Бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 34 қаулысы

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 61-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан Абай учаскесінде көмірсутек шикізатын бірлесіп барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасассын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 5 ақпандағы
№ 34 қаулысына   
қосымша      

Жер қойнауы учаскесінің атауы

Орналасқан жері

1

2

Абай

Каспий теңізі
45о52' с.е. 51о14' ш.б.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады