"Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 5 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


"Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму
жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
1 ақпандағы № 922 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 10, 115-құжат; 2012 ж., № 68, 976-құжат; 2013 ж., № 65, 679-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында:

      "Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының түйінді бағыттары" деген III бөлім:

      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлiкпен толықтырылсын:

      "2020 жылға қарай Қазақстанда жан басына шаққанда ІЖӨ 20 мың АҚШ долларына дейін ұлғаяды.";

      "Қазақстанның өркендеуінің, гүлденуі мен қауіпсіздігінің орнықты тұғыры: түйінді бес бағыт" деген кіші бөлімнің үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Екінші түйінді бағыт шеңберіндегі іс-қимылдар елді индустрияландыру бағдарламасын іске асыру және инфрақұрылымды дамыту нәтижесінде Қазақстан экономикасын әртараптандыруды жеделдетуге ықпал ететін болады. Бұл экономикалық модельді өзгертуге және экстенсивті, шикізаттық даму жолынан индустриялық-инновациялық дамуға көшуге мүмкіндік береді. Елдің инфрақұрылымын дамыту жоспарлары экономиканы үдемелі әртараптандыруға және елге шетел инвестицияларын тартуға ықпал ететін энергетика, көлік және телекоммуникация салаларын жаңғыртуға шоғырланады.";

      "Бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі стратегиялық мақсаттар" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

экономиканың шикізаттық емес секторларына салынатын отандық және шетелдік инвестициялар (өңдеуші өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, көрсетілетін қызметтер) кемінде 30 %-ға ұлғаяды;

ІЖӨ-дегі тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) үлесі 10 пайыздық тармаққа ұлғаяды;

негізгі капиталға инвестициялардың үлесі ІЖӨ-ге қатысты 19 % құрайды;

шағын және орта бизнестің үлесі ІЖӨ-ге қатысты 30 % құрайды;

Қазақстан Дүниежүзілік банктің "Бизнес жүргізудің жеңілдігі" ("Doing Business") рейтингі бойынша ең үздік көрсеткіштері бар 30 елдің қатарына енеді;

Қазақстан "Transparency International" рейтингінде сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі бойынша 100-орынды иеленеді;

2015 жылға қарай

Қазақстанның Дүниежүзілік банктің "Бизнес жүргізудің жеңілдігі" ("Doing Business") рейтингі бойынша көрсеткіштері 2011 жылмен салыстырғанда 7 позицияға жақсарады

2011 жылға қарай

жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау үшін реттеушілік әсер етуді талдау әдістемесі (АРВ) әзірленеді;

Қазақстанның Дүниежүзілік банктің "Бизнес жүргізудегі жеңілдік" ("Doing Business") рейтингі бойынша көрсеткіштері 2008 жылмен салыстырғанда 7 позицияға жақсарады;

уақыт пен шығындарды қоса алғанда, бизнесті тіркеуге және жүргізуге байланысты операциялық шығындар (рұқсаттар, лицензиялар, сертификаттар алу; аккредиттеу; консультация алу) 30 %-ға төмендейді


      "Қаржы секторын нығайту" деген кіші бөлімде:

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қаржы ұйымдарының институционалдық базасы кеңейтіледі және олардың инвестициялық мүмкіндіктері артады.";

      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осылайша отандық қор нарығы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Орталық Азия елдерінің арасында ислам банкингінің өңірлік орталығына айналады.";

      мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Тұтастай алғанда, елдің қаржы секторын дамыту Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.";

      "Қаржы секторын дамыту жөніндегі стратегиялық мақсаттар" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы секторын дамыту жөніндегі стратегиялық мақсат

2020 жылға қарай

банк секторы міндеттемелерінің жиынтық көлеміндегі оның сыртқы міндеттемелерінің үлесі 30 %-дан аспайды


       ";

      "Сот жүйесі" деген кіші бөлімде:

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сот жүйесінің тәуелсіздік және бейтараптық деңгейі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының міндеттемелеріне (адами өлшем саласында) сәйкес деп танылады.";

      "Сот жүйесін реформалау жөніндегі стратегиялық мақсаттар" деген кестеде:

      "2020 жылға қарай" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2020 жылға қарай

Қазақстан Республикасы "Соттардың тәуелсіздігі" көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингінде 77-орынды иеленеді


       ";

      "Заңнаманы және норма түзушілікті жетілдіру" деген кіші бөлімде:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге тәуелсіз сарапшыларды, үкіметтік емес сектордың өкілдерін неғұрлым кеңірек тарту, осы саладағы озық білімдерді пайдалана отырып, ғылыми сараптамалар жүргізу негізінде норма шығару қызметінің сапасын арттыру жөніндегі тетікті енгізу.";

      "Заңнаманы және норма шығаруды жетілдіру жөніндегі стратегиялық мақсаттар" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңнаманы және норма шығаруды жетілдіру жөніндегі стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

нормативтік құқықтық актілер жобаларының сапасын бағалаудың халықаралық стандарттарына және оларды қоғамның, кәсіпкерлік пен биліктің мүдделерін теңдестіріп ескеруге мүмкіндік беретін жария түрде талқылау рәсімдеріне негізделген заң шығарудың тиімді тетіктері енгізілді

2015 жылға қарай

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі пайдаланушыларының барлық санаттарына қолжетімділік қамтамасыз етілді

2014 жылға қарай

"электрондық үкімет" инфрақұрылымы шеңберінде және мемлекеттік құпиялар туралы заңнама талаптарының сақталуын ескеріп, нормативтік құқықтық актілердің жүйелендірілген және түпкілікті деректер базасына жалпыға бірдей тегін қол жеткізу қамтамасыз етілді;

қылмыстық заңнаманы, оның ішінде онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстарды алғаш рет жасаған адамдарға және әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға қатысты, сондай-ақ онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа жекелеген қылмыстарды теріс қылықтар разрядына ауыстыру арқылы қылмыстық заңнаманы кешенді ізгілендіру жүргізілді

2011 жылға қарай

ескірген және қайталайтын нормаларды алып тастауға, сондай-ақ құқықтық реттеудегі олқылықтарды жоюға мүмкіндік беретін заңнамалық актілердің құқықтық мониторингі енгізілді;

контрактация тәуекелдерін тәуелсіз бағалау институттарын (рейтингтік агенттіктерді, кредиттік бюроларды) және корпоративтік дауларды оңайлатылған шешу институттарын (аралық соттарды, коллекторлық агенттіктерді) одан әрі дамыту тұжырымдамасы әзірленді


       ";

      "Құқықтық мәдениет және азаматтардың білікті заң көмегіне қолжетімділігі" деген кіші бөлімде:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте таяудағы онжылдықта мемлекет мүліктік жағдайына байланыссыз халықтың білікті заң көмегіне қол жеткізуін кеңейту үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды.";

      "Халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру және азаматтардың білікті заң көмегіне нақты қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық мақсаттар" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру және азаматтардың білікті заң көмегіне нақты қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық мақсат

2012 жылға қарай

Қазақстан азаматтарының құқықтық мәдениетін, оның ішінде құқықтық насихатты кеңейту және заң білімінің сапасын арттыру арқылы көтеру жөніндегі кешенді жоспар әзірленді


       ";

      "Ұлттық инновациялық жүйені құру" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) технологиялар трансфертін және басым секторларда жоғары технологиялық өндірістерді оқшауландыруды ынталандыру;

      6) инновацияларға сұраныстың артуын ынталандыру;

      7) технологиялық және басқарушылық құзыреттерді арттыру.";

      "Әртараптандырудың басымдықтары" деген кіші бөлімнің бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бірінші кезеңде (2010 – 2014 жылдар) отандық экономиканы үдемелі әртараптандыру, бірінші кезекте, жеті бағыт бойынша іске асырылды. Бұл – агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндірісі; мұнай өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы; металлургия және дайын металл өнімдерін өндіру; химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібі; энергетика; көлік және телекоммуникация.";

      "Экономиканы әртараптандырудың стратегиялық мақсаттары" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Экономиканы әртараптандырудың стратегиялық мақсаттары

2020 жылға қарай

бір қызметкерге есептегенде еңбек өнімділігі жылына 41,2 мың АҚШ долларын құрайды;

ІЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі кемінде 13 %-ды құрайды;

экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі кемінде 45 %-ды құрайды;

шикізаттық емес экспорттың көлемі өңдеу өнеркәсібінің жиынтық өндірісінің кемінде 50 %-ын құрайды;

мұнай емес экспорттың үлесі 28 %-ды құрайды;

өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі бір адамға 33,1 мың АҚШ долларын құрайды;

ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі бір адамға 1440 мың теңгені құрайды;

халықаралық деңгейде 2 агломерация құрылатын болады;

ІЖӨ-дегі көрсетілетін қызметтер саласының үлесі 60 %-ды құрайды;

ІЖӨ энергия сыйымдылығы 2000 жылғы бағалармен бір мың АҚШ долларына мұнай эквивалентінің 1,32 тоннасын құрайды;

инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 20 %-ға дейін ұлғаяды

2015 жылға қарай

ІЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі кемінде 12,5 %-ды құрайды;

экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі кемінде 40 %-ды құрайды;

шикізаттық емес экспорттың көлемі өңдеу өнеркәсібінің жиынтық өндірісінің кемінде 43 %-ын құрайды;

өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі кемінде 1,5 есеге ұлғаяды;

ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі бір адамға 720 мың теңгені құрайды;

ІЖӨ энергия сыйымдылығы кемінде 2000 жылғы бағалармен бір мың АҚШ долларына мұнай эквивалентінің 1,5 тоннасын құрайды;

инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 10 %-ға дейін ұлғаяды


       ";

      "Ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық мақсаттар" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

республика бойынша 5 жылдағы бидай шығымдылығы орта есеппен 1 гектардан 12,5 центнерді құрайды;

АӨК экспорттық әлеуетінің көлемі 2,2 млрд. АҚШ долларын құрайды

2015 жылға қарай

ет өңдеу үлесі өндірілген сойылған салмақтағы еттің жалпы көлемінің 27 %-ына дейін, сүт өңдеу – сауылған сүттің жалпы көлемінің 40 %-ына дейін, томат – өңдеу жалпы жиналған көлемнің 12 %-ына дейін ұлғаяды


       ";

      "Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндірісі" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Экономиканың өсуімен құрылыстың көрсетілетін қызметтері мен құрылыс материалдарына деген сұраныс артады. Құрылыс материалдарының 25 %-дан астамы елге импортталатынын ескерсек, құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамытуға үшін мол мүмкіндік бар.";

      "Құрылыс саласындағы стратегиялық мақсаттар" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құрылыс және құрылыс материалдарының өндірісі саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

құрылыс материалдарының экспорты кеміндегі 18 млрд. теңгені құрайды

2015 жылға қарай

ішкі нарықтағы құрылыс материалдарына қажеттiлiкті 80 %-дан асыра қанағаттандыру


       ";

      "Мұнайды қайта өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы саласындағы стратегиялық мақсаттар" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мұнай өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы саласындағы стратегиялық мақсат

2020 жылға қарай

ішкі нарық отандық жанар-жағармай материалдарымен толық қамтамасыз етіледі


       ";

      "Металлургия саласындағы стратегиялық мақсаттар" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Металлургия саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

қара металлургия экспортының көлемі 1,3 есе (130 %) ұлғаяды;

түсті металлургия экспортының көлемі 2 есе (200 %) ұлғаяды


       ";

      "Химия және фармацевтика өнеркәсібі" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Химия және фармацевтика өнеркәсібі

      Химия өндірісін дамыту мақсатында қазірдің өзінде 18 жоба іске асырылуда. Химия өнеркәсібін одан әрі дамыту органикалық химия мен полимерлердің, бейорганикалық химияның базалық өнімдері, арнайы химикаттар мен тұтыну химиясы өндірісімен байланысты болады. Фармацевтика өнеркәсібі дамиды.

      Химия және фармацевтика өнеркәсібіндегі стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

химия өнімдері өндірісінің көлемі 1,9 есеге өседі;

каустикалық сода бойынша хлор-сілті өнімдерінің өндірісі жылына 60 мың тоннаға дейін ұлғаяды;

күкірт қышқылының өндірісі жылына 3,5 млн. тоннадан астам көлемге дейін жеткізіледі;

ішкі нарықтың 45 %-ы отандық дәрілік құралдармен қамтамасыз етіледі


      Қорғаныс өнеркәсібі

      Қорғаныс өнеркәсібінде елдің Қарулы Күштерін жаңғырту жөніндегі бағдарламалар іске асырылатын болады.

      Қорғаныс өнеркәсібіндегі стратегиялық мақсат

2020 жылға қарай

мемлекеттік қорғаныс тапсырысы 80 %-ға отандық өндіріспен қамтамасыз етілген


       ";

      "Атом энергетикасы мен энергияның баламалы көздерін қоса алғанда, энергетиканы дамыту" деген кіші бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атом энергетикасын қоса алғанда, энергетиканы дамыту";

      төртінші бөлік алып тасталсын;

      "Энергетика саласындағы стратегиялық мақсаттар" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Энергетика саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

меншікті көздерден экономика қажеттіліктерін қанағаттандыратын энергия шығару 100 %-ды құрайды;

электр энергиясын өндіруде газ электр станцияларының үлесі 20 %-ды құрайды;

Балқаш ЖЭС салынды және пайдалануға берілді;

АЭС құрылысы басталды;

ядролық отын циклінде тігінен интеграцияланған компания құрылды

2012 жылға қарай

электр энергиясының бағаларын және электр энергиясын беру мен тарату тарифтерін қалыптастырудың ұзақ мерзімді тарифтік саясаты әзірленді және енгізілді


       ";

      "Теміржол көлігі" деген кіші бөлімде:

      "Теміржол көлігі саласындағы стратегиялық мақсаттар" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Теміржол көлігі саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

республика ішінде және Қазақстан шегінен тыс жүктер мен жолаушыларды жеткізуді жеделдету үшін 1400 км жуық жаңа теміржол желілері салынды;

теміржол көлігінің негізгі активтерінің тозуы 40 %-ға дейін төмендеді

жүк контейнерлік поездардың халықаралық көлік дәліздері арқылы жүру жылдамдығы 7 %-ға, ал жолаушылар поезының жылдамдықпен жүру учаскелеріндегі қозғалысы 7 %-ға артады;

әрбір оператор үшін нарықтағы үлесі кемінде 7 % болатын жүк және жолаушыларды тасымалдау саласында 5 немесе одан көп тәуелсіз ірі оператор жұмыс істейді;

теміржол көлігі саласында Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдың көлемі 28 млн. тоннаны құрайды

2013 жылға қарай

Жетіген-Қорғас теміржол желісі салынды;

теміржол көлігін басқарудың жаңа жүйесі енгізілді

2012 жылға қарай

Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара теміржол желісі салынды


       ";

      "Автожол саласы және автомобиль көлігі" деген кіші бөлімде:

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Автомобиль жолдарын Еуропалық және Азиялық өңірлік жүйеге интеграциялау "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" трансқұрлықтық автожол дәлізін реконструкциялау арқылы жүзеге асырылатын болады.";

      "Автожол саласы мен автомобиль көлігі саласындағы стратегиялық мақсаттар" деген кестеде:

      "2020 жылға қарай" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2020 жылға қарай

11 мың км жуық республикалық маңызы бар автомобиль жолдары салынады және реконструкцияланады;

Қазақстан аумағы арқылы автомобиль көлігімен транзиттік тасымалдау көлемі 2 млн. тоннаны құрайды


       ";

      "Авиакөлік" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық авиацияны дамыту еуропалық авиациялық стандарттарды енгізу арқылы әуе тасымалын реттеуді кезең-кезеңмен ырықтандырумен, авиатасымалдау инфрақұрылымын қолдауға инвестицияларды жүзеге асырумен, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікке қойылатын талаптарды жоғарылатумен қатар жүреді. Әуе тасымалдарының бәсекелес нарығы құрылатын болады.";

      "Авиакөлік саласындағы стратегиялық мақсаттар" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Авиакөлік саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

15 әуежай ИКАО санатына ие болады;

4 халықаралық әуежай – "хаб" жұмыс істейді;

транзиттік авиаұшу көлемі 200,7 млн.ұшақ/км құрайды

2015 жылға қарай

халықаралық әуе қатынастарының саны 2 есе артады


       ";

      "Су көлігі" деген кіші бөлімде:

      "Су көлігі саласындағы стратегиялық мақсаттар" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Су көлігі саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

Қазақстанның теңіз порттарының өткізу қабілеті 25 млн. тоннаға дейін жеткізілді;

ұлттық теңіз сауда флоты Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі порттарынан құрғақ жүк тасымалы көлемінің 1/3-ін қамтамасыз етеді


       ";

      "Телекоммуникация" деген кіші бөлімде:

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазіргі заманғы жоғары жылдамдықты оптикалық және сымсыз технологияларға негізделетін, халыққа және ұйымдарға мультимедиалық қызметтер көрсетуге бағдарлаған телекоммуникациялар инфрақұрылымы қалыптастырылады.";

      "Ақпараттық коммуникация саласындағы стратегиялық мақсаттар" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақпараттық коммуникация саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейі 80 %-ға дейін артады;

Еуропа – Қытай, Еуропа – Орта Азия бағыттары бойынша телекоммуникациялық трафик транзитінің мүмкіндігін 4-6 %-ға қамтамасыз ету

2018 жылға қарай

Қазақстан халқын цифрлық телерадио хабарларын таратумен қамту 95 %-ды құрайды

2016 жылға қарай

автоматтандырылуға тиіс мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кемінде 60 %-ын электрондық нысанға ауыстыру қамтамасыз етілді;

жергілікті телефон байланысын цифрландырудың жүз пайыздық деңгейіне қол жеткізілді

2015 жылға қарай

халық саны 1 000 адам және одан да көп елді мекендердің барлығы ұялы байланыс қызметтерімен қамтамасыз етілді;

салалық стандарттау деңгейі халықаралық нормаларға дейін жеткізіледі және Қазақстан Республикасында АКТ-ның дамуына ықпал ететін құқықтық негіз қалыптастырылды;

халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейі 63,5 %-ға дейін артты


       ";

      "Ғарыш саласындағы қызмет" деген кіші бөлімде:

      "Ғарыш саласындағы стратегиялық мақсаттар" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғарыш саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш аппараты жасалды, ұшырылды және пайдалануға берілді;

елiмiздiң дәлдiгi жоғары спутниктiк навигация қызметтеріне деген қажеттiлiгiн қанағаттандыру дәрежесі – Қазақстан Республикасы аумағының 80 %-ын жабу

2015 жылға қарай

"KazSat-3" байланыс және хабар тарату ғарыш аппараты жасалды, ұшырылды және штаттық пайдалануға берілді;

Жерді қашықтықтан зондтаудың орта және жоғары шешімді оптикалық спутниктері жасалды, ұшырылды және пайдалануға берілді;

елiмiздiң тiркелген спутниктiк байланыс арналарына қажеттiлігін қанағаттандыру дәрежесі 100 %;

елiмiздiң дәлдiгi жоғары спутниктiк навигация қызметтеріне деген қажеттiлiгiн қанағаттандыру дәрежесі – Қазақстан Республикасы аумағының 55 %-ын жабу


       ";

      "Қоршаған ортаны қорғау және "жасыл" экономикаға көшу" деген кіші бөлімде:

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Энергияның баламалы көздерін пайдалану үлесі энергия пайдаланудың жалпы көлемінің 1 %-ынан аз. Экологиялық проблемаларды шешу қажеттігін ескере отырып, электр энергетикасын дамытудың басым бағыттарының бірі жаңартылатын энергетика ресурстарын (гидроэнергия, жел және күн энергиясы) пайдалану болып табылады, олардың Қазақстандағы пайдаланылмай отырған әлеуеті өте зор.";

      "Қоршаған ортаны қорғау және "жасыл" экономикаға көшу саласындағы стратегиялық мақсаттар" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоршаған ортаны қорғау және "жасыл" экономикаға көшу саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

электр энергиясын өндіруде жаңартылатын энергия (күн және жел) көздерінің үлесі кемінде 3 %-ды құрайды;

электр энергетикасындағы көмірқышқыл газының шығарындысын 1000 г/кВт. сағат деңгейінде сақтау;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың үлесі ел аумағының кемінде 9 %-ын құрайды


       ";

      "Су ресурстарын басқару" деген кіші бөлімде:

      "Су ресурстарын басқару саласындағы стратегиялық мақсаттар" деген кестеде:

      "2020 жылға қарай" деген жолда:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ирригациялық жүйелерді реконструкциялау және жаңғырту нәтижесінде суармалы жерлердің алаңы 1800 мың гектарды құрайды;";

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "енгізілген су үнемдеуші технологиялардың үлесі пайдаланылатын суармалы жерлердің 10 %-ын құрайды;".

      "Білім беру" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

"Білім беру

      2020 жылға қарай білім беру жүйесінің барлық деңгейлері – мектепке дейінгі білімнен жоғары білімге дейін түбегейлі жаңғыртылатын болады. Білім берудің әрбір деңгейінде білім алу, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті арттыру, адамның бүкіл өмір бойы тұрақты түрде жаңа білім мен дағды алу мүмкіндіктері ұсынылады.

      Мемлекет тұратын жеріне және отбасының табысына қарамастан, барлық балаларға мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқу үшін мүмкіндіктер беретін болады. Өңірлердің ерекшеліктеріне байланысты мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі модельдері жұмыс істейтін және дамитын болады.

      Орта білім беру жүйесінде 12 жылдық оқыту моделіне біртіндеп көшу басталады (2015 жылы – 1 сыныптар (сынау), 2020 жылы – 1, 2, 3, 4, 5 сыныптар). Бұл ретте оқыту бағдарламаларының мазмұны өмірде және кәсіпте қажетті құзыреттерді дамытуға барынша назар аударылатындай қайта қаралатын болады.

      "Назарбаев Зияткерлік мектептері" жобасы орта білім беру жүйесін жаңғыртуға ықпал ететін түйінді жобалардың біріне айналады. Бұл мектептер балабақшалар мен мектеп алдындағы даярлық үшін оқу-тәрбие бағдарламаларын, сондай-ақ 12 жылдық оқытудың білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынау және енгізу жөніндегі бастапқы алаңдар болып табылады. Бұл бағдарламалар қазақстандық білім берудің озық дәстүрлері мен әлемдік педагогикалық тәжірибенің озық үлгісімен үндеседі, физика-математика және химия-биология бағытындағы пәндер бойынша бағдарлануды көздейді, тілдерді кеңінен үйренуге ықпал ететін болады.

      Осылайша, жалпы білім беретін мектеп өзін-өзі дамытуға және шығармашылыққа ұмтылатын білімді, жоғары өнегелі, сындарлы ойлайтын, дені сау және рухани дамыған азаматтың қалыптасуына ықпал ететін академиялық білім береді және машықтарын дамытады.

      Білікті кадрларды даярлау елді индустрияландыру жөніндегі жоспарлармен байланыстырылатын болады. Техникалық, кәсіптік және жоғары білім беруде заманауи еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін жүйеге көшу жүзеге асырылады, ал білім беру стандарттары ұлттық біліктілік жүйесі арқылы кәсіптік стандарттармен қалыптасатын болады.

      Орта, техникалық, кәсіптік және жоғары білім беруде электронды оқыту жүйесі (e-learning) енгізіледі.

      Әлемдік білім беру кеңістігіне интеграцияланған техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді жүйесі жұмыс істейтін болады.

      Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде өндірістік оқыту шеберлері мен студенттер халықаралық WorldSkills Competition турниріне қатысады.

      Жұмыс берушілер техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің білімдері мен дағдыларының жоғары сапасын мойындайтын болады.

      Қазақстанның жоғары білімінің сапасы білім беру саласындағы әлемдік озық тәжірибелерге сәйкес келеді.

      Жоғары оқу орындарына корпоративтік менеджмент қағидаттары енгізіледі.

      Жоғары білім беру жүйесі барлық деңгейлерде транспарентті болады, басқарудың және қаржыландырудың заманауи тетіктері енгізіледі, сыбайлас жемқорлық деңгейі айтарлықтай төмендетіледі.

      Астана қаласында әлемдік деңгейдегі беделді жоғары оқу орны – "Назарбаев Университетінің" құрылуы білім берудегі маңызды жобалардың бірі болып табылады, бұл университет Қазақстанның ұлттық брендіне айналып, отандық инженерлік-техникалық және ғылыми кадрларды даярлауда және қазіргі заманғы ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын қалыптастыруда сапалы серпінді қамтамасыз етеді.

      Университеттің құрамына кіретін мектептің (институттың) әрқайсысының тиісті бейіндегі жетекші жоғары оқу орындары арасынан шетелдік академиялық әріптесі, білім беруді, ғылым мен өндірісті интеграциялауды қамтамасыз ететін мықты ғылыми және өндірістік базасы болады.

      Университет бағдарламасының "Назарбаев Зияткерлік мектептері" жобасының мектепке дейінгі білім және орта білім берудің оқу бағдарламаларымен сабақтастығы қамтамасыз етілетін болады.

      Білім беру қызметінің сапасын арттыру білім беруді қаржыландыру жүйесін жақсартумен, үкіметтік емес, коммерциялық емес агенттіктерді енгізу есебінен білім беру жүйесінің инфрақұрылымын кеңейтумен, мектепке дейінгі жастағы балалардың даму деңгейін олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес айқындау индикаторларын енгізумен, халықаралық стандарттар мен тәуелсіз рейтингтер бойынша оқу орындарын аккредиттеудің тәуелсіз ұлттық жүйесін құрумен, оқу орындарында корпоративтік басқару элементтерін енгізумен, оның ішінде бұл үрдіске азаматтарды тартумен, білім беру сапасын бақылау тетіктерін жетілдірумен қатар жүреді. Қомақты мемлекеттік қолдаудың арқасында мұғалім кәсібінің беделі көтеріледі.

      Мемлекет денсаулығы бұзылған, аз қамтамасыз етілген отбасылардағы және тәуекел топтарына жататын балалар үшін білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады.

      Ғылым саласында қазіргі заманғы және дамыған ғылыми-инновациялық инфрақұрылым құру есебінен ғылыми жетістіктермен алмасу үшін Қазақстанның тартымдылық деңгейін арттыру, ғылымды дамытудың басым бағыттары шеңберінде әлемдік деңгеймен салыстыруға келетін ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу, сондай-ақ қолданбалы зерттеулердің экономикалық жағынан қабылдануын ынталандыру және әлемдік ғылым мен технологияның перспективалы бағыттары бойынша инновациялық даму үшін әлеуетті жинақтау күтілуде.

      Мемлекет біліктілігі жоғары ғылыми кадрлар даярлау жүйесінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.

      Қазақстанның жоғары білім беру жүйелерінің U21 халықаралық рейтингіне қатысуына жағдай жасалады.

      Ғылыми зерттеулердің нәтижелері өндіріске енгізілетін болады.

      Ғылыми қызметкерлер үшін, оның ішінде жастарды ғылымға тарту, ғылыми-техникалық қызметті және ғалым, инженер мамандығын танымал ету үшін материалдық және шығармашылық ынталандыру жүйесі құрылатын болады.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

мемлекет балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен толықтай қамту үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етті

2015 жылға қарай

мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен 77,7 пайыздық қамтуды қамтамасыз ететін мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар желісі дамыған

Орта білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушылары халықаралық салыстырмалы зерттеулерде жоғары нәтижелерге қол жеткізеді:

PISA мектепте білім беру рейтингі кемінде 480 балл;

TIMSS жалпы білім беру деңгейінің рейтингі кемінде 520 балл

2015 жылға қарай

орта мектептерді жан басына қаржыландыру тетігі енгізілді, мектептердің қамқоршылық кеңестері жұмыс істейді;

Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 Назарбаев Зияткерлік мектептері жұмыс істейді

Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

ішкі және сыртқы еңбек нарықтарында танылатын Ұлттық біліктілік жүйесі енгізілді;

Қазақстанда әлемдік деңгейдегі 2 колледж жұмыс істейді

Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылым
саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

Қазақстанның 4 ЖОО әлемдік озық университеттер рейтингінде белгіленетін болады (QS рейтинг "ТОП-600+");

ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге ішкі шығындар ЖІӨ-нің 1 %-ына жетеді

2017 жылға қарай

ғылыми зерттеулер көлеміндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің үлесі шамамен 35-40 %-ды құрайтын болады

2015 жылға қарай

Қазақстанның жоғары мектебі Болон процесінің негізгі параметрлеріне сәйкес тиімді және табысты қызмет жұмыс істейді;

қазақстандық ЖОО-лардың 50 %-ы халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалдық аккредиттеуден өтеді;

университеттер жанындағы зерттеу орталықтары технологиялардың сәтті трансферті үшін тетіктер әзірледі;

"Назарбаев Университеті" біліктілігі жоғары мамандар мен жас ғалымдарды оқытып шығарады


       ";

      "Денсаулық сақтау" деген кіші бөлімде:

      "Денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық мақсаттар" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

халықтың өмір сүруінің межеленген ұзақтығы 73 жасқа дейін ұлғаяды;

аналар өлімі 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 10,1-ден аспайды;

сәбилер өлімі 1000 тірі туылғандарға шаққанда 9,1-ден аспайды;

жалпы өлім 1000 адамға шаққанда 7,69-дан аспайды;

туберкулезбен сырқаттану 100 мың адамға шаққанда 64,7-дан аспайды

2015 жылға қарай

халықтың өмір сүруінің межеленген ұзақтығы 71 жасқа дейін өседі;

аналар өлімі 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 12,4-ден аспайды;

сәбилер өлімі 1000 тірі туылғандарға шаққанда 11,2-ден аспайды;

жалпы өлім 1000 адамға шаққанда 7,62-ден аспайды;

туберкулезбен сырқаттану 100 мың адамға шаққанда 71,4-ден аспайды


       ";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру денсаулық сақтау жүйесінің бірінші кезектегі міндеті болады. Бұл үшін мемлекеттік медициналық ұйымдарды басқару және денсаулық сақтауда инвестициялық саясат жүргізу тәсілдері қайта қаралады, нәтижелерге бағдарланған медициналық қызметтерге ақы төлеу және қаржыландыру жүйесі енгізіледі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің сапалы жүйесі құрылады.";

      "Денсаулық сақтаудағы қаржыландыру және басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі стратегиялық мақсаттар" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Денсаулық сақтаудағы қаржыландыру және басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін арттырудың жаңа тетіктері енгізілді;

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде жеке медициналық қызмет көрсетушілердің үлесі кемінде 20 %-ды құрайды

2018 жылға қарай

халықтың жекеменшік бейресми төлемдерінің деңгейі төмендеді

2013 жылға қарай

Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі қалыптасты


       ";

      "Медициналық қызметтер көрсетуді жетілдіру жөніндегі стратегиялық мақсаттар" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медициналық қызметтер көрсетуді жетілдіру жөніндегі стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

МСАК-қа жұмсалатын шығыстар деңгейі ТМККК-ге бөлінетін қаражаттың жалпы көлемінің 40 %-ына дейін жеткізілді;

МСАК дәрігерлерінің жалпы санындағы жалпы практика дәрігерлерінің үлес салмағының 50 %-ға дейін ұлғаюы


       ";

      "Дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын арттыру жөніндегі стратегиялық мақсаттар" деген кестеде:

      "2020 жылға қарай" деген жол алып тасталсын;

      "Саламатты өмір салты саласындағы стратегиялық мақсаттар" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Саламатты өмір салты саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 30 %-ға дейін ұлғайды;

дене шынықтырумен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту 15 %-ға дейін ұлғайды

2016 жылға қарай

халық арасында темекі шегу және алкогольді шамадан тыс пайдалану жалпы алғанда 2012 жылға қарағанда 10 %-ға азайды

2015 жылға қарай

дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 25 %-ға дейін ұлғайды;

дене шынықтырумен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту 12 %-ға дейін ұлғайды


       ";

      "Мәдениет және ақпарат" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

"Мәдениет және ақпарат

      Мәдениет – әлеуметтік жаңғыртудың қазіргі заманғы адамның қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін маңызды құрауышы. Қазақстан мәдениеті елдің барлық азаматтары үшін отансүйгіштіктің өзегіне айналады, бейбітшілік пен келісімнің жалпыұлттық құндылықтарын нығайтуда оның рөлі мен маңызы күшейтілетін болады.

      Бәсекеге қабілетті отандық мәдени өнім қазақстандық жаңа отансүйгіштікті қалыптастыруға, ұлттық бірлікті нығайтуға және "еңбек адамы" бейнесін дамытуға бағытталады.

      Қазақ және жалпы қазақстандық мәдени мұра ақпаратты ілгерілетудің ең жаңа технологиялары арқылы жаһандық кеңістікке интеграцияланады.

      Мәдени құндылықтар мен зияткерлік ақпаратқа қолжетімділіктің инновациялық нысандары дамиды, Қазақ ұлттық электрондық кітапханасының қоры кеңейтіледі.

      Өңіраралық мәдени алмасу кеңейтіледі.

      Мемлекет мәдениет саласын ақпараттандыру, көркемөнер шығармашылығы мен инновациялық қызмет үшін жағдайлар жасау, халықтың мәдени құндылықтарға қолжетімділігін кеңейту және әлемдік мәдениет процесіне интеграциялану бойынша белсенді шаралар қабылдайды.

      Ақпарат және мәдениет кеңістігін кеңейту қазақстандықтардың өздерін ойдағыдай көрсетуіне ықпал ете отырып, олардың рухани саулығының қажетті даму көзі болады.

      Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың серпiндi дамуын ескере отырып, Қазақстанда прогрессивті ақпараттық қоғамды жеделдете қалыптастыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады.

      Бәсекеге қабілетті отандық ақпараттық кеңістік құрылады, отандық БАҚ-қа ауқымды жаңғырту жүргізіледі.

      Мәдени игіліктердің барынша қолжетімді болуы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру көрсеткіштерінің біріне айналады.

      Мемлекеттің тиімді саясат жүргізуі үшін Қазақстан Республикасында мемлекеттік мәдениет саясатының тұжырымдамасы әзірленеді және іске асырылады.

Мәдениет және ақпарат саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 95 %-ды құрайды;

мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерін меңгеру 17 %-ды құрайды;

2017 жылға қарай

қазақстандық мәдениет EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу шеңберінде сәтті таныстырылады


       ";

      "Еңбек ресурстары" деген кіші бөлімде:

      "Еңбек ресурстарының санын ұлғайту жөніндегі стратегиялық мақсаттар" деген кестеде:

      "2020 жылға қарай" деген жолдың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шетелдік жұмыс күшін тартудың мемлекеттік квотасы шеңберінде заңды тұлғалар тартатын көшіп келушілер арасындағы білікті мамандар санын 90 %-ға дейін өсіру қамтамасыз етілді;";

      "2015 жылға қарай" деген жолдың бірінші абзацы алып тасталсын;

      "Халықты әлеуметтік қорғау" деген кіші бөлімде:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтардың өз мүмкіндіктерін іске асыруын және еңбек ресурстары теңгерімінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ана мен баланы әлеуметтік қолдау жүйесі маңызды орын алады. Оның басты міндеті тек бала туудың деңгейін реттеу ғана емес, барлық жағынан қарағанда мықты балаларды тәрбиелеу, болашақ ұрпаққа лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету, олардың толыққанды ақыл-ой, дене, өнегелі, рухани және әлеуметтік дамуын кепілді түрде қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты бала тууға қолайлы орта құруға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы бала тууды ынталандыру және көпбалалы болуды қолдау жүйесі жетілдіріледі.";

      "Өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі стратегиялық мақсаттар" деген кестеде:

      "2020 жылға қарай" деген жол мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 2,4 %-ын құрайды;";

      "Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы стратегиялық мақсаттар" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі 73,5 %-ға жетеді

2017 жылғы 1 шілдеден бастап

35 жыл және одан астам жұмыс өтілі болған жағдайда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс шамасының 100 %-ын құрайды

2015 жылға қарай

базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 52 % деңгейіне дейін жеткізілді;

мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2010 жылғы деңгейге қарағанда кемінде 1,2 есе ұлғайды;

зейнетақы активтерінің нақты оң кірістілігі қамтамасыз етілді


       ";

      "Әлеуметтік көмек жүйесін жетілдіру жөніндегі стратегиялық мақсаттар" деген кестеде:

      "2015 жылға қарай" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

2017 жылға қарай

атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы 30 %-ға дейін төмендейді;

"өзара міндеттемелер" қағидатына негізделген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің шекті деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 %-на дейін артады


       ";

      "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" деген кіші бөлімде:

      "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы стратегиялық мақсаттар" деген кестеде:

      "2020 жылға қарай" деген жолдың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу ауылдық жерлерде ауылдық елді мекендердің жалпы санының 100 %-ын, шағын қалаларда – 100 %-ын құрайды;";

      "2015 жылға қарай" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2015 жылға қарай

жылу энергиясын тұтынушыға тасымалдау кезінде нормативтік шығындар деңгейі 20 %, суды – 19 % және электр энергиясын – 15 % құрайды;

орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу ауылдық жерлерде ауылдық елді мекендердің жалпы санының 50 %-ын, шағын қалаларда – 70 %-ын құрайды;

елдің әр өңіріндегі тұтынушылардың кемінде 50 %-ы коммуналдық қызметтер көрсету сапасына қанағаттанады;


       ";

      "Ішкі тұрақтылықты қолдау" деген кіші бөлім:

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы мен ерте алдын алудың тиімді жүйесі құрылады.";

      "Этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту бойынша стратегиялық мақсаттар" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту бойынша стратегиялық мақсат

2020 жылға қарай

дін таңдау еркіндігіне құқықты одан әрі іске асыру, сондай-ақ Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдениеті мен дәстүрлерін еркін дамыту үшін қалыпты жағдай жасау


      Елдің саяси жүйесін жаңғырту аяқталады, оның табысты жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады. 2020 жылға қарай Қазақстанда өкілдік билік мәні арта түседі, саяси партиялардың рөлі мен жауапкершілігі артады, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүйесі тиімді жұмыс істейді. Демократиялық институттар мен азаматтық қоғам құрылымдары тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-саяси жүйесінің үйлесімді элементтеріне айналады.

      Гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты сапалы қамтамасыз ету нысандары мен әдістері жетілдіріледі.

      Қазіргі заманғы, тиімді және транспарентті сайлау және партиялық жүйелер қалыптастырылады, өкілдік билік рөлі күшейтіледі.

      Мемлекет пен азаматтық қоғам, билік пен бизнес, билік пен оппозицияның сындарлы диалог тетіктері ретке келтіріледі.

      Қазақстан Республикасының саяси элитасын қалыптастырудың тиімді жүйесі құрылады, мемлекеттік қызмет өз қатарларында Қазақстан халқының ең озық өкілдерін шоғырландырады.";

      "Саяси жүйені одан әрі жаңғырту саласындағы стратегиялық мақсаттар" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Саяси жүйені одан әрі жаңғырту саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

Қазақстан Дүниежүзілік банктің "Мемлекеттік басқару тиімділігі" рейтингінде 130-орынды иеленеді;

гендерлік теңдік нығайтылды


       ";

      "Ұлттық қауіпсіздік" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

"Ұлттық қауіпсіздік

      Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі сындарлы әрі қауіпсіз сыртқы және ішкі ортаны қалыптастыру бойынша белсенді іс-қимылдарға, елдің орнықты дамуы мен Қазақстанның мүдделерін өңірде және әлемде кешенді ілгерілету үшін қолда бар және әлеуетті мүмкіндіктерді пайдалануға бағдарланатын болады. Туындайтын қауіптерді алдын ала айқындау мен жою ұлттық қауіпсіздіктің негізіне алынатын болады.

      Адам мен қоғамның қауіпсіздігі, азаматтардың конституциялық құқықтарының мүлтіксіз сақталуы қамтамасыз етіледі.

      Әлемдегі сапалық тұрғыдан жаңа сауда-қаржы жағдайларында елдің экономикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

      Экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру, тәуекелдерді азайту және техногендік авариялардан, апаттардан және дүлей зілзалалардан болатын залалдарды азайту бойынша жағдайлар жасалады.

      Ұлттық мүддені ескере отырып, халықаралық қауіпсіздік жүйесімен интеграцияланған ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тұтас және тиімді жүйесі қалыптастырылады.

      Халықаралық терроризмге, діни экстремизмге, халықаралық есірткі бизнесіне және заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылатын болады. Есірткі трафигі мен заңсыз көші-қонның жолын кесуді қоса алғанда, Ауғанстанға байланысты проблемалар кешенін шешуге қатысу қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында орта мерзімді перспективаға арналған маңызды басымдық болып қала береді.

      Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі жүйесін түрлендірудің аса маңызды бағыттарының бірі жаңа қатерлер мен сын-тегеуріндерді уақтылы анықтауға, сондай-ақ ден қоюдың барабар шараларын әзірлеуге мүмкіндік беретін болжамдық-талдау жұмысының тиімділігін арттыру болады.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы стратегиялық мақсаттар

2020 жылға қарай

мемлекеттің әлеуетті қатерлерге барабар қарсы тұруға қабілетті сенімді қорғаныс қабілеті қамтамасыз етілді;

Қазақстан шекарасының периметрі бойынша тәуекелдер барынша азайтылды, өңірде аумақтық және шаруашылық даулардың туындау себептері жойылды;

Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігі қамтамасыз етілді, бәсекеге қабілетті отандық ақпараттық кеңістік құрылды


       ";

      "Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

"Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат

      Қазақстанның 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған сыртқы саяси бағыты "Қазақстан-2050" стратегиясына және Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына негізделетін болады. Сыртқы саясат көп бағдарлы, теңгерімділік, прагматизм, өзара тиімділік, елдің ұлттық мүдделерін қатаң қорғау қағидаттарына негізделіп жүргізілетін болады.

      Қазақстанның ұзақ мерзімді басымдықтары мыналар болып табылады: елдің орнықты дамуы мен оның қазіргі заманғы әлемдегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қолайлы сыртқы ортаны қалыптастыру және қолдау; ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетін барынша қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау; Қазақстанның азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын, мүдделерін қорғау; экономикалық және сауда дипломатиясын белсенді дамыту; халықаралық аренада елдің экономикалық мүддесін қорғау; бейбітшілікті, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдар мен форумдарға белсенді қатысу; халықаралық гуманитарлық және ғылыми-білім беру ынтымақтастығын ілгерілету; Қазақстанның әлемде қазіргі заманғы нарықтық экономикасы, орнықты саяси жүйесі, ашық және төзімді қоғамы бар демократиялық құқықтық мемлекет ретінде жағымды бейнесін қалыптастыру.

      Халықаралық қатынастардың жаңа сәулетін және әлемдік сауда-қаржы жүйесінің бейнесін қалыптастыру кезінде Қазақстанның жаһандық шешімдерді қабылдау процестеріне қатысуы үшін жағдайлар жасаудың ерекше мәні бар. Қазақстан сыртқы экономикалық саясатының басымдықтарын іске асыру мақсатында елдің экономикалық-ресурстық, транзиттік-көліктік және экспорттық әлеуетін іске асыру, ұлттық экономиканың қауіпсіз дамуы және оның инвестициялық тартымдылығы үшін жағдайлар жасау үшін өңірлік және халықаралық процестерге қатысады. Осы тұрғыда елдің "жасыл" даму жолына біртіндеп көшуі және әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі маңызды міндет болып табылады. Әлемдік энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде елдің рөлі айтарлықтай арта түседі. Қазақстан халықаралық еңбек бөлінісінде лайықты орын алады және Дүниежүзілік сауда ұйымының қатысушысы болады.

      БҰҰ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі және басқа да халықаралық ұйымдар мен форумдар қызметінің жауапты қатысушыларының бірі бола отырып, Қазақстан осы ұйымдардың қызметі шеңберіндегі өзінің басты міндеттері ретінде түрлі салаларда өңірлік және жаһандық сипаттағы шешімдерді әзірлеу және қабылдау процесінде ұлттық мүдделерді ескеруді қамтамасыз етуді, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын ілгерілетуді қарастырады. Қазақстан жаппай қарулануды болдырмау, ядролық қарусыздану және қару таратпау режимін нығайту саласындағы халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін қолдауға арналған өзін-өзі ақтаған бағытын жалғастырады.

      Қазақстанның саясаты көп ұлтты қоғамның бірлігін нығайтуға, адамның құқықтары мен бостандығын іске асыруға, сондай-ақ Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің, ислам және христиан әлемдерімен көпір ретіндегі елдің рөлін, өркениетаралық және конфессияаралық диалогты күшейтуге бағытталған.

      Қазақстан Орталық Азияда және Еуразия кеңістігіндегі ықпалдастықты дамытуға арналған бағытын жалғастырады. Бұл ретте сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сүйене отырып, Қазақстанның әлемнің барлық елдерімен қатынасын нығайтуы маңызды басымдық болып қала береді.

Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат саласындағы стратегиялық мақсат

2020 жылға қарай

ұлттық экономиканы әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру негізінде Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа және әлемдік шаруашылық байланыстарға интеграциялануының жоғары деңгейіне қол жеткізілді


       ".

      "Стратегиялық жоспар-2020-ны іске асыру негізі: нәтижелі мемлекеттік сектор" деген IV бөлімде:

      "Нақты өкілеттіктер мен жауапкершілікті айқындау" деген кіші бөлімнің екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2011 жылдан бастап жүйелі негізде мемлекеттік органдар қызметінің функционалдық шолулары жүргізіледі, оның мақсаты — мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында (аясында) саясаттың тиімділігін бағалау болып табылады. Мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттарының, міндеттері мен функцияларының теңдестірілгендігін диагностикалау. Әрбір нақты мемлекеттік органда өкілеттіктердің оңтайлы көлемін айқындау, тұтастай алғанда, мемлекеттің жеке секторларда да, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың әртүрлі деңгейлерінде де артық функцияларды жою, қайталайтын өкілеттіктерді алып тастау, жеткіліксіз функцияларды бекіту, нарықтық тетіктерді пайдалануды кеңейту, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың штат санын оңтайландыру арқылы мемлекеттің баламалы рөлін белгілеуге мүмкіндік береді.";

      "Мемлекеттік қызметті кәсібилендіру" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік қызметті реформалау мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, мемлекеттік қызметте адами ресурстарды басқаруды жетілдіру арқылы оны кәсібилендіруге шоғырланатын болады.";

      "Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын қамтамасыз ету үшін 2016 жылға қарай "шығындарды басқарудан" "нәтижелерді басқаруға" ауысуға, атап айтқанда, мәлімделген шығыстардың мемлекеттік органның стратегиялық бағыттарына, мақсаттарына, міндеттері мен функцияларына сәйкестігін, сондай-ақ оларға қол жеткізу үшін жауапкершілігін нақты айқындауға мүмкіндік беретін стратегиялық жоспар мен бюджеттік бағдарламаның жаңа форматтары енгізілетін болады.";

      "Мемлекеттік сектор реформаларын басқару" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында 2020 жылға дейін әкімшілік реформаның мынадай бағыттары талданып, қарастырылады:

      1) мемлекеттік басқару және өкілеттіктердің аражігін ажырату құрылымын жетілдіру;

      2) бизнес-процестердің реинжинирингі;

      3) нәтижеге бағдарланған стратегиялық жоспарлау және бюджеттеу;

      4) қаржылық басқару;

      5) есептілік және ашықтық;

      6) тәуекелдерді басқару;

      7) мемлекеттік қызметті жетілдіру.

      Осыған байланысты мемлекеттік секторда корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу бойынша ұсынылатын бағыттарды одан әрі іске асыруды Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын, Жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасын, Мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасын, Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жүргізу ұсынылады.

      Тұтастай алғанда, мемлекеттік басқару жүйесін дамытуға бағытталған саясат бірыңғай, анық, дәйекті болады, нақты қағидаттар мен критерийлерге негізделеді және мүлтіксіз орындалады, ал мониторинг пен бағалаудың құрылатын жүйесі мемлекет пен азаматтарға мемлекеттік басқарудың жүргізіліп жатқан реформаларының барысы мен нәтижелері туралы толық көрініс береді.".

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президентi

Н.Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады