Қарағанды облысының кейбір білім беру және мәдениет ұйымдарының атауы және қайта аталуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 61 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»
1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының
4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына:
      1) «Қарқаралы қаласының № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлімхан Ермековтің есімі;
      2) «Қарқаралы қаласының № 44 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мәди Бәпиұлының есімі;
      3) «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының № 43 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қажыкен Смайыловтың есімі;
      4) «Қарқаралы ауылшаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Мыңжасар Әдекеновтің есімі;
      5) Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Жезді кентіндегі тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Мәкен Төрегелдиннің есімі;
      6) «Шахтинск қаласы әкімдігінің № 16 лицей-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлихан Бөкейхановтың есімі;
      7) Шахтинск қаласы әкімдігі Шахтинск қаласы білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Көркемсурет мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Әубәкір Ысмайыловтың есімі берілсін.
      2. Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдары:
      1) «Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Путь Ленина» орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Байтуған орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;
      2) «Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Киров орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Абдолла Асылбеков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;
      3) Шет ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қайрақты жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Хасен Сәрінжіпұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;
      4) Шет ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «М.Горький атындағы эксперименталдық мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жамбыл Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;
      5) Ұлытау ауданының әкімдігі «№ 10 Борсеңгір орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мінәжат Мыңқаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;
      6) Жаңаарқа ауданы әкімдігінің Жаңаарқа ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Н.К.Крупская атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Бименде Амалбеков атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;
      7) Шет ауданының әкімдігі Шет ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақадыр мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Шабал Бейсекқызы атындағы мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады