"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Занының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1431 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл
шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжат; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар, № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      96-бапта:
      1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде, олардың өз еңбегiмен қатысуына және мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс.»;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Өндірістік кооперативтің – ауыл шаруашылығы кооперативінің және оның мүшелерінің құқықтық жағдайы мен ерекшеліктері ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы заңнамалық актіге сәйкес айқындалады және осы Кодексте оған қайшы келмейтін бөлігінде реттеледі.»;
      108-баптың 7-тармағы алып тасталсын.
      2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114; 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      мазмұнында 63-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «63-тарау. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі»;
      37-1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ауыл шаруашылығы өнiмiн, акваөсіру (балық шаруашылығы) өнімін өндiрушi заңды тұлғалар және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режімін қолданбайтын (қолданбаған)»;
      64-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Күнтізбелік жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимінен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан салық төлеушілер көрсетілген күнтізбелік жылда:
      арнаулы салық режимін;
      жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданған кезеңі үшін салық есептілігін жеке-жеке жасайды»;
      73-баптың 11-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.»;
      120-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Салық төлеуші таратылған немесе қайта ұйымдастырылған, оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға осы Кодекстің 81-149-баптарына сәйкес корпоративтік табыс салығын есептеуге көшкен жағдайда, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтатқан кезде амортизациялық аударымдар салық кезеңіндегі қызмет кезеңіне түзетіледі.»;
      137-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Ауыл шаруашылығы өнiмiн, акваөсіру (балық шаруашылығы) өнімін өндiрушi заңды тұлғалар және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшiн арнаулы салық режимiн қолдану шеңберінде шеккен залалдар келесi салық кезеңдерiне ауыстырылмайды.»;
      140-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «140-бап. Салық төлеушілердің жекелеген санаттарының
                корпоративтік табыс салығын есептеу және төлеу
                ерекшеліктері

      Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші корпоративтік табыс салығын есептеуді осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүргізеді.»;
      267-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіретін заңды тұлғалар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын қосылған құн салығын төлеушілер осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, қосылған құн салығын есептейді.»;
      273-баптың 5-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мыналар:
      шағын бизнес субъектілері;
      шаруа немесе фермер қожалықтары;
      ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші-заңды тұлғалар және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимдерінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушіге;»;
      356-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып;»;
      368-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.»;
      388-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.»;
      399-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндiрушi заңды тұлғалар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгiленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.»;
      426-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндiрушi заңды тұлғалар және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі.»;
      63-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «63-тарау. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі»;
      448-бапта:
      1-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері мынадай салық салу режімдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:
      ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режімі (бұдан әрі - арнаулы салық режімі);
      оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режімі;
      жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.
      Осы Кодекстің 450-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы бапта белгіленген арнаулы салық режімін таңдау кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері осы режімді қолдану шарттарына сәйкес болған кезде осы режім кемінде күнтiзбелiк бір жыл мерзіммен қолданады.»;
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің:
      ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіру;
      өзі өндірген, сондай-ақ осындай кооператив қатысушылары өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін қайта өңдеу, сақтау, өткізу;
      ауыл шаруашылығы, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) саласында осындай кооператив қатысушыларына қызметтің қосалқы түрлерін орындау;
      мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың келісуі бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша, осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген қызмет түрлерін кооператив қатысушыларының жүзеге асыруы мақсатында осындай кооператив қатысушылары үшін жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету);
      мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың келісуі бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша, осы тармақшаның екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген қызмет түрлерін кооператив қатысушыларының жүзеге асыруы мақсатында осындай кооператив қатысушылары үшін тауарлар өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.
      Осы тармақшада белгіленген тізбені қалыптастыру тәртібін мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың келісуі бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
      Егер кооператив қатысушылары бес жыл ішінде осы тармақшада көзделген тауарды әрі қарай өткізсе, сондай-ақ осындай тауарды пайдалануға, сенімді басқаруға, жалға берсе, осы тармақшаның ережелері қолданылмайды.
      Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің осы тармақшада көзделген тауарларды өткізуі, сондай-ақ осындай тауарларды пайдалануға, сенімді басқаруға, жалға беруі корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну үшін белгіленген мерзімдерде мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылатын тізілімде көрініс табады.»;
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы тараудың мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жиынтық жылдық табысының кемінде 90 пайызын осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алуға жататын (алынған) табыстар құрайтын ауыл шаруашылығы кооперативтері жатады.»;
      3-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын.
      3. «Өндiрiстiк кооператив туралы» 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 2001 ж., № 17-18, 242-құжат; 2003 ж., № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат; 2014 ж.; № 4-5, 24-құжат):
      кіріспе мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Өндiрiстiк кооперативтің – ауыл шаруашылығы кооперативінің және оның мүшелерінің құқықтық жағдайы осы Заңда реттелмейді және Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы заңнамалық актіде айқындалады.»;
      1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде, олардың жеке еңбегiмен қатысуына және мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын (пайларын) бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады.».
      4. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 11, 63, 67-құжаттар; 2014 жылғы 8 қарашада «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      14-бапта:
      2-тармақ алып тасталсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұтыну кооперативтерiн құқықтық реттеу ерекшелiктерi арнаулы заңнамалық актiлерде реттеледi.»;
      28-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.
      5. «Тұтыну кооперативі туралы» 2001 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 10, 138-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат):
      2-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
      6. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-ІІ, 96-құжат; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1-баптың 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «26) сервистік-дайындау орталығы – ауыл шаруашылығы кооперативіне не қатысушылары бір немесе бірнеше ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылатын заңды тұлғаға меншік құқығымен немесе өзге құқықтармен тиесілі, ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы өнімдерін өндіру, жабдықтау, дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу жөніндегі және ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтерге арналған объект;»;
      6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 41-1) және 41-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «41-1) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған тексеру одақтарының (қауымдастықтарының) шығындарын субсидиялау тәртібін әзірлеу және бекіту;
      41-2) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өз қатысушылары үшін жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету) жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесін, ауыл шаруашылығы кооперативі өзінің қатысушыларына өткізетін тауарлардың тізбесін, сондай-ақ көрсетілген тізбелерді қалыптастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
      7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 12-8) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-8) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған тексеру одақтарының (қауымдастықтарының) шығындарын субсидиялау;»;
      11-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8-7) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-7) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған тексеру одақтарының (қауымдастықтарының) шығындарын субсидиялау;».
      2-бап. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағының қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады