
      3) 109-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қызметтік тұрғын үйлер өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты жұмыс орны бойынша тұруға тиісті Қазақстан Республикасы азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жалдау шарты бойынша, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды қоныстандыруға арналады.»;
      2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы ретінде қызметтік тұрғын үй берілген Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар, егер қызметтік тұрғын үйде кемінде бес жыл тұрса, өздері тұратын қызметтік тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.»;
      4) 110-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғын үйді беру және оны пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғын үйге осы Заңның 71-74, 90, 93 және 95-баптары қолданылмайды.».
      7. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 6 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары;»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары мен оралмандар қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығының арасындағы, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;»;
      20) тармақша алып тасталсын;
      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартуға жол берілетін шетелдік жұмыс күшінің шекті саны;»;
      мынадай мазмұндағы 24-1), 24-2), 24-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «24-1) ішкі корпоративтік ауыстыру – Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде болып жатқан және әрекет ететін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман қызметінде еңбек қызметін жүзеге асырушы шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының аумағында құрылған аталған заңды тұлғаның филиалдарына, еншілес кәсіпорындарына, өкілдіктеріне уақытша ауыстыру;
      24-2) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама – Қазақстан Республикасына экономиканың басым салаларында сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін орталық атқарушы орган айқындайтын біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сай келетін шетелдік қызметкерге орталық атқарушы орган беретін белгіленген нысандағы құжат;
      24-3) «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесі – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын немесе өз бетінше келетін шетелдік қызметкерлерді тіркеуге, оларға рұқсаттар, анықтамалар беруге, мониторинг жүргізуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;»;
      мынадай мазмұндағы 27), 28) тармақшалармен толықтырылсын:
      «27) әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлімшелері;
      28) кәсіптік бағдарлау – Қазақстан Республикасы азаматтарына, оралмандарға олардың қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін және еңбек нарығындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды ескере отырып, өзін-өзі кәсіптік тұрғыдан айқындауға, жұмыспен қамтылудың оңтайлы түрін таңдауға жәрдемдесудің арнайы шаралар кешені.»;
      2) 2-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) өз бетінше жұмыспен айналысушылар, оның ішінде өзінің тұтынуына арналған өндірісті қоса алғанда, табыс алу үшін тауарлар өндірумен, жұмыстар атқарумен және қызмет көрсетумен (өткізумен) жеке дара айналысатын жеке тұлғалар, өндірістік кооперативтер мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін қызметкерлері мен жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілер жатады.
      Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды айқындау әдістемесін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жұмыспен қамту саласындағы орталық атқарушы органның келісімі бойынша бекітеді;»;
      4), 5) тармақшалар алып тасталсын;
      3) 4-бапта:
      2-тармақта:
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) қосымша жұмыс орындарын және мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс берушілерді ынталандыруды қолдайтын жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген қаржылық, салық және инвестициялық саясатты жүргізуге;»;
      мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
      «16) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін орталық атқарушы орган айқындайтын шарттармен және тәртіппен арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауға бағытталған.»;
      4) 5-1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеудің және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлудің тәртібі мен мерзімдерін бекітеді;»;
      5) 6-баптың 2-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 9-12) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-12) Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталаудың қағидаларын әзірлеуге және бекітуге;»;
      мынадай мазмұндағы 9-13), 9-14) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9-13) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ ішкі корпоративтік ауыстыруды жүзеге асыруға рұқсат берудің және (немесе) рұқсатты ұзартудың тәртібі мен шарттарын бекітуге;
      9-14) шетелдік қызметкерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру тәртібін, басым салалар (экономикалық қызмет түрлерін) және олардағы шетелдік қызметкерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін сұранысқа ие кәсіптер тізбесін бекітуге;»;
      6) 7-бапта:
      5-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және рұқсаттарды ұзарту, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;»;
      5-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-2) орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі пайызынан төрт пайызына дейінгі мөлшерінде жұмыс орындарының квотасын белгілеу;»;
      7) 8-баптың 1-тармағында:
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) жұмыссызға оның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы қолданылу мерзімі тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн құрайтын анықтаманы беруге;»;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) азаматтың жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпаратты тіркелген жері бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органға тіркелген күнінен кейін бір жұмыс күні ішінде электрондық форматта беруге;»;
      8) 9-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру;»;
      2-тармақтың 6) тармақшасындағы «жол бермеуге міндетті.» деген сөздер «жол бермеуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) жұмысқа тартылған шетелдік қызметкерді шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының шегінен тысқары шығып кетуін қамтамасыз етуге міндетті.»;
      9) 10-баптың 4-тармағының екінші, үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн шығару жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне жұмыскердің атына кепілдік берілген жарна енгiзу арқылы шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн жұмыскердiң өз елiне оралуына жеке жұмыспен қамту агенттігі кепiлдiк берген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшін шығару кезінде шетелдік жұмыс берушінің банктерге кепілдік берілген жарнаны енгізу тәртібі мен шарттары жұмысқа орналастыратын елдің заңнамасында реттеледі.»;
      10) 11-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігінде:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Заңның шетелдік жұмыс күшін квоталау және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру туралы нормалары:»;
      бесінші, алтыншы, жетінші абзацтар алып тасталсын;
      оныншы абзацтағы «табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.» деген сөздер «табылатын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын, құны 2 миллионнан астам айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі жобалары бар заңды тұлғаларда, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың көрсетілген қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтарда құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде және орталық атқарушы органның, жергілікті атқарушы органның және мүдделі орталық мемлекеттік органның өкілдерінен тұратын ведомствоаралық комиссия айқындайтын санаттар мен адам саны тізбесіне сәйкес объект (объектілер) пайдаланылуға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейінгі кезеңде көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартқан ұйымдарда жұмыс істейтін;
      Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес дарынды шетел жастары үшін мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқуын аяқтағаннан кейін жұмыс істейтін;
      экономиканың басым салаларында сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген;
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «1-1. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санына шаққандағы пайыздық қатынаспен белгіленеді, онда:
      1) экономикалық қызмет түрлері бойынша шетелдік қызметкерлерді тартуға арналған квота;
      2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және көшіп-қонушы еңбекшілерді әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болуын негізге ала отырып, елдер бойынша шетелдік қызметкерлерді тартуға арналған квота;
      3) еңбекші көшіп келушілерді тартуға арналған квота қамтылады.
      1-2. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны орталық атқарушы орган еңбек нарығындағы алдағы жылға (жылдарға) сұраныс пен ұсыныстың болжамын және тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.
      1-3. Орталық атқарушы орган «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесін жүргізуді қамтамасыз етеді.»;
      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін адамдарды қоспағанда, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар береді және рұқсатты ұзартады не рұқсат беруден, рұқсатты ұзартудан бас тартады, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады.»;
      мынадай мазмұндағы 2-2, 2-3, 2-4, 2-5, 2-6, 2-7, 2-8, 2-9, 2-10-тармақтармен толықтырылсын:
      «2-2. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен және мерзімге сәйкес құжаттар табыс етілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген алымдар төленген кезде беріледі және ұзартылады.
      Осы тармақтың жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруге және (немесе) рұқсатты ұзартуға алым төлеу бөлігіндегі ережесі ішкі корпоративтік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
      2-3. Қажетті құжаттарды қабылдауды, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруді және рұқсатты ұзартуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады, оның ішінде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жүзеге асырады.
      2-4. Рұқсат бойынша жұмыс беруші тартатын шетелдік жұмыс күшінің саны орталық атқарушы орган айқындайтын қазақстандық кадрлардың санына шаққандағы пайыздық қатынасқа сәйкес болуға тиіс.
      2-5. Қазақстан Республикасының аумағында квота шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) және практикалық жұмыс тәжірибесі (жұмыс өтілі) кәсіби стандарттарға, жұмыстар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының, үлгі біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмысшылар кәсібіне және басшылар, мамандар және қызметшілер кәсіптеріне қойылатын біліктілік талаптарына сай келуге тиіс.
      2-6. Шетелдік қызметкерлер экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін үш айдан аспайтын мерзімге, еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасында бола алады.
      Экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптер тізбесін орталық атқарушы орган еңбек нарығындағы алдағы жылға (жылдарға) сұраныс пен ұсыныс жай-күйінің болжамын және қызметтің тиісті саласындағы мемлекеттік уәкілетті органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып айқындайды.
      Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама алу үшін шетелдік қызметкер Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтініш береді, ол орталық атқарушы органға жіберіледі.
      Шетелдік жұмысшы өз бетінше жұмысқа орналасуға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама алу үшін шетелдік қызметкер Қазақстан Республикасында болған жағдайда, өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтінішпен орталық атқарушы органға жүгінеді.
      Анықтама беру және шетелдік қызметкерлердің біліктілігіне және білім деңгейіне талап қою тәртібін, сондай-ақ басым салалар (экономикалық қызмет түрлері) мен оларда өз бетінше жұмысқа орналасу үшін сұранысқа ие кәсіптер тізбесін орталық атқарушы орган тиiстi қызмет салаларындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша бекітеді.
      2-7. Ішкі корпоративтік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді жұмысқа тартатын жұмыс берушілер, олар Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде жергілікті атқарушы органға жазбаша түрде:
      1) санын, ұйымның және олар ауыстырылу үшін шығатын елінің атауын;
      2) тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде);
      3) әрқайсысының білім деңгейін, біліктілігін, кәсібі мен жұмыс тәжірибесін;
      4) еңбек қызметін жүзеге асыру мерзімін қамтитын ақпарат жібереді.
      2-8. Ішкі корпоративтік ауыстыру шеңберінде ауыстырылған шетелдік қызметкерлер болу мақсаттарына сәйкес уақытша еңбек қызметін жүзеге асырады және еңбек шартында көрсетілген үш жылдан аспайтын мерзім өткен соң елден кетуге міндетті.
      2-9. Ішкі корпоративтік ауыстыру орталық атқарушы орган айқындайтын қазақстандық кадрлар санына шетелдік қызметкерлер санының пайыздық қатынасы сақтала отырып жүзеге асырылады.
      2-10. Жергілікті атқарушы органдар:
      1) инвестициялық басым жобалар шеңберінде тартылған, жұмыс берушілер квота шеңберінде тартқан, өз бетінше жұмысқа орналасқан және ішкі корпоративтік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдік қызметкерлердің есебін жүргізеді;
      2) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті атқарушы органдарды шетелдік қызметкерлер туралы хабардар етеді.»;
      3, 4-тармақтар алып тасталсын;
      11) 14-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем жасау.»;
      12) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жоғарыда аталған мәліметтерді жасырған немесе көрінеу жалған мәліметтер немесе жасанды құжаттар ұсынған жағдайда, жұмыссыздар тіркеуден шығарылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.»;
      13) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:

      «17-1-бап. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін
                 әлеуметтік төлем

      1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмысынан айырылған жағдайда, оған төленетін әлеуметтік төлем уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркеуге жүгінген күннен бастап тағайындалады.
      2. Жұмысынан айырылған жағдайда төлем тағайындау тәртібі мен жүзеге асыру тетігі Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.»;
      14) 18-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Мүгедек үшін осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларға сәйкес келетін, жүзеге асыру үшін олардың шектеулі тыныс-тіршілігі ескеріле отырып, дене бітіміне орай қолжетімділігі қамтамасыз етілген жұмыс ыңғайлы деп есептеледі.»;
      15) 18-1-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі орталық атқарушы орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      16) 18-2-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі орталық атқарушы орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      17) 20-1-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге келген жастарға қызметтік тұрғын үй беру және жастарға жатақханадан бөлме беру арқылы іске асырылады.»;
      18) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартатын, оның ішінде осы Заңның 11-бабына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен және мерзімде алғашқы статистикалық деректерді табыс етуге міндетті.».
      8. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., №14, 72-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары және оралмандар қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;»;
      9. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      31-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жұмыспен қамту туралы заңнамаға сәйкес жұмыс орындарының жалпы санының екі пайызынан төрт пайызына дейінгі мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;».
      10. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «37) қабылдау квотасы – I, II топтағы мүгедектер қатарындағы азаматтарды, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарды, бала кезінен мүгедектерді, мүгедек балаларды, ауыл жастарын, соның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келуші адамдар мен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ шетелден келген дарынды шетелдік жастарды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына қабылдау үшін бөлінетін мемлекеттік білім беру тапсырысының, оның ішінде білім беру гранттары көлемінің шекті саны;»;
      мынадай мазмұндағы 62) тармақшамен толықтырылсын:
      «62) дарынды шетелдік жастар – шет елден келген халықаралық олимпиадалардың, ғылыми сайыстардың жеңімпаздары болып табылатын, ғылыми жетістіктері, шетелдік рейтингтік ғылыми журналдарда жарияланымдары бар жиырма тоғыз жасқа дейінгі шетелдік адамдар.»;
      2) 4-бап мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «29-1) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға келген дарынды шетелдік жастар үшін мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде орындар бөлу қағидаларын бекітеді;»;
      3) 8-баптың 2-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен не Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.»;
      4) 26-баптың 8-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасындағы азаматтар үшін;»;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) дарынды шетелдік жастар үшін квота көзделеді.»;
      5) 47-баптың 17-тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарындағы азаматтар жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін оқыған өңірінде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті.».
      11. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      28-бап алып тасталсын.
      12. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат, № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 6 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      10-1), 12), 13) 14), 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-1) қабылдаушы тұлға – көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына уақытша тұру үшін шақыру туралы өтініш жасайтын және (немесе) олардың тұруына орын ұсынатын Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік және азаматтығы жоқ адам немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға;
      12) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;
      13) оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары;
      14) этникалық қазақтар, оралмандар туралы ақпараттық деректер базасы – этникалық қазақтар, оралмандар мен олардың отбасы мүшелері, оларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қоныстандыру туралы, сондай-ақ оларға көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары туралы деректер жиынтығы;
      15) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын және оралмандардың, олардың отбасы мүшелерінің уақытша тұруына және оларға бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетуге арналған заңды тұлға;»;
      мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «16-1) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін оралмандар отбасыларының шекті саны;
      16-2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін қоныс аударушылар отбасыларының шекті саны;»;
      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартуға рұқсат етілетін шетелдік жұмыс күшінің шекті саны;»;
      мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «23-1) ішкі корпоративтік ауыстыру – Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғаларда басшы, менеджер немесе маман қызметіндегі еңбегін жүзеге асырушы шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды аталған заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне уақытша ауыстыру;»;
      24) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «24-1) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама – Қазақстан Республикасында экономиканың басым салаларында сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін уәкілетті орган айқындайтын біліктілікке және білім деңгейіне қойылатын талаптарға сай келетін шетелдік қызметкерге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган беретін белгіленген нысандағы құжат;»;
      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «26) ішкі көшіп-қонушы – тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам;»;
      27) тармақша алып тасталсын;
      2) 6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік шекараны кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік бес күннен астам уақытқа Қазақстан Республикасына уақытша келген көшіп келушілердің, егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасалған келісімінде белгіленгеннен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілегеннен өзгеше тәртіп белгіленбесе, уақытша тұруға (тіркеуге) рұқсаты болуы міндетті.
      Көшіп келушілерді тіркеуді ішкі істер органдары қабылдаушы тұлғаның ақпараты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен келіп түсетін ақпараты негізінде жүзеге асырады. Қабылдаушы тұлғалар оларға келіп жатқан көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарын, олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.»;
      3) 7-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      «7-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат
              алу»;

      мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат туралы өтінішпен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне жүгінеді.»;
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мыналарды:»;
      1) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) Қазақстан Республикасына туризм, емделу, жастардың, студенттік және мектеп ауысу бағдарламаларына қатысу, гуманитарлық көмекті алып жүру, келіссөздер жүргізу, келісімшарттар жасасу, аудиторлық және консультациялық қызметтер көрсету мақсатымен, сондай-ақ іссапарға келген;»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) діни және (немесе) миссионерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына келетін адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру визасымен уақытша болатын не Қазақстан Республикасымен визасыз кіру және онда болу тәртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ берілген визаның санатына қарамастан этникалық қазақтар тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына жүгінеді.»;
      4) 8-бапта:
      3) тармақша алып тасталсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындайды;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын айқындайды;»;
      8) тармақша алып тасталсын;
      5) 9-бапта:
      2) тармақша мынадай реакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріндегі көшіп келушілер туралы мәліметті ұсынуы, көші-қон карточкаларын беру және жасау, көшіп келушілердің орын ауыстыруы, көшіп келушілердің шетелдіктер үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) келу тәртібін, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру тәртібін айқындайды;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) Қазақстан Республикасының аумағында жүрген көшіп келушілерге көші-қон карточкаларын беруді жүзеге асырады;»;
      6) 10-бапта:
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар береді, ұзартады және олардың күшін жояды;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Қазақстан Республикасына өз еркімен қоныс аударуға тілек білдірген этникалық қазақтарды келудің, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде айқындаған өңірлерге келу шарттары, қабылдау шарттары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы хабардар етеді;»
      мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) Қазақстан Республикасына келу туралы өтініш берген көшіп келушілердің, оның ішінде этникалық қазақтардың құжаттарын қабылдайды, тіркейді, оларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келуге визалар ресімдейді;
      5-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істері министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібін айқындайды;»;
      7) 11-бапта:
      4), 4-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
      4-1) оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;»;
      мынадай мазмұндағы 4-2), 4-3), 4-4), 4-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-2) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квотасын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
      4-3) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасының іске асырылуы мониторингін жүргізеді;
      4-4) облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана арасында оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бөледі;
      4-5) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізудің тәртібін айқындайды;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана арасында бөледі;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) шетелдік қызметкерлердің орталықтандырылған деректер базасын қалыптастырады, «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық порталын құрады және олардың тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара байланысын қамтамасыз етеді;»;
      мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-2) шетелдік қызметкерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама береді;»;
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияның үлгілік ережесін бекітеді;»;
      8) 15-бапта:
      1-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға өңірді оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстар енгізеді;»;
      6) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5) және 6-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6-1) этникалық қазақтардан оралман мәртебесін беруге өтінішті қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
      6-2) этникалық қазақтардан оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішті қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
      6-3) оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды;
      6-4) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;
      6-5) Қазақстан Республикасының азаматтарынан оларды қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішті қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
      6-6) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;»;
      8), 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) оралман куәлігін береді;
      9) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құрады және олардың қызметін ұйымдастырады;»;
      12) тармақша алып тасталсын;
      3-тармақ алып тасталсын;
      9) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:

      «17-бап. Оралмандардың санаттары

      Оралмандар мынадай санаттарға бөлінеді:
      1) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар;
      2) Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген және тұрып жатқан оралмандар.»;
      10) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«18-бап.

Оралман мәртебесін беруге және/немесе оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш беру тәртібі

      1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтар оралман мәртебесін беру және/немесе оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішті халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жергілікті атқарушы органдарға береді.
      2. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын этникалық қазақтар оралман мәртебесін беру және/немесе оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішті Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне береді.»;
      11) мынадай мазмұндағы 19-1, 19-2-баптармен толықтырылсын:

      «19-1-бап. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы

      1. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары мен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстанғысы келетін этникалық қазақтар мен оралмандардан Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы келіп түскен өтініштер негізінде қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Үкіметінің қарауына енгізеді.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын орта мерзімді кезеңге және алдағы жылға белгілейді.
      3. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;

19-2-бап.

Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссия

      1. Этникалық қазақтардың оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініштерін қарау үшін облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы жергілікті атқарушы органдар оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияларды құрады. Комиссияның құрамына мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
      Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияның үлгілік ережесін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»;
      12) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«20-бап.

Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін бұл туралы өтініш жасаған этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру және/немесе оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу

      1. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері үміткерлердің оралман мәртебесін беруге және/немесе оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініштері мен құжаттарын қабылдайды және оларды тіркеген күннен бастап, күнтізбелік он жұмыс күні ішінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      2. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оралман мәртебесін беруге және/немесе оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға өтінішхат берген үміткердің ұлты Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін жеке басын куәландыратын құжаттардағы жазба негізінде, мұндай жазба болмаған кезде, үміткердің ұлтын растайтын басқа құжаттар негізінде белгіленеді.
      3. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларға оралман мәртебесін беруге және/немесе оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға келісім беруге не негізделген дәлелді себептерімен одан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
      Жергілікті атқарушы органдар шешім қабылдау үшін этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оралман мәртебесін беруге және/немесе оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін өтінішхат берген үміткердің Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстар немесе құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға қатысы бар екені туралы өзге де ақпараттың бар не жоқ екенін тексеру үшін тиісті өңірлердің ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарының аумақтық бөлімшелеріне жібереді.
      Ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдары этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары тіркелген күннен бастап, күнтізбелік отыз күн ішінде оралман мәртебесін беруге және/немесе оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге кедергі келтіретін, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген негіздердің бар немесе жоқ екені туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
      Жергілікті атқарушы органдар:
      1) тиісті органдардың ақпараттары келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оларды Комиссияның қарауына енгізеді. Комиссия этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттарын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде этникалық қазаққа оралман мәртебесін беруге және/немесе оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге алдын ала келісім беру туралы не бас тартудың негізделген дәлелді себептерімен бас тарту туралы шешім қабылдайды;
      2) Комиссия шешім қабылдаған соң үш жұмыс күнінен кешіктірмей этникалық қазақты оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім беру немесе бас тартудың негiзделген дәлелдi себептерімен одан бас тарту туралы ақпаратты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      4. Этникалық қазаққа оралман мәртебесін беруге және/немесе оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім үміткер осы Заңның 1-бабы 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сай болған кезде беріледі.
      Этникалық қазақтар мынадай кезектілікте оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу басымдығын пайдаланады:
      1) тиісті білімі, біліктілігі және белгілі бір мамандығы бойынша тәжірибесі бар адамдар;
      2) көп балалы отбасылар;
      3) жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндігі бар кәмелетке толған жастар.
      5. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органның этникалық қазаққа оралман мәртебесін беру және/немесе оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі келісімін өтініш берушіге жеткізу үшін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне жібереді.
      6. Этникалық қазақтардың оралман мәртебесін беруге және/немесе оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатқа келісім алуға өтініштерін қараудың жалпы мерзімі халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап үш айдан аспауға тиіс.
      7. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жергілікті атқарушы органның этникалық қазаққа оралман мәртебесін беру және/немесе оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі келісімін алғаннан кейін оны бір ай ішінде өтініш берушіге жібереді және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға келуге виза береді не виза беруден бас тартылғаны туралы хабарлайды.
      8. Жергілікті атқарушы орган Комиссияның оралман мәртебесін беруге және/немесе оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісімі туралы бұрын қабылдаған шешімін ескере отырып, жүгінген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге және оның отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін, оралман куәлігін береді және шешім қабылдау үшін оралмандардың тізімін Комиссияға жібереді.
      Этникалық қазақ оралман мәртебесін беруге және/немесе оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жергілікті атқарушы органға бере алады.
      9. Комиссия оралмандардың тізімін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды.
      10. Этникалық қазақ тұратын жеріне келіп, оралман мәртебесін алғаннан кейін тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне жүгінеді.
      11. Ішкі істер органдары этникалық қазақтың және оның отбасы мүшелерінің тұрақты тұруға рұқсат алуға және тұратын жері бойынша тіркелуге өтінішін жүгінген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарауға міндетті.»;
      13) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«21-бап.

Қазақстан Республикасына өз бетінше келген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру және/немесе оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу

      1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақ тұратын жеріне келгеннен кейін оралман мәртебесін беруге және/немесе оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге жергілікті атқарушы органға өтініш береді, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірді таңдаған жағдайда оралман мәртебесін алғаннан кейін тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне жүгінеді.
      Этникалық қазақ оралман мәртебесін беруге және/немесе оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішті тиісті құжаттарымен қоса халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жергілікті атқарушы органға бере алады.
      2. Жергілікті атқарушы орган жүгінген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде этникалық қазаққа және оның отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін, оралман куәлігін береді не оралман мәртебесін беруден дәлелді түрде бас тартады.
      Оралман мәртебесін беру үміткер осы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сай болған кезде жүзеге асырылады.
      3. Оралман мәртебесін алуға үміткердің ұлты – жеке басын куәландыратын құжаттардағы жазбаға сәйкес, мұндай жазу болмаған кезде – олардың ұлтын растайтын басқа құжаттардың негізінде расталады.
      4. Оралман мәртебесін алған этникалық қазақтар оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарда және тәртіппен жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік көмектің өзге де түрлерін алуға үміткер бола алады.
      Оралман мәртебесін алған этникалық қазақтардың тізімі, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерді таңдаған жағдайда, шешім қабылдау үшін Комиссияға жіберіледі.
      5. Комиссия оралмандардың тізімін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім беру не бас тартудың негізделген дәлелді себептерімен қоса одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
      14) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:

«21-1-бап.

Этникалық қазақтардың жекелеген отбасы мүшелерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізудің ерекшеліктері

      1. Оралманның отбасы оралмандарды қабылдау квотасына енгізілгеннен кейін келген отбасы мүшелері, сондай-ақ ата-аналары Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін Қазақстан Республикасында туған балалары күнтізбелік бір жыл ішінде оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізіледі.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын оралмандар өзінің отбасы мүшелерін де оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішпен жергілікті атқарушы органдарға жүгіне алады және осы Заңның 21-бабында белгіленген тәртіппен оған енгізілуге құқығы бар.
      3. Егер оралман өзінің отбасы мүшесінің құрамында өз отбасы бар балаларын көрсетпесе, онда балаларының отбасы мүшелері оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына оралман отбасының құрамына оралманның өз отбасы бар балалары қайтыс болған, оларды ата-ана құқықтарынан айырған не олар Қазақстан Республикасының азаматтығын алған жағдайда ғана енгізіледі.
      Бұл ретте, оралманның өз отбасы бар балалары қайтыс болған не олар ата-ана құқығынан айрылған жағдайда оның кәмелетке толмаған отбасы мүшелерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін оралман (оралманның жұбайы (зайыбы) олардың қамқоршысы (қорғаншысы) болуға міндетті.»;
      15) 23-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«23-бап.

Оралмандарға, этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары»;

      1, 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде өздерінің төлем қабілеттілігін растауды ұсынудан босатылады.
      4. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасына оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлкін тасымалдау жөніндегі шығындарын өтеуді қамтитын біржолғы жәрдемақылар белгілеуі мүмкін.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «4-1. Оралман мәртебесін беруге келісім алған және/немесе оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ оралмандар мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде көлік құралын қоса алғанда, жеке пайдалануындағы мүлкіне кеден төлемдерін төлеуден босатылады.
      4-2. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделетін мемлекеттік қолдау шаралары беріледі.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне осы бапта көзделген мемлекеттік қолдау шараларынан басқа тұтыну кредитін және тұрғын үй құрылысына ипотекалық қарыз алу құқығы беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Оралман немесе оның отбасы мүшесі оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізгеннен кейін қайтыс болған жағдайда, әлеуметтік көмек олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанына қарамастан отбасы мүшелеріне немесе оралманға беріледі.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы баптың 4-2-тармағында көрсетілген оралмандар Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес өздері алған жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларын Қазақстан Республикасында тұрған алғашқы бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірден тыс жерлерге өзінің ерік қалауымен өз бетінше ішкі көшіп-қонған не Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқан жағдайда мерзімінен бұрын толық көлемде өтеуге міндетті.»;
      16) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерiн оралман мәртебесiн алғанға дейiн алғашқы қоныстандыру олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарында халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен және мерзiмге жүзеге асырылады.»;
      17) 25-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) оралман мәртебесін алған күннен бастап бір жыл өткен соң;»;
      4) тармақша алып тасталсын;
      18) 26-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға олардың оралман мәртебесін беру және/немесе оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініштерін қарауға қажетті дәйекті мәліметтерді ұсынуға;»;
      19) 29-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы Заңның 27-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында санамаланған адамдар шақырушы адамдары болып табылатын отбасы мүшелері еңбек қызметін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз бетінше жұмысқа орналасу үшін шетелдік қызметкерге беретін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманың, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыс берушіге Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген квота шегінде және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға беретін рұқсаттың негізінде жүзеге асырады.»;
      20) 33-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде техникалық және кәсіптік және ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі тегін білім алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен айқындалады.»;
      21) 34-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) шетелдік қызметкерлер – көшіп келушілер:
      экономиканың басым салаларында сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келгендер;
      Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатындар, оның ішінде ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде келгендер.»;
      22) 35-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      23) 36-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Келуге визаны:
      1) үш айдан аспайтын мерзімге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік қызметкерлерге шетелдік қызметкердің өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама негізінде;
      2) жұмыс берушілер тартқан шетелдік қызметкерлерге жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат негізінде және оның қолданылу мерзіміне;
      3) ішкі корпоративтік ауыстыру шеңберінде келген шетелдік қызметкерлерге еңбек шарты негізінде және оның қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері береді.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік қызметкерлерге келуге визаны және уақытша тұруға арналған рұқсатты жұмыс берушінің алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаты, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік қызметкердің үш жылдан аспайтын мерзімге еңбек шарты болған кезде не ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде ішкі істер органдары бір жылға ұзартады.»;
      24) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«37-бап.

Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты, шетелдік қызметкерлерге өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы беру және оларды ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде тарту тәртібі

      1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квота шеңберінде жергілікті атқарушы орган беретін рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.
      Жұмыс берушілерден шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген мөлшерлеме бойынша және тәртіппен алым алынады.
      Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітеді.
      2. Ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде ауысқан, сондай-ақ өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік қызметкерлер уақытша еңбек қызметін келу мақсатына сәйкес жүзеге асырады және еңбек шартында көрсетілген үш жылдан аспайтын мерзім аяқталған соң елден кетуге міндетті.
      Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ ішкі корпоративтік ауыстыруды жүзеге асыруға рұқсат берудің және (немесе) рұқсатты ұзартудың тәртібі мен шарттарын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
      3. Шетелдік қызметкерлер экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлеріне) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы үш айдан аспайтын мерзімге, еңбек шартының қолданылу мерзімі негізінде, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен алған кезде келе алады.
      Шетелдік қызметкерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру тәртібін, басым салалар (экономикалық қызмет түрлерін) және олардағы шетелдік қызметкерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тиiстi қызмет салаларындағы өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша бекітеді.»;
      25) 41-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
      26) 43-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
      27) 43-1-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы алып тасталсын;
      28) 48-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қабылдаушы тұлғалардың көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде қабылдаушы тұлғалар көшіп келушілерді уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттарды ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауаптылыққа тартылса, қаралмайды.»;
      29) 49-баптың бірінші бөлігінде:
      4), 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) этникалық қазақтарды, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған бұрынғы отандастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқығы бар адамдар мен олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерде ұсынбаған;
      5) Қазақстан Республикасында шетелдіктердің құқықтық ережесі туралы заңнаманы бірнеше рет бұзған;»;
      13-1) тармақша алып тасталсын;
      30) 50-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«50-бап.

Өз еркімен қоныс аударған және өз бетінше қоныстанған ішкі көшіп қонушылар»;

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге өз еркімен қоныс аударушылар;»;
      31) 51-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ішкі көшіп-қонушылар:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелуге;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерден тыс жерлерге бес жыл ішінде ерік қалауымен өз бетінше ішкі көшіп-қонған жағдайда, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларын мерзімінен бұрын толық көлемде өтеуге міндетті.»;
      32) 52, 53-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«52-бап.

Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу

      1. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      2. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін қоныс аударушылардың отбасыларының шекті санын айқындайды.
      3. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу отбасының кәмелетке толған мүшелерінің біреуінің халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органға берген өтініші негізінде жүзеге асырылады.

53-бап.

Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету

      Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.»;
      33) 63-бап мынадай мазмұндағы 1-тармақпен толықтырылсын:
      «1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;
      13. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      жоғарыда аталған Заңға 2-қосымшада:
      реттік нөмірі 331-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

1

2

3

4

331.

Шетелдік қызметкерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігін растайтын анықтамалар беру

Шетелдік қызметкерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін берілетін анықтама


                                                                   »;

      реттік нөмірі 332-жол жол алып тасталсын:
      2-бап. Осы Заң:
      1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларын, 2, 3-тармақтарын, 7-тармағы 1) тармақшасының тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші абзацтарын, 5) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарын, 6) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші абзацтарын, 9) тармақшасын, 10) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші абзацтарын, 10-тармағы 1) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарын, 2) тармақшасын, 3) тармақшасын, 4) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарын, 12-тармағы 1) тармақшасының он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші абзацтарын, 7) тармақшасының он төртінші, он бесінші абзацтарын, 8) тармақшасының он алтыншы абзацын, 19), 20), 21) 22), 23), 24), 25), 26) тармақшаларын және 13-тармағын;
      2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 7-тармағы 3) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады