"Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1299 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 31 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.02.2019 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1299 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1082-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары мен нормалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 4 ақпандағы
№ 31 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 қазандағы
№ 1299 қаулысымен
бекітілген

Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың
отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен
жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 73, 77 және 78-баптарына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлері) мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу тәртібін айқындайды.

2. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың
отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен
жол жүру шығындарын өтеу тәртібі

      2. Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу мына адамдарға жүргізіледі:

      1) қызметкерлерге (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа) мынадай оқиғалар кезінде:

      медициналық көрсеткіштер бойынша стационарлық емделуге бару мен кері қайту;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілген жолдама негізінде медициналық тексеруге (куәландыруға) бару және кері қайту;

      қызметі бойынша ауысуы;

      Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11), 12), 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа қызметтен босатылуы;

      2) арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына мынадай

      оқиғаларда:

      стационарлық емделуге бару мен кері қайту;

      еңбек демалысына бару мен кері қайту;

      Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11), 12), 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа қызметтен босатылуы;

      3) қызметкердің онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа) мынадай оқиғалар кезінде:

      қызметкердің қызмет бойынша ауысуы;

      қызметкердің Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11), 12), 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа қызметтен босатылуы.

      Қызметкерлердің отбасы мүшелері деп жұбайы (зайыбы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе бірінің кәмелетке толмаған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары; білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімінде оқитын 23 жасқа дейінгі (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары және жұбайының (зайыбының) балалары; 18 жасқа дейін мүгедек болып қалған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) мүгедек балалары және жұбайының (зайыбының) мүгедек балалары; қызметкердің асырауындағы ата-анасы және жұбайының (зайыбының) ата-анасы түсініледі. Қызметкердің асырауындағы адамдар деп оның табысы есебінен өмір сүретін және жеке табыс көзі жоқ отбасы мүшелері танылады.

      3. Қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормаларға сәйкес болған оқиғаның фактісі бойынша және қызметкерлер штатында (қарамағында) болатын арнаулы мемлекеттік органның мекемесі (бұдан әрі - мекеме), ал қызметкер қызметтен босатылған жағдайда - ол таңдаған тұрғылықты жері бойынша аумақтық орган жүзеге асырады.

      Қызметкер қызметі бойынша ауысқан кезде шығындарды өтеуді қызметкер қызметін одан әрі өткеру үшін келген мекеме жүзеге асырады.

      4. Қызметкердің қызмет орнынан немесе тұратын жерінен оқиғаның өткізілетін жеріне дейінгі және қайту жолына берілген жол жүру құжаттарының негізінде ақы төленуге тиіс.

      5. Көлік уақтылы келмеген немесе жөнелтілмеген жағдайда, қызметкер жолаушының өтінішімен тасымалдаушы беретін көліктің кешіккені туралы куәландыратын құжатты береді.

      6. Қызметтен босатылған қызметкерге, арнаулы (әскери) оқу орнының курсантына жол жүру шығындарын өтеген жағдайда аталған тұлға таңдаған тұрғылықты мекенжайы бойынша аумақтық орган тұлғаның қызмет өткерген жері бойынша мекемеден оның қызметтен босатылғаны туралы бұйрықтан үзінді көшірме сұратады.

      7. Жол жүру шығындарын өтеуді жүзеге асыру үшін қызметкер, арнаулы (әскери) оқу орнының курсанты оқиға аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) қызметкерлер мен арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары үшін - осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша баянат;

      2) қызметтен босатылған қызметкерлер мен арнаулы (әскери) оку орындарының курсанттары үшін - осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      3) қажет болған жағдайда - осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша стационарлық емделуге не медициналық тексерілуге (куәландыруға) жіберу үшін медициналық көрсеткіштерінің бар екендігі туралы көрсете отырып, қабылданған стационарлық емі не медициналық тексерілу (куәландыру) туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы;

      4) жол жүру құжаттары;

      5) қызметкер қызметтен ауысқан немесе босатылған жағдайда - қызметкердің отбасы құрамы туралы мекеменің кадрлар бөлімшесінің анықтамасы;

      6) қызметтен босатылған қызметкерлер, арнаулы (әскери) оку орындарының курсанттары үшін заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банк құжаттарының көшірмелері;

      7) қажет болған жағдайда - осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарындакөрсетілген құжаттар.

      8. Жол жүру шығындарын өтеу сомаларын төлеу осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген, дұрыс ресімделген құжаттар толық көлемде алынған күннен бастап банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.

3. Жеке мүлікті тасымалдауға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі

      9. Қызметкер қызметі бойынша ауысқан кезде (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа), сондай-ақ Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11), 12), 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа қызметтен босатылған кезде, оған салмағы он тоннаға дейінгі жеке мүлкін бұрынғы қызмет орнынан (тұрғылықты жерінен) жаңа қызмет орнына (тұрғылықты жеріне) дейін тасымалдау шығындары өтеледі.

      10. Жеке мүлікті тасымалдау жөніндегі шығындарды өтеу баянаттың (өтініштің) (өтініш берушінің мәртебесіне қарай осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшалар) және құжаттарды ресімдеу бойынша жұмсалған шығыстар, жүктерді жөнелту және жеткізу туралы ұсынылған құжаттар негізінде дұрыс ресімделген құжаттар толығымен алынған күннен бастап банктік 5 күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

  Арнаулы мемлекеттік органдардың
қызметкерлері мен олардың отбасы
мүшелеріне Қазақстан Республикасының
аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті
тасымалдау шығындарын өтеу
қағидаларына
1-қосымша

      Кімге: ___________________________________

      (шығындарды өтеуді жүзеге асыратын

      арнаулы мемлекеттік органның (мекеменің)

      басшысына)

Шығындарды өтеуге арналған баянат

      Сізден ________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (оқиғаның түрі мен оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)

      __________________________ маған жол жүру шығындарын өтеуді сұраймын.

      Баянатқа мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1. ____________________________________________

      2. ____________________________________________

      3. ____________________________________________

      4. ____________________________________________

      ...____________________________________________

      ______________________________ _____________

      (лауазымы, атағы, тегі, аты, (қолы)

      (құжатта бар болса)

      ______ жылғы "______" ______

      (жылы) (күні) (айы)

      Бастық: _____________________ _____________ _________________________

      (бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты

      (құжатта бар болса)

  Арнаулы мемлекеттік органдардың
қызметкерлері мен олардың отбасы
мүшелеріне Қазақстан Республикасының
аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті
тасымалдау шығындарын өтеу
қағидаларына
2-қосымша

      Кімге: ___________________________________

      (шығындарды өтеуді жүзеге асыратын

      арнаулы мемлекеттік органның (мекеменің)

      басшысына)

      Кімнен: _________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің

      аты (құжатта бар болса)

      ______________________ тұратын

      тел. _________________

Шығындарды өтеуге арналған өтініш

      Сізден ___________________________________________________ үшін

      (оқиғаның түрі және оның өткізілген жері, көлік түрі

      көрсетіледі)

      маған шығындарды өтеуді сұраймын.

      Тиесілі соманы ________________________________________________

      ___________________________________________________ аударуды сұраймын

      ___________________ банктің № _____________________________ филиалы

      Дербес немесе карт-шот ______________________________________________

      Алушының ЖСН ________________________________________________________

      Баянатқа мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1. ____________________________________________

      2. ____________________________________________

      3. ____________________________________________

      4. ____________________________________________

      ...____________________________________________

      ____ жылғы "____" _______ Өтініш беруші ______ ______________________

      (күні) қолы (тегі, аты, әкесінің

      аты (құжатта бар болса)

      Бастық: _____________________ _____________ _________________________

      (бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты

      (құжатта бар болса)

  Арнаулы мемлекеттік органдардың
қызметкерлері мен олардың отбасы
мүшелеріне Қазақстан Республикасының
аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті
тасымалдау шығындарын өтеу
қағидаларына
3-қосымша

Анықтама

      ____________________________________________________________ берілді,

      (атағы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

      оған ________________________________________________________________

      (емдеу мекемесі және оның орналасқан жері көрсетіледі)

      _____________________________________________________________________

      (медициналық көрсеткіштері көрсетіледі)

      ___________________________________ медициналық көрсеткіштері бойынша

      ______ жылғы "____" _________ _____ жылғы "____" _________ аралығында

      ________________________________________ көрсетілді.

      (медициналық қызметтің түрі көрсетіледі)

      Анықтама Қазақстан Республикасының аумағында жол жүру

      шығындарын өтеу үшін берілді.

      М.О.

      Дәрігерлік-консультациялық

      комиссияның төрағасы ________ ___________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты

      (құжатта бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады